Инфоурок Другое Другие методич. материалыУрок для 7 класса

Урок для 7 класса

Скачать материал

Жақсы №1 орта мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы жалпы ата-аналар жиналысындағы

оқу ісінің меңгерушісі Шапиев Ерік Рамазанұлының

жартыжылдық есебі, анализі.

 

       Қоғамның қазіргі даму деңгейі жас ұрпақтың білімінің жоғары болуын талап етіп отыр. Сапалы білім жүйесі – ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі және мемлекет дамуының түп қазығы.

          Жас ұрпаққа білім тәрбие беру ол үздіксіз процесс. Бұл процесті жүзеге асыру үшін қолданылатын негізгі заңнамалық құжаттар бар. Олар:

-         Қазақстан Рспубликасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Мақсаты:

-          Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

-         ҚР “Білім туралы” Заңы

-         Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

-         2015-2016 оқу жылында ҚР-ның жалпы орта білім беретін ұйымдарда ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат.

      Осы құжаттарды негізге ала отырып, біздің мектебімізде өз жұмысын атқарып келеді. (3 слайд)

Әр сынып бойынша жеке-жеке тоқталатын болсам:

Бастауыш буын:

 1) 2 «А» сыныбы - жетекшісі Аскарова Н.А.. барлығы -15 оқушы, білім сапасы-73,3 пайыз.

2) 2 «Ә» сыныбы – жетекшісі Ибадулина Г. Барлығы – 12 оқушы- білім сапасы- 58,3 пайыз.

3) 3-сынып жетекшісі Аяпбергенова К.М.барлығы-24 оқушы.Білім сапасы- 45,8 пайыз.

4) 4-сынып жетекшісі Каскаева С.Б.- барлығы -23 оқушы.Білім сапасы – 56,5 пайыз.

             Барлығы 1-4 сыныптарда- 102 оқушы.Білім сапасы- 41,1 пайызды құрап отыр.

 

Орта буын:

1) 5 «А» сыныбы - жетекшісі Адильшинова А.К. – 14 оқушы, білім сапасы- 50 пайыз.

2) 5 «Ә» сыныбы – жетекшісі Тұрысбек С.Ә.- 12 оқушы, білім сапасы – 50 пайыз.

3) 6-сынып жетекшісі Карабаева У.У.- барлығы – 21 оқушы, білім сапасы- 23,8 пайызды құрап отыр.

4) 7-сынып жетекшісі Сабитова Г.Т.- барлығы -16 оқушы,білім сапасы- 18,7 пайыз.1 үздік,2 екпінді.

5) 8-сынып жетекшісі Исмайлова А.Х. барлығы- 22 оқушы, білім сапасы- 36,3 пайыз.

6) 9 «А» сынып жетекшісі Дюсембекова А.К. барлығы – 16 оқушы, білім сапасы- 31,2 пайыз.

7) 9 «Ә» сынып жетекшісі Ахметбек А.А.- барлығы – 12 оқушы, білім сапасы- 8,3 пайыз құрап отыр.1 екпінді оқушы.

Барлығы 5-9 сыныптарда – 113 оқушы. Білім сапасы – 30,9 пайызды құрайды.

 

Жоғары буын:

1) 10-сынып жетекшісі Куйщугулова Г.Н.- барлығы -18 оқушы, білім сапасы 44,4 пайыз.

2) 11-сынып жетекшісі Мұхамеджанова М.Х.- барлығы -19 оқушы, 57,8 пайыз.

Барлығы 10-11- сыныптарда -37 оқушы, білім сапасы – 51,3 пайыз.

   Мектепте 1-11 сыныптар арасында 15 класс комплекті бар. Мектепалды даярлықта 2 топ, шағын орталықта 2 топ жұмыс істейді.

     Мектебімізде І жартыжылдықтың есебі бойынша шағын орталықта 30 бала, 6 жасар яғни мектепалды даярлық топтарында 29 оқушы,

барлығы 1-11 сыныптарда 252 оқушы бар. Оның 34 үздік, 62 екпінді. Оқу үлгерімі – 100 пайыз, оқу сапасы 38,1 пайыз.

     ББМ-нің МЖБС бойынша әр сыныпқа қосымша факультатив және үйірме сабақтары беріледі.

       Биылғы оқу жылында 1-11 сыныптарда математика,қазақ тілі, әдебиет, физика, химия, биология, география негізгі пәндері бойынша факультатив сабақтары қосымша берілді.Бұл негізгі пәндерді тереңдете оқытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында үйірме сабақтары берілді.

   4слайд.Оқушыларымыздың білімі әр пән бойынша шыққан қорытынды бағамен анықталады. Пән бойынша мониторингке көз жүгіртсек:

 Қазақ тілінің  сапасы 60,7 %, қазақ әдебиеті – 66,9%, орыс тілі – 63,4%, орыс әдебиеті – 69,3%, математика – 56,3%, геометрия -52,9%,  қазақстан тарихы- 62,8%, география- 64,6%, биология- 59%, физика – 63,3%, информатика – 90%, химия -44,7%, ағылшын – 67,6% көрсетіп отыр.

3слайд.

Мектебімізде барлығы 32 мұғалім бар, жоғары білімді 29 мұғалім, арнаулы орта - 3 мұғалім. Біліктілік санаты бойынша жоғары санатты - 2 мұғалім, бірінші санатты – 12, екінші санатты- 13 мұғалім. Сапасы 43,7 пайызды құрап отыр.Бұл жақсы көрсеткіш.

      Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін 3 (30%) деңгейлік  біліктілігін арттыру курстарынан барлығы 8 мұғалім өтті.

     Аттестация – педагогикалық біліктіліктің бір бөлігі. Ол мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, шығармашылық белсенділігін арттырып, педагогикалық еңбектің жиынтығын көрсетеді. 2015-2016 оқу жылында аттестациядан өту мақсатымен тиісті санаты бойынша мұғалімдер өтініш білдірді.

І біліктілік санатына кезектен тыс 2 мұғалім:

 II біліктілік санатына 1 мұғалім.

       Білім көрсеткішінің тағы бір саласы ол 11- сынып оқушыларының жыл соңында тапсыратын ҰБТ қорытындысы. Биылғы оқу жылында 11 сыныпта 19 оқушы білім алуда. Қыркүйек айынан бастап жүйелі түрде ҰБТ-ге дайындық жүргізіліп келеді. Барлығы 7 рет бақылау  тестілеу болды. Соңғы көрсеткіш 71,1 пайызды құрап отыр. Ең басты айта кететін жайт бұл биылғы оқу жылында 3 бірдей алтын белгіге үміткер оқушылармыз бар. Олар: Садыбекова Ғалия, Бралина Асем және Шукжанов Жеңіс.

       Әрине бұл балардың қазіргі кездегі көрсеткіші алтын белгі үміткерлері үшін орташа , бірақ олар үнемі дайындық үстінде,сондықтан бұл оқушылардан үмітіміз бар.

 Соңғы 3 жылды салыстыратын болсақ:

 2012-2013 оқу жылында – 67,5 пайыз.

2013-2014 оқу жылында -74,2 пайыз.

2014-2015 оқу жылында – 59 пайызды құрады.

 Биылғы оқу жылының жартыжылдық қортындысы бойынша жеке-жеке пәндер бойынша тоқталсақ:

 Математика пәні бойынша орташа көрсеткіш – 9-10 пайызды құрап отыр.

Қазақ тілі бойынша орташа көрсеткіш – 16-17  пайызды құрап отыр.  

Орыс тілі пәні: бойынша орташа көрсеткіш – 15-16 пайызды құрап отыр.  

Қазақстан тарихы пәні бойынша орташа көрсеткіш – 15-16 пайызды құрап отыр.

Таңдау пәндері бойынша қарасақ:

 Биылғы оқу жылында Биология пәнін 9 оқушы таңдады. Жалпы орташа балл – 16-17 пайыз.

География пәнін 1 оқушы таңдады. Орташа балл – 14 пайызды құрап отыр.

Дүниежүзі тарихы пәнін 3 оқушы таңдаған. Орташа көрсеткіш 16-17 пайызды құрады.

Физика пәнін 3 оқушы таңдаған. Орташа көрсеткіш 9-10 пайызды құрап отыр.

     ІІ жж ҰБТ көрсеткіші жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыс қыруар атқарумыз тиіс.

Әдістемелік жұмыс.

     Мұғалім еңбегінің жемісті болуы оның біліктілігіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты. Сондықтан да мектептегі әдістемелік жұмыс мұғалімнің идеялық-теориялық деңгейін көтеріп, озық әдістермен қаруландыруды, озат мұғалімдер тәжірибелерін жинақтап таратуды, педагогика мен психология жетістіктерін насихаттауды көздейді.

    Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми - теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс - әрекеттері.

Мектептегі оқу процесін жүйелі жүргізу үшін мектепте жылдық, айлық, жоспарлар құрылады. Әрине оқушының білімді болуы ұстаздардың атқаратын жұмысына тікелей байланысты. Мектебімізде әдістемелік  жұмыстар жүйелі жүргізіледі.

Мектептің әдістемелік тақырыбы:

 “Оқу тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық білім беру технологияларын қолдану негізінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту болып табылады. Осы тақырыпты ала отырып ұстаздар өз алдарына мақсат қойып, негізгі міндеттерін атқарып келеді. Оқу жылының барысында мектепте оқытылатын пәндердің барлығы бойынша пән онкүндіктері жоспарланды. Осы ұстаздар апта бойы ашық сабақтар беріп, пән бойынша сыныптан тыс іс-шаралар өткізіп, оқушылардың білімін шыңдай түседі. Пән бойынша оқушылардың зеректігі пәнге деген қызығушылығы, дарындылық қабілеттері анықталып, келешекте олармен тығыз байланыс жасауға мүмкіндік береді.

     9-18 қыркүйек айында «Тіл-халық қазынасы» атты тілдер мерекесіне арналған тілдер онкүндігі өтті. Сынып жетекшілер «Тіл-ұлттың жаны» тақырыбында қабырға газеттерін шығарса, сонымен қатар «Тіл-жаның, тіл-қаның, тіл-арың, тіл-әнің» атты сынып сағаттарын өткізді. Шапиев Е.Р мен Ахметбек А.А өткізген «Тіл-достықтың терең тамыры» тақырыбындағы дөңгелек үстелде көпшілік көңілінен шықты. «Бала тілі-бал» мәнерлеп оқу сайысын кішкентай бүлдіршіндер арасында өткізген Ибадуллина Г, Жапимова А. балалардың тілге деген сүйіспеншілігін байқады. «Үш тұғырлы тіл» зияткерлік ойынын өткізген Мұхаметжанова М.Х мен Ташмухамбетова З.С өз мақсаттарына жете білді. Ал, ағылшын пәнінің мұғалімі Адильшинова А. «Cinderella» атты ертегіден қойылым көрсетсе, Каскаева С пен Аяпбергенова К 3-4 сыныптар арасында  «Мақал-мәтелдер» жарысын көрсетті. Онкүндікті аяқтаған Дюсембекова А.мен Каскаева Л. өткізген мәнерлеп оқу сайысы өз деңгейінде өтті.

     Сонымен қатар 16-24 қараша аралығында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тіл пәндерінің онкүндігі ұйымдастырылды.

07-15 желтоқсан аралығында тарих, АӘД және өзін-өзі тану пәндерінің онкүндігі болып өтті. Аталған онкүндіктер өз деңгейінде өткізіліп, белсене қатысқан оқушыларға мақтау қағаздарымен сыйлықтарға ие болды.

    Бастауыш сынып мұғалімдері жыл бойы мектепте өтетін барлық шаралардың бел ортасында жүреді

     Сонымен қатар аудандық  "Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларының қолдану тиімділігі"  тақырыбында өткен

аудандық семинарда  Бактыбаева М.Б және Аяпбергенова К.М ұйымдастыруымен «Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта  қолданудың тиімділігі»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде бастауыш сынып мұғалімі Жалмурзина Н.А «Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту жолдары» тақырыбында баяндама оқыды.

    Мектебімізде дарынды оқушылардың  шығармашылық  қабілетін ашу, дамыту, ғылыми ізденушілікке деген  қызығушылығын  қалыптастыру  мақсатында ұйымдастырылған  оқушылар  ғылыми орталығында  2015-2016 оқу жылына жоспары жасалды.

   Оқушылар тақырыптарына сай  мәліметтер жинақтап жұмыс жасап жатыр.   Оқушылардың жобалары қаралып шығып,  мектепішілік  жобалар сайысында қорғайды. Жақсы жазылған жобалар аудандық сайысқа қатыстырылады.        

     Желтоқсан айының екісі күні «Қазіргі заманда  жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік  стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру-біздің міндетіміз» тақырыбында  мектепішілік семинар өтті.  Бұл семинарды Кембридждік  бағдарлама аясында білім алған үшінші деңгей мұғалімдері ұйымдастырды. Семинарға мектебіміздегі барлық ұстаздар қауымы және аудандық білім бөлімінің әдіскері  Меруерт Сағдатқызы  қатысты. Семинардың ашылу рәсімінен кейін, жаңа білім беру үрдісінде өткізілген ашық сабақтарға кезек берілді.   

      Бастауыш сынып мұғалімі Жалмурзина Н. А  математика пәнінен «Құрама есептер» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақты 2-сынып оқушыларының  жасерекшеліктеріне сай жақсы дайындаған.

Оқушылар сабаққа асқан белсенділікпен қатысып, қонақтардың көңілінен шыға білді. «Қаңқаның негізгі бөлімдері» тақырыбындағы сабақты, өнегелі ұстаз Абылкаримова М. М дайындады. Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру барысында, ашық және түрткі сұрақтар, диалогтік оқыту, АКТ, жас ерекшеліктеріне бағытталған тапсырмаларды қолданып инновациялық сабақ түрін көрсете білді.
     Мектеп психологы Ғазез Ж.С  мұғалімдердермен бірге түрлі тренингтер өткізіп, психологиялық ой сергіту жұмыстарын жүргізді. Тарих пәнінің мұғалімі Исмайлова А. Х «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету-сапалы білім кепілі» тақырыбында КОУЧИНГ сабақ өткізді. Ұстаздар тақырып төңірегінде толғандырып жүрген сұрақтарына жауап іздеді. Өте пайдасы зор сабақ болды. Бұл сабақтың тағы бір ерекшелігі атаулы 16-желтоқсан оқиғасымен байланысты өткізілуі болды.

 «Бастауыш сыныптарда  оқытудың  жаңа технологиясын сабақта тиімді қолдану» тақырыбында  бастауыш сынып мұғалімі Аяпбергенова К. М баяндама оқыды. Өзі тәжірибесінен мысалдар келтіре кетті.Технология пәнінің мұғалімі Бекбергенова Л.М өз сабақтарында қолданып жүрген  тренинг  үлгілерімен бөлісті.

     Кембридж оқыту бағдарламасындағы сабақ беруге қатысты әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып жүрген ұстазымыз Бақтыбаева М.Б «Дарынды және талантты балаларға  арналған тапсырмалар» тақырыбында шебер-сынып көрсетті.

 «Блум таксономиясы оқыту нәтижелілігін бағалау әдістемесі ретінде» тақырыбындағы баяндаманы  технология және музыка пәнінің мұғалімі Көшеков К.Б дайындады.

      25-28 қараша аралығында негізгі пәндер бойынша жыл сайын өткізілетін дәстүрлі мектепішілік олимпиада  жеткіншектердің дарындылық қырларын анықтап, бағдар беріп, шығармашылыққа шабыттандырып, оқуға ынталандырып, ең бастысы оларды алдағы  олимпиадалар мен байқауларға, жарыстарға қатыстырудың, мектеп жетістігінің негізгі мақсаты.

  Олимпиада 2 кезеңнен , яғни  гуманитарлық бағыт бойынша І тур жазбаша: оқушыларға мазмұндама және тест тапсырмалары, ІІ турдың тапсырмалары оқушының тілдік байлығын, көркемдік тұрғыда қабылдап , ой қорытып, талдап беру, танымдық  қабілетін тексеру,  жаратылыстану бағыты бойынша теориялық және практикалық деңгейлік тапсырмалар берілді .

     8-11- сыныптар арасында барлығы 86 оқушы өтінім берді (ал 2014 ж. 51, катысушы саны биыл 35 бала көбейді, 48 оқушы (2014ж. 31 оқушы)   мектепішілік олимпиаданың жүлдегерлері атанды.                                                                         Осы оқушылардың арасынан, іріктеу турынан өткен 21 оқушы аудандық  пәндік олимпиадаға жолдама алды.

      10 желтоқсан күні жалпы білім беретін мектептер оқушыларының арасындағы аудандық пәндер олимпиадасы өтті.

Аудандық олимпиадасының қорытындысы:    

Қатысқан 20 оқушы, оның ішінде жүлделі орынға ие болған-9 оқушы.Олар:

1.Қазақ тілі пәнінен- 9 сынып оқушысы Алпысова Зере 1 орын, 11 сынып оқушысы Шимиров Абзал 3 орын, 10 сынып оқушысы Аманжол Әсет 3 орын. Пән мұғалімдері  Каскаева Ляззат Байсеркеевна, Дюсембекова Айман Қарабаевна.     

 2.Орыс тілі пәнінен - 11 сынып оқушысы  Садыбекова Галия 1 орын, 10 сынып оқушысы Садыбекова Анель 2 орын,  10 сынып оқушысы Тлеуова Асель 3 орын. Пән мұғалімі Мұхамеджанова Мақпал Хамзеқызы.

  3. Қазақстан тарихы пәнінен - 8 сынып оқушысы Тулеген Мадина І орын, 9 сынып оқушысы Аманжолова Ақару 3 орын. Пән мұғалімі Исмайлова Адеми Хамитбековна.

  4. География пәнінен -11 сынып оқушысы Саденов Алмас ІІІ орын . Пән мұғалімі Тұрысбек Сұндет Әсілбекұлы.

5. Математика пәнінен-8 сынып оқушысы Кошеков Бекзат 3 орын. Пән мұғалімі  Маулит Құмырзах.

       Ал 11- сынып оқушысы Садыбекова Ғалия қазақ тілінен облыстық олимпиада жолдама алып, қатысып келді.

Аудандық Шекспир оқуларында  Гран-При жеңіп алған 11 сынып оқушысы   Шукжанов Женіс.

    Сонымен қатар оқушыларымыз  облыстық,. Республикалық, халықаралық жарыстарға да қатысып жүр.

     Оқу жылы бойында әлі атқарар жұмыс жетерлік. Сондықтанда оқушы тұлғасын дамытудағы ата-ананың, ұстаздың, қоршаған ортаның рөлі орасан зор. Олардың білімді де тәрбиелі болуы біздермен сіздердің қолымызда. Сондықтанда тығыз байланыста болып жұмысымызды жалғастыра берейік. соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок для 7 класса"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 034 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2017 597
    • DOCX 30.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шапиев Ерик Рамазанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шапиев Ерик Рамазанович
    Шапиев Ерик Рамазанович
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 694
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 493 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 330 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек