Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәуелсіз елім - қазақстным

Тәуелсіз елім - қазақстным

Скачать материал

      

 

 

       

                   

 

 

 

Тәрбие сағаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

 

 

Тәуелсіз елім Қазақстаным!

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 3

Тақырыбы: Тәуелсіз елім Қазақстаным!

Мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.

2. Нақыл сөздер .

3. музыкамен жабдықталған.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі:

        Тәуелсіз елім Қазақстаным тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барңған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

      Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Атамекен әні орындалады   (хор)

І – жүргізуші:

       Сәлеметсіздерме, құрметті  3 «в» сыныбының  оқушылары.

 ІІ-жүргізуші:

      Қайырлы күн «Тәуелсіз елім Қазақстаным»  ашық тәрбие сағатының қонақтары.  Ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіз.

Мұғалімнің сөзі:

         қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің  мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

Мұғалім сөзі:

    Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.

         Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.

         Қазақстан дейтін менің бар елім,

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.

       Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.

       Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

       16 – желтоқсанда қазақ жастары  Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.  

            Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

 1- оқушы:  

        Мерекең құтты болсын  егемен ел,

        Терезең барлық елмен тең ерен ел.

        Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

        Теңдікті бостандықты иеленгендер.

Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма

 

ІІ – оқушы: 

      Халқымның мақтанышы – алып тұлға,

       Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

       Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

       Ұқсайды менің асқақ арманыма.

болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып.

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл  сайын келеді өсіп қанат жайып

ІІІ – оқушы:

       Ел болдық ерік алдық астаналы,

       Енді кімнен қазағым жасқанады?

       Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

       Нұрсұлтанның атымен басталады

 Жаралдық машылықтан, толы ағыстан

 Жолың бар жоқшылықты қалап ұшқан

 Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

 Көркейген елім менің – Қазақстан!

ІҮ – оқушы:  

      Көз қуанып күн сайын  көркеміне,

      Көңіліміз сенеді ертеңіне

      Қазақстан – алып ел, төрі Астана,

      Таңым ғана лайық ел төріне                                                

Кең даласы , кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз  еркін жанбыз, азатпыз

 Ел намысын ешбір жанға бермейміз,

Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз

 

Ү- оқушы:    

     Отаным -  Қазақстан  туған жерім,

      Мұнаймен газ болады асыл кенім

      Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,

      Артамыз елбасына  үлкен сенім

 

      Мен қазақпын, ұланымын қазақтың

     Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын

     Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

     Алатаудай көкке өрлеген  азатпен

     

    Мұғалім сөзі:

      Ежелгі заманнан әр тайпалармен руларды біріктіретін белгілер болған.  Белгілер – сөздердің орнына қолданылатын таңбалар.  Бір топ адамдар үшін қолданылатын белгілер –бір мағынаны білдіреді. Ал, рәміздер – белгілі топтар бейнесінің бірігуі.

     Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар.   Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран.   Бұл халық бірлігінің белгілері.   Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

1-оқушы:  

       Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген  тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс – ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді.  Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.

2- оқушы:   

        Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді  қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқанақиық қыран құс – ерлік белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі.  Алтын күн. Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық  келешегі  мен  бай – берекесі, тыныштықпен байлықтың белгісі.

І-жүргізуші:

      Қазақстан республикасының  мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ  бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.

ІІ-жүргізуші:

       Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен , еліміздің азаттығымен жеңімпаздығының белгісі.  Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.

3- оқушы:    

           Бабам тұлпар жаратты

           Құлынын да танып – ақ

           Тұлпар барда қанатты,

           Шайқалмайды шаңырақ

 

    Кез – келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы  айтылған

 

ІІ – жүргізуші:

          Сөзі :  Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

          Әні: Шәмші  Қалдаяқов      Әнұран орындалады   (хор)

І- жүргізуші

     Балалар, өткенге шолу жасайықшы?   Өткен жылдар  қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды?  Сол туралы ойымызды ортаға  салсақ.

1 – оқушы:

          1991 жылы 1- желтоқсанда  Республика жұртшылығы  тұңғыш рет  Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевты  республикамыздың президенті етіп сайлады.

 

2- оқушы:

           1991 жылы 16 желтоқсанда  Қазақстан республикасының жоғарғы  сесиясы « Тәуелсіз демократиялық және құқылы»  мемлекет деп жарияланды.

3 – оқушы:

        1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы,  әнұраны туралы.   Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.

4 – оқушы:

        1992 жылы 28 қаңтарда  Тәуелсіз Қазақстан республикасының тұңғыш Ата  заңы  қабылданды

5- оқушы:

        1993 жылы 12 қарашада төл теңгемңз дүниеге келді.

І- жүргізуші:

           Тәуелсіздік  -  тірегім алмас үнді,

           Тәтті үміті халқымның   сан  ғасыры

           Көк байрақты ,  кемеңгер  кемел   ойлы

           Келбетіңнен  көремін   жалғасымды.

ІІ – жүргізуші:

           Тәуелсіздік – шырайлы лағыл  таңсың,

           Жүректерге үміт боп  жағылғансың

           Аяулысың  білмеген алақаннан –

           Суып барып қайтадан табылғансың.

 Қорытынды:

           Бір ата, бір ананың түлегіміз

           Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

           « Бірлік барда  тірлік бар »  деген бабам

           Бірлік деп бірге соқсын  жүрегіміз!  - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды  

            қорытындылаймыз!

 

                  

                            

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәуелсіз елім - қазақстным"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 000 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2016 549
    • DOCX 49.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ерланбек Жайна -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ерланбек Жайна -
    Ерланбек Жайна -
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5143
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 354 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека