Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік –тұғырым
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын,еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
- Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
- Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта
тәрбиелеу. Өз елін,жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.Тәуелсіздік бастауы-ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну.
Сабақтың көрнекіліктері: нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, буклеттер, желтоқсан құрбандарының портреттері.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар,оқушылар және көрермендер!
Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған тарихи – әдеби ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз.
Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп,өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай,шарықтай берсін демекпіз.
Иә,бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар-намысын,ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты.Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті.Қаншама қан төгілді. Иә,1986жылғы «Желтоқсаноқиғасы»тарихта мәңгі қалмақ.
1986 жылы 17 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды.
Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік. Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді,кімдер құрбан болмады? Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске алып,олардың рухына тағзым ету парызымыз.1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап - жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне,
қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
(1минут үнсіздік жариялаймыз.)
Ортада оқушылардың Тәуелсіздік жайлы өлең жолдары
Айнұр. Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні-бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні-бұл.
Қайрат. Атамекен ақ үйдің
Азат болған күні бұл.
Құндақтағы сәбидің
Қазақ болған күні-бұл.
Гүлназ. Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні-бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні-бұл.
Қанат. Алты алаштың баласы
Қауымдасқан күні-бұл.
Бір-бірімен жарасып
Бауырласқан күні-бұл.
Шынар. Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл-күні!
Ғалымжан. Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды,кенеле бер.
Мерейің құтты болсын,Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы,келе берер!
Құралай. Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О,тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне,тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
Сол бір кездегі тәуелсіз ел болып қуанып жатқан қуанышты сәттерге де кезек берейік.Олай болса,
«Тәуелсіздік жарығы»атты шағын көрінісімізді тамашалаңыздар.
Немересі:Әже,әже далада адамдар салют атып,қуанып жатыр,ол ненің мерекесі?
Әжесі:Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой,балам.
Немересі:Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе?
Әжесі:Мен өткен өмірімді айтсам,басым ауырады.
Немересі:Онда тынығып алайық.
(Тынығып жатқан немересі түс көреді)
Немересі:Әже,әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім.
Әжесі:Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой.
Немересі:Онда мен достарымнан сүйінші сұрап келейін .
Сүйінші,сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты!
6 670 674 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Таймаганбетова Гулбахар Уалихановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.