Карманов
жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы
Бекітемін:
Директордың ТІЖО:____________Д.Д.
Сапашова
«Заң - балалық шақтың сақшысы»
(заң
қызметкерлерімен кездесу кеші)
Ұйымдастырушы: Тарих пәнінің мұғалімі: Б.Д.
Шаяхметова
2016
оқу жылы
«Заң - балалық шақтың сақшысы!»
Мақсаты:
оқушылардың
адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту; әрбір
адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету; баланың бойында
еліне, халқына деген патриоттық сезімдерін ояту, елін сүйетін ұрпақ
етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздер, заң, тәртіп туралы нақыл сөздер.
1.
«Адамзат жолы – ар жолы».(
Бауыржан Момышұлы)
2.
Бес түрлі қылмыс жасаған адам қанша
садақа берсе де күнәсінен құтыла алмайды(Хадистен)
3.
Біреудің нәрсесін ұрлаған адам о
дүниеде де тозаққа түседі.(Хадистен)
4.
Тәрбиелі – тәртіптің құлы,
Тәртіпті
– елдің құлы.(Бауыржан Момышұлы)
5.
Әділ адамның адамгершілік қасиеттері
заңды жоқтатпайды. (Менандр)
6.Заң
адамды бағындырады. (Т. Фуллер)
Құрметті
оқушылар, ұзтаздар «Заң - балалық шақтың сақшысы!» атты кездесу кешімізге
қош келдіңіздер.Заң – дегеніміз қоғамның негізгі тірегі.Қоғам деп
отырғанымыз – мына біздер. Ата Заңымыз – еліміздің рәміздерінің бірі.
Нұрсылтан Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан
негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу –
біздің парымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат
қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті
уақытылы орындаудың өзін, еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп
білуімізге болады.Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған
мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп
құрметтейміз. Әр адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті.
Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар.
Сөз: Директордың ТІЖО: Дания Дүйсекенқызы Сапашоваға беріледі.
Заң қызметкерлері: Бижанов Нұрлыбек
Амангелдіұлы
Базаров Аян Серікқалиұлы
Баяндама:Тарих пәнінің мұғалімі: Б.Д.
Шаяхметова «Бала және оның құқығы»
Ситуациялық
жағдайларды шешу
Көшедегі көрніс
Асқар:
Шыңғыс бүгін Қамалдың баласының туған күні ғой , білесің бе?
Шыңғыс:
Ия,ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық туған күн қызықтаймыз деген. Саған
хабарласқан жоқ па?
Асқар:Жүр,
ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз
Шыңғыс:Кеттік,жолшыбай
Ердосқа соға кетейік,ол да барар мүмкін
Асқар:Ердос,біз
туған күн болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр,бізбен
бірге жүрсеңші.
Ердос:Жоқ,мен
әуелі ата-анама ескертуім керек, әйтпесе алаңтайтын шығар
Асқар:Ту
ата-анаңа ескертіп не істейсің , біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрасаң
жібермей қалады
Ердос:Жоқ,
балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақта ішімдік ішкен адамдар
кездесіп,бір нәрсеге душар болармыз.
Асқар:Онда
өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым»- деп өкініп жүр ме!
Шыңғыс:Осы
кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
Учаскелік полиция
инспекторына: -Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке
тартылады?
Сұрақтар:
1. Оқушылардың
құқығы мен міндеті?
2. Оқушалырдың
себепсіз сабақты көп қалдырса қандай заң қолданылады және кімге қолданылады?
3. Зорлық
– зомбылық туралы?
4. Оқушылар
арасында ұсақ – түйек ұрлықтар туралы айта кетсеңіз?
5. Қазіргі
таңдағы өзекті мәселелердің бірі басқа діни ағымдар, секталар, терроризмдер
туралы мектеп оқушыларына байланысты не айтар едіңіз?
6. Кәмілеттік
жасқа толмағандар арасында отбасын құрушылар сіздің жұмыс тәжірибеңізде
кездестіме және оларға заң барма?
7. Арнайы
бала құқығы туралы заң барма?
8. Оқушылар
арасында ақша жинау туралы не айтар едіңіз?
9. Қылмыстық
жауапкершілікке неше жастан бастап тартылады?
10. Қай
жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар?
Қорытынды:
Оқушыларға кездесу кешінде Заң туралы
қандай ой түйгендерін білу мақсатында сұрақтар қойылады.
1. Қазақстан
Республикасының азаматтары қандай білім алуға міндетті? (Орта білім)
2. Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? (
2002 жылы 8- тамызда)
3. Заң
бойынша бала деп кімді атайды? (18
жасқа толмаған адам)
4. Қазіргі
неке және отбасы заңында неше жастан бастап үйленуге рұқсат етілген? (
18 жастан бастап)
Осымен
біздің кездесу кешіміз өз мәресіне жетті.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды
Салауатты мақсатың-өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол-бұл жолдан аулақ жүру
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Заң
- балалық шақтың сақшысы» тақырыбында өткен кездесу кеші жабық деп
жариялаймын. Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.