Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыТәрбие сагаты "Жана жыл" (Мектепалды даярлык тобы)

Тәрбие сагаты "Жана жыл" (Мектепалды даярлык тобы)

Скачать материал

Тақырыбы:                «Құтты болсын Жаңа жыл»

 

Мақсаты:     балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның,  Ақшақардың, Орман сиқыршысының  карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар  ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

Қатысушылар:      жүргізуші, Аязата, Ақшақар,Орман сиқыршысы

                                       Мереке барысы: 

Музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші:  Сәлем бар адамдарға

                      Аяулы аналарға

                      Ардақты ұл-қыздарға

                      Бүлдіршін балаларға

                      Жарқырап жастар әні

                      Болсын  той маскарады.

Ортаға балалар қол ұстасып шығып би билейді.

Жүргізуші: Армысыздар ағайын! Құрметті ата -ана , қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздерді «Жаңа жыл»мерекесімен құттықтаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Сіздерді осы жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке, бірлік әкелсін дейміз.
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
- дей отырып, жаңа жылдық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жаңа жылым жаңа бақыт сыйласын,
Көгімізде бақыт
рухы самғасын
Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы әнін
Қуанышпен арайлансын ақ таңың
Кел жаңа жыл жаңа жыл,
Саған әзір Жаңа жыр

 Елге табыс, жақсылық
Ала келші жаңа жыл

Кел, жаңа жыл,жаңа жыл
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.

-Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде Джунглидің барлық аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар:     Жаңа жыл!

Жүргізуші:      Ал балалар ,бүгін біз сиқырлы орманға шырша тойына келіп тұрмыз.Балалар енді осы әдемі шыршамызды айналып дөңгеленіп тұрайықшы.Сиқырлы орманның  иесі  бар екен,ол  бүгін осы мектепалды даярлық тобында болып жатқан жаңа жыл кешіне  келгісі келеді екен.Сендердің өнерлеріңді  көргісі  келеді. (  Есік қағылады Орман сиқыршысы келеді)

Орман сиқыршысы:

-Сәлеметсіңдерме балалар! Жаңа –жылдарың құтты болсын! Биылғы Жылқы  жылына алғысымыз шексіз. Балалар, қандай өнерлерің бар, қане көрсетіңдер?
Жүргізуші:  Орман сиқыршысы қош келдің?

Орман сиқыршысы:

Жүргізуші:  Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар:        Шырша!

Жүргізуші:  Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!

 Ал, онда шыршаға арналған тақпақтарымызды айтайық.

Әділжан:Жаңа жылды қарсы алдың

                  Мініп алып күймеге

                  Мен де бүгін ән салдым.

                  Араластым биге де.

Нұрайым: Оралдың өлкеме,

                     Жаңа жыл армысың.

                     Оранды ақ көрпеге,

                     Асқартау, қарлы шың.

Меккемадина:  Сәлем беріп сіздерге

                   Бар өнерді саламыз

                   Өнерлі бала бар деп

                   Әлемге жар саламыз

Дамир:      Тауда туып

                      Тауда өсіп

                      Шырша келді ортаға

                      Қандай жақсы шыршамыз

                      Ән шырқайық баршамыз

Аманбек: Қалып едік сағынып,

                      Kүтіп алдық жабылып.

                      Жолын қойдық жарық қып,

                     Шыршаларға шам іліп

Ақтай:         Жаңа жылда алдағы

                     Көңіл өсіп кеңейсін

                     Ортақ ойы,арманы

                     Жақсы дәстүр көбейсін.

Жүргізуші:  Жарайсың, қандай жақсы тақпақтар! 

Балалар Орман сиқыршысын ортамызға алып ,әдемі өлеңімізді шырқайық.

 

Ән: "Ақ таяғын таянып" хормен

 

Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар,

Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңажылдық мерекемізге кім жетіспейді?

Балалар:     Аязата мен  Ақшақар.

 

Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар:  Аязата, Аязата 

Жүргізуші: Қуаныңдар ағайын,тамсаныңдар!

                     Сүйіншімен  маңайға жар салыңдар.

                     Аяз  ата келеді Ақшақармен,

                     Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

(Осы кезде музыкамен Аяз ата мен Ақшақар келеді)

 

Аяз ата:     

Сәлематсыңдар ма, балалар!

Күнтізбеде қалыпты

Жалғыз ғана бір парақ.

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде

Кездессем деп сендермен,

Таратсам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!

  Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!

Оқушылар тақпақтарын айтуға шығады.

 

Дәулет:       Жасыл желек жамылған.

                     Асыл моншақ тағанған

                     Міне сұлу шыршамыз

                     Көптен күткен сағынған

Назерке:    Тілеймін мен бар әлемге

                     Дос көп болсын жаңа жыл

                     Ата-әже,әке-шеше

                     Құтты болсын жаңа жыл

Нұрхат:       Кел Жаңа жыл,Жаңа жыл

                     Қарсы аламыз біз сені

                     Ақ көңілмен,ақ пейілмен

                     Баршамыздың төрінде

Келесі кезекте Алманияз Қарақаттың орындауында"Қуыршақ" биін қабыл алыңыздар.

Әли:            Ақ  қар жапты даланы

                    Ақ жамылды айнала

                    Жарқыратып шамдарын

                    Шырша келді ортаға

Ернар:        Оралдың өлкеме,

                    Жаңа жыл армысың.

                    Оранды ақ көрпеге,

                    Асқартау, қарлы шың.

Асылай:    Жаңа жыл жаңа жыл

                   Жаңа жылға жаңа жыр

                   Жасыл шырша жанында

                   Билеп барлық бала жүр

Сұлушаш:  Жаңа жылда жаңаша

                    Тақпақ айтамыз

                    Болсын риза балаша

                    Аппақ атамыз

                    Билейміз де ойнаймыз

                    Балғын ұл-қыздар

                   Жаңа жылдай жайнаймыз

                   Жарқын жұлдыздар

Жүргізуші: Аяз ата біздің балаларымыз тек тақпақ емес, басқа да жақсы жақсы өнерлері көп.

Енді балаларымызды дайындаған шағын ғана ертегілеріне кезек берейік.

МАД "ә"-"Бауырсақ" ертегісімен

МАД"г"-"Шалқан" ертегісі.

(Шал-Дидар,кемпір-Нұрайым,немересі-Астанай,ит-Әли,мысық-Рамила,тышқан-әділжан)

 

-Жарайсыңдар балалар,осылай бәріміз бір-бірімізге көмек қолымызды беріп,үлкендерге көмектесіп,тату-тәтті болып жүрейік.

Жүргізуші: Басталарда жаңа нұр,
                     Құйылады жаңа нұр.
                     Жүрекке арман бөлеген,
                     Қош келіпсің, жаңа жыл, - дей келе, кезекті әнге береміз.

Ишан Маусымжан,Қайржан  Ботакөзді «Ертегілер» әнімен  қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: Орман сиқыршысы ал айта қойшы біздің балдарымыздың өнері ұнап жатырма?

Келесі кезекте "Кім жылдам" ойынына кезек берейік.

Шарты: Көңілді музыка ойналып тұрады.Балалар музыка ырғағымен орындықтарды айналып билеп жүреді.Музыка тоқтасымен балалар орындыққа тез тез отырып алу керек.Отыра алмаған бала ойыннан шығады.

Тақпақтар:

Гүлімшат: Жаңа жылым мол болсын!

                   Басқан қадам оң болсын!

                   Төрле төрле жаңа жыл!

                   Бізге құтты жыл болсын!
Рамила: Әкелді жыл ырыс-құт

                Әлемде той тыныштық

                Жарқын өмір жаңаша

                Жаңа жылым тамаша

Ақбаян: Ақ қырауға малынған

                Сақалы да ,мұртыда

                Аяз ата сағынған

                Сәлемберді жұртына

Айда:    Мектеп іші мереке,

               Ойын күлкі асқақ ән.

               Жақсы әпкелер жаңа кеп,

               Мерекені бастаған.

Мейрамхат:Көңілде көп қуаныш,

                     Әр көңілде жақсылық.

                     Кетер жылға мың алғыс,

                     Әкелген көп жақсылық.

Дидар: Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

              Жаңа жылда шақырады бар өмір.

              Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,

              Құтты болсын,құтты болсын Жаңа жыл!

Астанай:Тоғай да,баулар да

                 Ақ күміс жабылды

                Дала да, таулар да

                Өзіңді сағынды.

Алтынай:Безендіріп шыршаны,

                  Жыл қуантты баршаны.

                  Той-маскарад басталды,

                   Аяз оны басқарды.

 

Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнің көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер-дей келе келесі кезекті әсем әнге береміз.

 

Ән:"В лесу родилась ёлочка"

Орындайтындар: Қабдығали Ақтай,Ізберген Толғанай

 

Жүзімізде күлкі ойнап
Естіледі әніміз
Жаңа жылды қарсы алып
Би билейміз бәріміз-деп келесі кезекті "Домбыра "биіне береміз.

Ерасыл:  Жаңа жылды қарсы алдың,

                Мініп алып күймеге.

                Мен де бүгін ән салдым

                Араластым биге де.

Ақнұрай: Жылдың әнін бастайын,

                 Аяз ата кеп қалды.

                 Майысады жас қайың,

                 Көтере алмай көп қарды.

Маусымжан:Жаңа жылым жол болсын,

                 Басқан қадам оң болсын.

                 Төрлет,төрлет жаңа жыл

                 Бізге құтты жыл болсын!

Мақсат: Жасыл желек жамылған

              Асыл моншақ тағынған

              Міне сұлу шыршамыз

              Көптен күткен сағынған.

 

Жүргізуші: Балалар қазір әлемге саяхатқа шығамыз. Мұнда біз әр елдің жаңа жылды қарсы алу дәстүрімен танысамыз, және бізде сол дәстүрлері бойынша өнер көрсетеміз. Келістікпе балалар?!
Балалар: ия, келістік

Жүргізуші: Бірінші біз өзбек еліне барамыз. Өзбек елінде таңертең ерте тұрып, өздерін ретке келтіріп, карнавалдық костюмдерін киіп, халық көшеге жиналып өз өнерлерін көрсетеді. Мысалы: ас пісіреді, әншілер ән айтады, бишілер би билейді екен. Ендеше бізде өзбек биіне кезек берейік.
Сағидоллақызы Асылайды "Өзбек" биімен  қарсы алыңыздар!


Жүргізуші: Балалар ал көршілес Ресейде Жаңа жылда Аяз Ата мен Ақша қарды күтеді екен. Солармен ән айтып, би билеп, жарыстар ұйымдастырады. Қане, біз де көршілес халқымыздың әуеніне салып, біраз серпілік алайық.

Би: «Орыс биі»
Келесі кезекті "Орыс" биіне береміз.

Билейтіндер:Аймақ Қанат,Қобланды Аружан


Жүргізуші: Ал Үнді елінде әртүрлі жастағы адамдар түнде үйде тұрған биік заттардың үстіне шығып алып, төмен қарай секіреді екен. Оларда басты кейіпкер сырнайшы болады. Сырнайшыға келіп, бетіне күйе жағу керек. Сырнайшы ұстатпай қашу керек, аяз ата үйді аралап жүріп сыйлықтар таратады. Қайтарымына балалар ән айтып, би билейді. Ендеше келесі кезекте Меккемадина мен Ботакөзді "Үнді"биімен ортаға шақырамыз.
Дайындық "ә" сыныбын "Татар" биімен қарсы алайық.

 

Ақерке: Аппақ тонға оранып,

              Базарлықты мол алып.

              Келді алыс сапардан,

             Аяз ата оралып.

Азамат:Тамаша,тамаша

               Шыршамыз тұр жараса

              Басында әсем жұлдызы

              Көз тоймайды қараса

Жеңіс:Әдемілеп біз ілген

            Ойыншықтар тізілген

            Қандай жақсы шыршамыз

            Кел билейік бәріміз.

Жүргізуші:

Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр- Аймақ Қанатты "Әкелер"әнімен қарсы аламыз.

Аружан:

Ботакөз

Толғанай:Аяз ата ойды қырды

                 А ралап жүр түгел шолып

                 Қарсы алғалы жаңа жылды

                 Ол да көптің бірі болып

                 Қайда қызық болса думан

                 Аяз ата сонда болды

                 Күндіз үйде ойнап бізбен

                 Балалармен бірге болды.

"Шөжелерім" биі

Жүргізуші:Ал балалар қазір қай жылы?

Балалар : Жылан жылы

Жүргізуші: Олай болса жақсылықтарға толы болған ортаға ескі жыл Жыланды шақырайық.

 

Жылан:Мен ескі жыл есіркедім,

              Егемендікті елдікті.

              Мен сүйемін батырлықты.

              Татулықты,ерлікті.

              Ал,қанекей достарым,

              Амандықпен жүздесейік.

              Ал,Жаңа жыл,ізбасарым

              Қолыңа ал бір істі.

              Қанат бітір қанатсызға

              Көркейт елді барысты.

 

Жүргізуші: Жаңа жылдағы «Жылқы жылы» бізге не жақсылық әкеледі? Ендеше, ортаға «Жылқы жылын» шақырайық.

Жылқы жылы:Жақсылыққа бағыттаған,

                         Жылқымын мен Жаңа жыл!

                         Жаңа жылда барлығыңыз

                         Жаңа үміт таба біл

                         Жылан жылының мерекесін

                         Мерекеге жалғаймын

                         Елде,жерде,табиғатта,

                         Бейбіт жолды қолдаймын

                         Арым-ұят,жаным-халық

                         Қызметім де соларға

                         Сеніңдер маған барлығың

                         Қияға ұшып қонарда

                         Ал,ескі жыл аман бол,

                         Ізбасарың мен болам

                         Аман болсын деп тіле

                         Елім,жерім,кең далам.

Жүргізуші:Ал балалар осы Жаңа жылға арнап тақпақ айтайық.

Қарақат:Келді тағы жаңа жыл

                Қуантуға біздерді

                Құтты болсын қуаныш

                Құттықтаймыз сіздерді.

Диас:       Жаңа жылда барлық үйге

                Аяз ата келеді

                Жаңа жылда сәбилерге

                Сыйлық әкеп береді.

Дана:    Жүзімізде күлкі ойнап

             Қанаттанды жанымыз

             Жаңа жылды біз тойлап

             Қанаттанды жанымыз

Жүргізуші:Көңілді әнді бастайық
                    Биді билеп тастайық-"Айгөлек" биін қабыл алыңыздар.
"Әкешім" әнімен Қабдығали Ақтайды шақырамыз.

Жүргізуші:  Кәне, балалар, Аяз атамызбен Ақшақарымызбен, бәріміз «Шырша жыры » әнін жақсылап айтып жіберейік.

Жүргізуші:

Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық-дей отырып-"Көбелек" биімен Дайындық "г" сынып қыздарын қарсы аламыз.

Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу – жыр әні-дей келе келесі кезекті "Қыс қызығы" әніне береміз.

Орын:Дәулет,Назерке,Ернар

Аязата:         Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.

 Ақшақар:    сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.

Аязата:    Жаңа жылда, балалар,

                  Тек қуаныш көріңдер.

                  Ауырмаңдар ешқашан,

                  Мықты болу өзіңнен.

Ақшақар:               Жаңа жылда, балалар,

                                 Тек жақсылық көріңдер.

                                 Жылау, ауру, жамандық

                                 Қастарыңда болмасын

                                 Сау болыңдар, балалар!

 

 Жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.
Міне, жаңа 2014 жыл да келді. Ал 2014 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын.
Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.
Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сагаты "Жана жыл" (Мектепалды даярлык тобы)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 734 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.12.2017 1668
    • DOCX 31.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алиева Айгерим Сагытжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алиева Айгерим Сагытжановна
    Алиева Айгерим Сагытжановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 7887
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Реализация комплексной программы «Радуга» с учетом требований ФГОС ДО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Организация и содержание работы учителя-логопеда в условиях реализации ФГОС ДО

108/144 ч.

от 2500 руб. от 1250 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 318 человек

Курс профессиональной переподготовки

Младший воспитатель: участие в планировании и организации повседневной жизнедеятельности детей дошкольного возраста

Младший воспитатель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 229 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 1 460 человек

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов