Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Воспитательная работа "Мамандығыңмен мақтан"

Воспитательная работа "Мамандығыңмен мақтан"


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Мамандықтың бәрі жақсы!

Сабақтың тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы!

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мамандық туралы мағлұмат беру, әр мамандықтың өзінің қызығы мен қиыншылығы жайлы түсіндіру, мамандықтар туралы пікірді жас кезеңдерінен ұғындырып, болашақта мамандық таңдауға ықпал ету.

Көрнекілігі: мамандық суреттері, слайдтар, сөзжұмбақ т.б

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе: Адамдық- борышың,

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан таймай,

Ар сақта оны біл.

Талаптан да, білім мен өнер үйрен,

Білімсіз ақыл пұл, -

деп Шәкәрім атамыз жырлағандай әрбір адам бір мамандық иесі болып халқына адал қызмет ете білуі керек.

Мамандық таңдау –жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Ұлкен өмірге енді ғана аяқ басатын жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Ж. Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе »дейді.

Сұрақ бізден, жауап сізден...

1Мамандық дегенді қалай түсінесің?

2 сен қандай мамандық иелерін білесің?

3 мамандық иесі болу шарт па?

4болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?

5бүгінгі таңда елімізге қандай мамандық иелері қажет деп санайсыңдар?

6 мамандықты әкелетін тпайдасына қарай таңдауға бола ма?

Кім болам? ой толғау

(Бірнеше мамандықтардың суреттері көрсетіліп, сол мамандық тың жақсы және қиын жақтары туралы өз ойларын ортаға салады.)

Сөзжұмбақ шешу

Мамандық сөзі шығады ( Мұғалім, кітапханашы, омарташы, ғарышкер, тігінші, дәрігер, тоқымашы, құрылысшы)

Жұмбақ шешу

Оқу білім -бағдары,

Заманның бағбаны

Мұғалім

Станогі жанды адам,

Сансыз өрмек жалғаған.

Тірлігі бар тынымсыз,

Өрмекшіден аумаған.

Тоқымашы

Тау мен тасын, өзенін

Туған жердің кеземін.

Тамыршыдай дөп басып,

Таба білер қажетін.

Қай мамандық ол қане,

Айтып жібер өз атын.

Геолог

Ара тұрар өлімге,

Қай мамандық өмірде?

Дәрігер

Теңіз түбі тірлігін

Зерттеп барлап білді кім?

Ихтиолог


Тест тапсырмалары (слайдтан көрсетіледі)

1.Ең ақшасы көп мамандық?

А. еден жуушы

Б.мал дәрігері, орманшы

С. бухгалтер, экономист

2. Ең «жасыл»мамандық

А. мұғлім, дәрігер

Б. эколог, бағбан

С. мұнайшы, ұшқыш

3.Ең тәтті мамандық?

А.аспаз, кондитер

Б. сот, заңгер

С.шахтер, ғарышкер

4. Ең «күлкілі»мамандық?

А. журналист, зергер

Б. клоун, каркатурашы

С. ғарышкер, дүкенші

5.Еең жауапты маманды?

А. сот, бухгалтер

Б. әнші, биші

С.ұста, шебер

6. Ең салмақты мамандық?

А. клоун, әзілкеш

Б. мұғалім, заңгер

С.аспаз, кондитер

Менің ата- анамның мамандығы (Эссе жазу)

Қорытынды: Мамандықтың жаман жоқ, тек оны дұрыс таңдай білген жөн. Кейбіреуіне әрине қабілет керек. Дегенмен, ең бастысы қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет.





Автор
Дата добавления 01.12.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров23
Номер материала ДБ-406606
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх