Инфоурок Другое КонспектыУрок по казахскому языку на тему"Астана"

Урок по казахскому языку на тему"Астана"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:   Астана қаласындағы  саяхат.

Мақсаты:

Білімділік:Балаларды Астана қаласының тарихи-мәдени орындарымен таныстыру.Астана тарихын насихаттау арқылы балалардың тіл байлығын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін күшейте түсу. Грамматикалық тақырыптарға көп көңіл бөлу.

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, әсемдікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, тарих

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар, интерактивті тақта, көрме.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 І. Мотивациялық-қозғаушы кезең
Шаттық шеңбері
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Қонақтарды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
Сәлеметсіздер ме!
ҚР Мемлекеттік Гимнін орындау.(Экранда фондық сүйемелдеу.)

ІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.

 

1-тапсырма. Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді жаттап алыңдар.

Ұшақпен Астана қаласының әуежайына келдік. Сарыарқаның самал желі соғып тұр. Әуежай жақтан кірер жолда биік мемориал орнатылыпты. Ол саяси қуғын көрген адамдарға қойылған ескерткіш екен. Ескерткішке гүл шоқтарын қойдық. 
Біз «Турист» қонақүйіне орналастық. Қала Есіл өзенінің бойында орналасқан екен. Зәулім үйлер көптеп салыныпты. Маған парламент үйі қатты ұнады. Қазмұнайгаз ұлттық компаниясының ғимараты да ерекше әсем. Біз «Достық» сарайында өнер көрсеттік. Көркейген Астана көз қуантады!

2-тапсырма. Өздерің саяхат жасаған қаланы естеріңе түсіріп және берілген сұрақтарды тыңдай отыра, ауызша жауап беріңдер. (жұптық жұмыс)

- Бұл қалада әуежай бар ма?
- Бұл қалаға қандай көлікпен саяхат жасауға болады?
- Қалада қонақүй бар ма? Ол қалай аталады?
- Қалада қандай мәдени орындар бар?
- Осы қалаға қандай мақсатпен саяхат жасадыңыз?
- Саяхат жасаған қалаңыз сізге ұнады ма? Ұнаса, несімен ұнады?

3-тапсырма. Өздерің саяхат жасаған қаланың демалыс орны туралы қызықты жарнама мәтінін құрастырыңдар.

4-тапсырма. Сауаттылық әліппесі. Бас әріппен жазылатын сөздерді тауып, сөйлемдердің ара жігін ажыратып жазыңдар.

Мен жазғы демалыста ертісте болдым ертістің жағалауында жақсы демалдым және саяхатқа шықтым ертіс еліміздегі ірі өзендердің бірі оның ұзындығы 4331 шақырым ертіс шығыстан  солтүстікке қарай ағады ол шығыс қазақстан және павлодар облыстарының жері арқылы батыс сібір ойпатына қарай ағады ертіс зайсан көліне құйылады.

5-тапсырма. Мәтіннен жалпы және жалқы зат есімдерді теріп жазыңдар.

ІІІ. Сергіту сәті
 Ал, енді демалатын сәт келді. Қане, орнымыздан тұрып бойымызды сергітейік.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Биік болып өседі.


6 – тапсырма. Топпен жұмыс. Суреттер бойынша мәтін құрап жаз (интерактивті тақтамен жұмыс).

 

 

f10http://cdn.advisor.travel/fs1000x800px-21267388354d402f62bb394928797453.jpg

 

http://www.info-tses.kz.images.1c-bitrix-cdn.ru/upload/medialibrary/477/0_3baca_962329a4_L.jpg?140043181734351

 

- Олай болса, саяхатымызды бастайық!
Біздің елордамыз – Астана қаласы. Ол Есіл өзенінің жағалауында бой көтерген жас қала.
Астана – еліміздің бас қаласы. Қаламыз күн санап көркейіп келеді. Онда көптеген биік, әсем ғимараттар, ойын-сауық кешендері бар.
Сендер Астана туралы өлең білесіңдер ме?
1.Астана – бас қала,
Жаңа қала, жас қала.
Зәулім сәнді үйлері,
Үлгі болған басқаға.

 

2.Сәулесі түскен Есілге,
Сарыарқа төсінде.
Армандай әсем қала бар,
Мәңгі қалар есіңде.
Астана – қиялға бай, шексіз сәулетті. (Слайд 4. «Бәйтерек» кешені)


f10


Бұл – «Астана - Бәйтерек» кешені. Оның биіктігі-97 метр. «Бәйтерек» кешені «Ертөстіктің» оқиғасы желісімен өрілген.
Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік биік бәйтерекке кездеседі. Ағашты көріп таң қалады. Бәйтеректің нақ төбесіне ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болып, дәулетті ғұмыр кешеді.
Ғимараттың ұшар басынан Астана қаласының көрінісін тамашалауға болады.

Бәйтерегім аспанмен таласады,
Ай мен күндей көркіне жарасады.
Құрыш қолды қайсар ер азаматтар,
Астананы тұрғызған, қарашы әні!
(Слайд 5. «Қазақ елі» монументі)

 

http://www.info-tses.kz.images.1c-bitrix-cdn.ru/upload/medialibrary/477/0_3baca_962329a4_L.jpg?140043181734351

 

– «Қазақ елі» монументі. Оның биіктігі-91 метр. Бұл Қазақстанның Тәуелсіздігін алған 
1991 жылдың белгісі.
Оның басындағы алып құс самұрық – Қазақстанның тыныштығының белгісі.
Саяхатымызды жалғастырамыз. (Слайд 6. «Ақ орда» резиденциясы.)


http://cdn.advisor.travel/fs1000x800px-21267388354d402f62bb394928797453.jpg
Ақ орда – ҚР Президентінің жұмыс орны. Мұнда елбасымыз жиналыстар мен кездесулер өткізеді. Өзге елдермен келіссөздер жүргізеді.
Балалар, Астана қаласында демалатын орындар көп екен.
Келесі тамашалайтын көрікті жердің бірі – «Думан» ойын-сауық кешені.

(Слайд 7. «Думан» ойын-сауық кешені)


680527f69812eb8678ae0020e7978f32.jpg


Онда кинозалдар, океанариум бар. Океанариумнан түрлі жырқыш балықтарды көре аласың. Ал кинозалда арнайы көзәйнектер киіп, экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесің.
ІІІ. Рефлексивті-коррекциялаушы кезең.
Ойын ойнағыларың келе ме?
«Кім шапшаң» ойыны
1.
ҚР астанасы қай қала?(Астана)
2. «Астана» сөзі неше буыннан тұрады? (3)
3. Астана қаласы қай өзеннің жағалауында орналасқан? (Есіл)
4. ҚР президенті кім?
(Н.Ә.Назарбаев)
5. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата? (Гимн, Ту, Елтаңба)
6. Астанадағы ең ірі ойын-сауық кешені? (Думан)
7. Бәйтеректің биіктігі қанша? (97 метр)
– Балалар, біз бүгін Астана қаласына саяхат жасадық. Ондағы тарихи-мәдени орындармен таныстық.
Олар: «Бәйтерек кешені», «Қазақ елі» монументі, «Ақ орда» резиденциясы, «Думан» ойын-сауық кешені, ескерткіштер.

Хормен:
Жаса, жаңа жас қалам,
Жайнай бер менің Астанам!
Енді Астана қаласына жылы лебіз, тілегімізді айтайық!
«Жүректен жүрекке»
Біз ерекше баламыз,
Жайнай берсін қаламыз.
Табиғатпен дос болып,
Қамқорлықпен қараймыз.
(Іс-әрекетке белсене қатысқан балаларды мадақтау.)

 

ІV. Сабақты бекіту.

 

Астанамыз көркейе берсін! Зәулім, биік ғимараттар көбейсін! Еліміздің болашағы жарқын болсын!- деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!

V.  Бағалау. Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.

VI. Үй тапсырмасы. «Тұңғыш елбасымыз» тақырыбына шығарма жазу.

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по казахскому языку на тему"Астана""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 117 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2016 1566
    • DOCX 367.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Игисенова Умыт Сандыбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Игисенова Умыт Сандыбековна
    Игисенова Умыт Сандыбековна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26837
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов