Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыУрок по окружающему миру для 3 класса по теме "Ауа райы және оны болжау".

Урок по окружающему миру для 3 класса по теме "Ауа райы және оны болжау".

Скачать материал

Павлодар қаласындағы № 35 жалпы орта білім беру мектебі

Дүниетану пәні

3«А» сыныбы

Мұғалімі: Жомартова Назым Жастлековна

Тақырыбы:  «Ауа райы және оны болжау»

Мақсаты:
Білімділік: Ауа райының құбылысы жайлы түсінік беріп, өздері байқаған жаймен салыстыру. Ауа райының жай-күйін арнайы метеорологиялық стансаларда бақылайтынын, оның қорытындысы қалай жасалатынын әңгімелеу
Дамытушылық:Ауаның температурасы, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінің арасындағы байланыстар туралы ұғымын дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке, достыққа , бірлесе жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: термометрлер, су құйылған стакандар, күн, бұлт макеттері.                    

Техниклық құрал: проектор, ноутбук.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,топпен, жұппен жұмыс істеу;

 

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы отыр.Өздерің байқап отырғандай сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Сабағымызды бастамас бұрын қонақтарымызбен амандасып алайық:
Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

 
Балалар, терезеден сыртқа қарап, әлемнің қандай тамаша екеніне, айналадағы құстар мен өсімдіктердің, жарқыраған күннің көздің жауын алатындай әдемі екеніне көз жеткізіп, көңілімізді көтерейік. Бүгінгі сабақта бір-бірімізге сәттілік тілеп, қол ұстасып, күн жасап, мына сөздерді бірге айтайық.

Көк аспанда күн күлсін,

Жерге әрқашан нұр құйсын.

Бірге күлсін бүлдіршін.

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

-Жақсы, балалар, енді үй тапсырмасы бойынша жұмыс жасайық.Үйге қандай тапсырма берілді?

-Бүгінгі сабақ алдарыңдағы бағалау парағында берілген  алгорим бойынша өтеді. Әр топтың басшысы өз тобының жұмысын ұйымдастырып, сабақ соңында бағалайды.Топта жұмыс істеу ережесін есімізде сақтап, бұзбауға тырысамыз.

 

1.Үй тапсырмасы топтар бойынша сұралады. Дайындыққа 1 мин уақыт беріледі.

 

І топ: Бұрынғы кезде адамдар сағатты қалай білген және оны қалай ойлап тапқан?
ІІ топ: Бір жұмада қанша сағат барын қалай есептеп табуға болады?Кез-келген заттың ұзындығын, биіктігін, енін өлшеу үшін қандай ұзындық өлшемдері қолданылады?
ІІІ топ: Ұзындық өлшемдерін білу адамға не үшін қажет?

ІV топ:Салмақ өлшемдерін білу адамға не үшін қажет? Заттың салмағын анықтау үшін не қолданамыз?

Қорытынды: Сонымен адамдар бақылау, тәжірибе жасаумен қатар математиканы пайдаланып та табиғатты зерделеген екен.

 

ІІІ Жаңа сабақ.

-Жақсы, балалар, үй тапсырмасына жақсылап дайындалып келіпсіңдер.Өткен тақырыпты жақсы меңгерген екенсіңдер!

Музыка ойнату Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ? «Ауа райы және оны болжау»

Неге? Себебі теледидарда ауа райын айтар алдында осы әуен ойналады.

Бүгінгі сабақта сендер табиғаттың тағы бір құпиясын ашасыңдар. Жаңбыр немесе жел болатынын сендер теледидардан ауа-райын тыңдап білесіңдер. Бұл мәліметтерді синоптиктер береді. Алдарыңдағы слайдқа көңіл аударыңдар. Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?

 «Ауа райы және оны болжау» деп аталады. (слайд1).Тақтаға күн мен бұлттың макет суреті ілінеді. Бүгінгі сабағымыздың ауа райын сабақ соңында білетін болмыз.Әр  топта күннің шуағы және жаңбыр тамшысы жатыр.Сабақ соңында белсенділік танытқан оқушы шуақ іледі, ал қалғандары жаңбыр тамшысын іледі.

Ал осы тақырыпты меңгеру үшін  қандай жұмыстар атқарамыз? Сабағымыздың мақсатын құрып көрейікші. (Ауа райының құбылысы жайлы, ауаның температурасы туралы білім аламыз)

Жаңа материалды өздіктеріңнен меңгересіңдер.Әр топқа сұрақтар дайындалған сұрақтарға жауап беру арқылы  жаңа тақырыпты меңгересіңдер.Әр топ өз сұрағына жауапты оқулықтан іздестіреді.


1 топ Ауа райы дегеніміз не? Сендер оны қалай түсінесіңдер?

(Оқушылардың жауаптарынан кейін)-Ия, балалар, сендердің айтқандарыңмен мен де келісемін.Температура, бұлттылық, жауын-шашын, жел, ылғалдылық т.б. ауа райын түзеді екен. (слайд2)


-Ауа райы сонымен қатар өздерің мына слайдтардан көріп отырғандай ыстық, аязды, боранды, құрғақ, жаңбырлы болады екен. (слайд3)



 

 

2-топ Ауа райының жайына болжау қалай жасалады? Және оны кімдер жасайды? (Оқушылардың жауаптарынан кейін)-Балалар, сендер білесіңдер ауа райы өте құбылмалы болып жиі өзгеріп отырады. Міне, осы өзгерістерді метеорологиялық станцияларда бақылайды.(слайд4)

-Сонымен қатар басқа үлкен алқаптардағы бұлттылық жайын Жер серіктері фотосуретке түсіріп, бейнесін жерге беріп отырады.(слайд5)

-Осылай жинақталған мәліметтердің барлығы арнайы ауа райы карталарына түсіріледі.Бір тәулікте сондай карталардың төртеуі жасалады.Оларды бір-бірімен салыстыру арқылы таяу тәуліктегі ауа райының жайына болжау жасалады.(слайд6)

 

3-топ Ауа райын білу адамдарға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Неге?(Оқушылардың жауаптары)

 

4-топ Ауа температурасын ненің көмегімен өлшейміз? Оның түрлері қандай? (Оқушылардың жауаптарынан кейін)

-Дұрыс айтасыңдар! Термометрдің көмегімен біз ауа температурасын өлшейміз.Термометрдің бірнеше түрлері болады.Олар: су температурасын өлшейтін, адам денесінің қызуын өлшейтін және ауа температурасын өлшейтін.(слайд7)

(слайдта көрсетілген суреттер бойынша оқушылардан қай термометрдің қандай қызмет атқаратынын сұрау).


-Жақсы, енді осы термометрлердің қалай жасалатындарына біраз тоқтала кеткім келіп тұр.Термометрлердің негізгі бөлігі сынап толтырылған шыны түтік және шкалаларға бөлінген тақта.Әр бөлік 1ºС-қа тең. Шкала ортасы 0ºС.Бұл жылу мен суықтықты ажырататын шекара.(слайд)
-Жылы температураға «+», ал суық температураға «-» белгісі қойылады. Градус көрсеткіші былай жазылады. +10ºС немесе -10ºС. (слайд)

 

IV Сергіту сәті:

Жел соғады гу-гу, гу-гу, гу-гу,

Жаңбыр жауды тырс-тырс, тырс-тырс, тырс-тырс,

Жаңбыр басылады балақай,

Күн ашылады алақай!

 

Сарамандық жұмыс:


-Біраз сергіп демалып қалған сияқтымыз.Олай болса,әр топ өз жұмыс алгортиміндегі сарамандық жұмысқа назар аударайық. (оқушыларға оқыту, өздеріне жасатқызу)


1-тәжірибе: Стакандағы жылы суға термометрді сал. Нені байқадың?
2-тәжірибе: Стакандағы суық суға термометрді сал. Нені байқадың?
3-тәжірибе: Стакандағы жылы суға термометрді сал. Нені байқадың?

4-тәжірибе: Стакандағы суық суға термометрді сал. Нені байқадың?
Сонымен қандай қорытынды шығаруға болады:

 

Видеоролик көрсету- 3 минут

 

Шығармашылық жұмыс:

-Енді, әр топ бір жыл мезгілі болып, сол жыл мезгіліне сай оның ауа райы жайлы әңгімелейді.Кесте сурет салуға болады. Дайындыққа 2мин уақыт беріледі.

V. Бекіту:

Тест орындау. Бір-бірлерін тексеру.

 

VІ.Бағалау:Әр топ басшылары оқушыларды өздері бағалайды, шуақ пен тамшы жапсыру.


VІІ.Үй тапсырмасын беру: 60-61 бет оқу, мазмұндау. Ертедегі ауа райын болжау қағидалары туралы қосымша ақпарат әкелу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар қаласындағы № 35 жалпы орта білім беру мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дүниетану

 

Тақырып:  «Ауа райы және оны болжау»

 

&

 

Мұғалім: Жомартова Назым Жастлековна

3«А» сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по окружающему миру для 3 класса по теме "Ауа райы және оны болжау"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Ауа райы және оны болжау» Мақсаты: Білімділік: Ауа райының құбылысы жайлы түсінік беріп, өздері байқаған жаймен салыстыру. Ауа райының жай-күйін арнайы метеорологиялық стансаларда бақылайтынын, оның қорытындысы қалай жасалатынын әңгімелеу.Дамытушылық:Ауаның температурасы, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінің арасындағы байланыстар туралы ұғымын дамыту.Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке, достыққа , бірлесе жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 068 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2015 757
    • DOCX 20.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жомартова Назым Жастлековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жомартова Назым Жастлековна
    Жомартова Назым Жастлековна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 866
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 888 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 388 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 221 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 11 регионов