Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Конспекты / Внеклассный урок "Тәуелсіз Қазақстан"

Внеклассный урок "Тәуелсіз Қазақстан"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Бақытжан Байқадамов (11.3.1917, Торғай облысы — 16.6. 1977, Алматы) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңерген өнер қайраткері (1957)[1].

Алматы мемлекеттік уиверситетін (1937), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1954). 1941 жылы Қазақ радиосында хор жетекшісі, 1947—1949 жылдары әйелдер ән-би ансамблінің жетекшісі әрі дирижері болды. 1952 — 1960 жылдары Қазақ филармониясын басқарды. Осы жылдары “Почташы”, “Су тасушы қыз”, “Домбыра”, “Алма ағаштар жайнайды”, “Кел, достар”, “Теміртау жастарының әні”, “Айгөлек”, “Бөбегім” атты ойнақы әндері мен “Майра”, “Тойбастар”, “Он алты қыз” сияқты хорға арналған шығармалары дүниеге келді. 1969 жылдан өмірінің аяғына дейін Қазақ қыздар педагогикалық институтында ұстаздық етті. Байқадамов БақытжанҚазақстанда көп дауысты хор музыкасы жанрын қалыптастыруда ерекше еңбек етті.




I. Ұйымдастыру.

1) Оқушылармен сәлемдесу

2) Қазақстан Республикасының Гимні.


II.Негізгі бөлім.

«Тәуелсіз Қазақстан» атты сыныптан тыс іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Мақсаты: тәуелсіз елін шексіз сүюге,отаншылдық сезімдерін ояту.Өжет мінезді желтоқсан құрбандарының ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу.Ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.


1.Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар біз қандай елде өмір сүріп жатырмыз?

Тәуелсіз мемлекетте,бақытты елде,бейбіт күнде өмір сүріп жатырмыз.

Жарайсыңдар! Ендеше сол,қазақ елінің тәуелсіздігі, бақыты қайдан келді?

1986 жылы Алматы қаласында Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінде

18 минутқа созылған пленум болды.Қазақстанға 20 жылдай басшылық еткен Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қызметінен босап,оның орнына саяси бюроның шешімімен Геннадий Колбинді сайлады. Бұл шешімге халық қарсы болып,наразы-лық білдірген жастар алаңға шықты.Бейбіт келісіммен шешіледі деген халық шеруі қанды көтеріліске ұласты.


2 Кешегі Қазақстан. Желтоқсан ызғары.:


270 студент оқудан шығарылды,107 адам сотталып, 168 адам қаза тапты,1000 адам тұтқындалды.


Жыл өткен сайын мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып ,тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың 16 желтоқсаны барша қазақтың жүрегін сыздатып, көңілдерге жара салды.


Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев ,Сәбира Мұхамеджанова, Жазира Асанова суреттері тақтаға ілінеді.


Бұл ерлік пен өрлік,қайғы мен қан мидай араласқан әрі қаралы да қасіретті күнді еске алып, тәуелсіздік жолында жанын пида еткен ерлеріміздің ерлігіне тағзым етіп,еске алайық.

(1минут үнсіздік)


3.Желтоқсан жайлы әдеби тақпақтар.


Ерсұлтан Отан үшін жанын қиды ұлдарың,

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.

Күйініштен ауырады жүрегім,

Естігенде желтоқсанның ызғарын.


Зере Желтоқсан тағдырына азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы күн.

Қыршыннан қиылған боздақтары,

Қалар мәңгі есінде қазағымның.


Альфия Желтоқсан – әйгілі күн

Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін.

Ерлерім ерлік үшін атой салып,

Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.

Мұғалім Бас алаңда ел жосқан

Жастар қаны жауған күн.

16 желтоқсан,

Тәуелсіздік туған күн !-деп бірнеше ғасырға жалғасқан бостандық, тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып 1991жылы 16 желтоқсан күні тұңғыш тәуелсіздік күні болып, тарихқа енді.

Қазағым деп жанын салған,қанмен келген жеңіске –биыл 24 жыл болып отыр.

Тәуелсіздік таңы атып,еліміздің қанаты жайылды.Төбемізде туымыз желбіреп, өз елтаңбамыз төрімізден орын алды.

Ту.

НұрисламСәуле шашқан алтын түсті күні бар,

Екпіндеген қыран құсты үні бар.

Ою басқан мөп-мөлдір көк аспандай,

Қазағымның желбіреген туы бар.

Тудың жобасын жасаған- Шәкен Ниязбеков.


Аружан Бұлт баспасын күнімді,

Тартылмасын өрісің.

Биік ұстау туымды,

Қасиетті борышым .


Кенжегүл Байтақ дала жерім менің,

Арта берсін елім менің.

Көк байрығың желбіресін,

Егеменді елім менің.

Елтаңба.

Айда Қара шаңырақ – ел күні,

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

Авторы – Жандарбек Мәлібекұлы,Шота Уәлиханов.Ортасындағы шаңырақ-керегесі кең, шаңырағы биік, босағасы берік болсын деген ұлы тілек негізінде алынған.

ҚолғанатТәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім елтаңбам.

Әнұран

Жанерке Шексіз көк аспанды жамылады,

Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі.

Бірігіп бір жүрекпен шырқайтұғын,

Әнұран- мемлекетің халық әні


Республикалық Әнұранның сөзін жазған - Жұмекен Нәжмединов,

Нұрсұлтан Назарбаев.

Әнін жазған- Шәмші Қалдаяқов.


Мұғалім Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік-ел бақыты ертеңі,

О,халайық! Құтты болсын қуаныш.

Қазақстанын әнге қосатын сыныбымыздың әншілерін қошеметпен шақырайық.

(Жангүлім,Нұрғали, Аида)

Сыныбымыздың әншілерін ортаға қол соғып шақырайық

Әнін және сөзін жазған Руслан Мамытов. Ән «Қазақстан бақыты.»


Қазақстанның басты нышандарының бірі-ОрдабасыАстана–бой көтерді,

1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.

1991 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Жансая Жаса жаңа Астанам,

Өркен жая бастаған .

Болашақтың есігін,

Өз қолыңмен аш маған .


Айгерім Ел болдың ерік алдың астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады.

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұтанның атымен басталады .


Мадияр Бес қару белге буынып,

Қолбастар көсем өзіңсің.

Жаныңды қиып берерсің,

Қазақтың байтақ жері үшін.


Батыр Ауыр күнді артымызға тастауы,

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көтерген,

Елбасымыз Нұрағамыздың бастауы.


Мереке Жыл сайын табыс қоссын табысыңа,

Әр қазақ берік болсын намысына.

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына.


Жаннұр Тәуелсіз Қазақстан ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәрміз баласындай бір атаның.

Нұрғали Осындай қарыштап дамып келе жатқан мемлекетімізді көркейту үшін біз кімбіз және қандай үлес қосамыз.

  • Тәртібімізбен, саналы білімімізбен үлес қосамыз

  • Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор оқушылармыз.

  • Біз спортты сүйетін,салауатты өмір салтын сақтайтын оқышылармыз.

  • Озық технологиямен жабдықталған мектепке қол жеткізген ұрпақтармыз.

Біз –тәуелсіздіктің тірегіміз.

Биші қыздарымыздың өнерін тамашалайық.Қол соғайық.(Жанерке, Жаннұр)

Қазақ биі «Домбыра үні»


Желтоқсан жеңісінің, тәуелсіздік бақытының нәтижесін және Астананы көру әрине барша баланың арманы.Олай болса Елордада болған балалар қуанышымен бөлісейік.

«Гүлденген Қазақстан»слайды.Назарымызды экранға салайық.


Желтоқсан қасіреті қаншама аналарымыздың жүрегін жылатып,жанын күйзелтті.Енді ондай ана зары ешқашан естілмесін,тек сәбиін құшағына басқан ана бақытын, анашым деп мойнына асылған сәби шаттығының күлкісі естілсін деген жақсы ниетпен тәуелсіз еліміздің бақытты аналарын әнге қосамыз.

Ортаға әнші қыздарымыз (Жанерке,Жаннұр,Аида, Аружан,Аяжан )

Ибрагим Дәрібаевтың сөзіне жазылған ән «Анажаным»

Балалар көп нәрсені білдік,ой түйдік.Ендеше Қазақстанның бүгінгі таңда қандай жемісін көріп отырмыз.


Ассоциация әдісі. Тәуелсіздік жемісі.


III. Қорытынды бөлім.

Балалар бүгінгі тәрбие сағатымызда бар үйреніп тыңдағанымызды жинақтап, алдарыңдағы ойымызды қорытып шығармашылық жұмыс ретінде берілген суреттерден ауызша мәтін құрау.

«Менің Отаным –Тәуелсіз Қазақстан»


1999жылы және 2005жылдары ел қалауымен қайта сайланып содан бері ел басқарып келеді.Елімізді бір ту астына біріктіріп отырған Елбасын неге әнге қосып шырқамасқа .

Хор.Ермек Жұматаевтың сөзіне жазылған,әні Ибрагим Дәрібаев «Нұр Аға»


Мұғалім Елімізде бақ береке ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын,

Отанымыз әрқашан тыныш болсын.- дей келе Қазақстан сен заңғар биіксің,сенің атыңды жер бетіне жар салып, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстар перзентіңбіз.Сондықтан тәуелсіз елімізді сүюге, қорғауға тиісті екенімізді ұмытпайық.


Бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
















Пән мұғалімі ҚұнанбаеваБ.

Сыныптан тыс іс-шараның өтілетін күні 18.12.2015ж

Сыныбы,уақыты 4 «В» 8.50

Сыныптан тыс іс-шараның өтілетін орны №202

Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы Тәуелсіз Қазақстан

Көрнекілігі электронды тақта,рәміздер,желтоқсан құрбандарының

портреттері.


Сыныптан тыс іс-шараның барысы

I.Ұйымдастыру.

1.Сәлемдесу

2. Қазақстан Республикасының Гимні


II.Негізгі бөлім.


  1. Тәрбие сағатының тақырыбы және мақсатымен таныстыру

  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

3. Кешегі Қазақстан.

а) 1986 жыл.Желтоқсан ызғары.Презентация

б) Желтоқсан жайлы әдеби тақпақтар

4. Бүгінгі Қазақстан

а) Қазақстан Республикасының Рәміздері

ә) Ән «Қазақстан бақыты.» Әні мен сөзін жазған Руслан Мамытов.

б) Қазақ биі «Домбыра үні».Бишілер Жаннұр,Жанерке

в) Презентация. Гүлденген Қазақстан.

г) Отан –Ана. Ән . Анажаным

5. Ассоциация әдісі Тәуелсіздік жемісі


III. Қорытынды бөлім.

  1. Шығармашылық жұмыс.«Менің Отаным –Тәуелсіз Қазақстан»

а) Хор. И.Дәрібаев Нұр Аға.

б) Мұғалімнің қорытынды сөзі.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров83
Номер материала ДВ-487656
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх