Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Тәуелсіздік ұланымыз, тәуелсіздік болу ұранымыз!"

"Тәуелсіздік ұланымыз, тәуелсіздік болу ұранымыз!"

Скачать материал

 

Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінің 2016 оқу жылына арналған «Жас ұлан» ұйымының «Тәуелсіздік ұланымыз, тәуелсіздік болу ұранымыз!» атты салтанатты жиынының сценарийі


Өтетін орны:  АКТ зал «Жас ұлан ұйымы»

Өтетін уақыты: 12 желтоқсан, 2016 жыл

Мақсаты: Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. «Жас ұлан» ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау.

(АКТ залы ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп, ілінеді).
Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі.

І жүргізуші:
Қайырлы күн қонақтар,  ұстаздар және оқушылар   «Тәуелсіздік ұланымыз, тәуелсіздік болу ұранымыз!» атты Бөрлі №1 жалпы орта білім беретін мектебінің Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Жас ұлан! Түзел! Тік тұр!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарап сап түзе!

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

Бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтары Баштовенко Владимир Григорьвич ауыл әкімі.

Ермекбаев Қайрат Төлегенұлы Орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің директоры. Мәслихат депутаты.

Қоғамдық кеңес төрағасы Муканов Ғауаз Нысанұлы.

 І жүргізуші: Салтанатты жиынға «Жас ұлан» ұйымының Туы кіргізілсін!

Сөз кезегі мектеп директоры Сатимов Исатай Темешұлына беріледі.

І жүргізуші: Жас ұлан! Біздің ұранымыз:

«Жас ұлан» - жайдарлы ұйым!

«Жас ұлан» - жалынды ұйым!

«Жас ұлан» - жігерлі ұйым!

«Жас ұлан» - айбарлы ұйым!

Жас ұлан! Түзел! Тік тұр!

 

 

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 – жылдығы қарсаңында 2011 жылғы 6 – шілдеде «Жас Отан» жастар қанаты және Назарбаев университеті студенттерінің бастамасымен балалар мен жасөспірімдердің бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымы құрылды. Бұл ұйым екі буыннан тұрады: «Жас қыран» 6-9 жас, « Жас ұлан» 10-16 жас аралығындағы оқушыларды қамтиды.

Бүгінгі біздің «Тәуелсіздік ұланымыз, тәуелсіздік болу ұранымыз!»атты салтанатты жиында оқуда озат, түрлі өнер байқаулары мен пән олимпиадаларының жеңімпаздары болған оқушылар Бөрлі №1 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 1-4 сыныптар арасынан «Жас қыран» ұйымына 16 оқушы, 5-7 сыныптар арасынан «Жас ұлан» ұйымына  11 оқушы қабылданбақшы.  

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен тұспа – тұс келіп отқан «Жас Ұлан» балалар  мен жасөспірімдер ұйымының  5 жылдығымен құттықтай отырып «Жас Ұландықтар»  баршамызға 25 тілегін арнап, күнтізбелігін сыйға тартпақ.

Хор «Тәуелсіз - ел ұланы!» 6 сынып оқушылары

Жас ұлан! Түзел! Тік тұр!

«Жас қыран» қатарына 1-4 оқушылары арасындағы озат оқушылармен мектептің шараларына белсенді қатысушылар, мектептің спортшылары қабылданады. Оларға «Жас қыран» төсбелгісі тағылады.

«Жас қыран» қатарына қабылданушыларға төсбелгілерді табыстау рәсімі құрметті қонақтарға мектеп ұстаздарына беріледі.

 

Айтқали Гүлназ 1 сынып оқушысы

Жұмажан Айбек  1 сынып оқушысы

Жұмабай Светлана 1 сынып оқушысы

Мырзағали Бекарыс 1 сынып оқушысы

Салық Медет 1  сынып оқушысы

Хамддолла Бексұлтан 1 сынып оқушысы

Жанболатқызы Қарақат 2а сынып оқушысы

Иманов Айтбек  2а сынып оқушысы

Кубайдуллина Арайлым 2а сынып оқушысы

Сисенғали Әділет  2а сынып оқушысы

Утешов Эльдар 2а сынып оқушысы

Алмағанбетов Али 2ә сынып оқушысы

Аманғали Аянат 2ә сынып оқушысы

Сәкен Аян  2ә сынып оқушысы

Темірхан Мұрагер 2ә оқушысы

Хасан Диас 2ә оқушысы

(әуен ойналады)

 

Ұланбасы:

Отанының ер ұланы, 
Жер қайысқан қалың қол.
Тәуелсіз ел ұланы
Ант беруге дайын бол!

Ең жауапты «Жас Қыранның» антын тапсыру сәті келді.

Ант тапсырушы: Аманғали Аянат 2ә сынып оқушысы

 

  Республикалық «Жас Қыран» бірыңғай балалар мүшелерінің анты


ен , Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып: Өз Отаным –Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, мектеп ережелерін сақтауға; салауатты өмір салтын ұстануға; «Жас Қыран» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!
Ант етемін, ант етемін, ант етемін.
(Жас қыранның бір мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етемін» деп 3 рет қайталайды)

Жас қыран ұйымын құттықтау сөз  кезегі Бөрлі ауылдық округінің әкімі Владимир Григорьевич Боштавенко және Орман және жануарлар дүниесін қорғау Мемлекеттік мекемесінің директоры Ермекбаев Қайрат Төлегенұлына беріледі.

Ұланбасы: Тәуелсіз ел аясында, бейбіт заман аясында балалық дәурені өтіп жатқан біз – бақытты ұландармыз. Отанымызды өркендету - біздің азаматтық борышымыз.

Жас ұлан қандай?         Үлгі болған кішіге,                                                        

                                        Көмектесер кісіге,                                                         

                                        Жақсылықты сүйетін,                                       

                                           Адал әрбір ісіне!                                                         

Жас ұлан – талантты                                               Жас ұлан – сенімді,

Жас ұлан – қабілетті                                                Жас ұлан – көңілді,      

Жас ұлан – дарынды,                                              Жас ұлан – сыпайы,

Жас ұлан – мейірімді!                                             Жас ұлан – әдепті!

 «Жас ұлан» ұйымы бізге не береді?

Балалар: Жаңа достар, асқақ арман, айқын бағыт,

                                                                    Біріксек, бос кетпейді уақыт!

        Біз кімдерге қамқоршымыз?    -Мейірім күткен жандарға, Көмек күткен жан бар ма?!

        

 Бізді не біріктіреді?         Балалар: Ортақ ой мен әсем ән!

 

Алдарыңызда Тоқпанова Құттықыз және Ғылманова Лаура «Тәуелсіздік елі» әнімен қарсы алыңыздар.

 

Ұланбасы:

 

Жас ұлан! Түзел! Тік тұр!

 

 «Жас Ұлан» қатарына 5 - 7 сынып оқушылары арасындағы озат оқушылары, аудандық, облыстық, республикалық олимпиада, спорттық жарыстар, конференциялар, шығармашылық байқаулар жүлдегерлері қабылданушыларға галстуктерді табыстау рәсімі құрметті қонақтар мен ұстаздарына беріледі.

Оларға «Жас Ұлан» төсбелгісі тағылады

(әуен ойналады)

 

Ахметжанов Нұрсен  5а сынып оқушысы

 

Байширякова Аружан  5а сынып оқушысы

 

Балкиева Құттықыз 5а сынып оқушысы

 

 Мағзом Аяулым 5а сынып оқушысы

 

Утешова Мадина 5а сынып оқушысы

 

Зингазиева Дильназ  6ә сынып оқушысы

 

Ибраев Адильжан  6ә сынып оқушысы

 

Тлеп Бексұлтан  6ә сынып оқушысы

 

Төлеген Қарақат 6ә сынып оқушысы

 

Өтеу Наурызбек  6ә сынып оқушысы

 

Асылбекова Назерке  7 сынып оқушысы

 

 

 

Жүргізуші: Бүгінгі Жас Ұландар – ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін өрістететін, ата – бабаларымыздың ісін әрі қарай жалғастыратын, ел сенетін болашақ ұрпақ. Олар үшін бүгінгі сәт ұмтылмастай, әр жүректе із қалдырары сөзсіз.

Ең жауапты «Жас Ұланның» антын тапсыру сәті келді.Ант тапсырушы  5а -  сынып оқушысы Балкиева Құттықыз

Мен, Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына кіре отырып:
Өз Отаным –Қазақстан Республикасының патриоты болуға.
Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге туған елім, жерім, Отанымды мақтан етуге, ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстауға, табиғатты аялауға «Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін, ант етемін, ант етемін.
 

(Жас Ұланның бір мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)

 

Ұланбасы:

Жас ұлан! Түзел! Тік тұр!

 «Жас ұлан» ұйымының жаңа мүшелері өз бірлестіктерінің қатарына қосылсын!

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

                                                                              

«Жас ұланның» әнұраны орындалсын.

(Жас ұланның әнұраны орындалады)

 

Жас ұландар әні

                                                                      Әні мен сөзін жазған

                                       Ұ. Ж. Жаналиева

1. Біз ұланы қазақ елінің

   Туған жерін, сүйген Отанын.

   Әке жолын, ана мейірімін,

   Бойға жиған қасиетін.

    Қайырмасы:

                          Жас ұлан, қалыспа!

                          Қырандай қарышта.

                          Еліміздің абройын

                          Асқақтатып әлемге

                          Нық ұстайық байрағын!

 

2. Көп білуге ұмтыламыз

    Өнер, білім, ғылымға.

    Кеудемізде ар мен намыс

    Жетелейді бізді алға.

 

                Қайырмасы:

                          Жас ұлан, қалыспа!

                          Қырандай қарышта.

                          Еліміздің абройын                        

                          Асқақтатып әлемге

                          Нық ұстайық байрағын!

Жүргізуші:  Жас ұлан! Еркінсің!

Білімді - көкіректе нұр деп түсін, 
Жігерім, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат талап ережені, 
Орындауға бәрің де міндеттісің!

Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

Ұланбасы: Салтанатты жиыннан «Жас ұлан» бірлестіктерінің Туы шығарылсын!

Жас ұлан! Туға қарап сап түзе!

Ту шығарылады.

 

Жас ұлан! Еркінсің! «Жас ұлан» ұйымының «Тәуелсіздік ұланымыз, тәуелсіздік болу ұранымыз!» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймын!

                                

                    

                                Бөрлі №1 жалпы орта білім беретін  мектебі

 

 

 

 

«Бекітемін»

Мектеп директорының

тәрбие ісі жөнінің орынбасары:

А.Ж. Жумагалиев ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­__________________ 

______  ________________________

 

 

 

 

 

 

Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Қыран», «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының сегізінші толқын оқушылардың қабылдау салтанатының бағдарламасы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





 

 

 

 

                                                                                     

 

                                                                                  Дайындаған: мектеп тәлімгері

                                                                                                   Д.С. Қанағатова

 

 

 

                                                              2016 жыл

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіздік ұланымыз, тәуелсіздік болу ұранымыз!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 104 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2017 861
    • DOCX 26.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Канагатова Динара Сериккалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11856
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой