Инфоурок Физика ПрезентацииУрок по физике на тему "Атом құрылысы" (11-класс)

Урок по физике на тему "Атом құрылысы" (11-класс)

Скачать материал

 Сабақтың тақырыбы:  Атом ядросы.Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы

Сабақтың  мақсаты:

 Білімділік:                 Оқушылардың  тақырып   бойынша  алған  білімдерін

                                      нығайту, тиянақтау,  бір жүйеге келтіріп  қорыту  теориялық

                                      білімін  практикамен   ұштастыру.

Дамытушылық:        Оқушылардың  ойлау,  есте сақтау қабілетін шыңдау.  Білімге  деген

                                      қызығушылығын арттыру.   Білім деңгейін  көтеру.

Тәрбиелік:                  Оқушыларды  өз ісіне  жауапкершілікпен  қарауға, уақытын

                                үнемді пайдалануға  үйретіп,  жан – жақтылыққа, алғырлыққа,

                                шапшаңдыққа   тәрбиелеу.                                                    

Сабақтың типі:          Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы

Сабақтың  әдісі:        Тыңдап түсіну, тірек сызба, деңгейлік  тапсырма, сұрақ – жауап жұмысы

Сабақтың формасы:  Жеке,  ұжымдық                                                      

Пән аралық байланыс:  Химия, математика

Көрнекіліктер:          интерактивті тақта,  компьютер, Менделеевтің  периодтық  кестесі,  карточкалар,  слайдтар, тест  сұрақтары.

Сабақтың барысы:

                                       І.Ұйымдастыру кезеңі

                                      ІІ. Өткен тақырыпты қайталау

                                               а) Мен нені үйрендім

                                               б) Тәжірибені зерделеу

                                     ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру

                                      ІV.Жаңа сабақты бекіту

                                                 1)Тест тапсырмалары

                                                 2)Деңгейлік тапсырмалар

                                                 3)Ойлан,тап!

                                                 4)Кестені толтыр

                                                 5)Шаманы табу

                                                 6)Физикалық тілде

                                                 7)Есеп шығару

                                      V.Үйге тапсырма беру

                                      VІ. Бағалау

ІІ.Өткен  тақырыпты қайталау

а) «Мен нені үйрендім»

1.      Атом  құрылысының  «планетарлық»   моделін  ұсынған  ғалым  кім? Қай  жылы?                         

                                                                        (Ағылшын ғалымы  Э.Резерфорд,  1911 жылы)

2.      Атомның құрылысын  кім  айтып  береді?   (Атомның  центрінде  ядро  орналасқан,            

                                  электрондар  ядро  айналасында эллипстік орбита бойымен қозғалады.)

3.      Атомның планетарлық моделі деп атау себебі не? ( себебі Күн жүйесі құрлымына ұқсас)

4.      Пьер Кюри және Мария Склодовская –Кюри қандай элементтерді ашты? (радий,полоний)

5.      Химиялық элемент дегеніміз не? (анықтама)

 6. Химиялық элементтердің протондарының санын қалай білеміз? (реттік номері)

 7. Томсон моделі

б)Резерфорд тәжірибесін зерделеу

 

1)     Тәжірибені толық талда

2)     Тәжірибеде бөлшектердің шашырауын,кейде кері бұрылуының себебі не?

3)     атом неден тұрады?

4)     Ядроның радиусы атомның радиусынан қанша есе кіші?

 

        ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру

 

         

 

І.Біздер атом ядросы туралы ұғымды 1911 жылы Э.Резерфорд ашқандығын,жасалған

тәжірибенің нәтижесінде атомның ядролық  моделін  ұсынғандығын білдік.Енді біз бұл сабақта атом ядросының құрамын,қасиеттерін, оның түрленуін,қандай күштер ұстап тұратындығымен танысамыз.

    Атом ядросының  заряды q=Z·е 

    Атом ядросының массасы-М

 

Ядролық  физикада арнайы  өлшем бірліктер қолданылады.

 

 

 

 

Организационная диаграмма

 

Атом ядросы ашылғаннан кейін оның құрылымы қандай деген мәселе қойылды.

 1919ж Э.Резерфорд α-бөлшектермен жасаған  тәжірибесін жалғастыра отырып,ядроның құрамына кіретін  бірінші бөлшекті ашты. Ол сутегі атомының ядросы протон деп аталады.

Ядроның құрамына кіретін тағы бір бөлшекті ашуға талпынған неміс ғалымдары Боте мен Беккер олар 1930 жылғы жасаған тәжірибелерінде литий мен берелийді альфа бөлшектерімен атқылағанда протонның орнына өте нашар жұтылатын бөлшектер ұшып шығатынын байқайды. Бұл бөлшектер қалыңдығы 20 см болатын қорғасын қабатынан өтіп кеткен Ағылшын ғалымы Чедвик осы жылы берилийді альфа бөлшектерімен атқылағанда одан бөлінетін табиғаты белгісіз сәуленің қасиеттерін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Атом ядросының құрамында протон сияқты ауыр бірақ бейтарап бөлшектің бар болуы мүмкін деген батыл болжамды 1920 жылы Резерфорд айтқан және оны нейтрон деп атауды ұсынған еді. M n = 1.6726*10-27кг = 1.00866м.а.б.=939,56МэВ

Атом ядросының құрамы протон,нейтроннан тұрады.(1932ж  Д.Д Иваненко, В. Гейзенберг)

Ядроның құрамына кіретін оң зарядты протон

мен электрлік бейтарап нейтрондардың жалпы санын нуклондар деп атаған

11р-протон

n-нейтрон

-10е-электрон

 

Атом ядросының құрамы

Z -Атомның реттік нөмері (протондар саны)

N-нейтронның саны

A – химиялық элементтің салыстармалы атомдық массасына тең.

                            

                    A = Z+ N      N= A- Z

дролық зарядтары бірдей(Z), ал массалық сандары А әртүрлі элементтердің атомдарын изотоптар деп атайды. Мысалы: Оттегі атомының изотопын мына суреттен көруге болады

http://festival.1september.ru/articles/511299/img2.gif

Массалық сандары А бірдей, зарядтық сандары Z әртүрлі нуклидтерді изобаралар деп атайды.

    Атом  ядросының  тұрақтылығы  табиғаты бөлек  аса  зор  тартылыс  күші  бар  екенін  дәлелдейді.  Ядродағы  нуклондарды  ыдырап  кетуден  сақтап,  оның  берік  байланысын  қамтамасыз  ететін  күштер  ядролық  күштер деп  аталады.

    Ядролық  күшті  сипаттайтын  аналитикалық  өрнек  жоқ. Бірақ  та,  ядролық  күштердің  қасиеті  жақсы  зерттелген.

Ядролық    күштер  қасиеттеріне  тоқталайық:

 

 

1 Мыс: протонның центрінен 10-15м қашықтықта ядролық күштер кулондық күштен 35 есе, ал тартылыс күштен 1038 есе қуатты болады. Сол себепті ядролық күштер күшті әрекеттесу күштері  болып табылады.

 

 

ІІ. Нуклондардың  ядродағы  байланыс энергиясы.

Мя< Zmp + Nmn

∆М= Zmp + Nmn - Mя  - масса  ақауының формуласы;

       Массалар  ақауы  деп – Ядролық  тарту  күшінің  жұмысы  есебінен нуклондардан  атом  ядросы  түзілгенде  пайда  болатын  массалар  айырымын  айтамыз.

Байланыс  энергиясының  формуласы:

Еб= ΔMc2=( Zmp + Nmn - Mя  )c2  немесе Еб=( ZmН + Nmn – Mа  )c2  ;

      Атом ядросын түгелімен жеке нуклонға  ыдырату үшін  қажетті минимал  энергияны-  ядроның байланыс энергиясы дейміз.

Энергия  үшін  МэВ  қолданылады:

Еб= ( Zmp + Nm- Mя  )931,5 МэВ немесе Еб=( ZmН + Nmn – Mа  )931,5 МэВ.

∆М= Еб / c2.

Байланыс  энергиясы  өте  ғаламат. Екі  вагон  тас  көмірді  жаққан  кезде  қанша  энергия  мөлшері  бөлінсе,  сутегінен  4 г  гелий  массасын  түзу  үшін  сондай энергия  бөлінеді. Барлық  үлкен  Әлем  кеңістігінде,  оның  ішінде  жер  шарында,  сутегі  - ең  көп таралған  элементтердің бірі.  Сондықтан  физиктердің,  барлық  басқа  мамандардың  негізгі  мақсаты  сутегі  энергиясын  бейбіт  мақсат  үшін  қолдану.

ІІІ. Меншікті байланыс энергиясы  деп ядроның байланыс энергиясының  А массалық  санға  қатынасын,  яғни  бір  нуклонға  сәйкес  келетін  байланыс  энергиясын  айтады:

 Ем.б= Еб/А ;

    Нуклондардың  меншікті байланыс энергиясы   түрлі  атом   ядроларында  бірдей емес. Ядродағы  нуклондардың  меншікті байланыс энергиясының массалық  А санға  тәуелділігі   мына  суретте көрсетілген. Массалық  А санының артуына байланысты  Ем.б   1Н2 – дейтерийдің ядросында  1,1 МэВ/нуклон  мәнінен  темірдің  26Fe 56  изотопы үшін   8,8  МэВ/нуклон  мәніне арта  бастайды.   Ем.б   максимал болатын  элементтердің  ядролары  ең  тұрақты  ядролар болып  табылады.   Енді массалық сан А  артқанымен  Ем.б    кеми  береді, мыс: уранның  92U238  изотопында   7,6    МэВ/нуклон. Жеңіл  элементтердің  Ем.б    кемуі беттік  құбылыстармен  байланысты. Сондықтан ядроның  ішіндегі  нуклондармен  салыстырғанда  ядроның  бетіндегі  нуклондардың  байланыс  энергиясы  аз. Ядро кіші болған  сайын  нуклондардың  көпшілігі  ядро  бетіне  жақын  орналасады. Сол  себепті  жеңіл  ядролардың  меншікті байланыс энергиясы аз.

    

IV.Жаңа  сабақты  бекіту

І.Тест  тапсырмалары

1.Ядродағы нуклондарды  ыдырап кетуден  сақтап,  берік  байланысын  қамтамасыз  ететін күштер

А)  Гравитациялық күштер;   В) Ядролық  күштер;   С) Магниттік  күштер;

2.Массалар  ақауын  есептейтін  формула

А) ΔM=Zmp + Nmn –Mя;     В) ΔM=Z(mp -mn) –Mя;   

          С) ΔM=(А-Z)(mp + mn) –Mя;    

3.Байланыс энергиясының формуласы:

А) Еб= ΔM*c2;                 В) Ем.б= Еб/А ;              С) Е=hν;

 4.Меншікті байланыс энергиясының формуласы:

А)  Е= hν;                     В)  Еб= ΔM*c2;             С) Ем.б= Еб/А ;

5. Атомдық  ядросында 8 протон мен 9 нейтрон бар  нейтраль атомның электрондық қабықшасында неше  электрон бар?

A)2

B) 8

C)7

D)14

E)4

6. Атомдық ядросында 16 протон мен 17 нейтрон бар бейтарап атомның электрондық қабықшасында қанша электрон бар?

A)15

B)16

C)17

D)18

E)19

 

     7. оттегі8О16 изотобының ядросында қанша протон Z және қанша нейтрон N бар?

A)  Z =8, N = 17.

B)  Z =8 N = 8.

C)  Z =17, N = 8.

D  Z = 9, N = 8.

E) Z = 6, N =11.

 

ІІ. Деңгейлік тапсырмалар

 

Деңгейі

 

Тапсырмасы

 

І

 

Натрий  11Na23 ядросының құрамы қандай?

 

ІІ

 

Оттек  8О16 ядросының  байланыс энергиясын табыңдар.

 

ІІІ

 

Магний   12Мg24     ядросының   меншікті  байланыс энергиясын  табыңдар.

 

ІІІ. Ойлан, тап!

Менделеев кестесіндегі қандай элементтердің құрамы?

 

 

ІV.Кестені толтыр

 

29           63, 54

            2; 63, 65

                                           Cu

4     N    1                       МЕДЬ

3     M    18                   

2     L     8

1     K     2       …3d104s1

 

53         126, 9045

           1; 127

5     O                                   I

4     N    1                            ИОД

3     M    18                   

2     L     8

1     K     2       …5s25p5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген элементтің қасиеттерін кестеге жаз (сурет арқылы)

           

Қасиеттері

Cu

I

Реттік нөмірі

 

 

Салыстырмалы атомдық массасы

 

 

изотоптары

 

 

Протондар саны

 

 

Нейтрондар саны

 

 

Атом ядросының заряды

 

 

Электрондық орбитада да қанша электрондар бар

 

 

Массалар ақауын анықта

 

 

Байланыс энергиясын тап

 

 

Меншікті байланыс энергиясын анықта

 

 

 

V.Белгісіз шаманы табу

 

А

(Массалық сан)

Еб

 (Байланыс энергиясы)

Ем.б

(Меншікті байланыс энергиясы

13

?

7,47 МэВ/нуклон

2

2,23 МэВ

?

?

1801,6 МэВ

7,57 МэВ/нуклон

 

 

VІ. Физикалық  тілде

 1.Резерфорд  тәжірибелерінен  тікелей  атомның  ...  моделі  келіп  шығады. (планетарлық)

 2.Центрінде  массасы  түгелдей  жинақталған  ...  зарядталған  атом  ядросы  орналасқан. (оң)

3.Ядроны  айнала, белгілі  орбиталармен  ...  қозғалып  жүреді. (электрондар)

 4.Электрондардың мұндай қозғалысы  ядро тарапынан болатын  ... күштің  әсерінен  туады.  (ядролық) 

 5.Протондар  мен  нейтрондарды  жалпы түрде  ... деп атауға келісілген.(нуклондар)

6.Протон – бұл  заряды  оң  және  модулі бойынша  ... зарядына  тең  бөлшек. (электронның)

 7.Электрон – бұл  заряды  теріс  және  модулі  бойынша  элементарлық  ... Кл зарядқа,  ал  массасы  ... кг – ға тең  бөлшек. (е=1,6*10-19, mе= 9,1*10-31)

 

VІІ.Есеп шығару

 Не гелий ядросының байланыс энергиясын табыңдар.

m=1,67265×10-27кг, mn=1,67495×10-27кг

Мя Не.= 6,64648×10-27кг

2 m + 2 mn = 2× 10-27 (1,67265 + 1,67495) =6,6952 ×10-27кг

 Мя Не<(Z m+Nmn) .

 Е = Мс2

М – масса ақауы

М = (Z× m+N× mn) - Мя = (6,6952 – 6,64648) ×10-27кг =0,04872 ×10-27кг

Е = 0,04872 ×10-27 кг × 9 ×  1016 м22 = 4,3748 ×10-12 Дж

Е = 4,3748 ×10-12 : (1,6  × 10-19) эВ = 27,405  МэВ/ м.а.б

 

             Ем= Е/4 = 27,04 /4 ≈ 7 МэВ/ м.а.б

 

VІІІ.Үйге тапсырма беру

Оқулықтан §8.3.  оқу,

8.3.4 - 8.3.9  есептерді  шығару.

 

ІХ. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Қопа орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Физика пәнінен ашық сабақ

 

     Атом ядросы.Ядродағы нуклондардың

                                байланыс энергиясы

                          11сынып

                           

 

                                

                                                           

                                                                                                      

 

                                                                Физика пәні мұғалімі:Жалекешова Г.К

 

 

 

 

 

                                              2014-2015 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по физике на тему "Атом құрылысы" (11-класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 734 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2016 460
    • DOCX 353.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жалекешова Гулнар Калиоллиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38033
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 209 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 003 человека

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек