Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Рабочие программы / Воспитательный урок "Гүлдер -біздің сәніміз!"

Воспитательный урок "Гүлдер -біздің сәніміз!"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:



Сабақтың тақырыбы: Гүлдер біздің сәніміз.

БМ: Гүлдердің түрлерімен-бөлме,бақша,дала гүлдері мен таныстыру.Гүл адамның көз қуанышы екенін түсіндіру,гүлдерді өсіруге,күтіп баптауға үйрету.

ДМ: Тәжірибе арқылы бақылағыштық дағдыларын дамыту.

ТМ: Бір-біріне жақсылық ойлауға,жақсы тілектер айтуға тәрбиелеу.Туған жердің табиғатын қорғауға,сақтауға деген құштарлығын ояту.

Әдіс-тәсілдер:

Көрнекілік: Топ гүлдері,су құйғыш,гүл отырғызатын ыдыс,шүберек, тас,су,

күрекше,топырақ,құм,сепкіш,тірек сызба (гүлдер:дала,бөлме,бақша)

тірек сызба(гүлдер),тірек сызба «Бөлмедегі гүл» тақпақ.

Сөздік әдіс: а) Жылулық шеңбер: «Тілек шоғы»

б) Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып

Гүлге ұқсап демалам

Қанатымды бір қағып

Гүлдей болып жайқалам

Тәжірибелік әдіс:

Балаларды топ-тобымен ұйымдастыру,дайындалған ыдысқа гүл отырғызу.түсіндіру,көрсету.

Сөздік жұмыс: Жапырағы, гүлі,бұтағы сабағы, күлте,тамыры.

Көркем сөз: Тақпақ: Табиғат таңғажайып танығанға

Көре біл,ұғына біл,жырын тыңда

Табиғат тұңған асыл қазына байлық

Игере біл,қорға оны тағы да



Жер су,ауа орман бақ

Байлығымыз,көркіміз

Мәпелеп,баптап,қорған бол

Өсіреміз деген сертіміз

Кіргізіп көркін даланың

Бәйшешек қырда қаптады

Қызығып ылғы барамын

Үзуге бірақ батпадым

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу \келген қонақтармен амандасу\

Жылулық шеңбер: «Тілек шоғы»

Шарты: кімде-кім жақсылық жасап,жылы тілік білдірсе,ол өзіне қайта

«тілек шоғы» болып жақсылықпен оралады.\гүл шоқтарын тарату\

2. Өткен сабақты пысықтау.

«Көктем келбеті»

-Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын!

Ақ қар еріп,су көбейіп

Сай-салаға толады

Гүл бәйшешек толады

Бұл қай кезде болады?

Жауабы: Көктем

-Көктемнің қандай ерекшеліктері бар?

Жауабы: Күн жылынады,қар ериді,ағаштар бүршік жарады, көк шығады,құстар

ұшып келеді, бәйшешек өседі.

Бәйшешек туралы кім тақпақ біледі?

Кіргізіп көркін даланың

Бәйшешек қырда қаптады

Қызығып ылғы барамын

Үзуге бірақ батпадым

3. Жаңа сабақ

Жұмбақ:

Адамдардың бәрі қызығады, ұстай берсең сәні бұзылады. Ол не? \гүл\

-Балалар қандай гүлдерді білесіңдер?

Жауабы: Бәйшешек түймедақ,қалампыр,қазтамақ,сиягүл,бақбақ,қызғалдақ,

сарғалдақ,көкнәр,нарғызгүл,бақытгүл,жұлдызгүл т.б.

-Балалар осы гүл не үшін керек?

Жауабы: сән береді,ауа тазартады.

-Гүлдің құрылысын атайық.

Гүл үшке бөлінеді:бөлме,бақша,дала гүлдері болып.Бақша гүлімен дала гүлдерін кейінірек танысамыз.Бүгін бөлме гүлдерін бақылаймыз. Алдымен сергіту жаттығуын жасайық.

4. Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып

Гүлге ұқсап демалам

Қанатымды бір қағып

Гүлдей болып жайқалам \іс-қимылмен көрсету\

Гүлдер біздің бөлмелерімізге сән беріп тұрады. Олар әдемілік үшін ғана өсірілмейді, сондай-ақ ауаны оттегімен тазартады.Бөлме өсімдіктеріне үнемі күтім қажет.Оларды күтуге топырақ қоспаларын сұрыптау, суғару, қоректендіру, топырағын қопсыту, жапырағы мен сабағының шаңын сүрту, жұмыстары жатады.Өсімдіктерді бөлме температурасындағы сумен суғару керек. Жазда күн сайын, қыста сирегірек суғарады. Құмырадағы топырақтың құрғап кетпеуін қадағалап тұру қажет.Өсімдіктерді тұнған сумен суғарады. Тамырына ауа жетіп тұру үшін таяқшамен қопсытады. Өсімдіктердің шаңын дымқыл шүберекпен төменнен бастап тазалайды. Олардың жапырағын шаңнан тазартқанда аса ұқыпты болу керек

-Менің алдымда гүлдер тұр,әр гүлдің өз аттары бар.Қазтамақ қазоты\герань\ақ қызыл қоғажай\фиалка\,Жүсіптің сұлулығы\колеус\ т.б.

Гүлдердің сабағы,жапырағы,гүлі,тамыры болады.Бірақ бір-біріне ұқсамайды. Қазтамақ қазоты\герань\: сабағы-ұзын бұтақты өсімдік,жапырағы жасыл домалақ,жұмсақ, түкті, жапырағына қол тигізсең жапырақтың исі шығады.

Алоэ:емдік гүл,шырын жасауға болады ,бет май жасауға болады .

Жүсіптің сұлулығы\колеус\: бұтақты өсімдік,жапырағының түсі қоңыр,жасыл түкті бойы биік.

Ал енді салыстырыңдар қай гүл биік,қай гүл аласа?

\Балалар салыстырады\

Енді осы гүлдерге қандай қамқорлық жасаймыз?

Жауабы: Гүлдерге су құйамыз,топырағын қопсыту қажет,тамырына пайдалы.

жапырағын сүртеміз себебі шаңды жақтырмайды.

\Балаларды ортаға шығарып біреуіне су құйғызтып,енді біріне топырағын қопсытқызу ұсынылады.\

-Балалар өздерің көріп тұрсыңдар кейбір гүлдің жапырағы үлкен,кейбіреуінікі майда кішкене.Үлкен жапырақты гүлдерді сулы мақтамен сүртемізде,майда жапырақты гүлдерді су сепкішпен су бүркиміз.

\Балалар су бүркіп,жапырағын сүртеді\

Гүлдің көшетін қалай отырғызамыз.

  • Гүл отырғызатын ыдыстың түбі тесік болуы керек.

  • Түбіне майда тас

  • топырақ,

  • құм саламыз.

Өсімдіктің тамыры болады. Тамыр топырақта болады.

\гүлді отырғызу тәртібі көрсетіледі\

Ескерту!

Гүлге қорек,ауа,жарық, су қажет. Гүлге бірден суық су құйуға болмайды.Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет.Содан кейін құйамыз.

5. Тәжірибе:

Екі бала,екі ыдысқа бірдей гүлдің көшетін отырғызады.

а) Бірінші бала гүлге жақсы мейірімді сөз айтып,жеңіл сазды әуен

қойып,тақпағын айтады.

Жер,су,ауа,орман бақ

Байлығымыз көркіміз

Мәпелеп,баптап, қорған боп

Өсіреміз деген сертіміз.

б) Ал екіншісі бала тек агресивті,ауыр рок әуенімен өсіреді.

-Енді осы гүлдерді күнделікті бақылап отырамыз.Рахмет балалар.

Енді тақтаға назар аударыңдар.

Жаттап үйренейік.

Қызыл-жасыл гүл егіп

Баптап,күттік,түрлеттік

Қалмасын деп қуарып,

Апта сайын суғардық

Гүлдендірдік бөлмені

Бөлмеде гүл қаулады.

6. «Біз не білдік?»

  • Гүлдердің үшке бөлінетінін білдік.

  • Гүлдерді бақыладық

  • Гүлдерді отырғыздық

  • Гүл туралы тақпақ жаттадық.

7. Балаларды мадақтау.

Табиғат таңғажайып танығанға

Көре біл,ұғына біл,жырын тыңда

Табиғат тұнған асыл қазына байлық

Игере біл,қорға оны тағыда \Ақерке\

«Табиғаттағы өсімдіктерді қорғайық!»-деп сабағымызды аяқтаймыз.

Келген қонақтармен қоштасамыз.



























1 Жылулық шеңбер: «Тілек шоғы»

2 Көктем туралы \ жұмбақ \

Ақ қар еріп,су көбейіп

Сай-салаға толады

Гүл бәйшешек толады

Бұл қай кезде болады?

3 Көктемнің қандай ерекшеліктері бар?

4.Бәйшешек туралы кім тақпақ біледі?

Кіргізіп көркін даланың

Бәйшешек қырда қаптады

Қызығып ылғы барамын

Үзуге бірақ батпадым

5. Жаңа сабақ

6 Жұмбақ:

Адамдардың бәрі қызығады, ұстай берсең сәні бұзылады. Ол не? \гүл\

7 гүл не үшін керек?

8 Схема

9 Бөлме гүлі туралы сипаттама

10 Сергіту

11 Су құю,қопсыту,шомылдыру

12 Гүл отырғызу тәртібі

13 Екі бала отырғызады

14 Тірек сызба:

15 «Біз не білдік?»

16 Балаларды мадақтау.

Табиғат таңғажайып танығанға

Көре біл,ұғына біл,жырын тыңда

Табиғат тұнған асыл қазына байлық

Игере біл,қорға оны тағыда

«Табиғаттағы өсімдіктерді қорғайық!»деп сабағымызды аяқтаймыз.

Келген қонақтармен қоштасамыз.











Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Рабочие программы
Просмотров311
Номер материала ДВ-525078
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх