Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие жұмысы: "Ер есімі-Ел есінді"

Тәрбие жұмысы: "Ер есімі-Ел есінді"

Скачать материал

 

Тақырыбы: «Ер есімі – ел есінде»

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқушы: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

«Әнұран»
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның б
ірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиеті, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда  Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 71 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің  71 жылдығы.

  1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
 Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.                                  1,Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы
.

 Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді.

2
Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі
Әлия атты көңілде
Әпкеміз деп жүреді.
Аты аңыз, жыр қылып,
Елдің батыр түлегі.
Әр жүректе тұр күліп,
Әлия атты батыр қыз.
3
Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз!
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз!

Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады
4
Қайтпаған жауыннан
Қаһарман Бауыржан
Қан ішер фашисті
Қырды ол мыңдаған.
Ерлігі әрқашан
Есімде сақталады
Ұрпағы ұмытпайды.
Өмірінен үлгі алады.
- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.

Тамашалаймыз  сұрапыл соғыстан кішігірім үзінді;

КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. “Солтүстік” тобына Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған “Онтүстік тобы” Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мән берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл территорияны славян халықтарынан тазарту және түрік-моңғол халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет ететін Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды.

Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б.  батыр ага-апаларымыз..

1418 азапты күн мен түнге созылған соғыс біз үшін Ұлы Жеңіспен аяқталды
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут еске алу. (әуен ойнайды.)

Слайд:  Аманурлиев Аюп

Мен Аманурлиев Аюп 1930жылы 15 мамырда  Каленин ауыл савет саветі  стален  халқозында дүниеге келдім, 12 жасымнан бастап қош  шағұлда  мектебінде окыдым, 12 жасымда әке-шешеме  жұмыс жасап көмектестім , Анамнын аты Аққыз Амантурлиева , әкемнін аты Рағымберді  Амантурлиев  , Жанұямызда 5 ағайынды болдық  үлкені Рағымберді Сарадин  екіншісі мен Амантурлиев Аюп  үшіншісі  Рақымберді Ырысқали  тортіншісі Рақымберді Аман  бесіншісі Рақымберді Жамиға ,1949 жылдан бастап Мұнайшыда оператор болып  істедім , 1952 жылы Армияда 3 жыл еңбек еттім, Армиядан келгеннен кейін, Отаныма кайтып оралғаннан кейін  бұрынғы мамандығым мунайшы  болып жасадым ,51 жыл мұнайшыда үздіксіз жұмыс істедім, Содан құрмет демалысына шыктым , жоғарғы еңбегім үшін марапатталдым ,Ең алғаш  Қазақстанда еңбек сіңірген  құрметін алдым.Сөз соңымда айтарым, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Жамандаықтан Алланың өзі сақтасын!

Ардагер Аюп атамен кездесу сәтіннен естелік!

 

 

 

 

 

Macintosh HD:Users:elmiraziaeva:Desktop:Новая папка:TOSHIBA:9 май слайд:A0CiXzbFb7o.jpg         Macintosh HD:Users:elmiraziaeva:Desktop:Новая папка:TOSHIBA:9 май слайд:dQcfCp7juDw.jpg

 

 

 

 

 

 

Macintosh HD:Users:elmiraziaeva:Desktop:Новая папка:TOSHIBA:9 май слайд:LvN5OsAxZ5o.jpg    Macintosh HD:Users:elmiraziaeva:Desktop:Новая папка:TOSHIBA:9 май слайд:DulhF9UJniM.jpg

 

 

 

 

Macintosh HD:Users:elmiraziaeva:Desktop:Новая папка:TOSHIBA:9 май слайд:AGsf0YO7MMY.jpg

 

 

 

Macintosh HD:Users:elmiraziaeva:Desktop:Новая папка:TOSHIBA:9 май слайд:SUWYjRll0kM.jpg


 Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар.


Оқушы: Осымен  «Ұлы жеңіс – жасасын!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды

Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы,
Адамзатты алға бастар Ар заңы!
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан –
Туа біткен туралықтың тарланы.
Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым,
Бойға жиған ақылы мен сабырын,
Өмір бойы шындық үшін күресіп,
Жалғандықтың тіліп түскен тамырын!
Жауынгерді айналдырып құрышқа,
Тайсалмастан кірген талай ұрысқа.
Ұрпағына үлгі болған ғұмырын
Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа!
Жүру үшін тура жолдан бұрылмай,

Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай.
Біздер үшін рухы биік Бауыржан
Батырлық пен Ақиқаттың туындай!
Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған,
Туған елді өз үйім деп таныған,
Жалындаған жастар керек еліме
Батыр баба қасиеті дарыған!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Ақтау қаласы №16  жалпы білім беру орта мектеп КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Ер есімі – ел есінде»

 

Сыныбы: 8”Г

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            Өткізген: Зияева Э.Б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              2016ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие жұмысы: "Ер есімі-Ел есінді""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 126 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2016 799
    • DOCX 513.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зияева Эльмира Бегайдаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Зияева Эльмира Бегайдаровна
    Зияева Эльмира Бегайдаровна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5180
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой