Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағатының тақырыбы: «Татулық- табылмас бақыт»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Татулық- табылмас бақыт»

Скачать материал

Дайындаған : Орал қаласының

№ 16 ЖОББМ 

6 сынып жетекшісі

Алимбаева Б.Қ.

 

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Татулық- табылмас бақыт»


Тәрбие сағатының мақсаты:

1. Оқушыларды қазақ  тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға   үйрету. Қазақстан халықтар Ассамблеясының мән-мағынасы мен идеялық мазмұнымен таныстыру.
     2. Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына патриоттық сезім,Отаншылдық рухты дарыту. Тәуелсіздікті сақтап,Отанды, елді, жерді қорғауға және көркейтуге деген жауапкершілік сезімдерін ояту. Сөздік қорларын молайту..

 3. Отанды сүюге,татулықты, ел бірлігін, қазақ және ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: презентация, видеофильм, ән таспалары.

Шара барысы:

1-жүргізуші:

                    Хош келіпсіз бізге келген қонақтар!

                   Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,

                   Алдарыңа жауқазындай құлпырған

                   Біз алаңсыз, балғын шақты балалар!

2- жүргізуші:

                    Армысыздар мұғалімдер, әз жандар

                   Білім іздеп инемен құдық қазғандар

                   Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

                   Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

 

 16 жалпы орта білім беретін  мектебінің  Достық сыныбына «Татулық-табылмас бақыт» атты шарасына  қош келдіңіздер.

         Әр елдің тіліне амандасайық.
 

          Қайырлы күн – по-казахски

          Здравствуйте- по-русски

          Здоровеньки буллы – по-украински

          Гуд монин –по-английски

          Гутен таг – по-немецки

          Добер дэн – по-болгарски

          Бонжур  - по-французки

          Ни хау – по-китайски

          Буэнос диас – по-испански.

 

1-жүргізуші:

Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

 

2-жүргізуші:
Былтыр  мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың   бастамасымен және жетекшілік етуімен 1995-жылы құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл толды.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті отырысында сөйлеген сөзінде ол «Мені еліміздің әрбір аймағын мекен еткен,  бірлік пен достықты құрметтейтін  халық қуантады» деген болатын. Қазақстанда барлық ұлттар өз тілдерін, мәдениеттері мен діндерін сақтау үшін  жағдай жасалған.

 

Файг

Отаным менің-өзегім.

Өмірім, ортам, өз елім!

Көркіңді күндей жайнатар,

Менің де келер кезегім.

 

Отаным менің –өзегім,

Далаңды шарлап келемін.

Білуі  керек әр ұрпақ,

Бес саусақтай өз елін.

 

Отаным- мәңгі қорғаным,

Қалаймын бақыт қонғанын.

Сүйемін және сондықтан,

Өзенін, көлін, орманын.

Юля

Отаным- менің жүрегім,

Отаным- менің  тірегім,

Бірлікті әрқашан қолдаған,

Елбасын мақтан етемін.

 

Халықтар достығы нығайсын,

Бірлігін халықтар жоймасын.

Ғасырдан -ғасырға жалғасып,

Жайнай бер қасиетті мекенім.


Қазақ осы орындайтын Ахмирова Карина

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік елміз.


2-жүргізуші:

Біздің мектепте 16 (он алты) ұлт өкілдері оқиды. Біздің сыныпта алты ұлт өкілі оқиды. Олар қазақ, орыс, татар, корей, азербайжан, украин.  6 «В» сыныбының негізінде  2015 жылы ДОСТЫҚ СЫНЫБЫ ашылды. Біздің сыныптың оқушылары республикалық, облыстық, қалалық  шараларға қатысып жүр.

1-жүргізуші:

 Сынып шаралары қоғам қайраткерлерінің, облыстық және қалалық депутаттардың қатысуымен өтіп жүр.

2015 жылдың  қазанның жиырма екісінде біздің мектеп қазақстандық армиян халқының  өкілдерін қарсы алды.

2015 жылдың 9 желтоқсанында сыныптың оқушылары қалалық «Мәңгілік елдің болашағы» патриоттық форумға белсене қатысты.

2016 жылдың 19 қаңтарында ДОСТЫҚ СЫНЫБЫНЫҢ оқушылары қалалық зейнеткер ұстаздарды құшақ жая қарсы алды.

 

Алена

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

 Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

 Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ...

 Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

 Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. 

Фаиг .
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

Ынтымақ, бірлік, достық, татулық,
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
.
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
,
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы
.

 

Сергей

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілім сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!»-деп сыбырлаған
Жаным менің,Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол да оның шырылдаған.


Ильчин

Бақыт деген немене?

Айтайын білгің келе ме?

Бақыт деген Отаның,

Туған жерің, тұрағың.

Бақыт деген өз халқың,

Қолдап жүрер әрқашан.

Бақыт деген достарың,

Қиындықта болысар.

 

«АРМАНДАСТАР» әні

 

1-жүргізуші:

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: « Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егемен елімізге аянбай қызмет ететін, татулық пен бірлікті дәріптейтін, алғыр да жүректі, сауатты болашақ ұрпақ қажет», деген болатын.

2- жүргізуші:

Біз - өз еліміздің болашағымыз. Болашағымыз жарқын болу үшін ата-бабаларымыз бізге аманат етіп тастаған елімізді құрмет тұту парызымыз.Бізді біріктіретін жеке бастың қамы емес, бізді ел туралы биік ұғымдар, ортақ мүдделер ғана біріктіре алады.

 

1-жүргізуші: Қазір сендер  топқа бөлініп, топта бірігіп жұмыс істейсіңдер. Бірлік –біздің туымыз.Әр топтың өз тапсырмалары болады. Бірінші тапсырма біздің Отанымызға қатысты, ал екінші тапсырмаларың мақал-мәтелдердің сыңарларын тауып мағынасын түсіндіріп беру.

2-жүргізуші топтарды бірінші тапсырмаларымен таныстырады.

І топтың тапсырмасы: «Туған елім-тірегім»

ІІ топтың тапсырмасы: «Татулық-табылмас бақыт»

ІІІ топтың тапсырмасы: «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде»

 

 Топтарға дайындалу үшін 10 минут уақыт беріледі.

(Топтар жұмыстанып жатқанда, 6 «В» сыныбы туралы видеофильм қосылады)

Топтар өз тапсырмаларына тірек сызба сызып, қорғайды.

 

1-    жүргізуші:Тарих пен тіл тамырлас. Өткеннің өнегесі-бүгіннің баға жетпес байлығы.Сол байлықтың бірі- мақал-мәтелдер. Екінші тапсырмаларың мақал-мәтелдердің сыңарын тауып, мағынасын түсіндіру.

Берілетін мақалдар.

1.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2.Ел іші- алтын бесік.

3.Ел болам десең, бесігіңді түзе.

4.Бірлік болмай,

Тірлік болмас.

5.Отан - отбасынан басталады.

6.Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

7.Татулық - табылмас бақыт.

8.Еңбек түбі-береке,

Көптің түбі –мереке.

9.Ырыс алды - ынтымақ.

10.Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

11.Елің –панаң,

Жерің –анаң.

12.Бірлік бар жерде,

Тірлік бар.

 

2-    жүргізуші: Топтарымыз өз тапсырмаларымен жақсы жұмыстанды .Бірлік, ынтымақ пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге керек. Ауызбіршілігі жоқ жерде ешқашан да ұлттық идеялар жүзеге асқан емес.

1-жүргізуші:Өсер елдің баласы  арманшыл болады, өшер елдің баласы жанжалшыл болады.  6 «В» сынып оқушыларының  ең басты байлығы-тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты сыныбымыз. Негізгі мақсатымыз-ауызбірлігмізді әрі қарай нығайту.

 

Маша

Тірлігімен адам байлық жасады,
Бірлігімен асулардан асады.
Адал жандар жер – ананы қорғаңдар,
Абайлаңдар бейбітшілік жасағы.
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық

 

Фаиг
Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестер де еңбекте,мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.


Бұл күні бірлікті біз жырлаймыз,
Бар әлемге елімізді біз мақтаймыз.
Дос құшағын  кең ашқан қазақ жеріне,

Тау  халқы  мың бір алғыс айтады.

 

ЛЕЗГИНКА биі

 

Кристина
Біздерге қалдырған бабамыз.

Көрікті кең-байтақ даламыз.

Бас иіп өзіңе-Отаным,

Әрқашан қуат аламыз.

Отаным өзің бағымсың,

Мен үшін жәннат бағысың.

Тек сен деп соғады жүрегім.

Жасай бер мәңгі Отаным.

 

Алиса

Қазақстан-қасиетті мекенім,
Өзіңді жырлап мәңгілікке өтермін.
Елім үшін,жерім үшін жан пида,
Республикам,Отаным,Атамекенім.

Республикам-ұлан-байтақ жер болды,
Республикам-тәуелсіз ел болды.
Республикам-Республика атанып,
Халқымыздың көңілдері кең болды.

 

Татар халық әні орындайтын Ахмирова Карина

 


2-жүргізуші: «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.


2-жүргізуші:
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден!

1-    Жүргізуші

Құрметті қонақтар сіздерді  достық шеңберіне.

 

(Қонақтар мен оқушылар достық шеңберінде ән айтады)

 

Таня

Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

 Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан - өлең, Отан - жыр,

Көтерген көкке ел даңқын...

Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

 «Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап, сүйе біл.



Вика

Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы, білім ал, елің үшін

Еңбек ет, тыным таппай, жан аяма.

 

Ел болдық егеменді, теңдік алып,

 Бар әлем қазақ елін болды танып

 Достық пен бірлікті алға ұстаған

 Көркейе бер мәңгі -менің ОТАНЫМ.

 

«Достық биі»  

 

Данил

 

Тірлігімен адам байлық жасады,
Бірлігімен асулардан асады.
Адал жандар жер – ананы қорғаңдар,
Абайлаңдар бейбітшілік жасағы.
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық!

 

Максим

Елім менің!

Бағыңның ашылғаны

Ниетіңнің шашу  боп шашылғаны

Бірлігің мен берекең,

Ырыс-құтың –

Мәртебеңді айырықша асырғаны.

 


«Атамекен»  әні шырқалады.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен шарамыз аяқталды. Сөз кезегі өзіңізге беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

...



 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағатының тақырыбы: «Татулық- табылмас бақыт»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.06.2017 4236
    • DOCX 71.5 кбайт
    • 83 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимбаева Бакит Кайргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алимбаева Бакит Кайргалиевна
    Алимбаева Бакит Кайргалиевна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32805
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой