Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыҰйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы (мекепалды даярлық тобы)

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы (мекепалды даярлық тобы)

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               № 42  балабақша

Мектепалды даярлық топ

Тәрбиеші : Тұрмақанбет Тоғжан Әлімханқызы.

 

 

 

5 сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу  қызметінің технологиялық картасы     

«Алау »топ   балаларына  арналған.

 

 Білім беру саласы :Коммуникация

 Оқу қызметі :Көркем әдебиет.

Тақырыбы; Бір уыс мақта . Ыбырай .Алтынсарин

Мақсаты: Ыбырай Алтынсаринмен таныстыру.

                 Білімділік:Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күйін,қисынды мазмұндауға үйрету.

                 Дамытушылық:Әңгіме арқылы ойын, қиялын дамыту.

                 Тәрбиелік: Әңгіме жанырларын ажыратып,қиял іс-әрекетін арқылы сахналау.

Көрнекіліктер: Ыбырай Алтынсариннің портреті, әңгіме мазмұнына салынған сюжеттік суреттер.
Сөздік жұмыс: шапан, мақтаның қиқымы, мамық.
Әдіс - тәсілдер:
әңгімелесу, сұрақ – жауап.

Әрекеттердің

кезеңдері

                Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

 

Шаттық шеңбері:

Біз байсалдымыз,
Мұқият тыңдаймыз,
Есте сақтаймыз,
Бөгет жасамаймыз,
Сабақта өткенді, әрдайым қайталаймыз!

Қол ұстасып шеңберге тұрып,өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады,бір-біріне жылулықтарын сыйлайды.

Ізденістер,

ұйымдастыру

 

 

 

 

 

оятушылық

Сәлеметсіңдерме балалар                                                                      -Құралдарың жинаулы ма?                                                                                                                                 - Көршің дұрыс отыр ма?
- Бәрің  мені мұқият тыңдайсыңдар ма?                                                                                                                    -  Бүгін қай күн? 
- Бүгін ауа райы қандай? 

Әңгімелер» Ы. Алтынсариннің портретін көрсету және қысқаша мәлімет беру. Әңгімелерімен таныстыру, кітаптарымен таныстыру.
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841 — 1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Балаларға арналған көптеген ертегілер, әңгімелер жазып қалдырған жазушы.

 Әңгімені мәнерлеп оқып беру.
Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отыр екен, шешесi қасына отырып, ақыл айтты:
- Балам, дүниедегi жаратылған жанды - жансыздардың ешқайсысының да керексiз болып, жерде қалатыны болмайды, – деп. Сол сөздi айтып отырғанда, қыз бала киiмiн жамап болып, жердегi мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:
– Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегi бола қалмас, – деп.
Шешесi:
– Балам, сол да жерде қалмайды, – дедi. Осылайша сөйлесiп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтерiп ұшырды, мұны бiр торғай көрiп қуып барып, мақтаны тұмсығына тiстеп қана алып, ұшып кеттi. Қыз әжесiнен:
– Манағы мақтаның қиқымын бiр торғай алып кеттi, оны неғылады? – деп сұрады. Әжесi айтты:
– Көрдiң бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздiң келгенiн. Ол кiшкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етедi, – дедi.

Сұрақ қою:
- Әңгіме не туралы?
- Қыз бала не істейді?
- Торғайдың іс - әрекеті қандай болды?
- Әңгіме немен аяқталады?

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық,
Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір.
Орнымызды табайық.

Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр»
Ойынның шарты: өлеңді оқи отыра, торғай деген сөзді естігенде шапалақ ұру.
Торғай, торғай, торғайсын
Ұшып, қонып қорғайсын.
Сен өзің қандайсын?
Қарғаға да ұқсамайсын
Өзің кіші торғайсын,
Түсін қоңыр торғайсын,
Ұяңа мамық тасып ап,
Өзің сондай торғайсын.

Сәлеметсізбе !

Жинаулы.

Тыңдаймыз

Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді.

 

 

 

 

Ыбырай Алтынсарин туралы мағлұмат алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әнгімені тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға толығымен жауап береді.

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін іс-қимылдармен жасап көрсетеді.

 

 

 

Д\О ойын ойнайды.

Қол көтереді.

Рефлексивті-түзетушілік

 - Ал балалар, біз бүгін кіммен таныстық?
- Ол жазушының қандай әңгімесімен таныстық?

Нені білуі керек: Әңгіменің мазмұнын білуі керке.

Нені  меңгеру керек: Ыбырай Алтынсарин туралы меңгерді.

Тәрбиеші: Тұрмақанбет Тоғжан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу  қызметінің  технологиялық картасы

«Алау»топ   балаларына  арналған.

 

 Білім беру саласы :Таным

 Оқу қызметі:Құрастыру.

Тақырыбы; Сырмақ

 Мақсаты:   Балаларға мағыналы ою элементтерінен әдемі өрнекті құрастыра білуге, түстердің үйлесімділігіне қарай отырып, пішініне, көлеміне және жазықтықта орналастыра білу дағдыларын қалыптастыру         

                 Білімділік: Ою өрнектің қарапайым атаулаарын үйрету

                 Дамытушылық: Сырмақ құрастыру технологиясын  терең меңгере отырып,          

  қазақтың ұлттық үй  жиһаздарының   жасалу жолдарын үйрете  отырып,

                 Тәрбиелік: Ұлттық   қол өнерді   қастерлеуге үйрету,бұйымга сәндік талап

  қоя білуге тәрбиелеу   және  ұқыптылыққа, ұлттық  мәдениетті сүюге  тәрбиелеу.

 Сабақтың  әдісі:       түсіндіру,  сұрақ –жауап,    іс-әрекет.

Сабақтың  көрнекілігі:  дайын  жасалған сырмақтар,  суреттер, альбомдар,   буклеттер, ою-өрнек.

Әрекеттердің

кезеңдері

                Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

 

Шаттық шеңбері:

Армысың шұғылалы алтын күн!
Армысың мейірімді жер ана!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату дос болайық!

Қол ұстасып шеңберге тұрып,өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады,бір-біріне жылулықтарын сыйлайды.

Ізденістер,

ұйымдастыру

 

 

 

 

 

оятушылық

Сәлеметсіңдерме балалар                                                                      -Құралдарың жинаулы ма?                                                                                                                                 - Көршің дұрыс отыр ма?
- Бәрің  мені мұқият тыңдайсыңдар ма?                                                                                                                    -  Бүгін қай күн? 
- Бүгін ауа райы қандай? 

Бұрынғы кезде біздің ата - бабаларымыз киіз үйде өмір сүрген. Сол киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарын ұстаған. Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына сандық, көрпе, жастық, киіз, торсық,; киім-кешектерге - кимешек, кажекей, мәсі, сырмақ жатады.
Қазақтың қай ұлттық бұйымы болмасын, ою - өрнексіз болмаған. Бүгін біздер ою - өрнектің «Қошқар мүйіз» деген түрімен танысамыз.
«қошқар мүйіз» - ата бабаларымыздың отар - отар қойы болсын деген арман тілегін, молшылықты білдіреді.

Сырмақ киізден сырып оюлап жасалған төсенгіш. Оны

жасаудың атадан балаға таратылып, дәстүр болып келе жатқан өзіндік ерекше салты бар. Сырмақты түрлі түсті киізден ойып, өрнек салып та, сондай-ақ шымқай ақ киіздің  бетіне кызыл, сары маталардан оюлап бастырып та тігеді. 

 Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы қайталау.

Сырмақтың түрлері

 (үлкен сырмақ, кішкене сырмақ, төр сырмақ,  төсек сырмақ, төрткүл сырмақ, тері сырмақ, бөстек сырмақ)

Сырмақтың жасалу жолдары.

       (екі түсті киізден ойып жасалады және киізге барқыттан,   шұғадан ою ойып жапсырып тігеді)

Жұмбақ.
Кіруге адам батпайды
Затыңды аман сақтайды.(сандық)
Текшелеп төрге
Жиғаным не? (көрпе, жастық)
Тәрбиеші:
Балалар! Қараңдаршы, әжеміздің киім-кешектеріне, жиһаздарына не жетіспейді?

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қылқаламды қояйық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Бір тынығып алайық.

Ойын: «Сиқырлы қоржын»
Қоржынның ішіне үй құстарының, төрт түліктің кішкентай ойыншықтары салынған.
Балалар, ойын шарты бойынша біреуін алып, соған сипаттама беруі керек.
Балалар  құрал жабдықтарды пайдаланып жұмысқа кіріседі.

Сәлеметсізбе !

Жинаулы.

Тыңдаймыз

Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сырмақ түрлерімен таныс болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалр қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орнымыздан тұрайық
Қылқаламды қояйық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Бір тынығып алайық.

 

Жылқы - үй жануарына жатады, оның сүті, еті пайдалы. Жылқы кісінейді.
Тауық - үй құсы, оның жұмыртқасын, етін пайдаланамыз
.

Рефлексивті-түзетушілік

Балалар бүгінгі сабақта не үйрендік.

Не білдік.

Қандай оюлармен таныстық.

Бүгінгі сабақ ұнадыма. 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ою-өрнек түрлерін білді..

Тәрбиеші: Тұрмақанбет Тоғжан

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

Ұйымдастырылған оқу  қызметінің технологиялық картасы

                                            «Алау»  топ   балаларына  арналған.

 

 

 Білім беру саласы:Таным

 Оқу қызметі :Қарапайым  математикалық  ұғымдрды  қалыптастыру

Тақырыбы.Зат және оның бөлігі.Бүтін және бөлік.

Мақсаты:Бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету.

      Білімділік:  Бүтінді түсінуге баулу қарапайым мысалдар мен есептерді шеше білу дағдыларын бекіту.

      Дамутышылық;Сандарды салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

      Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 Сөздік жұмыс: Бүтін, екі бөлік, жарты, қақ ортасы.

Әрекеттердің

кезеңдері

                Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

 

- Жылулық шеңбері:

Сәлем бердім мен күнге.

Сәлем бердім мен саған.

Сәлем бердім апайға .

Қонақтарға құстарға.

Қол ұстасып шеңберге тұрып,өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады,бір-біріне жылулықтарын сыйлайды.

Ізденістер,

ұйымдастыру

 

 

 

 

 

оятушылық

Сәлеметсіңдерме балалар                                                                     

-Құралдарың жинаулы ма?                                                                                                                                 - Көршің дұрыс отыр ма?
- Бәрің  мені мұқият тыңдайсыңдар ма?                                                                                                                    -  Бүгін қай күн? 
- Бүгін ауа райы қандай? 

 . Ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Екеуі тату - тәтті өмір сүріп келеді екен. Шал аяқ киім тігіп, ал кемпірі үй шаруасымен айналысып күнделікті күйбің тіршіліктерімен уақыттары өтіп жатыпты. Олардың көптеген тауықтары болыпты. Тауықтарының түстері бір - біріне ұқсамайтын әдемі екен. Балалар, тауықтарының түстері қандай екен?
Ақ, сары, қара, қызыл, сұры.
- Неше тауық екен?
Барлығы неше тауық екен?
- Осы тауықтары күнделікті шал мен кемпірге көптеген жұмыртқалар тауып береді екен.
- Балалар, жұмыртқалар көп пе, аз ба?
Көп екен.
- Жарайсыңдар, тамаша! Осылайша олар еш нәрседен кемшілік көрмей өмір сүре береді. Күндердің бір күнінде ғажап құбылыс болып, тауықтарының бірі бір ғана алтын жұмыртқа табады. Жұмыртқа әдемі болып жарқырап жатады.
- Ол қандай жұмыртқа екен?
Алтын жұмыртқа.
- Қанша ғұмыр кешсе де шал мен кемпір мұндай кереметті бұрын соңды көрмепті. Аяқ астынан тап болған байлыққа қуанып екеуі билей жөнеледі. Жұмыртқаны үйге алып келіп, шал кемпіріне бергісі келмейді. Осылайша екеуі жұмыртқаға таласады. Жұмыртқа жерге түсіп жарылып қалады. Олар өздерінің бұл істеріне өкініп қалады.
- Балалар, ертегі ұнады ма?
- Ертегідегі шал мен кемпір неге таласады?.
- Жұмыртқа не істеді?
- Егер сендер ертегідегі атай мен әжейдің орнында болсаңдар жұмыртқаны не істеуге болар еді?
- Алдымен жұмыртқаны не істейміз?
- Жарайсыңдар, піспеген жұмыртқа бөлінбейді.
- Ал, енді жұмыртқаны қалай бөлуімізге болады?
Енді осыны білу үшін бүгінгі математика іс- әрекетінде затты тең екі бөлікке бөлуді үйренейікші.
- Нені үйренеміз?
- Балалар, менің қолымда не зат?
Жұмыртқа. 
- Түсі қандай?
- Жұмыртқа қандай пішінге ұқсайды?
Сопақша.
- Алдымен кез- келген затты тең екіге бөлу үшін, ол заттың қақ ортасын көзбен көру арқылы тауып алуымыз керек.
- Не істеуіміз керек?
- Енді жұмыртқаны немен бөлеміз?
- Тең екіге бөлу үшін, пышақпен бөлуге болады. (Қауіпсіздік ережесі)
- Енді жұмыртқаны ұзыннан қақ ортасынан бөліп көрейікші. Енді не байқадыңдар? Жұмыртқа бізде қандай болып еді?
- Енді оны ортасынан ұзыннан бөлгенде неше бөлік болды?
- Бүтін бе? Жарты ма?
Жарты. (ұжымдық қайталау)
- Екі бөлік немесе екі жарты пайда болды.
Мінеки, балалар, жұмыртқаны тең екіге бөлуді көрдіңдер. Ертегідегі атай мен әжей де жұмыртқаны таласпай не істеуге болатын еді?
Бөлуге болатын еді.
- Балалар, айналамызда жұмыртқадан басқа да барлық заттарды бөлуге болады.
Енді мына заттарға назар аударайықшы. Себеттен нелерді көріп тұрсыңдар?
Жемістерді.
- Қандай жемістер екен?
Алма.
(Жеке көрсетіп атату)
- Енді осы жемістерді бөліп көрейікші. Мен қандай жемісті алдым?
- Алма нешеу?
Біреу.
- Меруерт осындай бір алма әкеліп еді, алмаға қызығып жегісі келген Анель: «Маған да берші»,- деп сұрады. Меруерт бермейін десе, Анель ренжіп қалады. Достар бір - бірін ренжітуге бола ма?
- Сондықтан, алманы не істеуге болады?
- Оны қалай бөлеміз?
(Міне алманы ортасынан бөлдік)
- Алма енді нешеу болды?
- Бүтін бе, жарты ма?
(Толықтырамын)
- Меруерт жартысын өзі алып, жартысын кімге береді?
- Осылай бөліп алуға бола ма?
- Ал енді осы жемістерді кім бөліп көрсетеді? (Балаларды біртіндеп шақырып, бөлдіру) 
- Мынау қандай жеміс?
- Қандай пішінге ұқсайды?
- Апельсин бүтін бе, жарты ма?
- Енді тең екі бөлікке қалай бөлеміз?
- Апельсин неше бөлік болды?
(Осылайша алмұрт, шабдалы, анарды балалар біртіндеп бөледі)
Рахмет, жарайсыңдар.

Сәлеметсізбе !

Жинаулы.

Тыңдаймыз

Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді.

 

 

 

1,2,3,4,5.

 

5 тауық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұнады.
Алтын жұмыртқаға

Жарылып қалды.
Бөлеміз.
Пісіреміз. 

 

Затты екіге бөлуді. (ұжымдық қайталау)
Ақ.

 

Қақ ортасын тауып алу керек.
Пышақпен.

 

 

Бүтін.

Екі бөлік.

 

 

Алма.
Апельсин.
Өрік(шабдалы).
Гранат(анар).

 

 

 

 

 

 

 

 

Екі жарты болды.

 

 

 

 

 

Апельсин

Домалақ

Бүтін

Пышақпен

Екі бөлік болды.

Рефлексивті-түзетушілік

Балалар, бүгін біз математика оқу іс- әрекетінде нені үйрендік?
- Қандай заттарлы бөлдік?
- Барлықтарың да сабаққа жақсы қатыстыңдар. 
Сендерге рахмет!

Нені білу керек:Бүтін мен бөлікті ажырата білуі керек.

Тәрбиеші:  Тұрмақанбет Тоғжан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Ұйымдастырылған оқу  қызметінің технологиялық картасы   

«.Алау» топ   балаларына  арналған.

 

Білім беру саласы :Коммуникация

 Оқу қызметі:Сауат ашу.

 Тақырыбы; «Қ» дыбысы мен әрпі

 Мақсаты: Қ»дыбысымен және әрпімен таныстырып, сөздерге дыбыстық талдау жасап білуге үйрету.

                 Білімділік: 

                 Дамытушылық: «Қ»дыбысын қатыстыра отырып сөз, сөйлем құрау, буынға назар аудару және «қ» дыбысының сөздің қай жерде кездесіп тұрғанын (басында, ортасында, соңында) таба білуге дағдыландыру.

                 Тәрбиелік: Байланыстыра сөйлеуге, ұғымталдыққа баулу.

 Әдіс - тәсілі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, көрнекілік, сахналау, тақпақтар айтқызу.

Әрекеттердің

кезеңдері

                Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

 

Шаттық шеңбері:

Біз байсалдымыз,
Мұқият тыңдаймыз,
Есте сақтаймыз,
Бөгет жасамаймыз,
Сабақта өткенді, әрдайым қайталаймыз!

Қол ұстасып шеңберге тұрып,өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады,бір-біріне жылулықтарын сыйлайды.

Ізденістер,

ұйымдастыру

 

 

 

 

 

оятушылық

Сәлеметсіңдерме балалар                                                                      -Құралдарың жинаулы ма?                                                                                                                                 - Көршің дұрыс отыр ма?
- Бәрің  мені мұқият тыңдайсыңдар ма?                                                                                                                    -  Бүгін қай күн? 
- Бүгін ауа райы қандай? 

 Бүгінгі өтетін жаңа әріпке байланысты мен сендерге жұмбақ жасырып жіберейін.
Жұмбақ.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
- Қой.
2. Көкала костюм киеді,
Бойын жерге жасырған.
Күннің көзін сүйеді,
Бұрымы бар жасылдан.
- Қарбыз.
3. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.
- Қоян.

Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Осы қой, қоян, қарбыз сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр.
- Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің өтетін ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Қ»дыбысы және әрпі.
- Қане, барлығымыз қолымызды иегіміздің астын қойып «Қ»дыбысын айтайықшы.
Барлығы бірге «қ» дыбысын қайталап айтады.
-«Қ»дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды).
- Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Көк текшемен белгілейміз.
-«Қ»дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы.

Сәлеметсізбе !

Жинаулы.

Тыңдаймыз

Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді.

 

 

 

 

Қой.

 

 

- Қарбыз.

 

 

 

Қоян.

 

 

Қ дыбысы естіліп тұр.

 

 

 

Қ дыбысы дауыссыз дыбыс.

Рефлексивті-түзетушілік

   Балалар, «қ» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізді қорытындылап жіберейік.

Білу керек: Қ дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк текшемен белгілейтінін;
Игереді: 
Буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды;
Білді: Қ дыбысынан басталатын сөздерге сөйлем құрауды

Тәрбиеші: Тұрмақанбет Тоғжан

 

Ұйымдастырылған оқу  қызметінің технологиялық картасы     

«Алау»топ   балаларына  арналған.

 

 Білім беру саласы :Әлеумет

 Оқу қызметі :Экология негіздері.

Тақырыбы; Қазақстанның өзен-көлін мекендейтін  балықтар.

Мақсаты: Балаларды су,өзен,көл тұрғындарымен таныстыру.

                 Білімділік: Су тұрғындарының бір-бірімен байланысы туралы толық мәлімет беру.

                 Дамытушылық: Балықтың уылдырығын,қабыршағын зерттеуге үйрету.

                 Тәрбиелік: Балықтан жасалатын тағамдарды пайдаланып ғана қоймай,ұқыптылыққа,әдемілікке,тындырымды істеуге тәрбиелеу

 Көрнекіліктер;Балықтардың сан алуан суреттері,алтын балық ертегісінің кейіпкерлерінің суреттері,аквариумдағы балықтар. 

Әрекеттердің

кезеңдері

                Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

 

Шаттық шеңбері:

Біз байсалдымыз,
Мұқият тыңдаймыз,
Есте сақтаймыз,
Бөгет жасамаймыз,
Сабақта өткенді, әрдайым қайталаймыз!

Қол ұстасып шеңберге тұрып,өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады,бір-біріне жылулықтарын сыйлайды.

Ізденістер,

ұйымдастыру

 

 

 

 

 

оятушылық

Сәлеметсіңдерме балалар                                                                      -Құралдарың жинаулы ма?                                                                                                                                 - Көршің дұрыс отыр ма?
- Бәрің  мені мұқият тыңдайсыңдар ма?                                                                                                                    -  Бүгін қай күн? 
- Бүгін ауа райы қандай? 

 Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

Қәне айларды атаңдаршы? 
-Өте дұрыс,айтасыңдар. –

-Иә,үй жануарларын атайықшы? 

Жарайсыңдар,ендеше жабайы жануарларды атаңдаршы. –Ендеше балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын. 
Аяғы жоқ жүрмейді 
Қанаты жоқ ұшпайды
Суда онын өмірі, 
Суда-онын,қорегі.

 -Ал,балалар бүгінгі оқу қызметімізде дәл осы балықтар туралы болмақ. 

-Балықтар қайда тіршілік етеді? 
Балықтар сусыз тіршілік ете алмайды. Көрегінде судан табады. 
-Балықтар тағы не жейді деп ойлайсындар? 

Балықтын – аузы бар да, тілі жоқ болады. Терісі бар да, Жүні жоқ екен. Қанаты бар, бірақ ол ұшпайды. Балықтын түрлері өте көп. Жайын, сазан, шортан, ала бұға. 
Шортан- жыртқыш балық, ал алабұға- адамға анық көрінеді, арқасында тікені болады, шортан- шабақтарды асайды. Жайынның азығы- бақа, шаян,сүліктер. Басы доғал, мұрты бар, аузы апандай, ұрты бар, түрі китке де ұқсайды.

 

Оны аулайтын адамдарды- балықшылар деп атайды. Балық аулайтын құралды – қармақ, ау деп атаймыз. 

.Дидактикалық ойын: « Кім жылдам?» 
Балықтардын сырт тілінен ажырата білуге үйрету. Ірі балықтармен кіші балықтарды сұрыптайды. 

Дидактикалық ойын. « Бұл қандай балық?» 
Тақтаға сазан мен шортан суреттерін балаларға көрсетіп,әркайсысының ерекшелігі суреттеп беруді ұсынады. Аттарын атайды. 

 

Суда тіршілік ететін жануарлармен, жерде тіршілік ететін жануарларды топастыру. 

 

Суретпен жұмыс.

 

- Балалар балықтардың түстері қандай? 
- Тастар,шөптер,бақалшақтар,бұтақтар 
- Олар не үшін қажет? 

Сәлеметсізбе !

Жинаулы.

Тыңдаймыз

Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді.

 

Күз мезгілі

 

Айларын атайды.

 

 

 

 

 

( балык) 

 

балык

 

 

 

 

Құрттар,жасыл шөптер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Қызыл, ақ, сары 

 

Әдемілік үшін 

Рефлексивті-түзетушілік

 Балалар,бүгінгі оқу  қызметімізде нелерді үйрендік?

Нені білуі керек: Балықтарды зерттей білуге,олардың түрлерін біліп,атауларымен танысу. 

Нені  меңгеру керек: Су тұрғындарының бір-бірімен байланысы туралы толық мәлімет беру.

Тәрбиеші: Тұрмақанбет Тоғжан.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы (мекепалды даярлық тобы)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 335 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.11.2017 1483
    • DOCX 42.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муталив Даулен Муталив. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Муталив Даулен Муталив
    Муталив Даулен Муталив
    • На сайте: 9 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13669
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Патриотическое воспитание дошкольников в системе работы педагога дошкольной образовательной организации

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 205 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 191 человек

Курс профессиональной переподготовки

Система воспитательной работы с одаренными детьми в школе-интернат

Воспитатель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность руководителя в управлении дошкольной образовательной организацией

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 130 человек

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе