Инфоурок Русский язык КонспектыУрок по казахскому языку на тему Махамбет Өтемісұлы. Ақынның өмір сүрген дәуірі.

Урок по казахскому языку на тему Махамбет Өтемісұлы. Ақынның өмір сүрген дәуірі.

Скачать материал

Күні:1.11.2013жыл            Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 8 «А».

                                                                   

Сабақтың тақырыбы   Махамбет Өтемісұлы. Ақынның өмір сүрген дәуірі.

Сабақтың  мақсаты: білімділік – Махамбеттің өмір сүрген дәуірі  туралы мәлімет беріп, Исатай-Махамбет  бастаған  көтерілістің мақсатын, соғыс сипатын, көтеріліс басшыларының ерлік, батырлық тұлғаларын түсіндіру.

 Тәрбиелік мәні – оқушыларды елін, жерін, Отанын сүйетін патриот етіп  тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықты дәріптеу, олардың  бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, слайдтар, электронды оқулық.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, диалог, талдау, түсіндіру, қорытынды.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.

1. Кріспе.

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә)  Үй тапсырмасын сұрау

1-cлайд

 1.Сәйф Сараидің туып өскен жері.

2. «Түрікше -Гүлстан» кітабының  мазмұны қандай?

3. Шын өмірде  осындай жағдайлар бола ма?

2-слайд (Махамбеттің суреті)

3. Жаңа сабақ өту.

            Оқушылардың назарын батырдың киімдері мен қару-жарақтарына аударту арқылы Махамбеттің портретін көрсетіп, бұл киімдерді тек батырлар киетініне түсінік беру.

            Оқушылардың  төменгі сыныптарда «Махамбеттің тапқырлығы»  атты мәтінмен, ал 3-сыныпта Қ.Жұмалиевтің «Махамбет пен Жақия» әңгімесімен танысқандарын естеріне түсіріп, Махамбеттің бойындағы өжеттік, тапқырлық, батырлық, ержүректік қасиеттерімен таныс екендіктерін айтып, енді Махамбетті ақындық, күйшілік, сазгерлік, домбырашылық қырынан таныту.

 - Бүгін балалар, біз Махамбетті басқа қырынан танимыз, ақынның өлеңдерімен танысамыз. Демек, Махамбет әрі батыр, әрі ақын екен. Оған оның көптеген өлеңдері дәлел бола алады.

            Махамбеттің 80-ге жуық өлеңі бар, мұрасының көбі бізге жетпеген. Оның өлеңдерін шәкірті Қуан жырау жатқа білген екен. Одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген. Одан Ығылман Шөреков жаттаған. Бір қатар өлеңдерін жинаған  ақын – Шәңгерей Бөкеев.

            Ең алғаш Махамбет өлеңдері 1908 жылы Қазан қаласында «Мұрат ақынның Ғымарқызы уғылына айтқаны» дейтін жинақта жарық көрген.

            Сонымен қатар күйші-сазгер, домбырашы. Олай дейтініміз – Махамбеттің «Жорық», «Жайық асуы», «Қайран,Нарын», «Исатайдың Ақтабаны-ай», «Кішкентай», «Ақтабан», «Жұмыр қылыш», «Өттің дүние», «Өкініш», «Қиыл  қуғыны» т.б. күйлері бар.

 3-слайд (суреті, тақырып )

 Электронды оқулық

 (Махамбеттің шыққан тегі, өскен ортасы, өмірінен мәліметтер беріледі)

  4-слайд

            Көтерілістің шығу себебі: шаруалардың шұрайлы қонысынан, жер-суынан, еркінен айрылуы, хан-сұлтандар мен патша үкіметінің езгісіне, қыспағына түсіп күйзелуі болды. 1836 жылы 2-қараша күнгі көтерілісте Исатай мен Махамбет бастаған 3 мыңдай адам хан  ордасына шабуыл жасайды. 1837 жылдың шілдесінде Гекке бастаған орыс армиясымен соғысады.

          5-слайд

            Көтерілістің жеңілу себебі: 1) барлық көтерілісшілер жаппай, біртұтас біріге алмады; 2) өздерінен жақсы қаруланған, арнайы әскери дайындықтан өткен патша жазалаушы күштерімен арпалысу қиын еді.

            Көтеріліс жеңіліс тауып, оның басшылары жазаланса да, бұл еліміздің болашағы үшін жасалған маңызды қадам болды. Ұлт-азаттық қозғалысының көсемдері батыр Исатай мен ақын Махамбет халықтың ыстық ықыласына бөленді. Олар халық жүрегінде мәңгі сақталар тұлға болып қала бермек.

Кітаппен жұмыс

«Ереуіл атқа ер салмай»        өлеңін талдау

6-слайд

Сөздікпен жұмыс, дәптерге жазу

Қу толағай жастанбай-тақыр бас, жалаңаш бас

7-слайд

Махамбеттің өміріндегі жылдар үн қатады тізбегін шешу.

1804ж.- Махамбеттің туған жылы.

1836ж.-1838ж. Шаруалар көтерілісі.

1842ж.-Махамбет Жәңгір ханның баласымен Орынборға барды.

1846ж.- қайтыс болған.

1837ж.- подполковник Гекке отрядымен шайқас.

8-слайд

Бүгін мен не білдім?

Не білгім келеді?

 

 

 

Сабақтың қорытындысы

-Қорыта келгенде, Махамбет жырларының асыл арқауы-туған жердің туын көтеру, оны талауға түсірмеу, туған жер үшін бас тігіп, найзалы күреске шығу, келешек ұрпақты осыған шақыру.

   Махамбет поэзиясы-қаһарлы да айбарлы, өзіне тән бедері, айшығы, өр рухы бар жауынгер поэзия. Оның өлеңдерінің бүгінгі ұрпаққа да, келер ұрпаққа да берер тағлымы мол, ерлік пен елдіктің үлгісі.

-Балалар, көрнекті ақынымыз, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ф. Оңғарсынова жырлағандай:

«Бостандықты аңсаған,

Тәуелсіздікке жол салған,

Батыр ақын Махамбет,

Ұмытпас сені ұрпағыңІ»-деп аяқтағым келеді

 - Сонымен, балалар, Исатай мен Махамбеттің арманы орындалды ма?

-Бүгінгі Исатай мен Махамбет арманы мүлтіксіз орындалып келеді, өйткені «Еліміз егеменді, тәуелсіз ел болды»-деп жауап қайтарсақ орынды.

   Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады

Үйге тапсырма : Махамбет өлеңдерін    жаттап келу. «Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі» тақырыбында  шағын шығарма жазып келу.

                                           №267 орта мектеп

 

  

 

 

       

 

            

 

 

                                  Ашық сабақ

 

Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы. Ақынның өмір сүрген дәуірі.

 

Өткізген:Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ташимова. Г.Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по казахскому языку на тему Махамбет Өтемісұлы. Ақынның өмір сүрген дәуірі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 101 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.01.2016 1512
    • DOCX 15.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ташимова Гульмира Нуракбаевана. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5300
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литература: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель русского языка и литературы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1537 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 899 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель русского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Курс повышения квалификации

Родной (русский) язык: теория и методика преподавания в образовательной организации

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе