Инфоурок География КонспектыViola altika 6 класс

Viola altika 6 класс

Скачать материал

 

 

 

Viola altaica алтай шегіргүлі сабағының анатомиялық – морфологиялық құрылысы

 

 

 

6 секция - биология, химия, экология, география;

 

Орындаған: Челышева Рената, 6 «А» сыныбы,

 Ленин атындағы орта мектебі

Катонқарағай ауылы

Катонқарағай ауданы 

Шығыс Қазақстан облысы

 

Ғылыми жетекшісі:  Габдуллина Алия Уланбековна

ҒЭМА бөлімінің бастығы

Катонқарағай  Мемлекеттік 

Ұлттық Табиғи Паркі

Жетекшісі: Мергазина Анар Ерлановна

География пәнінің мұғалімі,

 Бердибеков Адил Бердибекулы

биология пәнінің мұғалімі.

 

 

 

 

 

2014 жыл

Кіріспе

Шығыс Қазақстан өсімдіктер әлемі өзінің құндылығы мен әртүрлілігімен ерекшеленеді. Оның территориясында  өсімдіктердің 3500-ге жуық түрі бар және ол өсімдіктерді зерттеу жұмысы толығымен аяқталмаған. Алтай шегіргүлі - солардың бірі. Бұл әдемі гүл облысымыздағы мемлекет қарамағындағы тамаша жерлердің бірі – Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өседі.  Бұл өсімдікті зерттеу жұмысы кездейсоқ таңдалмаған. 2012 жылдың қыркүйегінде Қаракөл (Язовое) көліне барған кезде (сурет 1),  біз гүлдеп тұрған өсімдікті байқадық.  Бұл өсімдіктің бірнеше данасын жинап алып, біз Катонқарағай  мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлерінен кеңес сұрадық. Олар қыркүйек айының соңында 1600 м биіктіктен жоғары орын алған бұл құбылыс  аномальды екенін мәлімдеді.

 

Сурет 1. Қаракөл (Язовое) көлі

 

Сол кезде бізде нормалы және аномальды гүлденген өсімдіктердің айырмашылығы туралы болжам пайда болды. Ол айырмашылықты біз анатомиялық – морфологиялық құрылысты зерттеу арқылы анықтауды ұйғардық. 

Сол себептен, бұл жұмыстың міндеті Viola altaica Алтай шегіргүлі сабағының анатомиялық – морфологиялық құрылысын зерттеу болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: 1) зерттелетін материалды жинау; 2) микроскопиялық препараттарды дайындау және зерттеу; 3) алынған мәліметтерді сипаттау және қорытындылау.

 

Негізгі бөлім

Алтай шегіргүлі – жерасты өркені қысқарған альпі өсімдігі. Жапырағы сопақша – жұмыртқа тәрізді,  эллипсоидті болып келеді. Гүлдері сары және көк - күлгін түсті ірі, диаметрі 4 см-ге дейін жетеді.  Биіктігі 5-15 см болатын көпжылдық өсімдік (сурет 2). Алтай шегіргүлі Алтайда, Іле Алатауында, Жоңғар Алатауында, Күнгей жотасы, Тастау жотасы т.б жерлерде кездеседі.

 Сабақтың өсімдіктер өмірінде алатын орны үлкен. Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек. Сабақтың қызметі: 1) сабаққа – бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді; 2) қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады; 3) органикалық заттар қорға жиналады; 4) көбеюге қатысады.

 

 

 

129

Сурет 2. Алтай шегіргүлі Viola altaica

 

 

Зерттеу материалы мен әдістері

Материалды жинау және зерттеу арнайы әдістеме арқылы жүргізіледі. Материалды анықтауда Орталық сібір ботаникалық бағының аға ғылыми қызметкері б.ғ.к Артемов И.А. кеңес берді. Алтай шегіргүлінің бөліктері Яковлева фиксаторында (70 % этил спирті) фиксаждалды. Уақытша препараттар Катонқарағай МҰТП-де ғылым бөлімі негізінде дайындалып, зерттелді. Кесіндіні (срез) дайындау үшін қауіпсіз ұстара, заттық шынылар, препаровальды инелер, қысқыш қолданылды (сурет 3).

 IMG_8869  

 

                          Сурет 3. Материалдар

 

Препараттар Motic. микроскопы арқылы зерттелді. Фотосуреттер микроскопта орналасқан сандық фотокамера көмегімен түсіріліп, дербес компьютерде өңделіп,   HP Color Laser Jet 1600 лазерлі принтерінде басып шығарылды (сурет 4). 

IMG_8872

Сурет 4. Препараттарды бақылау кезеңі

 

 

 

Эксперименттік бөлімі Негізгі және гүлденген сабақтар 70% этил спиртінде өңделді. Сабақ бөліктері фиксатордан алынып, ұстарамен кесілді. Алынған уақытша препараттар микроскоп астында қаралды. Ең үздік жасалған препараттар таңдалынып, суретке түсірілді (сурет 5).

 

IMG_8871

Сурет 5. Кесінді жасау үстінде

Алынған суреттерде Алтай шегіргүлінің негізгі және гүлденген сабағының анатомиялық құрылысы көрінеді. 

 

 

Жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау

Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде алтай шегіргүлінің негізгі және гүлденген сабағының уақытша препараттары бақыланды. Гүлденген сабақ 4 қырлы формалы болып келеді (сурет 6).

общее стебель

Сурет 6. Сабақтың ішкі көрінісі

 

Сырты жабындық ұлпа – қабықпен қапталған. Оның астында механикалық (тірек) ұлпа орналасқан. Одан кейін фотосиетездеуші ұлпаны да байқауға болады. Бұрыштарында өткізгіш ұлпа – флоэма (органикалық заттарды жапырақтырдан тамырына өткізеді) және ксилемадан (тамырдан еріген тұздары бар суды өсімдіктің басқа мүшелеріне таратады) тұратын өткізгіш шоқтары анық көрінеді. Гүлденген сабақ орталары қуыс болады және ол қуыстың шеттерінде дөңгелек паренхималық жасушалар орналасқан (сурет 7, 8 ).

 

1

Сурет 7. Сабақтың анатомиялық құрылысы

 

ксилема

 

флоэма

 

 
1

Сурет 8. Өткізгіш шоқ

Қорытынды

Жүргізілген зерттеу бойынша келесідей қорытынды шығаруға болады:

1. КҚМҰТП кітапханасындағы әдебиеттер мен ғаламторға шолу жасап, біз алтай шегіргүлі сабағының анатомиялық – морфологиялық құрылысын зерттеу жұмыстары жайлы мәліметтер таба алмадық.

2. Алтай шегіргүлі сабағының анатомиялық – морфологиялық құрылысын зерттеу жұмысы жалпы Шығыс Қазақстанда, соның ішінде, Катонқарағай ұлттық паркінде өсімдіктер әлемін зерттеуде маңызды роль атқарады.

3. Алтай шегіргүлінің биіктігі 5-тен 15 см-ге дейін жетеді, гүлденген сабағы төрт қырлы формалы.

4. Сабақтың анатомиялық құрылысын жабындық ұлпа (қабық), механикалық (тірек) ұлпа, фотосинтездеуші және өткізгіш ұлпалар құрайды.

5. Алтай шегіргүлі – балды және  сәндік өсімдік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.                Жүнісқызы К., Әлімқұлов Р., Жұмағұлова Қ. «Биология» 6 сынып Алматы «Атамұра» 2006;

2.                Артемов И.А., Королюк А.Ю., Королюк Е.А. и т.д. «Биология» 6 класс  Новосибирск, 2002.

3.        «Флора Казахстана» 6 том.Под редакцией академика Н.В.Павлова.Алма-Ата 1963.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Viola altika 6 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.09.2015 736
    • DOCX 3.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мергазина Анар Ерлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мергазина Анар Ерлановна
    Мергазина Анар Ерлановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15004
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 732 человека

Курс профессиональной переподготовки

Технологии географического образования

Педагог в сфере географического образования (учитель географии)

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 762 человека

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе