- 05.12.2015
- 1460
- 0
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар, жуан,
жіңішке дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихы мен дәстүрін қастерлеуге, сөз өнерін ардақтауға тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың жалпы сауаттылықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, грамматикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
Сабақ топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Топ аты мен басшылары сайланады.
«Бағалау парағын» жүргізу ескертіледі.
І топ «Әдебиет»
ІІ топ «Мектеп»
ІІІ топ «Тіл»
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1 Қазақ әліпбиі туралы түсінік
2.238 – жаттығу.
Слайд №1 (Тексеру үшін) Ертеректе. Әйтімбет. Бір. Достық. Сонда. Достықтың.Дұрыс-ақ. Адал.
Ертеде. Бір. Жалғыз. Оны. Әй.
Атқа. Өзін. Мұны. Бұл.
2. Әліпбиді жатқа 3 оқушыдан сұрау (әр топтан 1 оқушыдан).
ІІІ Білім тексеру:
Мына сандардың мәнісін айтыңдар (Слайдпен көрсетіледі)
42-
37-
9 -
12-
26-
1912-
1929-
1940-
ІVЖаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын,мақсатын түсіндіру
Адасқан әріптердің орнын тап. «Кім жылдам?»
Ы, а,с,у,т,д,ы
Б,т,р,д,ы,с,ы,а.
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Мұғалімнің жаңа материалды түсіндіруі
- Ауа өкпеден еш кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар дауысты
дыбыстар деп аталады.
Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е, и, э, у
- Тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай дауысты дыбыстар үш топқа бөлінеді:
• жуан және жіңішке
• ашық және қысаң
• еріндік және езулік
Слайд №4
Тілдің қатысына қарай:
жуан: а, о, ы, ұ,(у)
жіңішке: ә, ө, і, ү, е, и, э, (у)
Жақтың қатысына қарай:
ашық
қысаң
Еріннің қатысына қарай:
еріндік
Езулік
Слайд №5
М: Жуан дауыстылар тілдің кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалады.
Жіңішке дауыстылар тілдің ілгері созылуы арқылы жасалады.
Мысалы: Астана – жуан буынды сөз.
Бәйтерек – жіңішке буынды сөз.
Кітап – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (араб сөзі).
Телефон – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (орыс тілінен енген сөз).
Ботагөз – аралас сөз, біріккен сөз.
Аз - кем – аралас буынды сөз, қос сөз.
У – ерекше дыбыс. Ол - бірде дауыссыз, бірде дауысты, бірде жуан, бірде жіңішке
дауысты.
Мысалы: сұлу, тура (У дыбысы – жуан дыбысты дыбыс.)
куәлік, жүру (У дыбысы – жіңішке дыбысты дыбыс.)
жауын, қауын (У дыбысы – дауыссыз дыбыс.)
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
1.Оқулықпен жұмыс
240 -жаттығу (ауызша)
· Мына жұмбақтарды көшіріп жазып, жуан дауысты сөздердің астын бір, жіңішке дауысты сөздердің астын екі сызыңдар.
I топ. Қамыс құлақ, тостаған
тұяқ,
Мінсең – қанат, сүті дәрі,
Еті тамақ. (Жылқы)
II топ. Әкесі – тышқан,
Шешесі – құстан. (Жарқанат)
III топ. Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған. (Тоңазытқыш)
241 -жаттығу (жазбаша)
Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға,жіңішке у дыбысы бар сөздерді бір бағанға теріп жазыңдар.
I топ. Жіңішке буынды сөздерді
теріп жазу. (6 сөз)
Білу, сену, беру, ілу, кезу, көну.
II топ. Жуан буынды сөздерді теріп жазу. (8 сөз)
Ашу, қазу, қу, жолығу, сызушы, жу, қану.
III топ. Берілген сөздерге қосымша жалғап жазу.
Ашулы, білуге, қазушы, сенуге, жазушы, қулық, берудің, ілуге, жолығуға, кезуші,
сызушының, жума, көнудің, қонуға
VІІ. Жаңа сабақты бекіту, бағалау кезеңі
I тапсырма. Берілген сөзге ассоциация құру.
Жіңішке буынды сөздердің
астын бір сызықпен, жуан буынды сөздердің астын екі сызықпен сызу.
I топ «Мектеп»
Мұғалім, ұстаз, білім, оқу, оқушы, класс, баға, тақта, дәптер, сөмке, т. б.
II топ «Әдебиет»
Ақын, жазушы, өлең, әңгіме, кейіпкер, шығарма, теңеу, портрет, роман, т. б.
III топ «Тіл»
Тіл әлемі, ауызша тіл, лексика, фонетика, тіл мәдениеті, қазақ тілі, ана тілі,
т. б.
Семантикалық картамен жұмыс.
№ |
Дыбыстар |
Жуан |
Жіңішке |
1 |
Аа |
|
|
2 |
Ии |
|
|
3 |
Ұұ |
|
|
4 |
Ыы |
|
|
5 |
Оо |
|
|
6 |
Өө |
|
|
7 |
Үү |
|
|
8 |
Іі |
|
|
9 |
Ее |
|
|
10 |
ӘӘ |
|
|
11 |
Ээ |
|
|
12 |
Уу |
|
|
Топ басшылары өз топ мүшелерін бағалайды.
VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі
1. Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік.
2. 242- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріңдер.
Настоящий материал опубликован пользователем Кикаева Айжан Касымхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалУчитель
Файл будет скачан в форматах:
Осы сабақ оқушыларға дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып үйренуге көмктеседі. Бұл тақырып оқушыларды сөздің дыбыстық талдауын жасауға дайындайды.
Жұмыс парағында келесі тақырыптар берілген:
1. Суреттерде не бейнеленген? Бірінші дыбыстарды анықта. Дауысты дыбыстан басталатын сөздерді қызыл түспен қорша.
2. Суреттерде не бейнеленген? Бірінші дыбыстарды анықта. Дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді көк түспен қорша.
3. Дауысты дыбыстан басталатын жемістерді қызыл себетке жина.
4. Дауыссыз дыбыстан басталатын көгөністерді көк себетке жина.
5. Дауысты дыбыстан басталатын жеміс-жидектерді қызыл тәрелкеге, ал дауыссыз дыбыстан басталатын жеміс-жидектерді көк тәрелкеге сал.
6. Дауысты дыбыстан басталатын гүлдерді тап. Көбелекке сол гүлдерге қонуға көмектес.
Жауаптары соңғы бетте.
Барлық материалдар «Әліппе» жұмыс дәптерінде біріктірілген. 32 тақырыптан тұратын жұмыс дәптерін, төмендегі сілтеме арқылы сатып алуға болады: https://infolesson.kz/magazin-materialov/rabochaya-tetrad-%D3%99l%D1%96ppe-dlya-detej-5-7-let-331244?m-message-key-id=5039527988129300480&m-message-click-id=e2172284-0830-411d-9757-8e5837a263ed&utm_source=mindbox&utm_medium=email&utm_campaign=150824#preview
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
Курс профессиональной переподготовки
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
7 289 336 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 259 601 материал из нашего маркетплейса.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.