Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық сабақ "Күлтегін жыры" (9 сынып)

Ашық сабақ "Күлтегін жыры" (9 сынып)

Скачать материал

  Пәні: әдебиет Сыныбы: 9б

Тақырыбы:  «Күлтегін» жыры.
Мақсаты: 

1.      Ежелгі  дәуір әдебиеті туралы  білімді  тереңірек  ұғындыру. Халық  тәуелсіздігі үшін күрескен Күлтегіннің батырлық  бейнесін  таныту;

2.      Жыр үзінділерімен жұмыс жасай отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру  және ауызша сөйлеу тілдерін дамыту;

3.      Адамгершілікке, үлкенді құрметтеуге және  ұлттық мұраны қастерлеуге тәрбиелеу

Түрі:  жаңа  білімді  меңгерту    

Әдісі:  алдын ала оқыту, зерттеу, баяндау, топтастыру, салыстыру (СТО стратегиясы), ақпараттық-коммуникативтік технология
Көрнекілігі :  электронды  слаидтар, электронды  оқулық, видеоматериал

Пәнаралық  байланыс: география,  тарих.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Дайындықтарын тексеру.

 

ІІ. Қызығушылықты  ояту. «Барлық істің басшысы – білім мен ұғым».

«Тірек  символдар»  стратегиясы

             Қобыз, тастағы  жазу,  батыр  бейнесі  арқылы  әңгіме  құрау.

Құралған  әңгіме  арқылы  жаңа  тақырыпқа  кіру.

 

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Өткен сабақты қорытындылау.

Күлтегін қандай халықтарға ортақ асыл мұра?

Ежелгі дәуір ақындары, ойшылдары, ғұламалары

Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын жырлар

Ә) Сәйкестендіру әдісі.  «Ежелгі дәуір мұралары»

Күлтегін жырлары (ҮІІ ғ.)                          Оғыз жыршылары

Қорқыт ата кітабы (ҮІІІ ғ.)                          Ежелгі Шығыс әдебиеті жыршылары

Оғыз – нама (ІХ ғ.)                                       Қожа Ахмет  Иассауи

Диуани – Хикмет (ХІ)                                  Қорқыт

Құдатғу білік (ХІІ ғ.)                                    Тоныкөк

Кодекс – куманикус (ХІІІ ғ.)                       Жүсіп Баласағұн

«Күлтегін»  жыры жайында электронды  оқулықтан  тыңдату.

 Б)   Оза оқыту технологиясы. Дайындап келген қосымша материалды зерттеу (әр топ өздері тапқан материалдарын талқылайды)

1.     Орхон – Енисей ескерткіші қашан және қайда табылған? Оларды кім тапты?

2.     Орхон – Енисей жазба ескерткіштерін оқудың ең алғаш “кілтін” тауып, сырын ашқан кім? Кімдер аударды?

3.     Күлтегін ескерткішінің көшірмесін кімдер, қай жерде жасытып Қазақстанға алып келді? Бүгінгі күні ескерткіш көшірмесі еліміздің қай қаласында орналасқан?

ІҮ.Мағынаны  тану. Сабақ эпиграфымен жұмыс.

Болмасын  деп  байлығы  басқаға  азық,

Кеткен  бабам  тарихын  тасқа  жазып.

 

      Ежелгі  түркілер  үшін айтулы  кезең 545 жыл болды. Осы  жылы  Ұлы  түркі  қағанаты  өмірге  келген  еді.Сөйтіп  түркілер   өздерінің  тұңғыш  мемлекетін  құрады. Бумын  қаған  түркі  тайпаларының  басын  қосып,  әлемге  әйгілі  түркі  қағанатының  негізін  құрады.

 

Ү. Жаңа сабақ. Видео көрсету «Күлтегін ескерткіші»

Жыр жолдарымен жұмыс. ЖИГСО-1 стратегиясы.Оқып, мазмұнын түсіну, композициялық құрылысын жазу

 

1 -топ.

Биікте Көк тәңірі,

Төменде қара жер жаралғанда,

Екеуінің арасында адам баласы жаралған.

Адам баласы үстіне ататегім

Бумын қаған, Істемі қаған отырған.

Отырып, түркі халқының ел-жұртын

Қалыптастырған, иелік еткен.

Төрт бұрыштың бәрі дұшпан екен.

Сарбаздармен аттанып,

Төрт бұрыштағы халықты

Көп алған, бәрін бейбіт еткен.

Бастыны еңкейткен,

Тізеліні бүктірген.

Ілгері – Қадырқан қойнауына дейін,

Кері – Темір қақпаға дейін жайлаған.

Екі аралықта жүрген иесіз көк Түріктерді

Осылай қоныстандырған екен.

 

2 -топ.

Соңындағы інісі ағасындай болмады,

Ұлдары әкесіндей болмады.

Біліксіз қағандар таққа отырған екен,

Әміршілері де біліксіз екен,

Жалтақ болған екен.

Бектердің, халқының ымырасыздығынан,

Тауғаш халқының тепкісіне көнгендігінен,

Арбауына сенгендігінен,

Інілі-ағалы дауласқандығынан,

Бек пен халықтың өзара жауласқандығынан,

Түркі халқы елдігін жойды,

Қағандығынан айырылды.

 

 

 

 

 

 

3 -топ

Әкеміз, ағамыз құрған халықтың

Аты, даңқы өшпесін деп,

Түркі халқы үшін

Түнде ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым,

Інім Күлтегінмен бірге,

Екі шадпен бірге

Өліп тіріліп, жерді ұлғайттым

Біріккен халықты от-су қылмадым

(Өзара тату еттім)

Өлімші халықты тірілттім.

Жалаңаш халықты  - тонды қылдым,

Кедей халықты бай қылдым.

Аз халықты көп қылдым,

Тату елге жақсылық қылдым.

Төрт бұрыштағы халықты тату еттім

Бәрі маған бағынды

 

ҮІ. Кестемен жұмыс жасау.

1 топ. Күлтегін жауласқан елдер мен батырлар

 

Елдер атаулары

Батырлар аттары

Оғыз, Құқай, Татабы, Табғаш, Соғды, Аз, Оңтұтық, Ізгіл Едіз

Тадық чур, Ышбар Ямтар, Иегін Сілікбек

 

 

2 топ.

Тақырыбы

Идеясы

Қандай мәселе көтерілді?

Қандай үлгі-өнеге береді?

Түркі халқының бірлігі, ерлігі

Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету

Тарихта болған оқиғалар. Түрік қағанатының орнауы, жарты әлемді өзіне қаратып алуы. Білге қаған мен Күлтегіннің ерліктері.

Ағайындылар арасында ауызбіршілік болуы керек, тәуелсіздік үшін күрес

қазақтың ерлік пен елдігін үлгі етеді

 

3 топ.

Қойылатын мәселелер

Өлеңдегі мәселені ашатын жолдар

Халықтың жағдайы

Іші ассыз, сырты тонсыз

Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым

Білге қаған мен Күлтегіннің іс-әрекеті

Түркі халқы үшін күндіз отырмадым.

Інім Күлтегінмен бірге өліп-тіріліп жерді ұлғайттым. Көп қолмен 12 жорық жасадық.

Қандай нәтижеге жетті?

Өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым, төрт бұрыштағы халықты бейбіт қылдым. Тату қылдым.

                                                        а) Кластер сызу:

     1. «Түрік қағанаты»;      2. «Қазақ  хандығы» ;     3. «Ұлт-азаттық көтеріліс » ;

     4. «Алаш үкіметі»;         5. «Қазақстан Республикасы»    6. «Ортақ мәселе»;

                                             ә) «Өзекті мәселе» постер қорғау

   

                                                   Салдары

 

 

 

 

 


                                     Мәселе

 


                                                               Себебі                  Мәселе

 

 

                                                                                                                             Салдары

                   

                                                             Себебі

 

ҮІ. Қорытынды. “Соңғы  сөзді  мен  айтайын”

 а) Венн диаграммасы :  Түркі қағанаты   мен   Қазақстанды салыстыру

 ә) «Мәңгілік ел» эссе жазу

 б) «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды. ВИДЕО

ҮІІ. Бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапырма беру.

Жырды хрестоматиядан толық оқу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Күлтегін жыры" (9 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 075 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.06.2017 4757
    • DOCX 57.9 кбайт
    • 78 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есенбекова Алия Абдуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есенбекова Алия Абдуллаевна
    Есенбекова Алия Абдуллаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20795
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой