Инфоурок Классному руководителю Конспекты"Тәуелсіз елге-білімді ұрпақ" ашық тәрбие сағаты

"Тәуелсіз елге-білімді ұрпақ" ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

Тәрбие сағаты

«Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ»

Тәрбие сағатының мақсаты:

-Оқушыларды  Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

-Оқушылардың танымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін ұштау.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: слайд көрсетілім, суреттер.

Тәрбие сағатының барысы:                                                                             

Мұғалім сөзі:

1-жүргізуші: Армысыздар қадірлі ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Ғасырлар бойы ата бабамыздың аңсап кеткен, біздің қолымыз әрең жеткен ккеле жатқан ұлы мерекеміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты да, Қайырлы болсын!

Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.

Осы мереке қарсаныңда ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ» атты интеллектуалдық-танымдық сайысқа қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысқа екі топ қатысқалы отыр:

1 топ-«Алаш»

2 топ-« Жас өркен»

Сөз кезегін оқушыларға берейік.

1- оқушы:

          Атыңнан айналайын егемен ел,

          Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

          Мерейің құтты болсын Қазақстан!

          Ғасырлар тойы болшы келе берер!

2- оқушы:  

        Мерекең құтты болсын  егемен ел,

        Терезең барлық елмен тең ерен ел.

        Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

        Теңдікті бостандықты иеленгендер.

3 – оқушы: 

        Бостандық құтты болсын ерікті ел

        Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер

        Бостандықты аңсаған батырлардың

        Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

 

 

4– оқушы:

        Егемен елімнің ертеңі деп,

        Елбасы баға берді жастарыма

        Оқу оқы білім ал, елің үшін

        Еңбек ет тыным таппай, жан аяма

5 – оқушы: 

       Халқымның мақтанышы – алып тұлға,

       Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

       Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

       Ұқсайды менің асқақ арманыма.

6- оқушы:    

       Ел болдық егеменді, теңдік алып,

       Бар әлем қазақ елін болды танып.

       Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

       Жыл  сайын келеді өсіп қанат жайып

7 – оқушы:     

       Ел болдық ерік алдық астаналы,

       Енді кімнен қазағым жасқанады?

       Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

       Нұрсұлтанның атымен басталады

9 – оқушы:

      Көз қуанып күн сайын  көркеміне,

      Көңіліміз сенеді ертеңіне

      Қазақстан – алып ел, төрі Астана,

      Таңым ғана лайық ел төріне

10 – оқушы :    

      Кең даласы , кең пейілді қазақпыз,

      Құл емеспіз  еркін жанбыз, азатпыз

      Ел намысын ешбір жанға бермейміз,

      Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз

11  - оқушы:     

      Отаным -  Қазақстан  туған жерім,

      Мұнаймен газ болады асыл кенім

      Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,

      Артамыз елбасына  үлкен сенім

12 – оқушы:    

      Мен қазақпын, ұланымын қазақтың

      Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын

      Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

      Алатаудай көкке өрлеген  азатпен

13 – оқушы:     

      Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

      Бейбітшілік пен бостандық  жыр - әнім

      Самғап жүрсек бостандықта  биікте

      Шарықтайды  кең көлемде бұл әнім

 

 

14 – оқушы:          

      Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

      О, Тәңірім, бізді баққа  жолықтыр...

      Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

      Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

15 – оқушы:          

         Қазақстан дейтін менің бар елім,

         Жатыр алып жарты дүние әлемін!

         Бұл даланы анам жаспен суарған,

         Бұл далада атам қолға ту алған

         Бұл далада өскен жанда жоқ арман

 

Мұғалім сөзі:

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

      Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Ендеше, сайыстың

бірінші кезеңі- «Тарихыңды білесің бе?»

(аудио-,видео-сұрақтар)

Мұғалім сөзі:

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Солардың бірі- 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16–желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Бейнекөрсетілім «Желтоқсан оқиғасы»

 

Сайысымыздың екінші кезеңі-

«Желтоқсан оқиғасы ақын-жазушылар шығармаларында»

 

Желтоқсан алаңы

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,

Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...

Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,

Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.

Сол арадан сатқындықта елестейді қара бет,

Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.

Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,

Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.

Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,

Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,

Кемсітпекші "желтоқсанның жалаң аяқтары" деп.

Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,

Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,

Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.

Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады

Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,

Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады. ...

Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы

Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.

Оны да еске салады

Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.

 

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

 Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

 Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

 Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

 Жазықсыздың көз жасына жуынып,

 Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

 Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

 Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

 

Желтоқсан тағылымы

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!

Қайырмасы:

Арманыңның атын,

Жігеріңнің отын

Өшіре алмас асау желі уақыттың.

Егер кім қанша

Уайымсыз болса,

Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

 

 

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

 Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

 Талай қазақ гүлдерін де солдыра,

Ел билеуге алып келді Колбинді

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

 Егемендік – бұл елімнің елдігі,

 Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

 Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

 Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

 Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

 

 

 Мұғалім сөзі:

Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің қөқшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Қайраттай  қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді!

Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 32 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Ендеше сол желтоқсан оқиғаларындағы боздақтардың рухын еске алайық (1 минут үнсіздік).

 

Мұғалім сөзі:

1991 жыл -Тәуелсіздік алған жыл.

1991-2018 жылдар аралығында қандай жетістіктерге жеттік?

Сайысымыздың үшінші кезеңі-

«Сәйкесін тап» (берілген суреттерге қатысты сандарды табу)

1. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.

2.  1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады.

3. 1991 жылы 29-тамызда Елбасы Семей ядролық палигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.

4. 1992  жылы 28-қаңтарда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды.

5. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен  Ұлттар Ұйымына мүше болды

6. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздері қабылданды.

7. 1992 ж. қазан айында тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.

8. 1993 жылы 15 қарашада  ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді, ол өмірдегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды.

9. 1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды

10. 1995 жылы 30 - тамызда Ата заң -Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

11.1997 жылы Елордамыз Астанаға көшірілді

12. Бекзат Сейілханұлы Саттарханов 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының чемпионы (57 кг )

13. Денис Юрьевич Тен 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері

14. Айдын Ақанұлы Айымбетов — қазақ ғарышкері, космосқа ұшқан әлемнің 545-ші ғарышкері. 2015 ж. 2-12 қыркүйекте ғарышқа ұшты.

16.  Жазира Жаппарқұл - Рио-де-Жанейродағы олимпиадада күміс медаль иеленді.

17. Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада жүзуші Дмитрий Баландин алтын медаль иеленді.

18. Димаш Құдайберген — қазақстандық әнші. Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған.

15 сәуір 2017 Димаш Құдайбергенов Қытайдағы "Singer 2017" жобасында екінші орын алды.

19. 2011ж. Алматы-Астана қалаларында өткен 7 Қысқы Азия ойындарында Қазақстан 70 медальмен (32,21,17) 1 орын иеленді.

20. Қысқы Универсиада 2017 — 28-ші қысқы Универсиада, Қазақстандағы Алматы қаласында 2017 жылы 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында өтті.

Медаль есебі- 2 орын 36:11,8,17

 

Орын

Ел

Алтын

Күміс

Қола

Барлығы

1

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/f/f3/Flag_of_Russia.svg/22px-Flag_of_Russia.svg.png Ресей

29

27

15

71

2

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d3/Flag_of_Kazakhstan.svg/22px-Flag_of_Kazakhstan.svg.png Қазақстан

11

8

17

36

 

21. Рухани жаңғыру: 100 жаңа есім, 100 жаңа оқулық.

 

Мұғалім сөзі:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек» деп мәлімдеген болатын.
«Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады»- деген.  

Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз.

Ендеше бәріміз латынша диктант жазып көрелік.

4- кезең- диктант жазу. Картинки по запросу соңғы латын әліпбиі

                          

 

 

 

Rýhanı jańģyrý

 

Elbasynyń rýhanı jańģyrý baģdarlamasy tarıhı qujat. Bul qujatta latyn álipbıine kóshý týraly naqty mindet qoıyldy. Jańa álipbı - jańģyrýdyń qaınary. Álipbı arqyly ulttyq sana kúsheıedi. Álemde bolyp jatqan jańalyqtar osy jazý arqyly qabyldanady. Sondaı-aq, bul álipbı qazaq tiliniń tól tabıģatyn saqtaýģa múmkindik beredi.

 

 

Сайысымыздың бесінші кезеңі-«Ұлы даланың жеті қыры».

Мұғалім сөзі:

  Біздің жеріміз материалдық мә­де­ниет­тің көптеген дүниелерінің пайда бол­ған орны, бастау бұлағы десек, асыра айт­қандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажы­рамас бөлшегіне айналған көптеген бұйым­дар кезінде біздің өлкемізде ойлап та­был­ған. Ұлы даланы мекен еткен ежел­гі адамдар талай техникалық жаңалықтар ой­лап тауып, бұрын-соңды қолданыл­ма­ған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адам­зат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жыл­намалар бүгінгі қазақтардың арғы ба­балары ұланғайыр Еуразия құрлығын­да­ғы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – ұлт рухының айрықша салтанат құруына негіз болған ерекше оқиға!

Сөз кезегін оқушыларға берейік.

1. Атқа міну мәдениеті

2.  Ұлы даладағы ежелгі металлургия

3. Аң стилі

4. Алтын адам

5. Түркі әлемінің бесігі

6. Ұлы Жібек жолы

7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны

 

Тест сұрақтары:

1. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.

2. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.

3. Біздің ата-бабаларымыз жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған.

4. «Алтын адам»  өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған.

5. Орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.

6. Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. 

7. Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

 

Қорытынды:

Сайысты  қорытындылау. Әділ-қазылар алқасына сөз.

Мұғалім сөзі:

Ия, Отанымыз Қазақстан туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ ! Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз- Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын , абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған  егеменді елдің тірегі - білімді ұрпақ.

 Болашағымыз  нұрлы болсын, қазақтың арманы мен мүддесі, елдігі мен еңбегі баянды болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест сұрақтары:

 

1. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі

 ------------------  қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.

 

2. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, ----------------------------------------------------------қорытпалары алына бастады.

 

3. Біздің ата-бабаларымыз жыртқыштардың, негізінен

---------------- тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған.

 

4. «Алтын адам»  өнертанушы ғалымдар арасында  

-------------------------------------------------- деген атқа ие болған.

 

5. Орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – ------------------------------------- дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі ------------------------------------ Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.

 

6. Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік

----------------------- пайда болуына септігін тигізді.

 

7. Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың

------------------------ екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіз елге-білімді ұрпақ" ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 567 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2019 3029
    • DOCX 80.1 кбайт
    • 54 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рзагельдиева Эльвира Абилдаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 86760
    • Всего материалов: 33

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек