Сабақтың тақырыбы:
Киім және қойылатын талаптар.
Сабақтың мақсаты:
Қыз балаларды киімді күту және қайта жөндеу ісіне үйрету. Пайдалы кеңестермен
таныстыру. Үй шаруасына деген іскерлігі мен бейімділігін қалыптастыру.
Ұқыптылыққа, үнемшілдікке, еңбекқорлыққа
баулу.
Сабақтың түрі:
аралас;
Сабақтың әдісі:
СТО технологиясының стратегиясын қолдану,әңгімелеу, пайдалы кеңестер оқу,
талқылау;
Сабақтың көрнекілігі: маусымдық киім түрі, крем, щетка, спирт сұйығы, т.б
Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі;
ІІ.
Өткен сабаққа шолу;
ІІІ.
Жаңа сабақты меңгеру;
ІV.
Сабақты бекіту;
V.
қорытынды.
І. Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды
белгілеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Өткен сабақ бойынша оқушылардын үй
тапсырмасын сұрау:
-
Дизайнер деген кім?
-
Ұлттық нақыштағы жиһаздың қандай түрін білесіңдер?
Оқушылардың үй
жұмысын тексеріп, өз жұмыстарын баяндауын тыңдап, бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
- Киім жіне аяқ киім гигиенасы дегенді қалай
түсінесің?
- маусымдық киімдерді қалай сақтайсың?
Оқушылардан ой шақыру. ББҮ кестесін сызу. 1
және 2 графаны оқушылар толтырады, мәтін таратылады.
·
Киім және аяқ киім гигиенасы
·
Аяккиімге қойылатын гигиеналық талаптар
·
Киім және аяккиімді күту
·
Пайдалы кеңестер
Мәтін оқылып, өзара талдайды. Жуан және
жіңішке сұрақтар қою.
3- графаны толтыру. Оқушылар алған ақпарат
бойынша бос графаны толтырып шығады.
«Сен маусымдық киіміңді қалай күтіп,
сақтайсың»? ой-бөліс. Оқушылар қыстық, күздік киімдерді қалай тазалап, күтім
жасайтынындарын өзара бөліседі.(үлкендердің көмегімен немесе өз бетімен күтім
жасай ма?).
Пайдалы кеңестерді дәптерлеріне жазу.
Сабақты қорыту:
Оқушылар алған ақпараты мен өз білгендерін
жазып сабақты тұжырымдайды.
Үйге тапсырма: пайдалы кеңестер жинағын жасау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.