Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Урок по географии на тему "Гидросфера"

Урок по географии на тему "Гидросфера"


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_5ba6153c.gifhello_html_648175e3.gifҚабанбай батыр ауылы №41 орта мектеп.

Аудандық семинарға дайындалған ашық сабақ жоспары.

5 «Б» сыныбы.

9 желтоқсан 2015 жыл.

Сабақтың тақырыбы: Гидросфера – Жердің су қабығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға Гидросфера-Жердің су қабаты екенін және су айналымы туралы түсінік беру.

Дамытушылығы:

Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру, гидросфераның маңызы туралы түсінік беру.

Оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасатып шығармашылық  ойларын өсіру.

Өз ойларын еркін жеткізуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.

Тәрбиелілігі:

Табиғатты қорғауға, суды ластамауға, үнемдеуге, қорғауға тәрбиелеу.

Халықтық Этнопедагогика элементтері арқылы ұлттық сана-сезімдерін ояту.

Күтілетін нәтиже. Оқушылардың мақсаты:

Өз бетімізше жұмыс жасап өз ойымызды еркін жеткізіп, ой түйіндей аламыз.

Гидросфераның маңызын түсініп сипаттай аламыз.

Танымдық қызығушылығымызды жетілдіреміз.

Табиғатты қорғауға, суды ластамауға, үнемдеуге өзімізді тәрбиелей аламыз.


Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:

интерактивті тақта, оқулық, қосымша мәтін, бағалау парағы, суреттер, ватман, магнит, түрлі-түсті бор, маркер, тәжірибеге қажетті заттар

Әдіс-тәсілдер: дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, жекелей, топтық жұмыстар,  топтық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар. 

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушыларды төрт топқа бөліп, назарларын сабаққа аудару)

Сабағымызды бастамас бұрын өзімізге жаңа көңіл-күй қалыптастырайық. Ол үшін мына слайдты оқиық.

Психологиялық көңіл-күй

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Таңдай арайлап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Жаңа сабақ.



Су-сұйық қозғалғыш және бәрін еріткіш зат есебінде барлық дүниенің бастамасы болады”.

(Грек ойшылы Фалес).



Жер бетіндегі бар тіршілік иесі үшін гидросфераның маңызы өте зор екендігін барлығымыз өте жақсы білеміз, дегенмен бүгінгі сабағымызда соны түсіндіру оқушылар сіздердің міндеттеріңіз болмақ.

Оқушылар 4  топқа бөлінеді. Топтарға мұхиттар аты беріліп, тапсырмалар беріледі.

І топ «Тынық мұхиты»

ІІ топ «Атлант мұхиты»

ІІІ топ «Үнді мұхиты»

ІV топ «Солтүстік мұзды мұхиты»

Топта мынадай ролдер бойынша жұмыс жасаймыз:



  1. Төраға

  2. Таймспикер

  3. Хатшы

  4. Баяндамашы



Топ басшыларына өзін-өзі бағалау парағын үлестіремін.

Топтарға берілетін 1 – тапсырма.

  1. Тынық мұхит тобы  - Табиғаттағы су, судың 3 күйі

  2. Атлант мұхиты тобы - Су айналымы

  3. Үнді мұхиты тобы - Судың маңызы мен ластануы

  4. Солтүстік мұзды мұхит тобы -  Практикалық жұмыс тәжірибе жасау.





Оқушыларға оқулықпен және қосымша берілетін мәтінмен жеке жұмыс жасауға 7 минут уақыт беріледі. Бұдан кейін топта талқылайды. Әр топтың баяндамашылары басқа топтарға барып өздеріне берілген мәтіндерін баяндап айтады. Таймкипер уақыт белгілесе, хатшы баяндаманы қағазға түсіріп, төраға топтың әр мүшелерін бақылап баға береді. Әр топ берілген тақырыптарды   қорғайды. Жасаған жұмыстарын көрсету үшін топтарға ватман үлестіремін.

Сергіту сәті. «Ақ бұлақ»



Топтарға берілетін 2 – тапсырма.

Әр топқа су тақырыбына байланысты суреттер беріледі.

Суретті сөйлету.



Топтарға берілетін 3 – тапсырма.

Сонымен оқушылар біз бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз. Ол келесі тапсырмаларды орындаймыз.

«Бес жолды өлең»; «Мақал-мәтел»

Әр топ су тақырыбына байланысты бес жолды өлең құрастыру қажет.



«Мақал-мәтел»

Келесі тапсырма мен сіздерге су туралы мақал – мәтел айтамын. Мен айтқан мақал-мәтелдегі қалып қойған сөздерді табыңыздар.
1.Ағын су бал татыр,
Ақ шабағы май татыр. Ақ шабағы .......

2.Ақ қар көп болса — ақ нан көп. Ақ қар көп болса, ақ .... көп

3. Арық қазбасаң су келмейді. Арық қазбасаң ..... келмейді.

4. Бұлағы болмаса өзен де саркылар. Бұлағы болмаса ..... сарқылар.

5. Бұлақ көрсең көзін аш. Бұлақ көрсең .......

6. Дария басы — бұлақ. Дария басы - ........

7. Көл тартылса кұс қашар. Көл тартылса .... қашар.

8. Су аяғы — құрдым. Су аяғы - .........

9. Су бар жерде ырыс бар:
ұстап балық жейсің,
ақ бидай егіп, нанын жейсің. Су бар жерде ырыс бар: Ұстап балық жейсің,......

10. Суға кеткен тал қармайды.Суға кеткен.......

11. Судың да сұрауы бар. Судың да.......

12. Су ішкен құдығыңа түкірме. Су ішкен құдығыңа .....

13. Терең құдықтың суы тәтті. Терең құдықтық ..... тәтті.

14. Шөл жағалап қонба, көл жағалап қон. Шөл жағалап қонба, .....





Сабақтағы кері байланыс:

Оқушылар енді бүгінгі сабағымызды қалай түсіндіңіздер, сабақта білімдеріңіз қаншалықты толыққанын білу үшін алдарыңыздағы жабыстырғышқа жазып тақтада сызылған кестеге жабыстырыңыздар.

Өзін – өзі бағалау парағын жинау.

Үйге  тапсырма: 

«Гидросфераның ластану себептері және қорғау шаралары» туралы эссе жазып келу.



Қорытынды:

Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Белсене қатынасқандарыңыз үшін көп рахмет.

Су туралы қызықты мәліметтер

Су - әлемдегі ең көп таралған зат. Кез келген нәрсе судан тұрады.Осы секілді қызықты мәліметтер төменде.

1. Қызанақ 90 пайыз судан тұрады.

2. Жыл сайын төрт миллион адам судан тарайтын аурулардан қайтыс болады.

3. Табиғаттағы судың 1,1 пайызы ғана ішуге жарамды болып келеді.

4. Адамның қан құрамы суға қарағанда алты есе қою келеді.

5. Бір көлік машинасын жасап шығару үшін 177 литр су шығындалады.

6. Зерттеу нәтижесі бойынша, атмосфера құрамындағы су мөлшері барлық өзендерді бірге қосып санағандағы мөлшерден көп.

7. Сиырға 1 литр сүт беру үшін 5 литр су ішу керек.

8. Адамның ағзасы  шамамен 70 пайыз судан тұрады.

9. Жер шарының 3 пайызында ғана тұщы су, ал қалған 97 пайызы ащы су.

10. Ғалымдар судан шыққан дыбыстың, ауадан тараған дыбыстан гөрі жылдам тарайтынына көздері жеткен.

11. Біздің дәретханамыз үйде қолданып жүрген судың 35 пайызын пайдаланады.

12. Бір келі кофе өндіру үшін 22 мың литр су қажет.

13. Газет парақтарын шығару үшін шеберлер 300 литр суды керек етеді.

14. Ауыл шаруашылығы егін өсірумен айналысу үшін әлемнің 70 пайыз су қорын қажет етеді. Жай өнеркәсіпке 22 пайызы ғана керек. 

15. Инфекциямен қатысты аурулардың 80 пайызы су тораптарынан жұғады.

16. 18 литрлік канистрдің  20 келілік салмағы бар.

17. Африка құрлығында  жылына орташа есеппен 5-10 адам соғыстан емес диарея ауруынан өледі.

18.  Егер адам ағзасына 2 пайыз су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен жұмыс  жасау іс-әрекеті 20 пайызға төмендейді.

19. Жерімізде жалпы су қоры 1 500 000 00 кубтық километр.

21. Қарбыз 92 пайыз судан тұрады.

22. Жылан суда  шаға алмайды.

23. Мамандардың айтуынша судың 1,7 пайызы қатты күйінде, яғни мұз тәріздес болып кездеседі. Бұл суды пайдалануға мүмкіндік бермейді.

24. Ысқыш (губка) мұздай суды ыстық судан гөрі өзіне жақсы тартып алады. 25. Әрбір сусиыр (бегемот) су астында туылады.











тапсырмалар

аты-жөні

Мәтінмен жұмыс

Сурет сөйлету

Бес жолды өлең

Мақал-мәтел

Қорытынды баға








































«Атлант мұхиты» тобының мәтініkun


Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындары мен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы). Бұдан басқа жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы болады. Табиғаттағы су (ылғал) айналымыкүн энергиясы мен салмақ күші әсерінен туындай отырып, жер шарына тән ылғалдың (судың) толассыз қозғалысын камтамасыз ететін тұйықталған процесс: ауа ағындарымен аспанға көтерілген Әлемдік мұхит айдыны мен құрлық бетінен буланган ылғал (су) түйіршіктері конденсацияга ұшырайды да жауын-шашындар түрінде жер бетіне (Әлемдік мұхит және кұрлық бетіне) қайтадан түсіп отырады. Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті — өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.



«Тынық мұхиты» тобының мәтіні



Су-тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі.  Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, ағыл- тегіл терлетеді, қалжыратады. Су-ғажайып зат. Су бір мезгілде 3 түрлі күйінде кездеседі Мұз-судың қатты күйі,оның сұйыққа айналуымен булануы қатар жүреді.  Су-тіршілік көзі. Тірлігі оттегінсіз өтетін ішекте тіршілік ететін бактериялар бар,бірақ сусыз өмір сүретін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесінің 50-90 пайызы судан тұрады. Салмағы70 кгадамның денесінде50 кгсу бар. Оның мөлшері 17кг-ға кемісе, адам өледі.  Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды.





























«Үнді мұхиты» тобының мәтіні

Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр.Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.


Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалап, дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді, азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады, ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді, кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. Сонымен қатар ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз ететін, тері жасушаларын ылғалдандырып, сауықтыратын қасиеттерге де ие. Енді өзіміз тұтынып жүрген түрлі тағамдар құрамында кездесетін суға тоқталайын.Асқан еттің құрамында 40 пайызға, қуырған жұмыртқада 70 пайызға жуық, көкөніс салатында 80 пайыз су бар. Қою тамақпен және нанмен бірге адам ағзасына 0,7-1,0 литр су барады. Демек, күніне 4-5 стақан ғана «еркін» су ішсе, адам ағзасына жетіп жатыр. Бірақ ішкенде де кез келген суды іше бермей, тазалығына, құрамына мән беру қажет. Себебі табиғи, таза су ғана адамға ем болады, қуат береді. Мұндай суды үй жағдайында дайындап алу да қиын емес. Кәдімгі крандағы суды мұздатқышта қатырса, ол әдемі кристалдарға ие болады, яғни құрамы табиғи қалпына келеді. Әр қайталаған сайын суды шайқап отырса, судың энергиясы арта түседі. Суды ластау үшін міндетті түрде химиялық қоспалардың төгілуі қажет емес. Судағы ағзалардың тіршілігін күрт өзгерту үшін оның құрылымына әсер ету де жетіп жатыр. Адам өзінің бұзық ойлары, сөздері және іс-әрекеттерімен өзін ғана емес, өте аз суы бар қоршаған ортаны да улай алады. Иә, тіршіліктің қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса, әлем құндылығы суды ластамау, ысырап етпеу, қажетті деңгейде көңіл аудару — бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі.









«Солтүстік мұзды мұхиты» тобының мәтіні

Су туралы жалпы түсінігіміз бар болса, енді тәжірибелер арқылы су қасиеттеріне көз жеткізейік:

1 топ. Зерттеу жұмыстары. Су қасиеттерін сипаттауға түрлі тәжірибелер жасалады.
А) стакандағы суға қант салып, оның жақсы еріткіш екенін;
Ә) суға сүт құю арқылы түссіздігі,
Б) иіссіз екені ;


Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».



II Тәжірибе «Суда дәм жоқ»

Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.

III Тәжірибе «Судың иісі жоқ»

Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.







I Сыйқыр (фокус) көрсету: (осы сәтте жай ғана музыка ойнап тұрады)

Керек заттар:шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шай қасық тұз.

 

1.Стақанға таза су құйып, суға шикі       2.Жұмыртқаны стаканнан шығарып

жұмыртқаны саламын.Жұмыртқа           қоя тұрып, стақандағы суға  тұзды

су түбіне батып кетеді.               Жақсылап ерітемін.



3.Енді жұмыртқаны қайтадан      ♦Тұз судың тұздылығын арттырады. судағы

осы суға саламын. Жұмыртқа       тұздың мөлшері көбейген сайын оның

суға батқан жоқ!            тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кез

келген зат батып кетпей су бетінде қалқып жүреді.

Қорытынды:

Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Белсене қатынасқандарыңыз үшін көп рахмет.









H:\суя.jpgH:\сура.jpgH:\суп.jpgH:\сума.jpgH:\сужа.jpgH:\суда.jpgH:\суд.jpgH:\суба.jpgH:\су сурет.jpgH:\су кус.jpgH:\су айналымы.pngH:\су 2.jpgH:\су 3.jpgH:\су 1.jpgH:\шол.jpg




Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров194
Номер материала ДВ-352298
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх