Инфоурок Другое КонспектыУрок по казахскому языку "Мұқағали Мақатаев "Қара өлең"" (6 сынып)

Урок по казахскому языку "Мұқағали Мақатаев "Қара өлең"" (6 сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:

Мұқағали Мақатаев «Қара өлең» шығармасы

         Сабақтың мақсаты:

                   А) білімділік; ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік бере отырып, «Қара өлең» өлеңін оқыту.

                   Ә) дамытушылық; оқушылардың мәнерлеп оқу, түсінік айту, ойын нақты жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

                   Б) тәрбиелік; сезім мен қасиетке толы қара өлең құдіретін тани білуге тәрбиелеу.

         Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

         Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс.

         Көрнекілік: ақын портреті, өлең жинақтары, слайд,

                               электрондық оқулық.

         Сабақтың жоспары:

1. Кіріспе.

2. Дәптермен жұмыс (хронологиялық кесте).

3. «Абай және Мұқағали» (слайдпен жұмыс).

4. Ақынның әр жылдарда шыққан жинақтармен танысу

     (көрнекілікпен  жұмыс).

5. Дамыту кезеңі (электрондық оқулықпен жұмыс).

6. Оқулықпен жұмыс.

7. «Әнге айналған жырлар».

8. Қорытынды. «Мұқағали» топтастыру.

9. Үйге тапсырма.

         Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Жаңа білімді меңгеру:

Мұқағали Мақатаев «Қара өлең»

         Кіріспе: Құрметті оқушылар, біз бүгін сендермен қазақ халқының ақиық ақыны, біртуар ерекше дарын иесі Мұқағали Мақатаев жайлы және оның өшпес мұрасы саналатын шығармашылығымен таныс боламыз.

                   Мен қалай ақынмын деп айта аламын,

                   Халқымның өз айтқанын қайталадым.

                   Күпі киген қазақтың қара өлеңін

                   Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - деп жырлап өткен ақын артына өшпес мұра қалдырып кетті.

         Мұқағали Мақатаев кім? Осы сұрақтың жауабын іздеп көрейік, Ақынның өз күнделігінен алынған мына бір сөздерге назар аударып көрейік;

         «...мен өзім жаайлы мынаны айтам; Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да...»

         Міне, ақынның осы сөздеріне қарап, оның өскелең ұрпаққа деген өзіндік көзқарасын анық көре аламыз.

         Ақын өлеңдері түүрлі тақырыптарға арналған. Оның өлеңдерін оқыған адам оның тіл шеберлігіне қызығуы сөзсіз. Сондай адамдардың бірі Әбділдә Тәжібаев ағамыз ақынға былайша көзқарас танытады:

«Ғажайып даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясы. Бізде енді поэзия дәуірі басталады»

Осы іспеттес пікір танытқан атақты ақын Тұманбай Молдағалиев былай дейді:

«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы , өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен , шын шабыттан , шын күйзелістен, шын қуаныштан, шын сағыныштан туған».

Енді ақынның өмір жолымен танысайық

Дәптермен жұмыс: ақын жайлы хронологиялық кесте толтыру.

 

Хронологиялық кесте

Жылдар

Оқиғалар

1931 жыл

13 ақпан

М.Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келді.

1948 жыл

Ауыл мектебін үздік бітіріп, еш қиындықсыз Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетіне түседі.

1949 жыл

«Советтік искра» газетінің редакциясында жұмыс істейді.

1950 жыл

Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне түседі.

1976 жыл

27-наурыз

Ақиық ақын денсаулығының нашарлауынан қайтыс болды.

 

Абай және Мұқағали

         А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деп баға берген ұлы Абайды Мұқағали да пір тұтқан. Мұның айғағы ретінде ақынның мына бір өлең жолдрына назар салайық:

                   Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

                   Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

                   Абай болып табынсам бір кісіге

                   Абай болып түңілем бір кісіден.

                   Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,

                   Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

                   Жаздым үлгі жастарға бермек үшін

                   Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін, - дейді.

         Сөз құдіретін, сөз сарасын ақындық сезімімен қабылдап, өзі қазақ поэзиясында Абай салған соны соқпақ жолды жалғастырған Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой ме сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Қазақтың қарапайым қара өлеңінің құпиясын ашу тау тұлғалы ақынның табиғи талантының құдіретінен болса керек.

         Енді ақынның әр жылдарда жарық көрген жинақтарымен таныс болайық.

Ақынның әр жылдарда шыққан жинақтары

         1964 жыл – «Ильич» атты тұңғыш жинағы шықты.

         1966 жыл – «Армысыңдар, достарым»

         1967 жыл – «Қарлығашым келдің бе?»

         1969 жыл – «Мавр»

         1974 жыл – «Аққулар ұйықтағанда»

         1975 жыл – «Шуағым менің»

         1976 жыл – «Өмірдастан»

        

         Дамыту кезеңі: Мультимедиялық проектордың көмегімен электрондық оқулықтан ақынның «Қара өлең» өлеңін тыңдату. Өлеңнің мазмұнынан не түсінгендіктерін сұрау.

         Оқулықпен жұмыс: Оқушыларға кезекпен тізбектей ақын өлеңін оқытып шығу. Оқу мәнеріне бақылау жүргізу. Өлеңнің құрылысына талдау жүргізу.

                   А-қын-мын деп // мен қа-лай // ай-та а-ла-мын,          12а

                   Хал-қым-ның // өз айт-қа-нын // қай-та-ла-дым.         11а

                   Кү-пі ки-ген // қа-зақ-тың // қа-ра ө-ле-ңін                  12ә

                   Шек-пен жа-уып // ө-зі-не // қай-та-ра-мын.                11а

         Бұл өлең төрт шумақтан, әр шумақ төрт тармақтан, тармақтар үш бунақ, он екі, он бір буыннан құрылған қара өлең ұйқасында жазылған.

         Сонымен қатар ақын өлеңдері қазіргі кезде ел арасында эстрада жұлдыздарының орындауында  ән болып самғап келеді. Атап айтар болсақ, «Аңса жаным», «Сенің көзің», «Сарыжайлау», «Жас қайың», «Көнеміз ғой», «Отыздан асып барамын», «Есіңе мені алғайсың» т.б. Соның бірі «Есіңе мені алғайсың» әнін орындап беруге рұқсат етіңдер(баянның сүйемелдеуімен орындау).

 

Қорытынды: Қорыта айтқанда Әкім Тарази ағамыз айтпақшы , «Қазақ даласының ең биігі – Нарынқол, ал қазақ поэзиясының Хантәңірі - Мұқағали» өзінің небары 45 жыл өмірінде қазақ әдебиеті тарихына өшпестей мұра қалдырып  кетті. Ақын сөзімен айтар болсақ:

         Жылап келіп, келмейді жылап кетім,

         Ол ғұмырды келеді бір-ақ тепкім.

         Жамандықты жақсартып, жақсылықты

         Одан сайын келеді қуатты еткім.

         Жылап келіп, келмейді жылап кеткім.

 

         Жеңілді әкем өмрден, жеңілді анам,

         Кейімеңдер, сендердің кегіңді алам.

         Ғашықпын мен өмірге құшам оны

         Көнсін мейлі көнбесін өмір маған.

Алайда өмірге ғашық ақын жарты ғасырға жуық өмір сүрді. Ол өмірден өткенімен артында өлмес өміршең өлеңдері қалды. «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деп ұлы Абай айқандай Мұқағали мәңгі жасай бермек. Поэзия Хантәңіріне айналған ақын Мұқағали аға ел есінде, жұртының тыныштығында халқымен қанаттанып, Қарасазымен санатталып мәңгі жасайды.

«Мұқағали» топтастыру

Овал: Даналық көзі

Овал: ХХІ ғасыр ұрпағы құрдасы

Овал: Қазақ 
поэзиясы Хантәңірі

Овал: Ақиық ақын

Овал: Мұқағали
Мақатаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                                             

         Үйге тапсырма:

1.     М.Мақатаев туралы деректер оқып келу.

2.     «Қара өлең» өлеңін жаттау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по казахскому языку "Мұқағали Мақатаев "Қара өлең"" (6 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 114 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.01.2016 1863
    • DOCX 54 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Анарбаев Берикхан Сыбанбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Анарбаев Берикхан Сыбанбаевич
    Анарбаев Берикхан Сыбанбаевич
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14206
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе