Инфоурок Биология Другие методич. материалыУрок биологии на тему "Гидраның көбеюі, регенерациясы"

Урок биологии на тему "Гидраның көбеюі, регенерациясы"

Скачать материал

Шығыс Қазақстан Облысы. Ұлан ауданы, Привольное ауылы

«Привольное орта мектебі»ММ. Биология пәні мұғалімі

Бухатова А.К.

 

Сабақтың тақырыбы: Гидраның көбеюі, регенерациясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ішекқуысты жәндіктердің құрлысы,сан алуандығы, тіршілік жағдайы. Регенерация құбылысының маңызын, көбею ерекшеліктері туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.Ішекқуыстылардың  табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: ішекқуыстылардың пайда – зияны, сақтану шараларын түсіндіру, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін ояту.

Күтілетін нәтиже: Гидраның регенерациясы ағзаның өмір бойы өзгерісте бола алатындығын көрсететінін түсіне алады.Суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айқындай алады, өз ойларын жинақы жеткізе алады, мәтінмен танысу нәтижесінде әрекеттерін іс жүзінде көрсете алады; оқушылар тапқырлық, табиғатты және оның байлықтарын қорғау – баршамыздың міндетіміз екенін ұғынады.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, оқулықпен, суретпен және тақтаның көмегімен жұмыс істеу арқылы пәнді игеру, пікір білдіру, тапсырмаларды  орындау.

Пәнаралық байланыс: сурет, экология, әдебиет

Модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; Оқытуда АКТ - ны пайдалану; Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

 

Жұмыстың ұйымдастыру формасы: Жекелей, ұжымдық

 

 Дерек көздері, құрал-жабдықтар: Оқулық, интербелсенді тақта демонстрациялық материалдар, компьютер, слайдтар, үлестірме материалдар, бағалау парақтары, маркерлер.

 

Сабақтың өту барысы:

 

Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс - әрекеті:

Тапсырма мазмұны:

Оқушының іс - әрекеті:

Жұмыс түрі:

I. Ұйымдастыру кезеңі

 Оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа қажетті оқу құралдарын тексеру. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап, сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару

Оқушыларды жаңа сабақты қабылдауға дайындау. 

Амандасады, сабаққа даярланады, жинақталады, жаңа сабаққа ден қояды.

Ұжымдық

II. Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, үй тапсырмасына тоқталайық. 

 Өткен сабақта қандай тақырып өттік? " Гидратәріздестер класы " тақырыбына арналған үлестірмелер тарату.

  №1 Гидраның денесі неше қабаттан тұрады? ( екі)
 № 2. Жүйке жасушасының сыртқы әр түрлі

 қимылдарға жауап қайтаруы қалай аталады? (тітіркенгіштік)
 №3. Гидраның атпа жасушалары қандай қызмет  атқарады? (қорғаныш, қоректену)

 №4.  Гидра денесі зақымданғанда регенерациясы-

  ның жүруі қандай жасушаларға байланысты? (аралық жасуша)
№5.  Гидра қалай қозғалады? (адымдап, тоңқаңдап)
№6. Ішекқуыстылар типінің қанша түрі бар? (9000)
№7 Гидраның сыртқы қабатында қандай жасушалар орналасқан? (тері - бұлшықет, жүйке, атпа жасушалары).

№8 Гидраның денесінде әр түрлі қызмет атқаратын жасушаларды атаңыз және олар қандай қызмет атақарады? (гидра денесінде әр түрлі қызмет атқаратын жабын, асқорыту, тітіркенуді қабылдайтын жасаушалар болады).

№9 Гидра қалай қозғалады? (бірде табанмен, бірде қармалауыштары болады).

№10 Билет. Гидраның қанша қармалауыштары болады? (5 - 8 салалы қармалауыштары болады).

№11 Гидра қалай қоректенеді және қорғанады? (гидраның бүкіл денесінде әсіресе, қармалауыштарында атпа жасушалары өте көп. Сол себептен атпа жасушалары арқылы қоректенеді және қорғанады).

№ 12 Гидраның денесі неше қабаттан тұрады және оларды атаңыз? (гидра денесі екі қабаттан тұрады: а) сыртқы қабат - эктодерма, ә) ішкі қабат - энтодерма).

№ 13  Гидра немен қорпектенеді? (ұсақ шаяндармен және балықтармен).

№ 14  Гидраның тыныс алуы мен зәр шығаруы қалай жүзеге асады? (гидраның зәр шығару, тыныс алу мүшелері болмайды. Ол бүкіл денесі арқылы суда еріген оттегін сіңіріп, қажетсіз көмірқышқыл газын сыртқа шығарады. Зәр шығаруын ауыз қуысы атқарады).

№ 15  Асқорыту қалай жүзеге асады? (қорек гидраның ауыз қуысынан ішекқуысына өтеді. Ішекқуысындағы қимылдап тұрған талшықтар қоректі асқорыту жасушасына өткізеді. Асқорыту жасушасына түскен қорек жасушадан бөлінген сөл арқылы ұсақ бөлшектерге бөлініп, вакуольде қорытылады).

№ 16  Гидра қай жерлерде мекендейді? (суы таза, оттекке бай баяу ағатын өзендерде, көлдерде, тоғандада мекендейді).

17 Гидраның ішкі қабатында қандай жасушалар орналасқан? (Терібұлшықет, асқорыту, безді, жүйке, сезімтал жасушалар).

№18  Ұлпа дегеніміз не? (құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы).

- Үлестірмелердегі сұрақтарға әр оқушы жеке жауап қайтару. Әрбір оқушы қасындағы оқушының ұлестірмесін алып  бағалап отырады.

 Жекелей, жұптық.

III. Жаңа сабақ

Жаңа сабаққа кіріспе: Диалог әдісімен мұғалім оқушыларға сұрақтар қойды.
Бүгінгі сабағымыздаға мақсатымыз табысқа жету. Бәріміз табысқа жеткіміз келеді гой ия?

Жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіріп терминдерді береді.

- Жалпы жануарлар неше топқа бөлінеді?
- Бір жасушалы жәндіктерді кім атап бере алады?
- Ал, көп жасушалылар дегеніміз қандай жануарлар?
Бейнефильм арқылы гидра, регенерация туралы түсінік беру (2мин)

Регенерация. Гидраның ерекше бір қасиеті бар - оны екіге бөлсе, сондай - ақ бірнеше бөліктерге бөлшектесе, әрбір бөліктер өз алдына жеке гидра бола алады. мұның негізгі себебі - гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы өте үлкен жасушалар болады. Олар аралық жасушалар деп аталады. Гидраның денесі зақымданған кезде аралық жасушалар қауырт өсе бастайды да тері - бұлшықет, жүйке, атпа жасушаларын түзеді. Сөйтіп гидраның зақымданған бөлігіндегі жойылып кеткен жасушалар аралық жасушалардан қайтадан пайда болады. Денедегі зақымданған немесе жойылып кеткен үлескінің бұрынғы қалпына келу құбылысы регенерация деп аталады. Регенерация құбылысы көпжасушалы жануарлардың барлығында белгілі шамада (шұбалшаң екіге бөлінсе - әр бөлігінен жаңа құрт пайда болады, кесірткенің құйрығы үзіліп, қайта өсіп шығады, адамның терісі жарақаттанса, қалпына келеді және т. б.) байқалады.

Гидраның көбеюі. Гидра жыныссыз да, жынысты жолмен де көбейеді. Жазда жақсы қоректенген кезде гидраның денесінен томпайып шыққан бірнеше бүршіктерді көруге болады. Бүршік гидра денесіндегі екі қабаттағы жасушалардан құралады. Бүршік томпақ көлемінің ұлғаюынан түзіледі, ол өсімдіктің бүршігіне ұқсас болғандықтан, гидраның жыныссыз жолмен көбеюі бүршіктену деп аталады. Томпақтан пайда болған бүршік созылады да ұшынан қармалауыштары түзіледі. Бүршік сабағы гидраның денесіне жалғасады, сондықтан ол бастапқы кезде гидра арқылы қоректенеді. Арада аз уақыт өткен соң бүршік гидраның денесінен үзіліп, жас гидраға айналады. Сөйтіп, енді жас гидра өз алдына тіршілік ететін болады. Жынысты жолмен көбею. Гидраның көбеюіне қорегі әсер етеді. Күзде күн салықнадаған шақта гидраның қорегі азаяды, сол кезде гидраның тіршілік етуі нашарлап, денесінен бүршікке ұқсамайтын өсінділер пайда бола бастайды. Бұл өсінділер гидраның тек сыртқы қабатынан түзіледі де, ауызға тақау жердегі өсіндіде аталық жасуша - сперматозоидтар, ал табанына таман аналық жасуша - жұмыртқажасуша пайда болады. Өсіп жетілген сперматозоидтар шапшаң қозғалады және талшықты қарпайым жәндікке ұқсас. Олар суға бөлінісімен аналық жыныс жасушасына жүзіп барып, жасушаға енеді де ядроға қосылады. Сөйтіп сперматозоид пен жұмыртқа жасушадан жаңа бір жасуша пайда болады, яғни гидраның жасушалары ұрықтанады. Гидраның бір жасушадан дамуы - көпжасушалы жәндіктердің біржасушалы жәндіктермен тектес екеніне айқын дәлел.

Оқушылар жаңа терминдерді дәптерлеріне түсіреді.

 

Жекелей

IV. Түсінгенін тексеру

Оқушыларға тапсырма беру.

Жұмбақ шешу

Суретпен жұмыс. "Суреттер де сөйлейді"

1.Суреттегі регенерация құбылысын түсіндіріңіз

hello_html_420cab2a.jpg

2. Суреттегі жәндікті атап, бағдаршамен белгіленген дене

 мүшелерін жазып көрсетіңіздер.

 

hello_html_me6e9019.png

3.Гидраның санмен белгіленген жыныс жасушаларын жазыңыздар

және даму сатыларын да көрсетіңіздер

hello_html_6fb4da63.png

 

·         1.Бағана пішін, қалың табан – түр басқа,

Жылжымайды, бекінеді жартасқа.

Бір орнынан табылады керегі,

Өзі келіп ауызға түсер қорегі.

(жауабы...)

2.Өзі жыртқыш, жемін аулар қырағы.

Табаны бар – бұл белгісі келесі,

Іші қуыс, қос қабатты денесі. (жауабы...)

 

Сұрақтарды талдайды, орындайды

Жекелей

Жұптық

V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі Алған түсініктерін қолдана білуге дағдыландыру мақсатында тапсырмалар береді.

Сұрақ-жауап

1. Гидраның денесін қаптайтын жасуша? (Жабын)

2. Гидраның сыртқы қабатындағы қорегін ұстаушы жасушасы? (Атпа)

3. Гидраның ішкі қабаты? (энтодерма)

4. Еркін тіршілік ететін ішекқуысты жәндікке не жатады? (медуза)

5. Гидраның сыртқы қабаты? (эктодерма)

6. Сыртқы және ішкі тітіркендіргінштерге жүйке жүйесі арқылы жауап қайтару? (рефлекс)

7. Амеба немен қоректенеді? (бактерия)

8. Көпаяқты жәндіктер - полиптерге не жатады? (актиния)

9. Гидраның жыныссыз жолмен көбеюі? (бүршіктену)

10. Көпжасушалы жануарлар қай типке жатады? (ішекқуыстылар)

Алған түсініктерін қолдана отырып, тапсырманы орындайды.

Ұжымдық

VI. Үйге тапсырма беру

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тәртібін түсіндіру

Гидраның көбеюі, регенерациясы

Күнделігіне тапсырманы жазады

Жекелей

VII. Рефлексиялық бағалау

«Әткеншек» ойыны.

Балаларды бір- біріне қарама-қарсы тұрғызу. Сұраққа жауап беру. Интербелсенді тақтада сұрақтар

1. Бүгін мен.......... білдім.

2.Маған ............... қызықты болды.

3.Маған ................. қиын болды

Әр оқушы өткен сабақ туралы алған әсері, ұсынысын айтып, қиын сұрағын қояды. Қиын сұраққа сынып болып жауап береді

Жекелей

Ұжымдық

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок биологии на тему "Гидраның көбеюі, регенерациясы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 879 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2017 1470
    • DOCX 463.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бухатова Ардак Кабдывалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бухатова Ардак Кабдывалиевна
    Бухатова Ардак Кабдывалиевна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10287
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 519 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 142 человека

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе