Инфоурок Другое КонспектыУрок по казахскому литературе на тему "Жансүгіров - эстет ақын"

Урок по казахскому литературе на тему "Жансүгіров - эстет ақын"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:   Ілияс Жансүгіров – эстет ақын

Сабақтың мақсаты.

                Білімділік:     Ілияс өмірі мен қызметі, шығармашылығы туралы

                                       өз беттерінше білім алуларына жағдай жасау.

        Дамытушылық:   Оқушылардың өзін ой-пікірлерін жеткізе білу

                                       дағдыларын қалыптастыру, поэзиялық  шығармаларға

                                          тақырыптық және идеялық  талдау жүргізу, өлең құрылысы-

                                       на талдату.

             Тәрбиелік :      Ілияс шығармаларын талдау  арқылы эстетикалық  тәрбие

                                       қалыптастыру. Тілді құрметтеуге,  өнерді сүюге баулу.

Сабақтың түрі:     дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:    сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау-жинақтау, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:    1. Ақын суреті

                                          2. «Үш бәйтерек» суреті

                                          3. Ақын туралы пікірлер

                                          5. Әдебиет-теориясы  «Градация» (ламинатталған сызба)

                                          6. Домбыра

                                          7.  «Сандар сөйлейді» кестесі (ақынның білім,қызмет жолы туралы мәлімет)

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     «Елтұтқа»  М.Жолдасбекұлы, Қ. Салғараұлы, А. Сейдімбек.  Астана 2001 

2.     «Әдебиетті тереңдетіп оқу»  Қ. Бітібаева  «Мектеп» баспасы 2003

3.     «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары

4.     «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі»  Алматы 2001

5.     З.Қабдолов «Сөз өнері» Алматы 1993

6.     С.Жәнабіл «Алтын жүзік»  Алматы 2000

 

Сабақ барысы:  Ұйымдастыру.

І.  Үй тапсырмасын сұрау, пысықтау.

1.Б. Майлинді неге «қара сөздің шебері» дейді?

2. Жазушы Дайрабай бейнесін ашуда қандай тәсілдерді пайдаланған?

3. Мінездеудің неше түрі бар?

4. Тура мінездеу деген не?

5. Жанама мінездеу деген не?

Дайрабайға мінездеме(оқушылардың кейіпкерге берген  мінездемесін оқыту, талдау)

 

   ІІ Жаңа сабақ

-         Қазақ әдебиетіндегі «Үш бәйтерек» кімдер?

-         Не себепті бұл қаламгерлерді бәйтерекке балайды? (жетекші сұрақтар қою)

     Ілия Жансүгіровтың өмірі және шығармашылығы туралы не біліп келдіңдер?

«Сандар сөйлейді» кестесі бойынша  Ілияс өмірі, қызметіне шолу жасалады.

-         Өнерге білімге ұмтылысына әсер етуші кім?

-         Қаламгердің тұңғыш кітабы қай жылы, қандай атпен шықты?

-         Ақынның қандай поэмалары бар екен?

-         Қай поэмасы бойынша кино түсірілген?

          Сол үш бәйтеректің бірі- қазақ поэзиясының  құлагер ақыны - сөзбен музыка, әуен, әуез әлемінің сұлу сарайын соққан,  «күй   жыршысы» сыршыл лирик, эпик ақын Ілияс Жансүгіров.

        Ілияс -  ғажайып суреткер, көркемсөз мәдениетіне, әдеби тіліне ерекше үлес қосқан әдебиет қайраткері. Халқын сүйген, сол жолда  жазықсыз шейіт болған  ұлт жанды азамат.

 

Ілияс Жансүгіровтың бағдарлама бойынша берілген өлеңдерін  оқытып ,талдау.

1.     «Анам тілі»

2.     «Домбыра»

3.     «Күйге»

 

«Анам тілі»   І топқа

1.     Мәнерлеп оқу.

2.     «Анам тілі» өлеңінің тақырыбы не жайында?

-         Ақын ана тілін кімге балайды?

-         Ана тілінің қандай қызметі туралы айтады?

3.     Шығарманы Мағжан өлеңімен салыстыр.

-         Мағжан өлеңінде тіл мәселесі қай жағынан айтып жырланады?

-         Ілияс ақында тіл мәселесі қай жағынан көтеріледі?

4.     Өлеңді өлең құрылысына талдау. (бір шумағын)

«Домбыра»  ІІ топқа

1.     Өлеңді мәнерлеп оқу.

2.     Өлең тақырыбы не жайында?

3.     Өлең құрылысына талдау. (бір шумағын)

Мұғалім түсіндіруі:

      «Домбыра» өлеңінде ақын өз ойын градация-дамыту тәсілі арқылы жеткізген. Градация дегеніміз- дамыту-алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу. Мысалы ақынның «Домбыра» өлеңі осы әдіспен жазылған. Бірінші шумақта домбыра, домбыра үні  музыка туралы айтады, екінші шумақта  сол аспаптан төгілген әуенді жолбарыс, арыстанға теңесе, үшінші шумақта Балқаштың қоңыр желін, қамыс сылдырына теңейді, төртінші шумақта қамыс арасындағы ыңыранған  барысқа, найзаға, ұрандаған дауысқа теңеп отыр. Осылайша домбырадан шыққан үн кереметтігін бейнелеу үшін ақын бір  ойды екінші бір оймен дамыта ашады.

 

«Күйге»  ІІІ топқа

1.     Өлеңді мәнерлеп оқу.

2.     Ақын күй  өнерін қалай бағалайды?

3.     Неге өлең «Күйге» деп аталған?

4.     Өлең құрылысына талда. (бір шумағын)

Күй тыңдату

«Кеңес» күйі (Еркебеков Спатай орындайды)

 

 

ІІІ. Сабақты бекіту, пысықтау.

1.     Жақында біз Абайдың осы өнер тақырыбындағы қандай өлеңімен таныстық?

2.     Абайдың «Құлаққа кіріп бойды алар» өлеңі не жайында? Ілияс өлеңдерімен үндестігі неде?

3.     Ілиясты Абай мұрасынан үлгі алған ақын деуге бола ма?

Мұғалім түсіндіруі:

    «Қазақ поэзиясын өркендетуде Ілиястың өзіндік орны бар. Ол ақындық сөздің сырын ашуда Абай үлгісін кеңес заманында да жалғастыра түсті,» дейді М.Әуезов.

       Ілияс Жансүгіровтың өнер, тіл тақырыбындағы өлеңдері бірнешеу. Мысалы: «Әнші», «Күй», «Тұңғыш тоғысу» т.б. Осы өлеңдерінде ақын  өнерді оның ішінде әншілікті, күйшілікті дәріптеп көркемдікті қалайтынын білдіреді. Демек,  Ілияс ақын өнерді әдемілік, көркемдік деп ұғынып, оны барынша жоғары бағалап қолдайды. Сондықтан да Ілиясты талғампаз, өнерді қадірлеген эстет ақын дейміз.

Эстет сөзіне түсініктеме.

Эстет – әдемілікті, көркемдікті қолдаушы.

Ілияс Жансүгіровтың бастауыш сыныптарға енген шығармаларын еске түсірейік:

1.     «Жазғы шілде» (Әкімбек Рауан)

2.     «Күн шыққанда» (Қожахмет Диана)

3.     «Жазғытұрым» (Жолан Ырысай)

4.     «Күй» (Шәкірбаева Нұршаш)

ІV. Қорытынды, пысықтау, бағалау.

Мұғалім қорытындысы:

-         Сіздер оқыған   шығармалар Ілияс Жансүгіровтың  балалар  әдебиетіне өз

үлесін қосқандығын байқатады.   Бұл шығармалар ақынның балалар әдебиетшісі болғандығын дәлелдейді.

-         Ілияс Жансүгіров туралы не білдік?

-         Әдебиет теориясынан қандай жаңа  көркемдік әдіспен  таныстық?

-         Ілияс Жансүгіровті қандай ақын деп таныдық?

-         Ілияс шығармалары тақырыбы мен идеясы  тұрғысынан қандай ақындардың шығармаларымен үндеседі екен?

  « Өзінің ұшқыр да өнімді қаламын  әдебиеттің барлық бар жанрында жұмсап, талай олжаға батырған Ілияс Жансүгіров, ең алдымен, қазақ поэзиясындағы ұлы таулардың бірі, жыр Құлагері,» - деп   Т. Кәкішевтің  берген бағасының құндылығын бүгінгі күні тағы да дәлелденгендей.

    Мінекей, қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңба қалдырған  Ілияс Жансүгіров сөздің сырын ашуда, сөзді толғап қолдануда шеберлік танытқан екен.

Үй тапсырмасы:

1.     Өлеңдерін жаттау.

2.     «Домбыра» - қазақ халқының ұлттық аспабы тақырыбында ой толғау жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по казахскому литературе на тему "Жансүгіров - эстет ақын""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 378 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.12.2016 837
    • DOCX 23.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Камбарова Бану Бакытовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Камбарова Бану Бакытовна
    Камбарова Бану Бакытовна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9507
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 493 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 330 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе