Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыВнеклассные работа "Психологиялық тренинг"

Внеклассные работа "Психологиялық тренинг"

Скачать материал

«Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Жас келсе іске!»

Жас мамандардың ортаға бейімделуін арттыру психологиялық тренингі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Мен және біз туралы әңгімелесейік!»
Мақсаты: Педагогтардың «Мен педагог» позитивті концепциясын, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, жаңа ортаға бейімделуіне, басқа адамдарды түсінуге, психологиялық қолдау көрсетіп, дамыту.
Қажетті материалдар:
А4 қағаз, сіріңке шиі, магнитафон, қалам, бояулар.

Тренинг барысы:
Сәлемдесу: Қатысушылар бір-біріне күлімсіреп, жақсы көңіл күймен, жақсы тілектер айтып амандасады.
Талдау: Неліктен осы сәлемдесуді таңдадыңыз?, Қандай әсер алдыңыз?, Кімнің сәлемдесуі ұнады?.
Танысу: «Менің есімім» (тренингке қатысушыларды ортаға бейімдеу, бір-бірімен жақын таныстыру). Қатысушылар шеңбер болып отырады. Сағат тілімен оң жақта отырған қатысушы өзін осы тренинг барысында өзінің есімін таныстырып, өз көңіл-күйін ортаға салады.

Танысқанымызға қуаныштымыз. Рахмет. Жаттығу аяқталды.

Талдау: Не сезіңдіңіз?, Өзіңізді таныстыру қиын болды ма?, көңіл-күйіңізді бөліскен қиын болды ма?

Қыздыру жаттығуы:

1. Мен кіммін? Отырған шеңбер бойымен әр қатысушы өзінің қандай маман иесі екенін, қандай жақсы, жағымсыз қасиеттерібар екенін, өзі жайлы қысқаша шолу жасайды.

2. Менің арманым. Сіріңкенің шиі беріледі. Әр қатысушы өз арманын шилерді құрастырып бейнелеу қажет.

3. Орын ауыстыру.

Қатысушылар тізбек бойымен отырады. Бастаушы орындық санын айтқанда, әр қатысушы жаңылыспай сонша орын ауыстыру қажет.

Талдау: Ауысу барысында не сезіндіңіз?, Орын ауыстыру сіздерге қиын болды ма? Бұл жаттығудың мағынасы не деп ойлайсыздар?.

 

Негізгі бөлім:

Жаттығу: «Табиғатқа саяхат»

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Бастаушы өз есімін айтып, отырғандарды саяхатқа шақырады. Өзімен не алатынын айтады. Келесі адам оның айтқандарын қайталап, өзін таныстырып, өзімен бірге не алатынын айтады. Келесілері де осыны қайталайды. Мысалы: Мен Айгүл табиғатқа

саяхатқа шығамын. Сіздерді де осы саяхатқа шақырамын. Мен өзіммен бірге палатка алдым. Енді осыны екінші адам жалғастыру қажет. Мен Саулемін. Айгүл саяхатқа шақырған соң барғалы отырмын. Өзіммен бірге сіріңке алдым дейді. Осындай тізбекпен барлығы айтып шығады.

Талдау: Қандай күйде болдыңыз?, Топпен саяхатқа шығу сізге ұнады ма?

Жаттығу : «Менің еңбек жолым»

Қатысушылар қағаз беріліді. Қағазға төмендегідей жолдарға сәйкес символдар орналастырады.

1. Мен жаңа ортада қандаймын —————–

2. Менің жұмысқа қызығушылығым———————–

3. Мен педагог ретінде ———————

4. Менің кәсіптік арманым ———————–

5. Менің жаңа ортам ———————

Талдау: Өзіңізге жаңа орта ұнады ма?, Еңбек жолыңызда қызығушылыңыз қалай?

Жаттығу: «Мен және мені қоршаған орта»

А4 қағазына әр қатысушы өзін және қоршаған ортасын бейнелейді.Ондағы өзіне жеткілікті және жеткіліксіз жақтарын, қандай көмек қажеттігін салуы қажет. Оны әртүрлі метафоралармен салуы қажет. Мысалы,өзін гүлге теңесе қоршаған ортаны күнге т.б бейнелейді.Әуенді музыка қосылып тұрады.

Талдау: Өзіңізді салуда не сезіндіңіз?, Сізге не ұнады?, Сіз қоршаған ортадан не қажетекенін білдіңіз бе?, Сізге не күрделі болды?.

Жаттығу «Мен саған сенемін»

Қатысушылар жұп құрып, бір-бірінің көзіне қарап отырады. Алғашында ыңғайсыз сезінеді, содан кейін өз ойларын кезектесіп, мынадай сөзден бастап айтады, мысалы, «мен саған сенемін…» өйткені сен жақсы адамсың. Келесі «мен де саған сенемін…» себебі сенің мінезің жақсы. т.б Осы кезде әуен ойнаптұрады

Талдау: Қандай кәсіби қолдау сөзі есіңізде сақталды?, Қандай сезімдер туды?, Қолдау алғанда қандай әсерде болдыңыз?.

Қорытынды:

1.Релаксация «Менің болашағым»

Әуенді музыка ақырын ойнап тұрады. Қатысушылар көздерін жұмып, еркін, өзіне ыңғайлы отырады.

Сіз өзіңізді кішкентай жаңа туған сәби ретінде елестетіңіз. Сіз күн санап өсіп келесіз. Ақырын-ақырын еңбектеп, жүруге даярланып жүрсіз. Бірте-бірте былдырлап тіліңізде шыға бастады. Сіз уақыт өте келе тіліңіз де айқындалып, жүрісіңізде нығайды. Мектеп табалдырығын аттап, білім алудасыз.Күнделікті тіршілік арнасымен білінбей уақыт өтіп, міне мектеп бітірудесіз. Алдыңызда ұлы өмір басталды. Кім болам?, Қандай мамандық иесі болам? – деген армандарыңыз бүгін міне орындалуда. Оқуды тәмамдап мектепке жұмысқа келдіңіз. Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз өз жұмысыңызға тиянақты, қызығушылықпен кірісе бастадыңыз. Ортаңыз сізге қолдау беріп, білмегендеріңізге көмек беруде. Арада бірнеше жыл уақыт өтті. Сіз де беделді, жақсы атағыңыз шыға бастаған, тәжірибелі ұстаз болдыңыз. Сіз өзіңіз де енді жас мамандарға қолдау берудесіз. Сабағыңызды беріп болып, жайлап үйіңізге қайтып барасыз. Жолда осыншама атақ, нәтижеге қалай жеткеніңізді есіңізге түсіріп келесіз. Міне сол оймен үйге де жеттіңіз. Сіз қуанышты,әрі бақытты сезіммен үйге ендіңіз.

Талдау. Қандай күйде болдыңыз? Жемісті еңбекке қалай қол жеткіздіңіз?

Әр қатысушы тренингтен алған әсерін ортаға салады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзіндік талдау:

Күні : 23.12.2014 жыл

Қатысқандар : 12 мұғалім

Тақырыбы: «Мен және біз туралы әңгімелесейік!»
Мақсаты: Педагогтардың «Мен педагог» позитивті концепциясын, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, жаңа ортаға бейімделуіне, басқа адамдарды түсінуге, психологиялық қолдау көрсетіп, ұжымдағы қарым –қатынасты  дамыту.

Кіріспе . Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Каржикова А.К. Жас мамандарға тренинг барысында өздерін еркін сезінуге,сабақ барысында ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға байланысты өзінің тілегін білдірді.

Барысы . Мектеп психологы Сайлаубаева Р.Ж. Жас мамандарға тренинг барысымен , оның ережелерімен таныстыра отырып, өздерін жаттығулар барысында ашық , сенімді , белсенді болуға шақырылды.

Тренинг жаттығулары көбінесе қарым-қатынасты , сенімділікті нығайтуға байланысты ұйымдастырылды. Сәлемдесу: Қатысушылар бір-біріне күлімсіреп, жақсы көңіл күймен, жақсы тілектер айтып амандасады.
Талдау: Неліктен осы сәлемдесуді таңдадыңыз?, Қандай әсер алдыңыз?,Кімнің сәлемдесуі ұнады?.
Танысу: «Менің есімім» (тренингке қатысушыларды ортаға бейімдеу, бір-бірімен жақын таныстыру). Қатысушылар шеңбер болып отырады. Сағат тілімен оң жақта отырған қатысушы өзін осы тренинг барысында өзінің есімін таныстырып, өз көңіл-күйін ортаға салады.

Танысқанымызға қуаныштымыз. Рахмет. Жаттығу аяқталды.

 Тренинг жаттығулары бірнеше түрде өткізілді.Атап айтар болсақ.

Жаттығу: «Мен және мені қоршаған орта» , «Мен саған сенемін», Релаксация «Менің болашағым».

Барлық қатысушылар белседілік таныта білді , өзара сенімділікке қол жеткізіп жатты, жекелей қабілеттерін тани бастады Жалпы тренинг сәтті ұйымдастырылды алдыға қойылған мақсатқа қол жеткізілді. Рефлексия барысында алғыстарын айтып, тағыда болашақта осындай тренингтер жүргізілуіне ұсыныстар жасалды.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассные работа "Психологиялық тренинг""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 432 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.12.2016 555
    • DOCX 42.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сайлаубаева Райгул Женисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сайлаубаева Райгул Женисовна
    Сайлаубаева Райгул Женисовна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19255
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы гендерной психологии

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс повышения квалификации

Основы медицинской психологии в деятельности педагога-психолога

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Курс повышения квалификации

Психологическая помощь детям с онкологическими заболеваниями

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе