Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты."Құстар біздің досымыз"

Тәрбие сағаты."Құстар біздің досымыз"

Скачать материал

 

Тақырыбы:Құстар – біздің досымыз
Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әлем құстарымен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.
    Көрнекіліктер: Альбомдар, суреттер, плакаттар, 
Барысы:
1.    Ұйымдастыру
2.    Келген қонақтармен танысу
3.    Тәрбие сағатын ашу
4.    Қорытындылау
Мұғалім: 
    Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
1-сәуір  десе , ойымызға Күлкі күні оралатыны анық. Сонымен бірге бұл күні әлем жұртшылығы Құстар күнін де атап өтеді.1906 жылдың 1сәуірінде құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция қабылданған болатын.Қазір аталған құжатты әлем елдерінің барлығы дерлік қолдады.
 1-оқушы:   Сәуір  келді,
Тірлікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды,
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.
Тірлікке жан кірді көктем кеп,
Айнала, сай-сала көкпеңбек,
Диқанның арқасы босады.
Қытымыр қысымыз өтті деп.
2-оқушы:  Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек-қаз қонды.
3-оқушы:  Қызыл тал, қызыл тал,
Қызыл талда бүршік бар,
Бүршігін сол жарғаны,
Көктем келіп қалғаны.
Ұшып келген ең алғаш,
Қараторғай қырағы.
Ұяларға қонақтап,
Дейді «менің» тұрағым.

Балалар, біздер жыл сайын көктем айында қанатты достарымыз құстар мерекесін тойлаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленді.Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар.Халық ежелден –ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігі шексіз ,ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу  арқылы ықыласын білдіріп отырады.1-ж: Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса ,екіншілері –құрылысшы. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады екен. Құстардың келтіретін пайдасы көп екен.: Ендеше қанатты достарымызды қарсы алайық.

1-оқушы:  Құстар тойын құттықтап,
                   Қуанамыз, қолдаймыз.
                   Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.
2-оқушы:  Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Жыл құстарын ілестіріп,
Көрікті көктем келді.
Самалына нұр есіп.

 

 

Халық « көкек келді-көктем келді » - дейді. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы  бір құстың аты неліктен ең тамаша ай атына теңеу болады екен.
Бұл кезде қар еріп, ағыл-тегіл бұлақтар ағады. Жер беті жасыл көрпе жамылып,көзге  ыстық , көңілге жарқын жауқазындар гүлдеп алқа тағады.Осы кезде көкек келеді .Не деген ғажап «кө-кек,кө- кек» деп ән салады.Сондықтан да «сәуір» айы «көкек» айы деп аталады.
  Көкек: Жаршысы көктемнің
                    «Көкек»  дейді мені жұрт
                     Өз атын айтар құс менмін
                     Көктемді күтсең мені күт
Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да көкек пайдалы құстың біріне саналады.Көкектің балапаны бір күнде 39 шегіртке,43 жұлдызқұрт,4 өрмекші және басқа және басқа жәндік тердің жұмыртқалары қорек етеді.
Көктем:  Елдің сәні ,көлдің сәні –аққуы,
                Келді жұппен көптен күткен
Бірінші аққу: Құс сұлуы аққу мен,
                        Табиғат көркін сыйлаған.
                        Мылтығын кезіп еш мерген,
                         Атуға көзін қимаған.

Екінші аққу:  Сұлулыққа паш етіп,
                       Жырлаған талай ақындар.
Көктем: Құстарым,менің құстарым,ұнайды биік ұшқаның.Мерекелік шеруінді жалғастыра бер
(түрлі құстардың бас киімін киген оқушылар бір – бірлеп шығып өздерін таныстырады)
Қарлығаш: Қарлығашпын
                      Мен адамның тұрағын
                      Мекен етіп тұрамын.
                      Тазалаймын үй –ішін
                      Санитармын төселген     

Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион  құрт жейді деп ғалымдар зерттеген:
Қараторғай: Мен қараторғаймын.
                        Шегірткеден жұртыңды
                        Қырғи болып қорғаймын.
                        Егістікке жайылымға
                        Қорғаушы боп тұрамын.
                        Жәндіктерді зиянды
                        Құртатұғын батырмын.
                        Дайындайтын  ұямды
                        Достарға келе жатырмын.

 Пайдалы құстардың бірі – қараторғай.Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен  бірге 22 тонна шегірткені азық етеді.Қараторғай –орман қорғаушылары.
Торғай: Мен торғаймын,торғаймын
                Көк аспанда шарлаймын  
                Жерге бетер қонбаймын
                Суықтан да тоңбаймын.
                 Құрт –құмырсқа,шіркейден
                 Бау-бақшаны қорғаймын.
Үйіміздің қасындағы кіп-кішкентай торғай бір жылда бір өзі ғана 4 миллионға жуық  зиянды құрттарды жейді. 
Тоқылдақ:  Құртты іздеп інінен 
                     Қарағайды үңгіген.
                     Тоқылдақ құс дәрігер
                     Қашанда ол әбігер
Тоқылдақ – орман  құсы. Ол өз тұмсығымен ағаш қабығының астынан оңай табады. Бір тәулікте 200-ден астам зиянкестің көзін жояды.
Көгершін: Бейбітшілік құсы  - менмін көгершін,
                   Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін,


                   Аспан тұнық ,шат көңілді болайық,
                   Ақ ниетті адал жандар көбейсін. 
Көгершін- дүниежүзінің көптеген халықтары үшін  бейбітшілік    белгісі.      
Міне , достар,өлкемізге көптен  күткен құстар да келіп жетті.
Олар көлдер менөзендерді ,шөл далалар мен қалың ормандарды, биік-биік тауларды басып ұшты.
Оқушы: Айтсақ-әніміз,
               Ардақтасақ – сәніміз.
               Көңілдің хошы,
              Табиғаттың досы,
              Сәлем сендерге , қанаттылар!
Оқушы: Құс анасын атпаймыз,
               Қыста жемдеп баптаймыз  
               Бауырмал боп бәріңе,
               Қорғау заңын сақтаймыз .
Оқушы: Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
                Аймақтың көз жіберші келбетіне.
                Сансыз құс алуан ырғақ, алуан үнімен
                Сайрайды гүлді көктем құрметіне.

 Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп,оны     тұрмыс тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген.Ел арасында ауа райын болжағанда ақбас тырнаның келу  қайтуына қараған .Тырналар тым төмен ұшса,ұзамай күн суытады, ал   жоғары самғап бара жатса , күн ұзақ болады делінеді.Кеш қайтса ,қыс  жылы болады.
     Оқушы: Бозторғай ән салса,күн ашық болады.
     Оқушы: Торғай шаңға аунаса,жаңбыр жауады.
     Оқушы: Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болады.
     Оқушы: Үйрек бір аяғымен тұрып басын қанатының астына тықса,аяз   болады. 
Ән: «Ақ көгершін»

Мұғалім: Құстар туралы біраз мағлұмат жинадық.Енді екінші бөлімімізді бастауға рұсат етіңіздер.
1-сайыс:Сұрақ –жауап сайысы (Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)
1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?  (Бүркіт)
2. Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)
3. Торғайдың жүрегі минутына қанша рет соғады? (260)
4. Құстың негізгі баспанасы? (Ұя)
5. Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)
6. Қазақстанда құстардың неше түрі бар? (481 түрі)
2-сайыс :Тіл –өнер сайысы (Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай )
1. Тал басында 
    Түндіксіз отау (ұя-гнездо)
2. Көңілдің көркі сәні екен,
    Ұшқанда сазды ән екен.
    Айқындар оны байқаған,
    Адамдар қорғап сақтаған.
    Бұл қандай құс?
                          (Аққу-лебедь)
 3. Ауылда, қалада мекені,
     Жолаушы жүрсек шығарып салады.
     Алдыңнан шығады,
     Жаныңды еркелетеді.     
                            (Қарлығаш-ласточка) 
4. Күндіз тіпті ұшпайды,
    Түнде тышұан ұстайды. (жапалақ –сова)
5.  Ақ сарайын талқандап,
    Шықты біреу талтандап.             (Балапан-цыпленок).
6. Қонып алып жарға,  
    Қарқылдайды     (қарға-варона)


3-сайыс: Жұмбақтар әлемі сайысы (әр дұрыс жауапқа 20 ұпай) 
Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар?
                                      (Қараторғай)
Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды.
                                     (Түйеқұс)
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс?
                                        (Сауысқан)
Дамылсыз барабан қағады
Сол жерден тамағын табады
                                         (Тоқылдақ)
Ұя салып ,балапан баспайды
Өз атын атап қақсайды
                                        (Көкек) 
Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,
Қонса көл суы сирақтан келмейді
                                       (Тырна)
Сайыс жеңімпаздарын анықтап,сыйлықтар беру.

Мұғалім: Міне, құрметті көрермендер осымен құстарға арналған                 
«Құстар – біздің досымыз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

 

 

 

 

   Келісілді: _________________Д.Ж.Ешмухамбетова (тәр.жұм. меңг.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пойма бастауыш мектебі

 

 

 

 

«Құстар – біздің досымыз»

тәрбие сағаты

                                 (Отбасы тәрбие)

 

 

 

https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/0828/000670c7-02c0f4fc/hello_html_m1a40a329.jpg

 

 

 

                                                                                            Дайындаған: Кодасова А.Ш.

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты."Құстар біздің досымыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 630 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.05.2017 1357
    • DOCX 178.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кодасова Арайлым Шакеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кодасова Арайлым Шакеновна
    Кодасова Арайлым Шакеновна
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39955
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 49 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 181 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Мини-курс

Цифровые компетенции и навыки: работа с презентациями

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 171 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Искусство и дизайн: взаимовлияние и современные тенденции

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе