Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыВариативтік компонент "Ертегілер әлемі"

Вариативтік компонент "Ертегілер әлемі"

Скачать материал

№15 С.Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

Вариативтік компонент

 

 

 

Тәрбиеші: Сейткалиева Ж.А.

 

 

 

 

 

 

Түлкі, Қоян және Әтеш ертегісі

    Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйшігі ағаштан  болыпты.
Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине, бірден еріп кетті. Жаураған түлкі қоянға келеді.
— Қоян, қоян! Мені үйіңе кіргізші, жылынып алайын!
Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады.
Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді.
— Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?
— Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім…
— Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз! Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді.
— Ау, ау, ау! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын!
— Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой! Барлығыңды быт-шыт қыламын! — деді түлкі қорқытып.
Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрды.
«Үйі жоқтың — күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағы да жы¬лай бастайды. Алдынан аю шығады.
— Қоян-ау, не болды? Сонша неге жылайсың?
— Жыламағанда қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
— Жылама! Мен оны қуып шығамын.
— Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттер де қуып шыға алмады.
— Көресің, қуып шығамын. Аю үйшіктің алдына келіп:
— Түлкі, шық! Босат, қоянның үйін! — деп ақырады. Түлкі болса пеш үстінен:
— Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарамын! деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылу¬ды ойлады.
Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар.
— Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? — деп сұрады.
— Жыламай қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
— Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын!
— Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сен де қуа алмайсың!
— Жүр, көрерсің!
Қуамын!
Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады.
— Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын!
Түлкі қорқып кетіп: «Қазір шығамын. Киініп жатырмын», — дейді.
— Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпа¬са, оны да шалғынша шабамын! — деп Әтеш қайта әндете бастайды.
Түлкі сасқалақтап: «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» -дейді. Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді. Аман-сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.

 

 

 

 

Жыл патшасы

 

Ерте, ерте, ертеде Уақыт атты патшалықта Жыл атты патша билепті. Жыл атты патшаның мінездері  әр түрлі төрт ұлы болыпты. Олар: Көктем, Жаз, Күз және Қыс. Осы төрт ұлының әрқайсысында үш баладан болған екен. Көктем ұлынан Наурыз, Суір және Мамыр атты үш немересі бар екен патшаның. Ал Жаз ұлынан Маусым, Шілде, Тамыз атты немерелері, Күз ұлынан Қыркүйек, Қазан Қараша атты немерелері тараса, ал Қыс ұлынан Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан атты немерелері тараған екен.
Патша өз тағына мұрагер етіп ұлдарынан емес немерелерінің арасынан тағайындауды жөн көріпті. Содан ол өзінің тағына немерелерінің арасынан біреуін тағайындайтынын жария етеді, сонымен қатар, ол мұрагері  білімді, өнерлі, халыққа қызмет етуі керектігін де айтып өтеді. Барлық немерелеі Жыл патшаның алдына келіп, білімдерін, талантын көрсетеді, барлығы бірінен- бірі асып түседі. Немерелерінің бұл өнері мұрагерді таңдауда патшаға қиыншылық түсіреді. Әрі ойланып, бері ойланған патша мынадай жарлық етеді:

— Менің мына «Уақыт» патшалығым тұрғанда менің немерелерімнің барлығы да патша болады. Олардың барлығы халық үшін өздерінің жайлылығын, еңбектерін ұсынып отыр. Сондықтан немерелерімнің әрқайсысы отыз күннен патшалық етсін!

Міне, осы жарлықтан кейін патшалықта әр отыз күн сайын халыққа Жыл патшаның он екі немересі үлкенінен кішісіне қарай заңдылықпен патшалық етіп отырыпты деседі.

Жидектерді кім өсіреді?

Бір күні кішкентай қыз бала далада ойнап жүріп, шөп арасынан қып-қызыл жидек тауып алады.Бірден қызығып, жеп алады да:

— Жидек, рахмет саған! — дейді.

— Сен неге маған алғыс айтасың? — деген нәзік үн шығады.

 — Бұл кім өзі? — дейді қыз шошып кетіп…Осы кезде айналасынан алма-кезек түрлі дауыстар шыға бастайды.
— Мен сумын, мен ол жидекті суғардым. Соның арқасында ол үлкен әрі тәтті болып өсті, — деді біреу сыңғырлай.
— Ал мен ше? Маған кім алғыс айтады? — деген тағы бір жуан дауыс шықты гүрілдеген.
— Бұл кім? — деді қыз жан-жағына қарап.

 

— Кім болушы еді? Мен — жермін. Жидекті топырағымда өсірдім. Қоректендірдім.
— Маған да рахмет айтуларың керек! Менің сәулелерім болмаса, оны кім жылытып, қып-қызыл етіп пісірер еді?! — деп дауыстады күн.

 

Қыз ойланып қалды да:
— Жер, су, күн! Барлығыңызға да рахмет! Сіздердің арқаларыңызда мен тәтті жидек жедім! — деп иіліп алғыс айтты.

және де балаларға арналған жеміс-жидектер жайлы тақпақтар топтамасын оқыңыз…

Күзгі жапырақтар

 Алтын сары, қызыл, көк…

Алуан-алуан жапырақ.                           .

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күн шуақта маужырап,

Жатыр енді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

 Қ.Шаңгытбаев

 Құлпынай

 Бал татитын құлпынай,

Саған құмар құлпынай.

Жазда жылдам таусылмай,

Қыста өссең, шіркін-ай.

 Таңқурай

 Жазда өседі таңқурай,

Жемісін тер, қалдырмай.

Апаң қақ та қайнатар

Қыста керек нәр мұндай

 М.Әлімбай

 Бүлдірген

Уылжыған бүлдірген,

Әбден пісіп үлгерген.

Бірақ оның көйлекті,

Былғайтынын кім білген.

 А.Шаяхметов

 Қарақат

Торсиған бал уызға,

Кіп-кішкентай қарақат.

Салып қояр ауызға,

Болса егер бала тап.

Үйшік(орыс халық ертегісі)

тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю жайлы ертегі

Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа келеді:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Ал мен, бақылдаған бақамын.
— Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен,..бақылдаған бақамын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен түлкішек-әпкемін.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар төртеу болады.
Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Ал сен кімсің?
— Мен, сұр қасқырмын.
— Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады.
Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап айқайға салады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Мен, сұр қасқырмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, қорбаңдаған аюмын.
— Кел, бізге!
Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.
— Мен, шатырда тұрайын.
— Бізді басып қаласың.
— Жоқ, қорықпаңдар.
— Жарайды, шық.
Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады.
Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!

Ара мен Шегіртке

Ен далада әндетіп ұшып келе жатқан шегіртке гүлдердің тәтті шырынын жинап жүрген араны көрді. Ол арадан:
— Достым, ұзақ күнге дамыл таппай, жаныңды жеп не істеп жүрсің? -деп сұрады.
— Сұрама. Әр гүлге бір қонып, дүниені шарлап, тырнақтап шырын жиып жүрмін.

— Жиған шырынды нендей қажетіңе жаратасың?
— Бал жасаймын.
— Балды қайтесің?
— Адамға сыйлаймын. Адам оны жейді, дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады.
— Адам саған не береді?
— Үйшік жасап, қамқорлық етеді. Ал сен не істеп жүрсің?
— Мен егіннің дәніне тойып алып, ән салып, билеп жүрмін.
— Жиған дәніңді не істейсің?
— Не істеуші едім. Өзім тойғанымша жеймін. Басқан ізіме у шашатын адамға сыйлайды деп пе едің?
— Білдім, білдім, адамның сені неге қас тұтып у себетінін, — деді ара. Шегіртке араның сөзін ұнатпай, шыр етіп ұшып кетті.

ШАПАЛАҚ
          «Кімде-кім жәннаттан үмітті болса, пайдалы сөз айтсын немесе үндемесін». Мұхаммед(с.ғ.с) пайғамбарымыздың осы бір қасиетті хадисін көкірегіне тоқып өскен бір мұсылман баласы қайда барса да тымпиып, тым-тырс отырады екен.
Әкесі:
-Балам жұмған аузын ашпайды, ауру емес пе? –деп емшіге көрсетіпті.

Емші әрі-бері қарап:

-Ұлыңыздың іші пысып , әбден зеріккен. Далаға қыдыртыңыз, бау-бақшаға серуеңдетңіңіз, сергітініз.
Баласын жетектеп, орман-тоғайды аралап, сейілдеп қоймапты. Әкесі тотықұсты ұстап алып, торға салып жатса:
-Әй, құсым-ай, байғұсым-ай! Үндемегенде торға түсіп сорламайтын ең!-дейді баласы. Сонда әкесі жалт қарап:
-Әй, сен сөйлейді екеңсің ғой. Мені неге мұнша әбігерге саласың?- деп шапалақпен тартып жіберсе, баласы басын шайқап:
-Тілімді тістеп мен де үндемей-ақ қойғанда , шапалақ жемес едім!-деген – екен.

Мақтаншақ Қоян

Орманда бір қоян өмір сүріпті. Ала жаздай сайраңдап, тоғайдағы жеміс-жидектерді теріп жеген ол, қыс түссе қарны ашып, ауылға арпа ұрлауға барады екен.

Бір күні ол ауыл шетіндегі тұратын шаруаның үйіне ұрлыққа келеді. Қорасына кірсе, қаптаған қоян. Ол мақтана бастайды:

— Сендер үйде тұрсаңдар қайтейін?! Мен сендерден бәрібір артықпын. Менің мұртым — мұрт-ақ! Сендердікіндей емес! Ал, табаным мен тістерім ше? Сендердікі салыстыруға да келмейді… Мен ешкімнен қорықпаймын!

Үй қояндары мақтаншақ қоянның қылығын Қарға тәтелеріне айтып береді. Ол бөспе қоянды жазаламақ болып, іздеп тауып алады. Даңғой қоян шошып кетеді:

— Қарға тәте! Тиіспеші. Мен енді мақтанып, елдің мазасын алмайтын боламын!

— Солай де! Босқа мақтанба! Елден ерекшелігіңді бос сөзбен емес, ісіңмен көрсет! — дейді Қарға.

Арада біраз күн өткен соң, бірде қараса, әлгі қарғаны иттер талап жатыр екен… Жаны ашып кеткен қоян құтқармақ болады. Иттердің назарын өзіне аударып, тұра жүгіреді. Қарғаны тастай салған иттер қоянды қуа жөнеледі. Ол қашып құтылады.

Қоянның ерлігіне риза болған қарға оған келіп жолығып:

—  Рақмет саған! Сен мақтаншақ емес екенсің, мақтауға тұратын ер екенсің! — деп ризашылығын білдіреді.

Ғажайып түс (ертегі)

Бірде Арман түс көреді. Түсінде оның дене мүшелері дауласады. Бас бірінші болып былай дейді:

-Мен бәрін басқарамын, менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам, адам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды, тіпті аштан өлер еді.

-Егер мен болмасам, сені ары-бері, жан-жаққа кім бұрар еді?-деді Мойын.

Осы кезде қызу таласқа Қол араласты:

-Егер мен болмасам, жүк тасу, тамақ дайындау, кір жуу, үтіктеу, жазу, сурет салу, әртүрлі аспапта ойнау да қиынға соғар еді.

Бір кезде Кеуденің де шыдамы таусылып:

-Мен ше?! Егер мен болмасам, адам болар ма едің? Мойын, сен қайда қалар едің? Қол-аяқ, сендер ше?-деді.

-Ал сендер біздің арқамызда мектепке, дүкенге, киноға барасыңдар. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рақмет айтпайсыңдар, -деді Аяқ.

Бұл айтыстың қалай аяқталатыны Арманды қатты қызықтырды, бірақ ең шиеленіскен жерінде ол оянып кетті.

Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Адамға ең керегі қай мүшесі?

Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай

Осы арадан бір-екі күндік жерде тамырын кессең қан шықпайтын, кеудесін тессең, жан шықпайтын Шықбермес Шығайбай деген бір сараң бай тұрады деп естиді Алдар көсе. Ол өзі, басқа, көлденең көк атты түгілі, кұдайы қонағының өзіне қара су татырмайды екен.
— Татырмай көрсін ол маған! — дейді Алдар көсе әйгілі сараң туралы әңгімеден кейін. — Татырмай көрсін!

Аты жоқ Алдар арып-ашып, азып-тозып, екі күндік жерді бір апта жүріп, Шықбермес Шығайбайдың аулына да жетеді. Кім келіп, кім кетіп жатқанын мүлт жібермей бақылап отыру үшін есігін жолға қаратып, киіз үйін төбенінің басына тіккен. Алдар көсе үйдің сыртымен жағалап, көрінбей келеді. Сараң бай үйінің сыртына қамыс төсеп тастапты. Аяқ бассаң, сықырлап, хабар береді. Аддар оның бәрін бір-бірлеп жинап, былайырақ шығарып тастады да киіз үйдің тесігінен сығалады. Шығайбайдың өзі шұжық жасап, әйелі құстың жүнін жұлып, күңі үйіткен басты тазалап отыр екен. — Ассалаумағалайкуум! — деп Алдар оқыста кіріп келді Сала құлаш шұжық та, жүні жұлынған жабайы қазда, үйітілген қой басы да қас пен көздің арасында ғайып болды Алдар көсе түк байқамағансып, төрге озды.
Хош келдіңіз, Алдар-еке! Жоғарылаңыз! Бір ескертіп айтайын: бұл үйде тіске басар, өзек жалғар түк жоқ! Өзіміз де аш отырмыз!
— Оқасы жоқ! Маған сіздің тамағыңыз емес, қабағыңыз қымбат!
— Соны түсінсеңіз болғаны!.. Ал онда әңгіме айта отыр. Не естіп, не қойдыңыз!
— Қайсысы дұрыс: көргенімді айтайын ба, естігенімді айтайын ба?

Естігеннің бәрі рас бола бермейді. Көргеніңізді айтыңыз:
— Көргенімді айтсам: келе жатып, жолда бір жыланға жолықтым.
Мені көрді де, сіздің астыңыздағы шұжықтай шеңбер
жасап, оратыла қалды. Мен оны сіздің ана күңіңіз басып отырған қой басындай үлкен қара таспен былш еткіздім. Ол сонда сіздің қызыңыз етегімен жауып отырған еттің нанындай жалпиып сала берді. Егер өтірік айтсам, құдай мені сіздің бәйбішеңіздің бөксесіндегі жабайы қаздай жүнімді жұлып, жалаңаштап сойсын!
Ашуы бетіне шауып, шиқандай боп қызарған Шықбермес Шығайбай жанбасына басып отырған сала құлаш шұжықты қайнап жатқан қазанға лақтырып кеп жібереді. Бәйбішісі жүні жұлынған жабайы қазды, күңі қойдың үйітілген басын әлгі қазанға қоса лақтырады да бәрі бір ауыздан: — Қайна қазан бес ай! — деп дауыстайды. Алдар да етігін шешіп: — Отырайын он ай! — деп жайғаса бастайды. Содан кейін бәрі жатуға кіріседі.Түн ортасы ауа Алдар көсе ақырын тұрып, былқып піскен етті алып жейді де,иесінің көне етігін кесіп-кесіп қазанға салады. Содан соң «Асын қимаған аш жатады. Етін қимаған етігін жейді» дейді де, ас қайырған адамдай бетін сипайды.

Алдар көсенің сиқырлы тоны

 Мұндай сақылдаған сары аязда тоңбаса, түлкі тоны немесе қасқыр ішігі бар адамның ғана тоңбауы мүмкін. Ал Алдар көсе жарықтық шұрық тесік жаман тонмен күн сайын үсіп өле жаздайтын.
Бірде ол жапан далада жортып келе жатып, сұмдық тоңды. Аяқ-қолының жаны кетіп, бет-аузы бозарып, бас сұғар жылы үйді армандайды.
Суылдаған суық жел, уілдеген үскірік құлағының ұшын аямай шымшып, жанын шығарып барады. Жақын арада түтін түтеткен ешқандай ауыл көрінбейді.
Қанша тебіреніп, қамшысын қанша сілтегенмен Алдардың арық аты жүріп жарытпайды. Басын бір шұлғып қойып, жай ғана итіндейді де отырады.
“Жаман ат — жолдың соры. Әлі біраз жүретін шығармын. Иттің үргені естілмейді. Қақаған далада қатып өлмесем жарар еді”, — деп ішінен сөйлеп келеді.
Кенеттен алдынан бір аттылы көрінбесі бар ма? Атының желісіне қарап, иесінің бай адам екенін біле қойды. Буы бұрқырап ыссылап келе жатқан адамдай омырауын ашып тастап, әндете бастады.
Жолаушылар жолығып, аман-саулық сұрасты.
Бай үстіндегі түлкі ішіктің өзінен тоңып, бүрсең-бүрсең етеді.Ал Алдар көсе бөркін бір шекесіне қарай қисайта киіп, күншуақта жылынып отырған адамдай көңілді сөйлейді.
— Сен, немене, тоңған жоқсың ба? — дейді бай.
Тоңсаң, сен тоңған шығарсың? Менің тонымды киген кісі үнемі қыз-қыз қайнап жүреді — дейді Алдар Көсе.
Мүмкін емес! — дейді бай.
— Немене, көрмей тұрсың ба?!
— Көрмейтін несі бар? Көріп тұрмын: шұрық тесік!
— Мәселе сонда, сол шұрық тесікте. Бір тесіктен кірген жел лып етіп екінші тесіктен шығып кетеді.Ал жылу өзімде қалады.
“Қайткенде де мен мұның тонын алып қалайын” — деп ойлайды бай.
“Шіркін, мынаның ішігін қолыма бір түсірсем!” — деп армандайды Алдар көсе.
— Ішігіңді маған сатсаңшы? — дейді бай.
Сатпаймын! Мен онсыз үсіп өлемін! — дейді Алдар. — Үсіп өлмейсің. Оның орнына мен саған өз ішігімді беремін. Ол да сондай жылы.
Алдар көсе оның ұсынысын құлағына да ілмеген кісідей байға жоғарыдан қарайды. Бірақ екі көзі байдың түлкі ішігінде.
— Ішігімді де берейін, үстіне ақша да қосайын — деп қызықтырады бай.
— Маған ақшаның қажеті жоқ. Ақша орнына атынды берсең, ойланып көрер едім.
Қуанғаннан бай бірден келісе кетеді.Ішігін шешіп, астындағы атын түсіп береді.
Алдар көсе байдың ішігін киіп,байдың жүйрігіне мініп, ысқырған желмен жарыса жөнеледі.
Енді Алдар көсеге бір ауылдан бір ауылға барып тұру онша қиын емес. Астында — ұшқыр ат, иығында — жылы ішік. Кез келген үйде одан:
— Мына керемет түлкі ішік пен жүйрік атты қайдан алдың? — деп сұрайды.
— Жетпіс жеті жыртығы, жетпіс сегіз жамауы бар тонға айырбастап алдым.
Жаман тонға жақсы ішігін, қыршаңқы атқа кұстай ұшқан жүйрігін айырбастаған ақымақ бай туралы әңгімені естіп, ел мәз болады. Күлкі сәл саябыр тартқан сәтте Алдар көсе:
Жолдың алыс-жақынын жортқан біледі, дәмнің ащы- тұщысын тартқан біледі! — дейді.

Алтын құс пен сұр қасқыр

Erketai / Дек.6.2012. / Бір пікір

   Бұрынғы өткен заманда бip патша болыпты. Патшаның үш ұлы һәм бip өте үлкен бақшасы бар екен. Ондай бақша ол заманда дүние жүзінде еш патшалықта болмаған. Егер бұл бақшаға қайғылы ма, ауру ма кici кіpce, қайғылы кісінің қайғысы кетіп, ауру кici ауруынан саламат болып шығаратын еді. Бұл бақшада неше түрлі жемістер бар еді. Патша бақшасындағы осы жеміс ағаштарының, ішінен биік өскен бip алма ағашын жан-тәнімен өте жақсы көреді екен.
Ол ағашта өскен бip алманың бipeyi алтынға, бipeyi күміске яғни әр түрлі түске айналып тұрады екен. Бір замандарда бұл бақшаның бip алтын құс иеленіп алыпты. Алтын құстың әpбip жүні алтын секілді жалт-жұлт етіп тұрған һәм көзі гayhap секілді ойнап тұрған. Бұл құс әр күні түнімен бұл патшаның бақшасына ұшып келіп қонады екен.Әлгі патшаның cүйікті алма ағашының бip алмасын шұқып, басқасын тeyiп түcipiп кетеді екен. Күндердің бip күнінде патша бақшасын аралап алма ағашынан алмасын қараса, алтын секілді жақсы алмасы аз қалған екен. Патша бұл icті көріп қапа болған, қайғыра бастаған. Бip күні патша өзінің үш ұлын ша-қырып айткан.

— Әй, әзиз ұлдарым, қайсыларыңның қолдарыңнан келеді, бақшаға келіп жүретін алтын құсты маған тipiдей ұстап беруге. Қайсысың ұстасаң өзім тірі кезде жарты патшалығымды беремін һәм өлген уақытымда барлық патшалығымды өсиет етіп қалдырамын,— дейді. Осы сөзді патшадан ұлдары eстіп: «Қайғырмаңыз, не қылсақта ұстармыз»,— дейді
Бұлар кезек-кезекпен бақшаға қарауылға тұра бастады. Әуелі үлкен ұлы бақшаға барып, түнде қарауылға тұрады. Түннің бip уағына дейін алма ағашының түбінде отырады да, шаршап патша ұлы ұйықтап кетеді. Сол арада алтын құс келіп алмаларын қиып, бip алмасын алып кетеді. Патша ұлы оянып қараса, алмалары қиылған, бip алмасы жоқ. Ертеңгісін патша тұрып, үлкен ұлын шақыртып: «Ей, сүйікті ұлым, алтын құсты көрдің бе?»—деген. Ұлы жауап берген, мансап қылып айтқан: «Ей, ғазиз ата, көрмедім»,— деген. Екінші күні қарауылға екінші ұлы кеткен. Әлгі алма ағашы түбіне барып отырған. Біраздан соң ол да ұйықтап кеткен. Сол арада құс келіп алманы қиып, бір алмасын алып кеткен. Ертеңгісі патша ұлын шақыртқан. Үлкен ұлы секілді жауап берген. Үшінші ұлына кезек келіп, үшінші ұлы бақшаға барып алма ағашы түбінде еш ұйықтамаған. Біраздан соң бақшаға от секілді жалт жалт етіп кұс келіп, айналаны күндізгідей жарық қылып алма ағашына келіп қонған да алмаларды қия бастаған. Патшаның ұлы айла қылып құйрығынан ұстаған. Бірақ дұрыстап ұстай алмай қалған, алтын құс олай-бұлай етіп ұшып кеткен. Патша ұлының қолында жалғыз ғана бір қауырсын қалған. Патша тұрған, ұлын шақыртқан, ұлы әлгі қауырсынды алып барып атасына берген. Патша қайран қалып тіпті қуанған. Өйткені ол қауырсын қараңғы тунді күндізге айналдырған. Патша осы қауырсынды өзі отыратұғын үйге қойған. Бұл оқиғадан соң алтын құс бақшаға тіпті келмеген. Көп уақыт өткен соң патша жанына ұлдарын шақырып айтқан: «Ей, менің сүйікті ұлдарым, не болса да сол алтын құсты тірідей ұстап әкелгендеріңе бұрынғы айтқан өсиетімді орындаймын»,— дейді. Сол арада үлкен ұлы мен ортаншы ұлы інісіне қатты ашуы келіп, не болса да бірге іздейміз деп кеңес етіп айтып койған еді. Мұнан соң үлкен ұлы мен ортаншы ұлы атасынан рұқсат сұрап һәм дұғасын алып алтын құсты іздеп шығып кеткен. Ағалары шығып кеткен соң патшаның кіші ұлы атасына жалына бастады: «Ай, ата, мені де жібер іздеуге». Атасы айтқан: «Сүйікті ұлым, сен жас баласың, ұзақ жолға жүріп көрмегенсің межелі жерге әлі ағаларың бармаған да болар»,— деген. Күн сайын, сағат сайын кіші ұлы атасынан өтініп тілеген: Не болса да батаңызды беріп, рұқсат етіңіз»,— деп. Ақыры патша кіші ұлын жібермесе болмайтын болады. Атасы көп қайыр дұға қылып, кіші ұлы бір атқа мініп жолға шығып кеткен. Бара-бара өзі де қай жаққа барғанын білмеген. Кетіп бара жатып ойлай бастаған: «Алыс па екен, жақын ба екен, биік пе екен, аласа ма екен?» Жүріп барып бір жерге жеткен. Ол бір жақсы саха¬ра — жасыл шөпті, бұлақтар ағып тұрған. kazakh-halykh-ertegisi

Ертеңіне тағы бір кеш жүрген алдынан тақыр шөл кездескен. Біраз демін алған соң әлгі тақыр шөлден кеткен. Біраз барған соң бір биік ағашты көреді. Ағашқа жазылған жазу бар екен. Жазуды оқыпты. Ағашқа жазылған сөздер: «Осы ағаш жанында үш жол бар: оңға ,солға, тура. Тура жолмен кетсе, ол кісі аш-жалаңаш болып аман қалады. Оң жақтағы жолға түссең, аты болса аты өліп, өзі аман қалады. Ағаштан сол жаққа кетсе, ол кісі өліп, аты қатар»,— деп жазылған. Патшаның ұлының ағаштан оң жаққа қараған жолға түсіп жүріп кеткен. Патша ұлы ойлаған «атым өлсе, өзім қалсам мал табылар» деп бір күн жүрген, екі күн жүрген. Үшінші күн бол-ғанда бұған бір жақтан келіп бір сұр қасқыр жолықты. Бұл сұр қасқыр тілге келіп айтты: «Ей, жас жігіт, сен әулиесің. Ағаштағы жазуды көргенсің. Онда жазған оң тарапқа кетсең атың басы жоғалады»,— деп, сол арада бұл баланың атын бір шетке алып барып жей бастаған. Патшаның баласы атынан айрылған соң өзімен бірге туған туысқанынан айрылған секілді шетке барып жылай бастаған. Біраздан соң жаяулап кетті. Бір күн, бір түн жүріп бала мүлде шаршады. Біраз демін алуға отырды. Сол арада артынан сұр қасқыр шауып келіп оны қуып жетіп баладан сұрай бастады: «Әй, патшаның ұлы, сен не жұмыспен жүрсің, жұмысыңды маған айт»—дейді. Патша ұлы жұмысының бәрін сұр қасқырға айтады. Сұр қасқыр: «Менің үстіме мін»,— дейді. Бала мінді, қасқыр жүгіріп кетті. Сонда шапшаң жүруі соншалық шапшаң ат болса да қасқыр артынан жетерлік емес. Бара-бара күн кеш болды. Күн кеш болған соң бұлар келіп бір тас жолға жетті. Ол тас жол биік екен. Сұр қасқыр айтты: «Уақыт жетті, түс менің үстімнен. Осы тас жолға өрмелеп шық. Осы жолдан түскен соң бір бақша көрерсің. Сол бақшада бір алтын қапас ішінде болады алтын құс. Аларсың, бірақ қапасқа тиме. Егерде қапасқа тисең өлесің. Неге десең сол сәтте қарауылшыларға хабар тиіп ол бақшадан шыға алмай қаласың. Сол сағатта сені ұстап алады»,— дейді. Патша ұлы жол бойымен өрмелеп шығып бақшаға кірді де алтын құсты көрді. Қапастан алып шыға бастағанда патша ұлына ой түсті. Өз-өзіне айтты: «Алтын қапассыз құсты алып жүру қиын болар»,— деп. Қайта барып алтын қапасты шешіп алам деп қапасты шеше бастағанда бақшаның іші суға толып кетті. Қапасты байлаған жерде темір шыбықтың бір басы патшаның уйіне кірген екен. Ең басына үлкен қоңырау байлаған екен. Ол коңыраудың сылдыраған даусымен қарауылшылар бұл жігітті келіп ұстайды. Алтын құстың иесі ол жердің патшасы Алматхан атты хан екен. Алмат патша өте ашушаң кісі екен. Бұл патша балаға қатты ашуланып: «Ұят емес пе саған осындай іс істеп жүруің., Өзің қандай адамсың. Қай патшаның еліненсің, атың кім»,— дейді. Жігіт қорқып кетіп: «Мен Хикмет деген патшаның ұлымын. Менің атым Фәрмүч»,— дейді. Алмат жігіттен сұрайды: «Сен мұнда неге келдің»,— дейді. Фәрмүч былай деп жауап береді: «Біздің патшамыздың бақшасын бір алтын құс иеленіп алған еді. Күн сайын түнде келіп бақшамыздағы алма ағашынан алма қиятын еді және бір алма алып кететін еді. Сол үшін оны ұстап әкелуге мені атам жіберді»,— дейді. Алмат патша айтты: «Ей, жас жігіт, өзің патша ұлы бола тұрып бұл іс саған жараспайды»,— дейді. Жігіт айтады: «Егер осы алтын құсты ұстап әкелсем атам орнына патша етіп қоямын деген. Сол үшін келдім»,— деді. Алмат айтты: «Сен ондай болса, жақсылықпен сұрасаң бір ауыз сөз сөйлемей берер едім. Жақсы бола ма, сенің осы ісіңді бірнеше ағыламнама жаздырып әрбір жерге таратсам. Тек сенің жастығыңды ескеріп сені құтқарамын һәм көп мал беремін, маған сен бір қызмет көрсетсең. Ол қызмет — бәлен деген үшінші патша мемлекетінде бір алтын жалды ат бар, ол мемлекет осы шаһардан мың шақырым жерде, бір биік үлкен теңіз артында, егер сен маған сол алтын жалды атты тауып әкелсең саған бір сөз айтпай осы алтын құсты жаным-тәніммен беремін. Егер осы қызметті қылмасаң қарақ атыңды бүкіл дүнияға таратамын»,— дейді. Бұл жігіт Алмат патшаға атты тауып келмекші болып бас иіп шығып кетеді. Қасқыр жанына келген жігіт, сұр қасқырға басынан өткен істерінің бәрін айтып береді.
Қаскыр айтты: «Әй, жігіт, менің айтқанымды неге тыңдамадың. Неге алдың алтын қапасты».— дейді. Патша ұлы қасқырға: «Сенің алдыңда айыптымын»,— дейді. Қасқыр айтады: «Қайыр, құдайдың ісі шығар, енді сен менің үстіме мін, кайда барсаң мен сені сонда алып барамын» ,— дейді. Патша ұлы қасқырдың желкесіне мінеді. Сұр қасқыр атқан оқ секілді шабады. Біраз уақыттан соң патша айтқан мемлекетке де түнде барып жеткен. Нақ түн ортасында ақ тастан істеген албардың қасына келеді. Қасқыр жігітке: «Бар, тез осы албарға кір, қазір қарауылшылар ұйықтаған соң атты, яғни, алтын жалды атты алып шық. Бірақ дуалда алтын жүген болар, оған тиме, егер тисең өлесің»,— дейді. Патша ұлы албарға кіреді. Атты алды. Сол арада жігіттің көзі дуалдағы алтын жүгенге түсті, жігіт жүгенге қатты қызықты. Алғысы келіп алғанда албар шу-шу ете қалып қарауылшылар оянып, албарға кіріп, патша ұлын ұстап патшаның алдына кіргізді. Патша жігіттен сұрай бастайды: «Қай елденсің һәм қандай адамның ұлысың»,— дейді. Патша ұлы қандай кісі ұлы екенін бәрін айтты. Патша жігітке: «Саған мұндай іс істеу жарайма, өзің бір патшаның ұлы екенсің, қайыр, бұл күнәңді кешемін, маған бір қызмет істесең. Қызмет — сол бір мемлекетте бір патша бар, оның бір сұлу қызы бар, неше жылдар мен жаушы жібердім, ғашық болдым, қызын маған берсін деп, ол маған қызын бермеді, егер сол қызды әкеліп берсең барлык күнәңді кешемін. Егер әкелмесең ұрлығыңды әр мемлекетке жазу жазып таратамын һәм ұрлығыңды әр-бір кісі біліп мазақ қылар. Егер осы істі орындасаң алтын жалды атты, алтын жүгенді өз ықтиярыммен саған беремін. Егер сен бастан жақсылыкпен сұрасаң, жақсы деп бір ауыз сөз айтпай беруші едім»,— дейді. Патша ұлы көп уақыт ойланып тұрды да сонан соң уәде беріп, қызды әкелмек болып жылай-жылай сұр қасқырдың жанына келді. Бастан аяқ қасқырға жай-күйін айта¬ды. Қасқыр айтты: «Неге айтқан сөзді тыңдамадың, неге тидің ол алтын жүгенге»,— дейді. Жігіт: «Айып менде, құдай солай мені бастады»,- дейді. Қаскыр айтты: «Жарайды, болары болды енді. Жүр, менің үстіме мін, қайда болса да мен сені сонда алып барамын»,— деді. Қасқыр өте қатты шапқан, сөйлеуге хал жоқ. Біраз уақыт өткен соң әлгі қыз еліне барып жетті., Шаһары алтын дуалмен айналдырған, ішінде бақша. Сұр қасқыр жігітке: «Түс үстімнен һәм аллаға тапсырып бар. Біз келген жолмен қайтып жол үстіндегі емен ағаш түбінде мені күтіп тұр»,— дейді. Патша ұлы касқыр айтқандай барып емен түбінде күтіп тұрады. Сұр қасқыр алтын дуалдың жанына барып бұғып тұрады.
Патша қызы бақшаға шыққан. Күн батқан соң өзінің бірге жүретін қыздарымен патша қызы жүре-жүре сұр қасқыр жанына бір-ақ келген. Сол арада сұр қасқыр дуал үстінен секіріп түсіп, патша қызын көтеріп алып желкесіне салып, секіріп шықты да шауып кетті. Өте қатты шабумен біраз уакыттан соң өзі айтқан жасыл емен түбіне келіп жетті. Патша ұлын да қызбен бірге арқасына мінгізіп алды.
Қасқыр патша қызын алып кеткен соң, жанында бірге жүрген қыздар патшаға келіп айтты. Патша бұл сөзді естіген соң жүйрік атпен қасқыр артынан қууға шықты. Бірақ касқыр артынан жете алмады. Сұр қасқыр үстіндегі патша қызы мен патша ұлы бір-біріне ғашық болып қалады. Қызды олар алып кел деген патшаға жақындайды. Жігіт қайғыра бастады һәм қызды патшаға бергісі келмей жігіттің көзінен жастары домалап-домалап түсе бастады. Жігіттің мұндай болғанын сұр қасқыр көріп жігітке: «Неге қайғырасың»,— дейді. Жігіт сұр қасқырға: «Ой, жан досым, сұр қасқыр, неге жыламайын, мен не қылам, тәнім, жаным, қаныммен бұл патша қызына ғашық болдым. Онан бір сәтке айрылып тұруға халім жоқ. Патшаға айтсам қызды бермейді. Басқадай халім жоқ, егер алтын жалды ат үшін бермесем менің уәдесіз атым әр жаққа жайылады. Осы істер үшін қатты қайғырам, қасқыр досым»,— деп жауап береді. Сұр касқыр: «Ей, жігіт, мен саған көп қызмет еттім тағы бір қызмет көрсетейін. Мен қазір сол қыз болайын. Мені патша жанына алып барып алтын жалды атты ал да алысқа кет. Мен біраз уақыт өткен соң патшадан далаға шығып жүруге сұранамын. Ол мені өзінің бағушы қыздарымен жіберер сол уақытта мен сенің жаныңда боламын»,— дейді. Осы сөздерді сұр қасқыр айтады да көзді ашып -жұмғанша патша қызы болады. Тіпті айырарлық болмады. Жігіт әуелі қызға пәлен жерге барып тұр деп, қыз болған қасқырды жетектеп патша жанына кіреді. Патша көрген соң жаны тәнімен қуанғаннан не істерін білмейді., Шаттанып өтірік қыз болған қасқырды алады да һәм алтын жалды атты жігітке береді. Жігіт қатты қуанып алтын жалды атқа мініп, өзі ғашық болған қыз жанына барып өз қасына міндіріп бірге кетеді. Патша жанында сұр қасқыр патша қызы болып бір күн тұрды, үш күн тұрды. Төртінші күн сұр қасқыр патшадан далаға шығып жүруге рұқсат сұрады. Патша: «Мен сені жүруге неге шығармайын, жаным, сен үшін жаным құрбан болсын», деп өзінің қызметкер қыздары¬мен далаға шығуға рұқсат берді.
Бір-біріне әбден ғашық болған жігіт пен патша қызы бостандыққа шыққан соң аз ғана уақыттан кейін сұр қасқырды ұмытады. Сол арада жігіттің есіне жан досы сұр қасқыр түседі. «Менің жан досым сұр қасқыр қайда екен» дегенде сол арада олардың көзіне сұр қасқыр көрінді. Сұр қасқыр келіп амандасып хал ахуал сұрап, жігіт пен қыз сұр қасқырға мінеді. Алтын жалды атты бұлар өздерімен бірге ертіп кетеді. «Алтын жалды атты алып кел» деген патшаға жетуге аз қалғанда бұлар бір жерге тоқтайды. Жігіт сұр қасқырға жалынады: «Сұр қасқырым, сен маған көп қызмет қылдың, рақмет, алла разы болсын. Енді тағы бір қызмет қылсаң мұнан соң өтініш айтпас едім. Бұл алтын жалды атқа өте қатты бауыр басып қалдым тіпті айрылғым келмейді»,— дейді. Сұр қасқыр «болады» деп, жерге аунап алтын жалды ат болады .Жігіт сұлу қызы мен алтын жалды атын қалдырып, өзі алтын жалды ат болған сұр қасқырды мініп патшаға келеді. Патша бұларды көріп қатты қуанып шат болады. Қарсы алдына шығып жігіттің қолын сүйіп өзінің салтанатты үйіне алып кіреді Жігіттің құрметіне үлкен ас береді. Ертеңіне жігіт өзінің еліне қайтатын уақыты болғанын патшаға ескертеді. Патша бұған «жарайды» деп, алтын құс пен алтын қапасты шаттанып беріп жібереді. Жігіт бұларды алып қаладан шығып кетті және өзінің сұлу қызының жанына барды. Екеуі алтын жалды атқа мініп һәм алтын құс пен алтын қапасты алып кетті. Бір күн өткен соң баяғы патша өзінің жалған алтын жалды атын ерттеп аңға шықпақшы болып қызметшілеріне ерттетеді. Патша мініп шығып кетті. Патша алтын жалды атты ұра бастаған еді. Ашуланып алтын жалды ат сұр қасқыр болды. Патшаны үстінен жығып түсіреді. Өзі шауып кетеді. Сұр қасқыр шауып отырып алтын жалдыға мініп кеткен жігіт пен шын патша қызы артынан жетті. Сұр қасқырға жігіт мініп, қыз алтын жалды атқа мінеді. Сөйтіп бұлар сұр қасқыр жігіттің атын жеген жерге жетіп тоқтайды. Сұр қасқыр: «Мен саған шын ықыласыммен көп қызмет еттім. Осы орында сенің атыңды жедім, сол орынға жеткіздім. Енді менің үстімнен түс. Мін өзіңнің алтын жалды атыңа және қайда барсаң сонда бар. Хош-сау бол»,— дейді. Патша ұлы сұр қасқырмен жылап айрылады. Бұлар өз жолымен кетеді. Күн өте қатты ыстық болады. Өздерінің шаһарларына аз жер қалғанда бір ағаш түбіне дем алму үшін жатады. Алтын жалды атты сол ағашқа байлап қойған. Алтын құсты алтын қапасымен өздерінің бас жағына қойып, өздері жұмсақ шөптің үстіне жатқан. Сөйлесе-сөйлесе бұлар ұйықтап кеткен. Сол уақытта бұл жігіттің екі ағасы алтын құсты іздеп кеткен жерлерінен бос қайтып келе жатыр екен. Інісі жатқан жерге келіп жеткен ағалары алтын құс пен алтын қапасты көріп қатты қызықты. Өзінің інісін өлтірмекші болып, бір ағасы қанжарын қынабынан шығарып інісінің ішін жарып тастайды. Патша қызын оятып одан аты-жөнін, қай жерден екендігін сұрады Патша қызы өзінің ғашық болған жігітінің қанжармен жарылып жатқанын көріп өте қатты жылай бастайды һәм айтады: «Мен сондай деген патшаның қызымын. Мені әкелген сіздің ініңіз Оны ұйықтаған уақытта қайсыңыз өлтірдіңіз. Бұл батырлык емес қой. Егер сіздер оны ояу уақытында өлтірген болсаңыз, ол уақытта бір сөз болмас еді»,— дейді.
Екі ағасы қыздың сөзін керек те қылмайды. Алтын жалды атты, алтын құсты, қызды бәрін алып шаһарына келеді. Үлкен той жасап хан қызды үлкен баласына қоспақ болады. Қыз ханға: Арызым бар, соны айтқасын қосыңыз», дейді. Хан:
— Қандай арыз, айт,— дейді.
Қыз бастан-аяқ көргендерін баян етеді. Хан нанарын да, нанбасын да білмей сол арада дереу кіші баласының өлігіне кісі аттандырады. Кісілер барса, басында бір сұр қасқыр хан баласының жараларын жалап жазып, тірілтіп алып отыр екен. Келгендер жылап көріседі. Қасқырмен хош айтысады. Біреулері сүйінші сұрап ханға қайта шабады, Шаһарға келген соң әкесімен көрісіп, екі ағасын хан малға құл қылып қояды. Мына баласына хан сүйікті қызын қосып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, өз орнына хан қойыпты.

 

Ертегі: Алтын балық

Баяғы заманда Бағдат шаһарында жоқшылықпен  күні өткен бір кемпір мен шал тұрады екен. Олардың ортасында сегіз жасар жалғыз ұл баласы болыпты. Кемпір үй ішімен айналысады да, шал ау тартып, азын-аулақ іліккен балықты талшық қып тағам етіп күнелтеді екен. Бір күні баласы:
-  Әке, мен де ау салуды үйренейін, бүгін мені жібер, - деп өтінеді. Шал мен кемпір жалғызы әлдеқалай суға түсіп кете ме деген қауіппен рұқсат етпесе де, бала жылап- еңіреп қоймағансын, «барсаң бар» дейді. Бала қуанып кетеді. Кешкісін құрған ауына ертесімен барып қараса, бір алтын балық оралып тұрады. Бала қуанғанынан не істерін білмейді. Үйге жеткенше жүгіреді. Баласының алтын балық әкелгенін көргенде, қуанған кемпір мен шал тұра жүгірісіп, біріне-бірі соғылысып құлап та қалады. Шал балықты алып шаһардың патшасына жүгіреді. Патша сарайының күзетшілері оны сарайға кіргізбей әуре жасайды. Ақырында «патшаға тарту етіп алтын балық әкелді» дегенді естіп, кіруге патша өзі рұқсат береді.
  Балықты көрген патша шалға:
-  Сен өміріңде алтын балық ұстап көрген жоқ едің, мынаны кім ұстады? - деп сұрайды. Шал:
 -  Кішкентай ұлым ұстады, - деп жауап береді.
 -  Онда сол баланы жібер маған, - деп, шалды үйіне қайтарады. Бала келгенсін патша оған көп алтын береді, бала үйіне қуанып қайтады.
 Оны естіген патша санаттары күншілік етеді. Олар патшаны былай деп азғырады:
-  Бұл алтын балық жалғыз болмау керек. Оның жұбайын таптырып алыңыз балаға, - дейді. Патша санаттарының айтқан ұсынысын қабыл алады.
 Баланы шақырып алып:
-  Бұл балықтың жұбайын тауып әкел, - деп бұйырады.  Сау басына сақина тілеп алған бала үйіне жылап келеді.  Патшаның бұйрығын айтады, әке-шешесі де қатты қиналады. Содан бала тағы да ау құрады. Ауына барса тағы да алтын балық ілігіп жатыр екен. Балықты алып тағы да патшаға апарып тартады. Патша қатты разы болғандықтан көп алтын қазына береді және кемпір-шалға жақсы сарай салдырып береді. Бұрын өлмесінің күнін кешкен шалдың үйі қазір кең бөлмелері бар, дүние-мүлкі мол, жақсы, сәулетті үйлердің қатарына кіреді. Мұны көрген патша санаттары өшпенділікті бұрынғыдан да күшейтеді. Олар енді баланы алысқа, «барса келместің» жолына жіберудің айласын қарастырады. Олар патшаға келіп былай дейді:
-  Мәртебелі тақсыр, бұл бір тамаша іс болды. Тек бір келіспейтін жері алтын балық жай суда өмір сүре алмайды, оның дүниеде өзіне лайықты алтын суы да болуға тиісті, енді соны алдырыңыз, - дейді.
 Аңқау патша оған да иланады. Баланы шақыртып алып алтын су тауып әкелуге жұмсайды.
-  Орындамасаң дарға асып өлтіремін, - дейді патша.  Бала үйіне қатты қамығып келеді. Әкесі: «Тағы не әмір етті патша?» - деп сұрайды. Бала: «Алтын су тауып алып кел деді», - деп жылайды. Кемпір-шал мұны естігенде естерінен айырылады. Бір күні бала әке-шешесімен бақыл айтысып, алтын су іздеп алыс сапарға шығады. Ол неше орман, өзендер- ден өтіп, биік асулардан асып, елсіз-сусыз шөл далалар мен беталды құла түзбен жүре береді. Бір жерлерге келгенде қой баққан шалға кез болады. Қарияға сәлем беріп қолын алады. Шал баладан жөн сұрайды. Бала өзінің бағдаттық екенін, патшасының әмірі бойынша алтын су іздеп жүрген жан екенін айтады. Қойшы шал ұзақ ойланып, сөйлепті.
-  Тегі ондай су бары бар, бірақ оған жетіп алып, қайту оңай іс емес, - дейді ол. Осы арадан қырық күншілік жол жүріп үлкен дарияға кез боларсың, одан кемеге мініп өтесің. Дарияның ол шеті мен бұл шеті өте қашық. Кеме жыл тәулігінде бір оралады. Кеме бергі жағада болса тез өтесің, арғы жағада болса бір жыл күтуіңе тура келеді, - дейді қария сөзін жалғап, - содан әрі тағы жүре бересің. Алдыңнан тас қорған көрінер, ол көрінгеннен кейін де он тәулік жол жүресің. Оның биіктігі қырық кез дейді айтушылар. Оны қыз патшасы билеп тұрады. Оның халқы да әйелден болса керек. Тұрғындары адам перісі дейді. Міне, осы шаһардың ішінде алтын сулы көл бар дегенді естігенім бар, шырағым, - дейді шал.
  Бала одан әрі де ұзақ жүріп, қария айтқан дарияға келсе, керуен тиелген кеме жағадан жаңа ғана қозғалып барады екен. Жартастан кемеге секіріп береді бала. Сәті болғанда кеменің дәл үстіне түседі.Теңізден өтіп шығып неше тәулік жол жүргеннен кейін қыз патшасының тас қорғанына да жетеді, бірақ қорғанның биіктігі сондай, оның басына шығу былай тұрсын, тіпті, төбесіне қараудың өзі қауіпті болады балаға. Бала қатты қамығып, зарлап жылайды, дегенмен қарап жата алмайды. Қорғанның сыртын айналып жүре береді. Ақырында бір қорғанға жанай шыққан зәулім терекке кезігеді. Бала соның бойымен өрмелеп қорғанның басына шығады. Қорған іші, бүкіл қала, тамаша бір нұрлы сәулеге бөленіп көз тұндырып тұр екен. «Бұл алтын судың сәулесі болар», - деп ойлады бала. Мұны көрген бала дәті шыдап аялдай алмай қорғаннан ішке қарай секіреді. Содан кейінгіні өзі де сезбейді. Бір уақытта көзін ашса, бір үйдің ішінде жатыр екен. Үй ішіне көз салып қараса, тамаша көрікті үй екен, ешбір жан сезілмейді. Бір уақытта есіктен бойжеткен қыз кіреді. Қыздан бала сұрай бастайды.
-  Мен қайда жатырмын?  -  Сені қорғанның ішінде мүшкіл халде жатқан жеріңнен осы үйге алып келдім, бүгін үшінші күн, сен маған өз жайыңды баян етші! - дейді қыз.  -  Мен Бағдаттан келемін, алтын су іздеп жүрмін, - дейді бала.  -  Сенің іздеген суың осында бар. Бірақ, бұл жер сен үшін өте қауіпті, - дейді қыз. Мұнда, - дейді ол, - адам перісінің уалаяты тұрады. Патшамыз Қорлығайым деген қыз. Оның халқы да бір өңкей әйелдер, еркек адам аты мен болмайды. Егерде ер адам мұнда кезіксе өлтіреді, мен саған шынымды айтсам, өзім бұл араның адамы емеспін. Тегі, сол өзіңнің айтқан «Бағдат» шаһарынан болуым керек. Олай дейтінім, - дейді қыз, - патшамыздың маған «әй, Бағдат қызы» деп шақырғаны әлі есімде қалыпты. Мені осында жас кезімде көтеріп алып келсе керек. Сондықтан, - дейді қыз, - осы мен тұрған үйде көрінбей тұра бер. Білсе, сені де, мені де жоқ қылады. Сонымен бала көрінбестен қызбен бірге бірі апа, бірі іні есебінде тұра береді. Әлгі «Бағдат қызы» патшаның аспазшысы екен, ол күн сайын түрлі жемістерден басқа да әртүрлі тәтті өсімдіктерден тамақ жасап беріп тұрады екен, алайда тағамға тұз салу дегенді білмейді екен. Бір күні бала қалтасының түбінде жүрген бір кесек тұзды қазанға тастап жібереді. Сол күні асын ішкеннен кейін Қорлығайым аспазшы қызды шақырып алып: Бүгінгі асты кім пісірді», - дейді. Аспазшы қыз бүгінгі тамағының аса дәмді екендігін өзі де сезген болатын, сондықтан ол былай деп жауап береді:
-  Тақсыр патшам, мен сізге нағыз шынымды айтайын. Бұдан он бес жыл бұрын еш адамға қатыссыз жүкті болып бір қыз тудым, сол қызым қазір он бес жасқа жетті, бүгінгі асты пісірген сол, - дейді.
 Патша өзінің санаттарын жиып алып:
-  Қазір шаһардың халкын түгел алтын көлдің жағасына сапка тұрғызыңдар, - деп бұйырады. Әлгі аспазшы қыз да баланы қыздарша киіндіріп жиынға алып барады. Халық жиналып болған соң, дереу шешініп суға түсуге тәртіп беріледі. Сол уақытта баланың ер екені анық- талады да, бір санатына патша баланың басын кесуге бұйырады. Баланың басын алмақшы болған патша санаты баланың көрікті жүзінен есі ауып құлайды. Екінші санаты да оның аяғын құшады. Бұған ашу шақырған патша балаға қылышын алып өзі ұмтылады. О да есі ауып құлайды. Есін жиып, Қорлығайым патша халқын таратады да, баланы өз сарайына енгізуге бұйырады. Сарайға келгенсін қыз патша балаға айтады:
-  Менің саған ықыласым түсті, сондықтан өлтірмедім. Ықтияр болсаң, саған тиемін және тағымды беремін, - дейді Қорлығайым.
 -  Қарсылығым жоқ, - дейді бала, - бірақ сізге қояр бір тілегім бар, қабыл алсаңыз.
 -  Айт! - дейді қыз патша.
 -  Мен елімнен шықканда, патшамыздың әмірі бойынша, алтын су іздеп шығып едім. Сол іздегенім сіздің шаһардан табылды. Соны патшамызға табыс етсем деймін. Тілегім осы, - дейді бала.
 Патша баланың тілегін қабыл алып, Шолақ пері деген бас санатына бұйрық береді: «Керекті мөлшерде алтын суды алып және мына баланы қанатыңа отырғызып Бағдат патшасына жеткіз», - дейді. Бағдат патшасының сарайына алып келіп түсіреді де, Шолақ пері былай дейді: «Патшаңызға кіріңіз де, алтын балық жүзетін хауызды көрсетіңіз және, - дейді ол, - мен өзіңе керек болған кезде, мынаны тұтата қоярсың», - деп шашынан екі тал жұлып береді. Бала патшасына кіріп бұйрығын орындап келгенін айтып:
-  Хауызды қараңыз, - дейді. Қараса, хауыз алтын сумен лық толып тұрады. Оны көрген патша хисабы жоқ сыйлықтар береді. Бала үйіне барғанда әке-шешесі баласын танымай қалады. Қасірет пен қапалық шеккен сорлылар айтумен әрең таниды. Олар баласының аман келгендігіне үлкен той жасап жатқанда, патшаның жауыз санаттары баланы қалайда жоюға әрекеттеніп жатады. Олар тағы да патшаға келіп былай дейді:
 -  Зор мәртебелі, патша ағзам! Дәрежеңіздің бұдан да жоғары болғанын шын ниетпен тілейміз. Сіздің алтын балығыңыз да бар, ол еркін жүзетін алтын суыңыз да болды. Әрине, тақсыр, бұған өзіңіздің данышпандығыңыз арқылы жетіп отырсыз. Екінші жағынан, біздің көмегіміз болғанын біліп отырсыз. Біздің сізге тағы бір берер кеңесіміз бар. - Айтыңыздар, бағалы ұсыныстарыңды тыңдауға әрдайым әзірмін, - дейді патша. -  Ол мынандай, дүниеде екі алтын құс бар дегенді естиміз. Енді соны алдырсаңыз, мәртебеңіз бұрынғыдан да артар еді, - деп азғырады олар. Ақылсыз патша оған да иланады. Баланы шақырып алып екі алтын құсты тауып әкелуге бұйырады. Бұл жолы да бала үйіне қамығып келеді. Алайда ол Қорлығайымға барып ақылдаспақшы болады. Шолақ перінің екі тал шашын тұтатады. Сол-ақ екен, Шолақ пері жетіп келіп, баланы алып қыз патшаға көзді ашып-жұмғанша жетіп барады. Бала қыз патшаға өз патшасының тапсырмасын - екі алтын құсты іздейтінін айтады. Қорлығайым оны да өзі табатынын ескертеді. Шолақ періні өзінің басқа елде патша болып тұрған ағасына жұмсап былай дейді:
 - Қорлығайым қарындасың ерге шығатын болды, соның тойына шақырады және екі алтын құсын шашуға алып келсін деп айтты де, - дейді. Қарындасының тойына екі алтын құсын алып, ағасы да келеді. Сөйтіп Қорлығайымның отыз күн ойыны, кырық күн тойы өткенсін, екі алтын құсты алып бала Шолақ перінің қанатына мініп еліне келеді. Патшаға екі алтын құсты тарту қылып тартқасын патша разы болып патшалық тағына отыруға балаға өз орнын береді. Сүйтіп, кемпір-шалдың баласы екі елді өзі билеп, Қорлығайымды әйелдікке алып, барша мұратына жетіпті. Қорлығайымға аспазшы болған бағдаттық қыз сол баланың туған апасы, кемпір-шалдың тұңғыш қызы екен. Оны бес жасында белгісіз нәрсе көтеріп алып кеткен екен. О да әке-шешесін көріп, қуанышқа кенеледі.

Ертегі: Екі лақ

  Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.
 - Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! - деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың - ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә!      Мына жердің шөбін қара-а!» - деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр:
 - Ақ лақ - ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! - деп, зекіреді Қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері ойланады. Жүрген-тұрған жерлерін еске алады.
 - Ұзап кеткен қойды қалай табамыз. Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар. Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтатын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, - дейді Ақ лақ. «Өлеміз» деген сөзді естігенде Қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, Ақ лақтың тілін алуға уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олай-бұлай жапырып жүріп отырады. Алдынан жыра кездессе - секіріп өтеді, тас кездессе - қарғып өтеді. Сөйтіп, екеуі бір кезде таудың етегіне ілінеді. Маңайда бір қара көрінбейді. Айнала жым-жырт. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді.
 - Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, - дейді Түлкі. Ал өзі ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны көрген ағасы қорқып, қашып кетеді-ау!» - деп ойлайды. Не айтатынын күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады:
    - Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді касқыр күтіп отыр. Ол Қара лақ екеумізді қонаққа шақырып еді. Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой. Қасекеңнің кәрі қатты. Мүмкін өзіңіз де бізбен бірге жүрерсіз.
 Жарайды, ендеше. Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, - дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды. Бір кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қаскыр кез бола кетеді. Ол аузын арандай ашып, бірден екі лаққа тап береді. Қасқырды көрген Түлкі сайға қарай зытады.
- Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жақсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! - дейді Қасқыр.
 - Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр. Ол таудағы жортқан аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен. Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқан-талқан боп ашуланып жүрер. Тіпті, өзіңізді жазым етер, - дейді Ақ лақ.
 - Бә-ә! Әй, Қасқыр! Мына Арыстанды қара-а! Шақырып тұр, - деп, бақырып қоя береді Қара лақ тыныш тұрмай. Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі-бері алақтап тұрады да:
 - Бәлесінен аулақ. Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түге! - деп жөнімен жүре береді.
 - Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына шығады. Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей бір қора қой қаптап жайылып келеді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді. Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ «Бә... Бә» деп маңырап қоя береді.
 Шопан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады.
- Мен сендерді ойдан-қырдан іздеп, таба алмай қойып едім. Өздерінің тауып келгенін қарашы. Жарайсың, Ақ лағым, жарайсың! Сені «Ақ лақ - ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ! - деп, Ақ лақты құшақтап бауырына қысады.

 

 

 

 

 

Ертегі: Ұр,тоқпақ!

Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болып, тұзақ құрып күнін көреді екен. Бір күні шал тұзағын келіп қараса, бір қаз түсіп қалыпты. Шал қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты:
 -  Мені сен босат! Менен не сұрасаң соны бір жылдан кейін ал, - дейді. Шал мақұл көріп, қазды босатып қоя береді. Үйіне келіп, жаңағыны айтса, кемпірі шалға ұрсады. Шал:
 -  Қой, сен түк білмейсің! - деп, сөзін тыңдамай, жүре береді. Бір жыл өтеді. Шал қазға бармақшы болады. Жүре-жүре бір жерге келсе, өңкей түйе жайылып жүр екен. Келіп түйешіден:
 -  Бұл кімнің түйесі? - десе:
 -  Бұл Қазбайдың түйесі, - дейді. «Бұл Қазбай - баяғы қаз екен», - деп шал ойланып тұрып, жүріп кетеді. Бір жерге келіп:
 -  Бұл кімнің қойы? - деп, қойшыдан сұрайды. Қойшы:
 -  Бұл Қазбайдың қойы, - дейді. Шал жаңағы қойшы баладан:
 -  Шырағым, Қазбайдың бұдан басқа несі бар? - дейді. Бала шалға:
 -  Қазбайдың үш жақсы нәрсесі бар. Біреуі: «Піс, қазаным, піс!» - десе, әр түрлі тамақ пісіп шығады, енді біреуі: «Құс, есегім құс!» десе, есегі алтын құсады, тағы біреуі: «Ұр, тоқпағым, ұр!» десе, адамдарды ұра береді, - дейді.
 -  Мақұл, - деп шал жүріп кетеді. Шал Қазбайдың аулына келеді. Қазбай шалды күтіп алады. Шал Қазбайдан «Піс қазанын» сұрайды. Қазбай сұрағанын береді. Шал алып үйіне келе жатса, бір жерде асық ойнап жатқан балалар шалға:
 -  Ата, асқа түсіңіз! - дейді.
 Шал асқа түседі. Үйге кіріп бара жатып, шал балаларға:
-  Шырақтарым! «Піс, қазаным, піс!» демеңдер, - дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң балалар тыңдасын ба: «Піс, қазаным, піс!» деп шулап қоя береді. Сүйдегенде, әр түрлі тамақ пісіп, даяр болады. Балалар қазанды айырбастап, алып қояды. Шал шығып қазанды үйіне алып барып: «Піс, қазаным, піс!» - десе, еш нәрсе піспейді. Шал қазанды алып, Қазбайдың үйіне қайта келеді. Қазбайға:
 -  Бұдан еш нәрсе шықпады, - дейді. Қазбай қазанды алып: «Піс, қазаным, піс!» десе еш нәрсе шықпайды. Қазбай қазанды алып, шалға есекті беріп жібереді. Шал есекті алып үйіне қайтады. Жолда келе жатса, балалар шалға:
 -  Ата, асқа түсіңіз! - дейді. Шал асты тастағысы келмей, есектен түседі. Үйге кіріп бара жатып балаларға:
-  Шырақтарым! «Құс, есегім, құс!» демеңдер, - дейді. Балалар:
 -  Мақұл! - дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң-ақ балалар: «Құс, есегім,  құс» десе, есек алтын құсады. Балалар есекті айырбастап, орнына басқа есек қояды. Шал есекті алып үйіне кетеді. Кемпір:
-  Қаздан барып алып келгенің осы ма? - дейді. Шал есекке: «Құс есегім, құс!» десе, есек еш нәрсе құспайды. Шал есекті алып, Қазбайға тағы қайта келеді.
 -  Есектен еш нәрсе шықпайды, - дейді. Қазбай есекті алып: «Құс, есегім, алтын құс» десе, еш нәрсе құспайды. Шалға Қазбай «Ұр тоқпағын» береді. Шал «Ұр тоқпақты» алып келе жатса, баяғы жерде тағы да балалар жүр екен. Балалар шалға:
 -  Ата, асқа түсіңіз! - дейді. Шал үйге кіріп бара жатып:
 -  Шырақтарым! «Ұр, тоқпағым, ұр!» демеңдер, - дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң, дәндеген балалар: «Ұр, тоқпағым, ұр!» - дейді. Тоқпақ балалардың әрқайсысын, ал кеп ұр! Ұрып жүр, ұрып жүр... Балалар тоқпаққа жалынады: «Ойбай, «Піс қазаныңды», «Құс есегіңді, берейік!» - дейді. Шал шығып келе жатып, естіп қояды. Шал келіп:
 -  «Піс қазанды», «Құс есекті» бересіңдер ме? - дейді. Балалар:
 -  Мақұл! Әкеліп береміз! - дейді. Шал «Ұр тоқпақты» қойғызады. Балалар «Піс қазанды», «Құс есекті» әкеліп береді. Шал «Піс қазанды», «Құс есекті», «Ұр тоқпақты» алып, үйіне келеді. Сөйтіп, мұратына жетеді.

 

Ертегі: Жақсылық пен жамандық

   Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып:
 - Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, - депті. Жақсылық:
 -  Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Cодан соң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жерімізге кезек мініп жетейік. Екеуміз мінгессек атқа қиын соғар, - депті. Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті. Жақсылық шаршап, арып-ашып, кешке жақын бір күркеге келеді. Ішіне кірсе, жан жоқ. Бірақ ортада бір үлкен қазан асулы тұр екен. «Айдалада қайнап тұрған не қылған тамақ? Дәм татайын», - деп, бір саусағының ұшын батырып, дәм татады да, күрке төбесіне шығып жатады. Бір уақытта қасқыр, түлкі, арыстан - үшеуі келіп, күркеге кіріпті. Түлкі тамақты көре сала:
 -  Ойбай, мына тамақтан біреу жепті! - деп, байбалам салады. Қасқыр мен арыстан екеуі:
 -  Кім жеуші еді? Адам келетін жер ме, бұл жер? - деп, кейіген соң, түлкі сөзді доғарып, үшеуі отырып тамақ ішіп, әңгімеге кіріседі. Арыстан, қасқыр, түлкі - үшеуі көрген-білгендерін айтысады. Арыстан мен қасқыр түлкіге:
 -  Түлкі, сен не көрдің, не естіп, не білдің? - дейді. Сонда түлкі тұрып:
 -  Мен бір жерден бір алтын көрдім. Пәлен деген байдың қыстауының қасындағы жаман қыстаудың ортасында, бір сүйем жердің астында жатқан бір құмыра алтынды күнде қарауылдап, қарап келемін, - дейді. Сонда қасқыр тұрып:
 -  Мен күнде пәлен деген байдың қойының арасында үлкен ала тоқтыны қарауылдап келемін. Себебі: ол байдың ауырып жатқан бойжеткен қызы бар, қандай ем қылса да жазылмайды және оның емін ешкім білмейді. Бірақ мен білемін: ол қызды жазатын ала тоқты. Ала тоқтыны сойып, өкпесін жегізсе, жазылады. Тағы да ол бай жар салған: «Кімде-кім осы қызымды емдеп жазса, соған осы қызымды беремін», - деп. Бірақ оның емін әлі ешкім тауып айтқан жоқ, тауып айта алмайды да, - дейді. Кезек келген соң, арыстан тұрып:
 -  Мен де түнде барып, түген байдың жылқысының біреуін жеп келіп жүрмін. Ол бай мені еш уақытта ұстай алмайды және маған оның ешбір жылқысы қуып жете алмайды. Жететін бір-ақ тайы бар. Ол тай пәлен тоғайдағы жылқының ішінде. Сол тайдан басқасынан мен құтылып кетемін. Және ол байдың жар салғаны бар: «Кімде-кім менің жылқымды жеп жүрген арыстанды ұстап берсе, соған бір үйір жылқымды беремін», - деп. Олар әңгімелерін аяқтап, ұйықтап қалады да, азаннан тұрып, бет-бетіне кетеді. Жақсылық олардың барлық әңгімелерін естіп алып, адам емдеуші боп, байдікіне келеді. Бай оның түріне қарап: «Осы емші шығар», - деп ойлап:
 -  Жоғары шық! - дейді. Жақсылық отырған соң, бай:
 -  Қызыма бал ашып бер! - дейді. Жақсылық: «Мақұл», - дейді де, қызды қарап:
 -  Баланы емдетпей, босқа қинапсыңдар ғой! Әкел анау үлкен ала тоқтыны. Мұның ауруы соның өкпесінде, - дейді. Бай дереу, қойшыларды жіберіп, тоқтыны алдыртады. Жақсылық қызға тоқтының өкпесін жегізіп, емдейді. Жазылған соң, қызды өзі алады. Бұдан кейін Жақсылық бағанағы жаман қыстауға келеді. Қораның ортасын бір сүйемдей қазса, бір құмыра алтын шығады. Оны алып, арыстанның айтқан жеріне барады. Барса, бай бір арыстанды ұстай алмай жүр екен. Мұны білген соң Жақсылық байға:
 -  Мен сол арыстанды ұстап берсем, сен маған не бересің? - дейді. Бай:
 -  Егер ұстап берсең, саған бір үйір жылқы беремін, - дейді. Жақсылық: «Жарар», - деп, тоғайдағы жылқылардың ішінен ала тайды ұстап алып, арыстанды күтіп тұрады. Арыстан келіп, жылқыны алып қаша бергенде, Жақсылық әлгі ала таймен қуып жетіп, арыстанды ұрып жығып, байдың бір үйір жылқысын алып, келген жолына түседі. Неше ай, неше жылдар өткенде, бір күні бұған Жамандық келіпті. Жақсылық Жамандыққа қараса, үсті-басында түк жоқ, қайыршы, дуана секілді екен. Ол Жақсылықты көріп:
 -  Жақсылықжан! Мен саған жамандық қыламын деп, мұндай күйге ұшырадым. Енді сен мені адам қыл. Сен бұл мал-мүліктерді қай жақтан таптың? - дейді. Сонда Жақсылық:
 -  Не де болса, адамзатсың ғой! Сен жамандық істегенмен, мен саған жақсылық істейін, - деп, өзінің бастан кешкен оқиғасын айтыпты. Сонан соң тұрып:
 -  Пәлен төбеде бір үй бар. Сен қазір соған жет. Оның ішінде асулы бір қазан ет бар. Бірақ оның ішіндегі еттен тек бір саусағыңды батырып, дәмін көр де үйдің төбесіне шығып жат. Сонда түлкі, қасқыр, арыстан келеді. Сен олардың әңгімесін тыңдай бер. Олар кеткеннен кейін естіген сөздеріңді істесең, сен осындай боласың, - дейді.
 Жамандық: «Жарайды,» - дейді де, баяғы күркеге барып кіреді. Жақсылық айтқандай, қазан толы ет асулы тұр екен, қызығып кетіп, шыдай алмай: «Мына бір жілігін жейінші» - деп, еттен жеп, сорпасынан да, бес-алты рет ұрттап алыпты. Сөйтіпті де, үйдің төбесіне шығып жатыпты. Бір уақытта түлкі, арыстан, қасқыр - үшеуі күркеге кіреді. Түлкі тамақты көре сала:
-  Ойбай, мына еттің тоқпақ жілігі жоқ, омыртқасы жоқ, сорпасы жоқ, біреу жепті! - дейді. Оған арыстан мен қасқыр:
 -  Кім жеуші еді? Бұл жерге адам келуші ме еді? - деп, көнбейді.
 -  Жоқ! Бір бәле бар! Мен түс көрейінші, - деп, түлкі жата қалыпты да, аздан соң қайта тұрып:
 -  Осы күрке үстіне шығайықшы, сонда бір пәле бар секілді, - депті. Бұл сөзін қасқыр мен арыстан да мақұл көріп, түлкі төбеге шықса, Жамандық жатыр екен. Үшеуі Жамандықты бас салып жеп қойыпты. Сөйтіп, Жақсылық жақсылығынан өмір сүріп, мұрат-мақсатына жетіпті. Жамандық жамандығынан ит-құсқа жем болыпты.

 

Ертегі - Маша мен Аю

ертегі сказки на казахском языке для детей ертеги маша мен аю маша и медведь Ерте, ерте, ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың Маша атты немересі болыпты. Бірде Маша құрбыларымен орманға жиналыпты. Атасы мен әжесі оған:

 - Құрбыларыңнан қалып қалма! – деп табыстады.

Бірақ Маша олардың айтқанын тыңдамады. Ол құрбыларынан алысқа ұзап кетіп, ақырында адасып қалды. Маша оларды шақырып айқайлай бастады. Құрбылары дауыс қатпады. Маша ымырт түскенше орманды кезіп жүрді. Кенет бір үйді көрді.

Машенька үйге кіріп:

 - Бұл үйде кім тұрады екен? – деп ойлады.

Ал бұл үйде аю тұратын. Ойлағанынша  болмады, үйге Аю кіріп келіп:

- Менің үйіме рұқсатсыз неге кіресің? – деп гүр ете түсті.

ертегі сказки на казахском языке для детей ертеги маша мен аю маша и медведь Маша:

- Мен адасып кеттім. Бүгін осында қонып, ертең үйіме қайтамын, - деді,

- Жоқ! Енді мен сені жібермеймін. Сен менің қолымда тұрасың. Пеш жағып, ботқа пісіріп, мені тамақтандырасың – деді.

Маша біраз бұртиды, бірақ не шара?! Ол аюдың үйінде тұра бастады. Аю күні ұзақ орманға кетеді, ал Маша үй жинап, дәмді бәліш пісіреді. Аюдың қуанышында шек жоқ.

Біраз күн өтті. Маша Аюға:

- Атам мен әжемді көрмегелі көп болды. Мен бір қорап бәліш пісірейін, ал сен оларға апарып бер, - деп еді, ол келісе кетті.

Маша бір қорап бәліш пісірді де:

- Жаңбыр жауып тұрған жоқ па? Есік алдына шығып қарашы, - деді. Аю сыртқа шығып кеткенде Машенька қораптың ішіне кіріп алды.

ертегі сказки на казахском языке для детей ертеги маша мен аю маша и медведь Аю қайтып оралғанда қораптың дайын тұрғанын көрді. Оны арқасына салып, деревняға тартты. Аю ұзақ жүрді, шаршады, ағаштың түбіріне отырып тынығып алғысы келді.

- Түбірге отырып, бәліш жейін, - деп ойлады.

Ал Машенька қорап ішінен:

- Түбірге отырушы болма, бәлішті жеме! Атам мен әжеме апар, - деді.

- Неткен қырағы еді. Бәрін көріп тұр, - деп, Аю қорапты көтеріп, ары қарай аяңдады.

Деревняға жетті, қыздың атасы мен әжесі тұратын үйді де тапты. Олардың есігін бар күшімен тоқпақтап:

- Түк-түк-түк! Есікті ашыңдар. Мен Машенькадан базарлық әкелдім, - деді.

Иттер бір нәрсені сезгендей оған тап берді.

 ертегі сказки на казахском языке для детей ертеги маша мен аю маша и медведь Басқа иттер де жан-жақтан үріп, жүгіре бастады. Аю қорқып кетті. Ол қорапты қақпа алдына тастай сала, алды-артына қарамай қаша жөнелді.

Осы кезде үйден атай мен әжей шықты. Қорапты көрді.

- Мынау не қорап – деп әжесі таңғалды. Атасы қораптың аузын ашып қараса, онда Машенька отыр. Атасы мен әжесі Машенькамен осылайша қауышты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қолғап» ертегісі (балабақшада)

Тақырыбы: «Қолғап» ертегісі.

«Қолғап» ертегісі. балабақшада

Тәрбиеші: Балалар бізге келіп отырған қонақ апайлар бізге қорап ала келіпті. Бұл қорап жәй қорап емес-сиқырлы қорап. Қараңдаршы қандай әдемі қорап. Қораптың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы қорап ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегібар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулеріндұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.

ЖҰМБАҚТАР:Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. /Аю/

  1. Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/

  1. Өзі бір қу,

Жүрген жері  шу./Түлкі/

  1. Күші десең, күші бар,

Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/

  1. Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын кім шалшықта

Бірін-бірі мақұлдап./Бақа/

  1. Жер қопарған тісімен,

Сескенесің түсінен. /Қабан/

  1. Үй-ішін аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жыртады,

Мысықтан қорқады. /Тышқан/

Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Міне сиқырлы қорап бізге қаншама әдемі суреттер сыйлайды. Балалар мына суреттерден не көріп отырсыңдар?

Балалар: Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю. Балалар бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ертегіні балалар жақсы көреді. Ертегіні балалар қонаққа шақырды. Ертегі бізге қонаққа

келді. Біздің бүгінгі ертегіміз қалай аталады?

Балалар: «Қолғап»

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар біздің бүгінгі «Қолғап» ертегіміздің кейіпкерлері сендер боласыңдар. Ерте,ерте,ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю.

 

Тышқан:

Өзім егін екпеймін,

Егістен ұзап кетпеймін.

Мысық қуса жетпеймін,

Мен қап тесер тышқанмын.

Бақа:

Мен бақамын, бақ-бақ,

Басым менің жалпақ.

Су түбінде көп жүріп,

Басым содан жалпақ.

Қоян:

Мен ақ қоян, ақ қоян,

Қалқиған ұзын құлағым.

Құлағымды жел үніне,

Тігіп жатар сақ қоян.

Түлкі:

Ананы да алдаған,

Мынаны да алдаған.

Жүрген жері шу,

Мен түлкімін қу.

Қабан:

Шалшық суда,

Балшық суда жүретін.

Мен сояу тісті қабанмын.       

Қасқыр:

Мен қасқырмын, қасқырмын,

Қозы ұрлайтын өрістен.

Ұйқым келмейді егерде,

Қозы етін жемесем.

Аю:

Кезген ішін орманның,

Мен аюмын қорбаңмын.

Қалың нудан бал таңдап,

Жүремін мен балпаңдап.

Тәрбиеші: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар.

Бір күні шал итімен келе жатып, орманда қолғабын жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді.

Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы қолғап. Мен енді осында тұрамын.

Шыршалардың арасынан бақа шығады.

Бақа: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қап тесер тышқан тұрады.

Ал сен кімсің?

Бақа: Мен секек бақамын. Қолғапқа мені де кіргізші.

Тышқан: Мұнда орын жетеді.

Шыршалардың арасынан қоян шығады.

Қоян: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің?

Қоян: Мен зымырауық қоянмын. Мен де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым.

Бақа: Бізде орын жетеді. Кір қоян.

Қолғапқа түлкі бикеш келеді.

Түлкі: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің?

Түлкі: Мен түлкі бикешпін. Менде қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден  тоңдым. Маған көмектесіңіздерші.

Қоян. Мұнда орын жетеді. Қолғап жылы, жаңа, жұмсақ кел кір түлкі.

Шыршалардың арасынан қасқыр шығады.

Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

     Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

Ал сен кімсің?

     Қасқыр: Мен қасқырмын. Мені де кіргізіңдерші. Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр.

Қолғапқа қабан келеді.

Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

     Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

     Қасқыр: Қасқыр тұрады.

Ал сен кімсің?

     Қабан: мен сояу тісті қабанмын. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші.

Қабан қолғапқа кіреді.

Шыршалардың арасынан аю шығады.

     Аю: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

     Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

Қасқыр: Қасқыр тұрады.

Қабан:  Сояу тісті қабан тұрады.

Ал сен кімсің?

Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші.

Тышқан: Жоқ!

 Бақа: мұнда орын жоқ!

     Қоян: сен дәусің қалай кіресің?

     Аю: Қолғапқа кіреді.

Тәрбиеші: Жоғалған қолғабын шал есіне алып: итіне артқа қайт, жоғалған   қолғапты тап деп бұйырады.

Ит әуп-әуп-әуп.

Ей сендер құстарсыңдар ма, әлде аңдар?

Қолғаптан тез шығыңдар.

Шал мылтықпен келеді.

Қолғапты алып кетеді.

Сендердің  қолғап үйлеріңді  шал алып кетті. Әрине, бұл жан ашырлық жағдай.

Қыс, күн суық сендер тоңатын болдыңдар. Сендерге баспана керек қой. Ендеше  қазір біз өз еңбегімізбен өзімізге

үй-баспана құрастырайық.

 

Балалар Монтессори әдісімен өздері ойнаған кейіпкерлерді баулау арқылы өздеріне қолғап үй құрастырады.

Балалар, міне сендер өз еңбектеріңмен өздеріңе қолғап үй құрастырдыңдар.Енді біздің үйіміз бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Вариативтік компонент "Ертегілер әлемі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 016 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2017 7305
    • DOCX 286.7 кбайт
    • 32 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейткалиева Жадыра Амантаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сейткалиева Жадыра Амантаевна
    Сейткалиева Жадыра Амантаевна
    • На сайте: 6 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15338
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация услуги по воспитанию детей в специальной (коррекционной) школе-интернате

Специалист в области воспитания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 10 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Курс профессиональной переподготовки

Тифлопедагогика в дошкольном образовании (работа с обучающимися с нарушениями зрения)

Учитель-дефектолог (профиль: нарушения зрения)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 80 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Здоровьесберегающие технологии в образовательном процессе в соответствии с ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 504 человека

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 245 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе