Инфоурок Биология Другие методич. материалыЗадачи по биологий на тему" Белгілердің тұқым қуалауы"

Задачи по биологий на тему" Белгілердің тұқым қуалауы"

Скачать материал

Белгілердің тұқым қуалау типтері. Мендель заңдары. Аллельсіз гендердің өзара әсері.

 

Гетерозиготалы қара үй қоянының ұрғашысын осындай қоянның еркегімен шағылыстырды.Мынандай сұрақтарға жауап бер:

Бірінші ұрпақтың генотипі қандай?

Осы генотиптердің ішінде гетерозиготалары қанша? Гомозиготалары қанша?

Осы ұрпақтың фенотипі қандай?

 

* * *

Үй қояндарының терісінің түстері ала және тұтас бір түсті болады. Осындай қояндарды шағылыстырғанда Ғ1 ала түсті көжектер, ал Ғ2-23 ала, 8тұтас түсті көжектер пайда болды. Қай белгі доминанты? 23 ала түсті көжектердің қаншасы гомозиготалы?

 

* * *

Сұр және ақ тышқандарды бір-бірімен шағылыстырды.Бірінші ұрпақта тек қана сұр тышқандар пайда болды.Ал екінші ұрпақта 198 сұр және 72 ақ тышқан туды.Осы аты аталған белгілер қалай тұқым қуалайды?

 

* * *

Қарбыздың сырты жасыл және ала болады.Ал пішіні жағынан  сопақ және домалақ.Сопақ,жасыл гомозиготалы қарбызды  домалақ ,ала  гомозиготалы қарбызбен будандастырғанда   Ғ1 ұрпақта  домалақ ,жасыл қарбыздар пайда болған.Ғ2 ұрпағы қандай?

 

* * *

Түсі қара,жүні бұйра теңіз шошқаларын өзара шағылыстырғанда бірінші ұрпақта түсі ақ,бұйра  жүнді және түсі қара, тегіс жүнді жануар пайда болды.Кейінгі ұрпақта қандай теңіз шошқалары пайда болады? Ата-аналарының генотиптері қандай?

 

* * *

Сұр және ақ тышқандарды бір-бірімен шағылыстырды.Бірінші ұрпақта тек қана сұр тышқандар пайда болды.Ал екінші ұрпақта 198 сұр және 72 ақ тышқан туды.Осы аты аталған белгілер қалай тұқым қуалайды?

 

* * *

Тауық қауырсынының қара түсі (Е) қоңырдан (е), ал шашақ айдарының бар болуы (С) оның жоқ болуынан (с) доминантты.Қауырсыны қара, айдары шашақ тауықтан алынған 70  балапанның барлығында шашақ айдар дамыды,бірақ жартысына жуығы (32 бас) қара, жартысынан астамы (38бас) қоңыр қауырсынды болды.Əтештің генотипі қандай? Ұрпақтың фенатипі бойынша ажырауын табыңыз жəне оны тексеріңіз

 

* * *

Қауырсыны қара , айдары шашақ тауықтан алынған 42 балапанның барлығында шашақ айдар дамыды, қауырысын түсі бойынша 9-ы қоңыр , қалғандары қара қауырсынды болды. Əтештің генотипі қандай? Ұрпақтың фенотип бойынша белгілер ұрпақта 1:1 қатынаста ажырайды ма?

 

* * *

Қоңыр , шашақ айдарлы тауық қара қауырсынды , айдары жоқ əтешпен шағылысты. Олардың ұрпағының жартысы қоңыр, жартысы қара қауырсынды болды. Балапандардың барлығы шашақ айдарлы. Тауық пен əтештің фенотипін тап.

 

* * *

Қоян түгінің қара (N) түсі ақтан (n), ал оның қысқа болуы (L) ұзын болуынан (l) доминантты.Ұзын жүнді ақ аналықты гомозиготалы қысқа жүнді қара қоянмен шағылыстырғанда F1-дегі барлық көжек қара қысқа жүнді болды. F2-де алынған  62 көжек фнеотиптері бойынша былайша ажырады: 37 қара, қысқа : 13 қара, ұзын: 8ақ, қысқа: 4 ақ , ұзын. F1 мен F2 - де генотип бойынша қандай ажыраулар байқалады? Екінші ұрпақта бвйқалған белгілердің арақатынасы Мендельдің ІІІ| заңына сəйкес пе? Сұраққа жауап беру үшін хи-квадрат əдісін пайдаланыңыз.

 

* * *

Шортгорн сиырларының түсі кодоминантты тұқым қуалайды: R гені қызыл , ал оның аллелі R  ақ түсті анықтайды.Тұқылдылық (Р) мүйізділіктен (р) доминантты. Шұбар , тұқыл сиырдан қызыл, мүйізді бұзау туылды . Фермада екі бұқа қолданылады:  бірі - шұбар , тұқыл; екіншісі - дигомозиготалы қызыл , тұқыл. Қайсы бұқа бұзаудың əкесі бола алады?

 

 

* * *

Шошқа қылшығыныңақ түсті қарадан, құлақ сырғасының болуы оның болсауынан доминантты. Құлағында сырғасы бар ақ қабан мен сырғасы жоқ қара мегежіннен туылған 13 торайдың 8-і ақ, сырғалы жəне 5еуі қара, сырғалы болды. Аталған жануарлардың генотиптерінің генотиптерінің табыңыз. Ұрпақ фенотип бойынша бойынша қандай қатынаста ажырайды, ол күтілетін ажырауға сəйкес келеді ме? Статистикалық тұрғыдан дəлелдеңіз.

 

* * *

Ит жүнінің қара түсі N генімен , қоңыр -n , жүннің біркелкі болуы- S жəне ала болуы - s гендерімен анықталады. Қоңыр қаншық пен қара ала төбеттен 6 күшік туылды : 1еуі қара, 3еуі қоңыр , 2еуі  қара ала жəне 1- еуі қоңыр ала. Төбет пен қаншықтың генотипі қандай? F1-де қандай ажырау байқалды , оның күтілетін ажырауға сəйкес келетінін дəлелдеңіз.

 

* * *

Көк көзді (а), ақ шашты (b) əйел мен қара көзді (А), қоңыр шашты (B) еркектің төрт баласының бір-бірінен айырмашылығы бар 1 : 1 : 1 : 1 қатынаста ажырады. Ата аналық форма мен ұрпақтың генотипі қандай болған?

 

* * *

 

 

 

 

* * *

Жақыннан көргіш (А) солақай (b) ер адам аталған белгілер бойынша қалыпты əйелге үйленді . Екеуінің де туыстары ( еркектің қарындасы , əйелді ағасы ) фенилкетонуриямен ( рецессивті геннің (с) əсерінен биохимиялық алсасудың бұзылуы) ауырғаны белгілі, бірақ олардың өздері сау. Отбасындағы бірінші бала барлық үш белгі бойынша қалыпты , екінші бала - жақыннан көргіш солақай, ал үшінші  бала фенилкетонуриямен ауырды.Отбасының барлық мүшелерінің генотипін анықтаңыз.

 

* * *

Қазақстан ақбас сиыры ( мүйізді -рр , түсі қызыл - nn жəне басы ақ - СС)  абердин - ангус тұқымына жататын бұқамен ( тұқыл - РР ,  түсі қара - NN, басы қара - сс) шағылысты. Селекциялық мақсат үшін тұқыл , түсі қара жəне ақ басты малды шығару керек болса, онда F2 нің қандай бөлігі қажет болар еді?

 

* * *

Теңіз шошқасы жүнінің бұйралылығы (R) оның жатық болуынан (r), қысқалылығы (L) ұзын болуынан (l), қара түсті (B) ақтан (b) доминантты . Аталған үш жұп белгі бойынша қарама- қарсы айырмашылық ары бар гомозиготалы аналық пен аталықтан алынған F1ге  талдаушы будандастыру жүргізсе, яғни барлық белгі бойынша рецессивті дарамен шағылыстырса Fbда қандай нəтиже күтуге болады?

 

* * *

Ч.Дарвин өсімдіктердің түрлі бөліктеріндегі өзгерістерге көптеген мысалдар келтірген. Мысалы,сары өрік ағашынан бірде қызыл өрік өсіп шықты,қара жүзім сабағы ақ жеміс берді. Бұл өзгерістерді өзгергіштіктің қандай типіне жатқызар едіңіз?

 

* * *

Брахидактилияның доминанттық мутациясы гетерозишоталарында қысқа саусақтар түрінде көрініс береді, бірақ гомозиготалы жағдайда ұрықтың құрсақта дамуының ерте кезеңінде жойылуына,яғни летальды эффектің дамуына әкеледі. Гетерозиготалы ата-аналардың құрсағындаұрықтың өлу мүмкіндігі қандай?

 

 

* * *

Гомозиготалы жағдайда кейбір гендер ағзаны өлімге әкеледі. Осы мәліметті негізге ала отырып,есептеп шығарыңыздар.

Платина тустес (А) түлкілерді өзара шағылыстырғанда 90 ұрпақ алынған. Олардың 60 гетерозиготалы платина түстес және 30 күміс түстес (а) болды. Гомозиготалы жағдайда қандай гендер өлімге әкеледі және платина түстес түлкілердің таза линиясын алу мүмкін бе?

 

 

 

 

Мынадай генотипі бар даралар гаметаның қандай типтерін түзейді ?

А) АА Вв

Ə)Аа Вв

Б) Аа ВВ СС

В)Аа ВВ Сс

Г) Аа Вв Сс

Д)Аа Вв Сс Dd

 

* * *

 

Анасының жүктіліктің есту сүйекшелерінің қалыптасуы жүретін сатысында қызылшамен ауруы себебінен болады.

Екі жағдайда да фенотиптері бірдей. Осы жағдайдағы саңыраулық неге байланысты? Мұндай құбылыстар қалай аталады?

 

* * *

Теңіз шошқасының кара түсі ақ түстен басымырақ болады. Қара және ақ гомозиготалылардан қандай ұрпақ күтуге болады ? Барлық дарақтардың генотиптері мен фенотиптерін сипаттап жазыңдар.

 

* * *

Адамда көгілдір көз басылыңқы белгі, қой көздік басым белгі. Қой көзді гетерозиготалы әйел мен көгілдір көзді еркектен қандай ұрпақ болады ? Барлық дарақтардың генотеитері мен фенотиптерін сипаттап жазыңдар.

 

 

* * *

Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті ақ тұқымды өсімдікті тозаңымен тозандандырғанда жартысы қара, жартысы ақ түсті тұқымдар алынған. Аналық өсімдіктердің генотипін аныктау керек.

 

* * *

Қара тұқымнан өсіп шыққан екі өсімдікті будандастырғанда 3/4 шамасында қара, 1/4 шамасында ақ тұқымдар берген. Ата-енелерінін, екеуінін, де генотиптерін анықтау керек.

 

* * *

Тұқымының түсі қара өсімдікті ақ тұқымды өсімдікпен будандастырғанда тек қара тұқымдар алынған. Сондай қара тұқымды Ғ1-де алынған дараларды (особтарды) өзара будандастырғанда алынатын ұрпақтың тұқымдарының түстері қандай болады?

 

* * *

Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті өздігінен тозандандырғанда 3/4 бөлігі қара және 1/4 бөлігі ақ тұқымдар алынған.   Бастапқы   өсімдіктердін генотипін аныктау керек.

 

* * *

Екі қара тұқымды өсімдіктерді будандастырғанда қара түсті тұқымдар алынған. Олардың ата-енелерінің генотиптерін анықтауға бола ма

 

* * *

Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті ақ тұқымды өсімдікпен будандастырғанда қара түсті тұқымдар алынған. Аналық өсімдіктің. генотипін анықтауға бола ма?

Дені сау ерлі-зайыптылардың отбасында дальтонизмнің белгісі бар бір ер бала және дені сау қыз бала дүниеге келген. Осы аталған адамдардың барлық генотипін анықтаңдар.

Адамда солақайлық басылыңқы белгі, оң қолды жақсы меңгеру – басымдық. Оңқай гомозиготалы әйел мен солақай еркектің ұрпағы қандай болады ? Барлық генотиптер мен фенотиптерді сипаттаңдар.

 

Сұр шыбын мен қара шыбынды будандастырғанда барлық ұрпағының денелері сұр түсті болған. Сұр шыбынның, генотипін аныктау керек.

* * *

Адамда алты саусақтың болуын (полидактилия) доминантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннін анықтайтыны белгілі. Ата-аналарының екеуі де гомозиготалы алты саусақты отбасында бес саусакты балалардың тууы мүмкін бе?

 

* * *

Бес саусақты әйел гетерозиготалы алты саусакты ер адамға тұрмысқа шыққан. Олардың балаларының генотипі мен фенотипі қандай болуы мүмкін?

 

 

 

 

* * *

Қызанақ (помидор) өсімдігінің, қалыпты ұзындығы А, қысқалығы а-ға қарағанда доминантты.

Сонда; а) егер ұзындығы бойынша осы аталған белгілердің ажырауының арақатынасы 1 : 1 болғанда; б) 3 : 1 қаты-қасындай болып ажырағанда өсімдіктердің генотиптері қандай болмақ?

 

* * *

Арпаның ерте пісетіні Р, кеш пісетіні р-ға қарағанда доминантты. Оның екі іріктемесін алып будандастырғанда ерте пісетін формалары кеш пісетіндерінен үш есе көп болған. Ата-енелік іріктемелердің генотипі мен фенотипін аныктау керек.

 

* * *

Адамда көздің кара түсі (К) көк түсіне (к) қараранда доминантты. Әкесінің көздері — көк, шешесінің көздері — қара, өзі қара көзді қыз әке-шешелерінің көздері қара, көк көзді жігітке тұрмысқа шыққан. Олардан қара көзді бала туған. Жоғарыда көрсетілген барлық адамдардың генотиптерін аныктау керек.

 

* * *

Ірі қараның қара түсті реңін анықтайтын ген кызыл түсті реңін аныктайтын генге қарағанда басым болып келеді. Таза тұқымды қара аталықпеп кқызыл аналық сиырлар будандастырылса, Ғ1-де қандай ұрпақ алынады? Ондай гибридтерді өзара будандастырса, Ғ2-де алынатын ұрпақтар қандай болады?

 

* * *

Тауық қауырсынының бұйра болуы (F) қалыптыдан (f), алоның түсінің ақ болуы (I) қарадан (i) доминантты. Қосгетерозиготаларға талдаушы будандастыруда мынадай нәтиже алынды: ақ бұйра -19 бас, қара бұйра – 63 бас, ақ қалыпты -62 бас және қара қалыпты- 17 бас. Шағылыстыру үлгісін көрсетіңіз. Рекомбинация жиілігін және белгі гендерінің генетикалық арақашықтығын есептеңіз.

 

* * *

Қауырсыны бұйра, айдарының пішіні бұршақ жемісіне ұқсас дигетерозиготалы тауықтың қауырсыны қалыпты, жапырақ айдарлы әтешпен талдаушы будандастыру жүргізгенде алынан ұрпақ фенотип бойынша мынадай арақатынаста ажырады: 21 бұйра қауырсынды, жапырақ айдарлы, 16 қауырсыны қалыпты, бұршақ айдарлы және 17 қауырсыны қалыпты, жапырақ айдарлы. Тауықтардың генотиптерін табыңыз. Белгінің тұқым қуалау типін анықтап, оны x2 формуласы арқылы дәлелдеңіз.

Айдары грек жаңғағы жеісіне ұқсас тауық айдары жапырақ тәрізді әтешпен шағылысқанда алынған ұрпақтын барлығың айдары грек жаңғағының жемісі тәрізді болды.Мұны қалай түсінуге болады? -де қандай ажырау байқалады ?

 

 

 

* * *

 

Айдары жаңғақ жемісі тәрізді тауықтан (Rr PP) алынған балапандар 18 жаңғақ : 24 раушан : 16 бұршақ : 21 жапырақ арақатынаста ажырады.Әтештің генотипін табу керек.Ажырау сенімділігін тексеріңіз.

 

* * *

 

Айдардың пішіні бойынша  P♀Rr PP (раушан) ♂rr PP (бұршақ) шағылысудан -де қандай нәтиже күтуге болады?Осы мысал арқылы комплементарлықтың мәнін көрсетіңіз.

 

* * *

 

Адам шашының түсін әр түрлі екі локустың (M және R)аллельдерінің  комплементарлық әрекеттесуі байқалады.Қайсы отбасында шаштарының түсі ақ бала туылуы мүмкін:

А)P× ;

Ә) P♀  × ♂ .

 

* * *

 

Гомозиготалы боз бие (CC BB)мен жирен айғырдың -де фенотип бойынша қандай ажырау күтуге болады?

 

 

 

 

* * *

Генотипі боынша Cc bb боз бие мен қара айғырдан жирен құлын туылды.Айғырдың генотипін табу керек.Доминатты эпистаз дегеніміз не?Оны осы мысалда байқауға болады ма?

 

* * *

 

 P ♀ Cc BB × ♂ cc bb шағылысудан жылқы түсі және генотип бойынша қандай ажырау күтуге болады?

 

* * *

 

Леггорн және поимутрок тауықтарын шағылыстырғанда - де алынған i-гені боынша гомозиготалы,ал C гені бойынша гетерозиготалы қара тауықтан алынған балапандардың жартысы қара,жартысы ақ болып шықты.Ата-аналық форманың және ұрпақтың генотипін табыңыз.

 

* * *

 

9.Ақ және қоңыр ит шағылыстырылса (II AA × ii aa)  түгел ақ түсті болды(доминантты эпистаз),ал -де белгі 12/16 ақ,3/16 қара,1/16 қоңыр арақатынаста ажырады.Ақ қаншықпен қара төбет шағылысқанда ұрпақ 1 қара : 2 ақ : 1 қоңыр қатынаста ажырады.Иттердің генотипін табыңыз.

 

* * *

 

Тышқан жүні түсін екі жұп ген анықтайды: А аллелі-қара,а-альбинизм,В-пигменттің әркелкі таралуы, в-пигменттің бірқалыпты таралуы,Қара аналық сұр аталықпен шағылысты.Ұрпақ 3 сұр : 1 ақ қатынаста ажырады.Аталған топтардың генотиптерін анықтаңыз.Ақ тышқандардың туылуы мәнісін түсіндіріңіз.

Қой жүнінің ұзындығы үш түрлі жұп геннің аддитивті полимериялық әсерімен тұқым қуалайды днп есептейік.Барлық гендер бойынша рецессивт қойлардың ( aa bb cc )жүнінің ұзындығы 2см-ге тең болсын.

a)Жүннің ұзындығы 8 см саулық қой ( aa BB Cc) жүнінің ұзындығы 10 см қошқармен шағылысқанда алынған ұрпақ жүнінің ұзындығы қалайша өзгерер еді? Барлық гендер бойынша рецессивтердің жүнінің ұзындығы 2 см тең деп санаңыз.

ә) P ♀ aa bb cc × ♂ Aa Bb Cc шағылыстырудан қой жүнінің ұзындығы бойынша қандайнәтиже күтуге болады?

 

* * *

 

Мулаттардан терісінің түсуі  толық қара немесе ақ балалар туылуы мүмкін бе?Олардың туылу мүмкіндігін тап.

 

* * *

 

 

 

 

Ата-аналарының көздері қара, өзі көк көзді ер адам қара көзді әйелге үйленген. ОЛ әйелдің әкесі көк көзді, ал шешесі қара көзді.Қара көздің гені доминантты, ал көк көздің гені рецессивті болған жағдайда, осы жанұяда туылған балалардың көздері қандай болады?

Миоплегия доминантты белгі ретінде тұқым қуалайтын белгі. Әкесі осы белгі бойынша гетерозиготалы, ал шешесі миоплегиямен ауру, осы жанұяда ақаулықтармен туылатын балалардың мүмкіндігн анықтаңыз?

 

* * *

Адамда тұқым қуалайтын саңырау-мылқаулықтың бір түрін анықтайды ген рецессивті, қалыпты естуді анықтайтын генге қарағанда.

А) Ата-анасы гетерозиготалы болған жағдайда, олардан қандай балалар туылады?

Б) Саңырау-мылқау әйел мен қалыпты еститін ер адамның жанұясында саңырау-мылқау бала туылды. Ата-анасының генотиптерін анықтаңыз.

 

* * *

 

Фенилкетонурия/фенилаланин алмасуының бұзылуы, соған байланысты адамның ақылы кеміс/рецессивті белгі ретінде белгі ретінде тұқым қуалайды. Егер ата-аналарының екеуі де бұл белгі бойынша гетерозиготалы болса, ол жанұяда қандай балалар туылады?

 

* * *

Адамда жақыннан көрудің кейбір түрі, дұрыс көруге қарағанда доминантты қасиет көрсетсе, қара көздің гені көк көзге қарағанда доминантты болатыны белгілі.

Осы аталған екі белгі бойынща гетерозиготалды ата-анадан қандай ұрпақ таралады?

Егер гетерозиготалы ер адам көк көзді дұрыс көретін әйелге үйленсе,олардан  қандай ұрпақ туылады?

 

* * *

Адамда глаукома бірнеше жолмен тұқым қуалайды. Оның бір түрі аутосомды доминантты және алдынғы генмен тіркес емес. Егер ата-аналарының біреуі екі патологиялық ген бойынша гетерозиготалы болса, онда ол жанұяда ауру балалардың туылу мүмкіндігін анықтаңыз.

 

* * *

Адамдағы алты саусақтылық, жақыннан көру және кіші азу тістің болмауы доминантты белгілер.

Егер ата-аналарының екеуі де осы үш жұп белгі бойынша гетерозиготалы ауру болса, олардан дені сау балалардың туылу мүмкіндігі қандай?

Әйел жағынан әжесі алты саусақты, атасы жақыннан көргіш, басқа жұп  белгі бойынша сау жанұяда, осы екі патологиясы бар қыз туылған. Әкесі жағынан әжесі бес саусақты, көру қалыпты, азу тісі болмаған. Ал атасы барлық 3 жұп ген бойынша сау. Шешесінің аномалиялары ұлына берілген. Осы некеден сау балалардың туылу мүмкіндігін анықтаңыз?

 

Адамда анафтольмия сирек кездесетін а генімен тұқым қуалайтын белгі. Аллелді ген А көздің дұрыс дамуына жауап береді. Гетерозиготаларда көз алмасы кішірейген. Көз алмасы кішірегйен ата аналардан туылатын балалардың гено-фенотиптерін анықтаңыз.

 

* * *

 

Цистинурияның бір түрі аутосомды рецессвиті белгі. Гетерозиготалардың несебінде цистиннің мөлшері жоғары болады, ал гомозиготтарда- бүйректе тас түзіледі.

а) Ерлі-зайыптылардың біреуінің бүйрегінде тас, екіншісінің несебінде цистиннің мөлшерінің жоғары болған жанұяда цистинурияның жарыққа шығуы мүмкіндігін анықтаңыз.

б) Ерлі-зайыптылардың біреуі талдаушы белгі бойынша сау, екіншісінің бүйрегінде тасы бар жанұяда цистинурияның көрініс беру мүмкіндігін анықтаңыз.

 

* * *

 

Ерлі-зайыптылардың арасындағы баланың туған не асыранды бала екендігін анықтау сот медицина сараптамасының алдына міндет етіп жүктелінді.Үшеуінің қаны зерттеліп келесі қорытынды берілді. Әйелдің қаны-резусы оң, М-антигенді,IY топ, күйеуінде-резусы теріс, қаны N-антигенді, I-ші топ. Баланың қаны-резусы оң, М-антигенді, I топ. Эксперт қандай қорытынды беру керек және ол неге негізделеді?

* * *

 

Қандай жағдайларда ана мен бала туыс болмайды:

Фенотип

1

2

3

4

5

6

Шешесі

П/А

IY/AB

N

MN

M

RH+

Баласы

I/O

II/A

M

N

MN

Rh+

 

* * *

 

Адамда  интерферонның синтезделуі 2 генге байланысты, оның біреуі 2-ші хромосомада, ал екіншісі 5-ші хромосомада орналасқан.

а) осы гендердің өзара әсерлесу түрін анықтаңыз.

б) көрсетілген гендер бойынша гетерозиготалы ерлі-зайыптылардан интерферон синтездеуге қабілеті жоқ баланың туылу мүмкіндігін анықтаңыз.

 

* * *

 

Адамның бойының ұзындығы бір-бірімен тіркеспеген полимерлері әсері бар 3 жұп гендермен анықталады. Популяцияда бойы аласа адамдар тек рецессивті, ал бойының биік болуы доминантты гендермен анықталады. 3 жұп гендері бойынша гетерозиготалы адамдардың бойларын анықтаңыз.

 

 

 

* * *

 

 

 

Аутосомды доминантты генмен анықталған көздің торлы қабатының ангиоматозыныңпенетранттылығы 50%. Осы белгі бойынша гетерозиготалы ерлі-зайыптылардан ауру балалардың туылу мүмкіндігін анықтаңыз.

 

* * *

 

Шизофренияның кейбір түрлері швед генетиктерінің мәліметтері бойынша аутосомды-доминатты белгі түрінде тұқым қуалайды. Гомозиготтарда геннің пенетранттылығы 100%, ал гетезиготтарда 20%. Гетерозиготалы ата-аналардан ауру балалардың туылу мүмкіндігін анықтаңыз.

 

* * *

 

Подагра ауруы аутосомды-доминантты генмен анықталады. Кейбір көрсеткіштер бойынша бұл геннің пенетранттылығы ер адамдарда 20%, ал әйел адамдарда 0%.

Гетерозиготалы ата-аналардың балаларының  подагра ауруына шалдығу мүмкіндігі қандай?

Ата-ансының біреуі зиготалы,ал екіншісі анализдеуші белгі бойынша қалыпты болған жағдайда жанұяда балалардың ауруға шалдығу мүмкіндігі қандай?

 

* * *

 

 

 

Отосклероз 30% пенетранттылықпен аутосомды доминантты түрде тұқым қуалайтын ауру. Гипертрихоз 17 жаста толық қалыптасатын голандриялық тұқым қуалайтын белгі, Y-хромосомада орналасады. Есту қабілеті дұрыс әйел екі аномалиясыда бар еркекке тұрмысқа шыққан. Еркеектің шешесінің есту қабілеті дұрыс. Осы жанұяда бірдей екі аномалияның жарыққа шығу мүмкіндігін анықтаңыз.

 

* * *

 

Адамда ақ шаштың түсін анықтайтын ген  шаштың қара түсін анықтайтын геніне қарағанда рецессивті, ал жирен шаштың түсін анықтайтын геніне басымдылық көрсетеді. Балаларының шаштарының түстері қандай болмақ, егер әжелерінің шаштарының түстері жирен, ал әкесінің шашы ақ, шешесінің шаш қара болса?

 

* * *

 

 

Адамның терісінің пигменті екі түрлі аллельді емес В және С гендерімен анықталады. ВВСС-генотипі адамдардың терісінің түсі қара, ввсс-ақ. Доминантты В және С гендердің әр түрлі үйлесімділігі тері пигментінің интенсивтілігіне әсер етеді. Кез-келген 3 доминантты аллель-қара түсті, кез келген екі аллель- қара торыны, 1 доминатты ген- ақ түсті анықтайды.

а) қара торы жігітпен ақ әйелдің некесінен дүниеге келген ұрпақтарының  қара торы және ақ, ал  ақ құба болған. Ата-аналары мен ұрпақтарының генотиптерін анықтаңыз?

б) қара торы ата-аналардың балаларының біреуінің терісі-ақ, енді біреуінікі-қара болғанда,, ата-аналарының генотипін анықтауға болады ма?

в) негр ата-аналардан терісінің түсі- ақ бала туылады ма? Ақ түсті ата-аналардан қара торы балалар туыла ма?

 

* * *

 

,  генотипті адам ұзын бойлы ал . , – қысқа бойлы. Орта бойлы адамдардың мүмкін болатын генотиптерін жазыңыз.

 

* * *

Альбиностар арасындағы неке өте сирек кездеседі, альбиностардан альбиностар туылатындығы белгілі. Ата-аналары альбинос жанұяда қалыпты пигментпен 3 бала дүниеге келеді. Осы жағдайды түсіндіріңіз.

 

* * *

 

Кереңдік- рецессивті белгі. Жас ерлі-зайыптылардың екеуі де керең. Олардың шежіресін талдау белгінің аутосомды рецессивті жолмен тұқым қуалайтындығын анықтады. Олардың барлық балалары ауру болып туылады деп болжамдалынған. Барлық балаларының есту қабілеттері дұрыс. Олардан бір ұл, бір қыз және әр түрлі жынысты егіздер туылды.  Мұны қалай түсіндіруге болады?

* * *

Гемоглобиннің құрамына екі а және b полипептидтік тізбектер кіреді. Оларды кодтайтын гендер гомоглты емес хромосомаларда орналасқан.

а) Бұл гендер доминантты ма, әлде рецессивті ме?

б) Бұл гендердің өзара әрекеттесі түрі қандай?

 

* * *

 

Дұрыс есту 2 түрлі комплиментарлы А және В гендерімен анықталады. Ерлі-зайыпты Смиттердің жанұясында 4, ал Вессондарда 5 саңырау-мылқау бала бар. Әйелі қайтыс болған смит Весонның жесіріне үйленеді. Осы некеден есту қабілеттері дұрыс 6 бала дүниеге келеді. Ерлі-зайыпты Смит пен Весонның және олардың 1-ші және 2-ші некеден туылған балаларының генотиптерін анықтаңыз?

 

* * *

 

Адамда катаракта мен саңырау-мылқаулықтың кейбір формалары аутосомды рецессивті, бірі-бірімен тіркес емес белгілер ретінде тұқым қуалайды. Сондай-ақ үстінгі жақ сүйегінде күрек тіс пен сойдақ тістің болмауы да рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Егер ата-аналарының біреуі катарактасы бар, саңырау-мылқау, ал үшінші белгі бойынша гетерозиготалы болып, ал екіншісі катаракта мен саңырау-мылқаулық жөнінен гетерозиготалы, бірақ күрек тіс пн сойдақ тістері жоқ болған. Осындай жанұяда үш аномалиясы да бар балалардың туылу мүмкіндігі қандай?

* * *

 

Жақыннан көретін, солақай ер кісі бойынша  қалыпты әйелге үйленеді. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де жанұяларында фенилкетонуриямен ауыратын інілері мен сіңілілері бар екені белгілі, бірақ өздері бұл белгі бойынша сау. Осы жанұяда бірінші баласы аталған үш белгі бойынша сау, екіншісі- жақыннан көретін және срлақай, үшіншісі-фенилкетонурия ауру болып туылды.

а) Үш баласы мен ата-аналарының генотиптерін анықтаңыз

ә) Аталған үш белгі бойынша төртінші баланың сау болып туылатын мүмкіндігін анықтаңыз.

 

* * *

 

Фенилкетонурия мен өте сирек кездесетін гемоглобинемияның  швейцариялық түрі аутосомды түрде тұқым қуалайтын белгі. Қазіргі кезде медицинаның жетістіктері, фенилаланинің алмасуының бұзылуынан пайда болған зардаптардан құтқаратын мүмкіншілктері бар. Егер, ата-анасының екуі де аталған екі жұп патологиялық белгі бойынша гетерозиготалы болса, осы жанұяда сау балалардың туылу мүмкіндігі қандай?

 

 

 

 

* * *

 

Адамда кездесетін соқырлықтың екі түрі бар және әрқайсысы аутосомды рецессивті генмен анықталады. Осы екі белгіні анықтайтын гендер әртүрлі жұп хромосомаларда орналасқан. Егер ата-анасының екеуі де соқырлықтың бір түрімен ғана ауырып, екінші түрі бойынша қалыпты болса, осы жанұяда соқыр баланың туылу мүмкіндігі қандай?

 

* * *

Ата-анасы жақсы еститін, біреуінің шашы тік, екіншісінің шашы бұйра жанұяда, шашы тік, саңырау бала туылды. Олардың екінші баласының шашы бұйра, жақсы естиді. Егер, бұйра шаш тік шашқа қарағанда доминантты, ал саңыраулық-рецессивті белгі болып, оны анықтайтын гендер әртүрлі жұп хромосомаларда орналасқан жағдайда, балаларының шашы бұйра, саңырау болып туылу мүмкіндігі қандай?

 

* * *

 

Ұрғашы екі қара егеуқұйрық қоңыр аталықпен бірнеше рет шағылыстырылды. Бірінші аналықтан алынған 35 ұрпақтың барлығының түсі қара болды, ал екінші аналықтан 9 қара және 11 қоңыр түсті ұрпақ алынды. Ата-аналық формалардың генотипін табыңыз. Белгі ұрпақта қандай арақатынаста ажырайды? Ажырауды хи-квадрат әдісі арқылы тексеріңіз.

 

* * *

 

Ірі қарада тұқылдылық гені мүйізділік генінен басым. Фермадағы екі сиыр бір тұқыл бұқамен шағылысқан. Бірінші мүйізді сиырдан тұқыл бұзау, екінші тұқыл сиырдан мүйізді бұзау туылды. Екі шығылысудың нәтижесін түсіндіріңіз.

 

* * *

 

Иттерде салпақ құлақ (Н) тік құлақтан  (h) доминантты. Гетерозиготалы салпақ құлақ қаншықты тік құлақты төбетпен шағылыстырғанда ұрпақтардың генотиптері және фенотиптері қандай болады?

 

* * *

 

Үй жылқыларында тұқым қуалайтын көмекейдің ауруы (жылқы шапқанда қырылдайды) бар. Егер ауру жылқылардан кейде сау ұрпақтар алынса, онда ауру доминантты ма, әлде рецессивті ме?

 

* * *

 

Адамның галактоземия ауруы (сүт қантының қорытылмауы) рецессивті тұқым қуалайды. Медициналық генетиканың жетістіктері бұл аурудың алдын алуға мүмкіндік береді. Галактоземия гені бойынша гетерозиготалы еркек осы ген бойынша гомозиготалы әйелге үйленді. Осы некеден ауру бала туылу мүмкіндігін болжаңыз.

* * *

 

Шошқа мен сиырда кездесетін тұқым қуалайтын порфирия ауруы рецессивті  генге (p) байланысты дамиды. Жануар күн көзіне шықса, қанда және кейбір ұлпаларда (тіс,тері және т.б.) порфирин ферменті жиналады. Жануардың тісі қанталайды, көзінің айналасында, мұрнында және т.б. түгі жоқ бөліктерінде жара пайда болады. Порфирия гені бойынша гетерозиготалы дараларды шағылыстырғанда - де фенотип бойынша қандай ажырау күтіледі?

 

* * *

 

Үй шошқаларында біріккен тұяқ жұп тұяқтан доминантты. Жұп тұяқты мегеженді осындай қабанмен шағылыстырғанда қандай торайларды күтуге болады?

 

* * *

 

Амур атты бұқамен шағылысқан сиырлардан 37 бұзау алынған, оның 11-і қысқа омыртқалы. Қысқа омыртқалы бұзаулардың барлығы өлген. Бұл ауытқу қалай тұқым қуалайды? Белгінің ажырауын тауып, оны тексеріңіз.

 

* * *

 

Қылшығы ақ мегежінді қара қабанмен шағылыстырғанда алынған торайлардың барлығы ақ болды. Қылшықтың қайсы түсі доминантты, қайсысы рецессивті? Ақ мегежін ақ қабаннан алынған 12 торайлардың 5-еуі қара болды. Ұрпақта қандай ажырау байқалады? Хи-квадрат әдісі арқылы дәлелдеңіз.

 

Тауықта қалыпты қауырсын жібек қауырсыннан доминантты. Қауырсыны қалыпты құстардан алынған 170 балапанның 65-і жібек қауырсынды. Белгі ұрпақта 3:1 қатынаста ажырайды деп жорамал айтылды, оның сенімділігін дәлелдеу керек, есептің дұрыс шешімінің үлгісін көрсетіңіз.

 

* * *

 

Аң фермасында өсірілетін құңдыздардан 184 ұрпақ алынды. Олардың 124-інің терісінің түсі қоңыр және 56-сының түсі сұр болды. Ата-аналық формалардың генотипі мен фенотипін  тап. Белгі ұрпақта қандай арақатынаста ажырайды?

 

* * *

 

Жабайы қоянда тері асты майының түсі ақ, үй қояндарында сары болады. Ақ түс сарыдан доминантты. Майының түсі ақ екі қоянды шағылыстырғанда алынған 5 көжектің 3-нің майының түсі сары,2-нің түсі ақ болды. Ата-аналардың генотипі туралы не айтуға болады? Ұрпақта байқалған эмпиризмдік ажырау теориялық ажырауға сәйкес келеді ме?

 

* * *

 

 

 

Сұр және ақ тышқандарды шағылыстырғанда -де 94 сұр, 38 ақ тышқан алынды. Белгі қалай тұқым қуалайды? -де қандай ажырау байқалады? Ажырауды дәлелдеңіз.

 

* * *

 

Адам шашының бұйра болуы тік шаштан доминантты. Бұйра шашты отбасында туылған 3 баланың  2-еуінің шашы бұйра және 1-еуінің шашы тік. Отбасы мүшелерінің генотиптерін анықтаңыз.

 

* * *

 

Адамда көздің қара түсінің гені көккөзділік генінен доминантты. Марат пен оның туған қарындасы Фариданың көздерінің түсі қара, ал олардың інісі Саматтың көзі көк. Балалардың атасы мкен әжесінің, нағашы ата-апаларының және мамасының көздері қара. Балалардың папасының көзінің түсі қандай? Аталған кісілердің және балалардың генотиптерін табыңыз.

 

* * *

 

Қара көзді отбасынан көк көзді, көк көзді отбасынан қара көзді бапа туылы ма? Туылса, оның ықтималдығы қандай?

 

 

* * *

 

Генетик жасыл түсті жүгерілерді өздігінен тозаңдандырып, 201 ұрпақ алды. Ұрпақтың 195-інің түсі жасыл және 65-інің түсі альбинос болып шықты. Ата-аналық жүгерінің генотипі қандай?

 

* * *

 

Қаракөл қойында (С) гені қой тусінің сұр болуын бақылайды, осы ген бойынша генотипі гоммозиготалы сұр қозыларды (СС) енесінен айырғанда азықты қорыта алмай өлімге душар болады. Өйткені, оларда кезген жүйке қызметі байқалмайды. Сұр қойды қара, онан соң сұр қошқармен шағылыстыру нәтижесін талдаңыз. Қайсы шағылыстыру тиімді болып саналады?

 

* * *

 

Рояль-пастель  (тері жүннің түсі ашық қоңыр болуы) күзендердің генотипі Rr, ал түсі стандартты күзендердің - r r. Рояль-пастель күзендерді өзара шағылыстырғанда ұрапақта 2 ашық қоңыр:1 стандартты ажырауы алынады. Бұдан бөлек, кейбір жүнінің  түсі ашық қоңыр болып туылған күшіктердің басы артына қайырылып,өлімге дішар болады. Бағалы тері алу үшін рояль-пастель күзендерін қалайша шағылыстыру керек?

 

 

 

* * *

 

 

Түлкілерде “P” гені платина түсті анықтайды. Бұл түс тауартану шаруашылығында өте бағалы, бірақ геннің гомозиготалы жағдайында эмбрион өлімге душар болады. Платина түсті теріні алу үшін төмендегі шағылыстырудың қайсысы тиімді болып саналады? a)платина*платина; ә)платина*сары

Отбасылық гиперхолестеринемия аутосомды-доминатты генмен бақыланады.Гетерозиготаларда ауру қан құрамында дағы холестерин мөлерінің артуымен сипатталынады,ал гомозиготаларда:тері және сіңір ісіктері жіне атеросклероз пайда болады.

 

* * *

 

Аутосомды-доминатты ген гомозиготалық жағдайында қол-аяқтың күрделі деформациясын тудырады.Ал гетерозиготаларда саусақтың кішіреюіне әкеледі.Бұл геннің рецессивті аллелі саусақтың қалыпты құрылысын бақылайды.Ата-аналары гетерозиготалы болса,брахидактилиямен балалардың туылу мүмкіндікі қандай

 

* * *

Акаталазия сирек кездесетін аутосомды-рецессивті генмен бақыланады.Гетерозиготаларда ферменттің активтілігі төмендеу болады.Ата-аналардың екеуінде және олардың ұлдарында каталазаның белсенділігі төмендеу.Осы отьасында дені сау балалардың туылуы мүмкіндін анықтаңыз.

 

* * *

 

 

Полидактилияның гені Р қалыпты бес саусақтылықтың генінен р доминатты.Қалыпты есту гені D керең-саңыраулықтың генінен d доминатты.Ата-аналарының біреуі-дигеретозиготалы,ал екіншісі-екі рецессивті гендер бойынща гомозигота отбасында керең-саңырау және полидактилиямен ауру балалардың туылу мүмкіндігі 25% –ке тең.

А.Аталған доминнатты гендердің бір хромосомада немесе әртүрлі хромосомаларда орналасатынын анықтаңыз.

Б.Осы отбасында дені сау балалардың туылу мүмкіндігін анықтаңыз.

 

* * *

Екі белгісі бойынша гомозиготалы сабалақ жүнді қара қоянды тегіс жүнді ақ қоянмен будандастырған. Егер жүннің сабалқақ қара түсті болуы доминантты қасиет көрсетсе, бірінші ұрпақтағы будандардың генотиптені мен фенотиптері қандай болуы мүмкін ?

 

* * *

Алманың қызыл түсті және домалақ пішінді болуы доминантты, ал сары түсті сопақ пішінді болуы рецесивті гендермен анықталады. Аталған екі жұп белгі бойынша гомозиготалы қызыл домалақ жемісті дигетерозиготалықызыл домалақ жемісті мен будандастырғанда олардың ұрпақтарынан генотип және фенотип бойынша қандай ажырауды күтуге болады ?

 

Миоплегия доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Әкесі — сау, ал шешесі осы аурумен ауырған ге­терозиготалы отбасында ауру балалардың туу мүмкіндігі қандай болмақ?

 

* * *

 

Дені сау әйел, миоплегиямен ауыратын гомозиготалы ер адамға тұрмысқа шыққан. Бұл некеден қан­дай ұрпақ күтуге болады?

 

* * *

 

Жүгері тұқымының күңгірт түсі ашық түсінен басым. Гомозиготалы күңгірт тұқымды жүгеріні ашық тұқымды жүгерімен будандастырғанда алынатын ұрпақ тұқымдарының түстері қандай болады. Ғ1 -де алынған будан өсімдікті рецессивті гомозиготалы өсімдікпен қайта будандастырса, қандай нәтиже берер еді?

 

* * *

 

Сұлы өсімдігінің биік   болуы рецессивті белгі. Егер алынған ұрпактың жартысы қалыпты, ал жартысы ұзын бойлы болса, олардың ата-енелерінің генотиптері туралы не айтуға болады? Осы белгі жөнінен барлық ұрпақтың біркелкі болып шығуы үшін сұлының қандай формаларын будандастыру керек?

 

* * *

 

 

Адамда альбинизм белгісі аутосомалы рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Ерлі -зайыптылардың біреуі альбинос, екіншісі қалыпты. Осындай отбасында екі жұмыртқадан пайда болған егіздер дүниеге келген. Олардың біреуі альбинос та, екіншісі бұл белгі бойынша қалыпты. Келесі ұрпақта альбинизм белгісінің болу ықтималдығын анықтау керек.Ерлі –зайыптылардың біреуін - әйелі ауру деп белгілейік, оның генотипі - аа. Оның зайыбы сау. Зайыбының генотипі гомозиготалы немесе гереозиготалы болуы мүмкін. Осы отбасында екі түрлі егіздердің тууы ер адамның генотипі гетерозигота екенін көрсетеді.

 

* * *

 

Егер анасының генотипі белгілі болса, ұрпағының фенотипін анықтауға мүмкіндік береді. Гомозиготалы қара сиыр қызыл бұқамен шағылыстырылады. Ірі қара малда қара түс (В) қызыл түстен (b) басым екені белгілі. Алынған ұрпақ қандай түсті?Енді ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықтауға кірісеміз. Ол үшін ата -анасының әрқайсысының гаметалардың қандай типін түзетінін анықтаймыз.Мейоздық бөлінуде гомозиготалы сиырдан В гені бар аналық гамета түзіледі. Екіншісінен b гені бар аталық гамета түзіледі:

 

* * *

 

 

Көк көзді ер адам әке шешесі қой көзді , қой көзді қызға үйленеді. Ал қыздың әпкесінің көзі көк,осы некеден көк көзді бала болуы мүмкін бе?

 

* * *

 

Таскерең ауруы адамда, теңіз шошқасында, тышқанда кездеседі. Бұл нені көрсетеді? Бұл заңды қалай атайды? Оны кім ашқан?

 

* * *

 

Ерлі- зайыптылардың екеуі де гомозиготалы алты саусақты, отбасында бес саусақты бала тууы мүмкін бе?

 

* * *

 

Мысықтарда қысқа жүнділік ұзын жүнділіктен басым болып келеді. Қысқа және ұзын жүнді мысықты бір- бірімен шағылыстырғанда 6 қысқа, 2 ұзын жүнді күшіктер туған. Ата- аналық мысықтың генотипі қандай?

 

* * *

 

Адамда қара шашты бақылайтын ген, сары шашты анықтайтын геннен басым. Осы сары шашты әкеден және қара шашты шешеден қара шашты балалар туады.Ата- анасының генотипін анықтаңдар?

 

* * *

 

Қызыл көзді гомозиготалы дрозофила шыбынын ақ көзді шыбынмен шағылыстырғанда , екінші ұрпақта белгілер қандай сандық қатынаста ажырайды? Ақ көз рецессивті болады

 

* * *

 

Сұлы өсімдігінің ерте пісетін белгісі -доминантты да, кеш пісетіні -рецессивті. Тәжірибе үлескісінде гетерозиготалы ерте пісетін түрлерімен кеш пісетін түрлерін будандастырғанда 1944 өсімдік алынған. Кеш пісетін өсімдіктердің санын анықтаңдар.

 

* * *

 

Альбинизм белгісі өсімдіктерге өлімші әсер тудырғанымен, сау өсімдіктердің ұрпақтарында жиі кездеседі. Егер альбинос өсімдіктер өлетін болса, неге олар популяциядан толық жойылып кетпейді?

 

* * *

 

Қызан өсімдігінің сабағы қалыпты биіктігі R , аласалығы r- ге қарағанда басым: а) сабағының осы аталған белгілері бойынша ажырауының арақатынасы 1:1 болғандығы; ә) 3:1 қатынасындай болып ажырағандығы өсімдіктердің генотиптерін анықтау керек.

 

Сирағы сабалақ жүнді қоразды сирағы сабалақ жүнді екі тауықпен шағылыстырылды. Сонда бірінші тауықтан -79 сабалақ және 23 сирағы жалаңаш балапандар , ал екінші тауықтан -48 сабалақ жүнді балапандар алынған.

А. Белгі қалай тұқым қуалайды? Қораз бен тауықтың генотипі қандай?

Ә. Сирағы жалаңаш балапандарды алдағы жұмыстарда қалай пайдалануға болады?

 

* * *

 

Адамда қой көзді белгі ,көк көздіге қарағанда басым, ал оңқайлық, соалқайлыққа қарағанда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Бұл аталған жұп гендер әр түрлі хромосомада орналасқан. Көк көзді оңқай қыз, көк көзді солақай жігітке тұрмысқа шығады. Олардың екі баласы болған, біреуі көк көзді оңқай, екіншісі көк көзді солақай. Шешесінің генотипі қандай?

 

* * *

 

 

Көк көзді солақай жігіт екі белгі бойынша рецессивті болғандықтан, оның генотипін былай жазамыз: aabb. Қыздың генотипін олардың екі баласының фенотиптері арқылы анықтауға болады. Шешесінен балаларына оңқай және солақай белгілер ажырап , ал көздің белгілері ажырамай беріліп тұр. Бұл көрініс қыздың генотипі бір гомозигота және гетерозигота екенін көрсетеді.

 

Шабдалының екі түрін бір- бірімен будандастырғанда жемістің түктілігі және ақ еттілігі бойынша -28 түкті, ақ 9 түкті, сары ; 10 тегіс , ақ және 3 тегіс, сары ұрпақ береді. Ата-анасының генотипін анықтаңдар.

Ақ жемісті, тегершік тәрізді асқабақ өсімдігін, ақ жемісті, шар тәрізді ,36- сы ақ жемісті, шар тәрізді, 13- і сары жемісті, тегершік тәрізді және 12-сі сары жемісті, шар тәрізді өсімдіктер алынған. Аталық және аналық өсімдіктерінің генотипін анықтаңдар.

 

* * *

 

Адамда бұйра шаш, тіке шаштан басымдылық көрсетеді. Терінің пигменттенуін анықтайтын ген, пигменттенуінің жоғын бақылайтын генмен басым. Әке- шешесінің терісі қалыпты пигментті және бұйра шашты отбасында альбинос, тіке шашты бала дүниеге келеді. Ата- анасының генотипін және бұйра шашты , терісі қалыпты пигменттенген бала тууының ықтималдығын табыңдар.

 

* * *

 

Көк көзді оңқай еркек, қой көзді оңқай әйелге үйренеді. Олардан екі бала туылады, біреуі – қой көзді солақай, екіншісі-көк көзді оңқай. Осы еркектің екіншісі – қой көзді оңқай әйелінен 9 қой көзді, барлығы оңқай балалары болады. Үш ата -ананың әрқайсысының генотипі қандай?

 

* * *

 

Генотипі Аа bb (сары,бұдыр) және ааBb (жасыл, тегіс) екі бұршақ өсімдігі будандастырылған. Алынған ұрпақтың генотипін және фенотипін анықтаңдар.

 

* * *

Адамда шизофрения ауруы аутосомалы- доминантты типті тұқым қуалайды. Гомозигота жағдайында геннің фенотиптіңк көріну жиілігі 100% , ал гетерозигота күйінде 20%-ды көрсетеді. Ата- аналары гетерзигота болған жағдайда отбасында ауру бала туылуының ықтималдығын жазамыз.

 

* * *

Гетерозиготалы доминантты бала тууының ықтималдығы 25%. Ауру геннің фенотиптік көрінуінің жиілігі 100% болғандықтан, олардың барлығы да ауру болады. Гетерозиготалы бала тууының ықтималдығы 50% . ал гетерозиготада ауру геннің фенотиптік көрінуінің жиілігі 20% болғандықтан, туылған балалардың 1/5 10%- ы (0,5 х 0,2-0,1) шизофрениямен ауыратын болады.

 

* * *

Негр мен еуропеоид некеден мулаттар туады. Мудаттар қосылған бірнеше некелерден туылған балаларды сараптағанда терісі әр түрлі балалардың арақатынасы мынадай сандық қатынаста болған: 1:4:6:4:1. Осылардың ішінде қара, ақ ұрпақтар, мулаттар, сонымен қатар қоңыр, ашаң түсті мулаттар кездеседі. Олардың фенотиптік жиілігін анықтаңдар.

 

Хондродистрофия ( қаңқа дамуының бұзылуы) адамда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Гомозигота күйінде бала туылмай жатып өледі. Ерлі- зайыптылардың осы ген бойынша ауру болса, онда олардан сау бала тууының ықтималдығы қандай?

 

* * *

 

Адамда аллельді емес гендер А1 және А2 меланиндердің (қоңыр қара түсті пигменттері) түзілуін және терінің қоңыр түсін анықтайды. Ал рецессивті гендер а1 және а2 ақ түсті бақылайды. Белгілердің көріну дәрежесі генотиптегі доминантты аллельдердің санына байланысты. Аллельді емес гедердің әрекеттесу типін анықтаңдар.

 

* * *

 

Асқабақ жемісінің тегершік тәрізді пішіні екі доминантты ген А мен В-ның өзара әрекеттесуі арқылы анықталады. Егер генотипте осы екі геннің бірі жоқ болса, жемісінің пішіні домалақ келеді. Екі геннің рецессивті аллельдері бірігіп, сопақша пішін береді.Жемісі тегершік пішінді гетерозиготалы өсімдік жемісі сопақша болып келген өсімдікпен будандастырылған. Ұрпақтың фенотипі мен генотипін анықтаңдар.

 

* * *

 

Гүлі күлгін түсті жоңышқа өсімдігін гүлі сары түстісімен будандастырылғанда бірінші ұрпақта алынған өсімдіктердің гүлінің түсі жасыл болған. Жасыл гүлді өсімдіктерді өзара тозаңдандырғанда белгілер екінші ұрпақта ажыраған: 169 асыл гүлді , 64 күлгін , 67 сары және 17 ақ гүлді болған. Белгілер қалай тұқым қуалайды?

 

* * *

 

Адамның қалқаңқұлақтылық  қалыпты құлақ генінен доминантты, қоңыр шаштылық  шашының сарылығынан доминантты.Егер әйелінің шашы қоңыр, құлақ қалқаны қалыпты болып және балалары тек қоңыр шашты қалқанқұлақ болса, қалқанқұлақ сары шашты еркектің генотипі қандай болуы мүмкін?

 

* * *

 

Адамның үлкен көзділігі мен қыр мұрындығы   кішкентай көзділігі мен пұшық мұрындығынан даминантты. Үлкен көзді пұшық мұрынды әйел кішкентай көзі, қыр  мұрынды еркекке тұрмысқа шықты. Бұл отбасынан төрт бала дүниеге келді, олардың екеуінің көздері үлкен, қыр мұрынды болды.Ата-анасының генотипі қандай?

 

 

 

* * *

 

Адамның  қоңыр көзділік пен оңқай болуы көк көзділік пен солақайлығынан қарағанда доминантты. Бұл жұп гендер әртүрлі хромосомаларда орналасқан.а) Гетерозиготалы ата- анадан қандай балалар туылуы мүмкін?б) Егер әкесі солақай, бірақ көз түсі бойынша гетерозиготалы болса, ал анасы көк көзді, әкесіне қарағанда оңқайлығы гетерозиготалы болса, балалары қандай болуы мүмкін?

 

* * *

 

Адамда рецесивті- аутомды генмен тіркеспеген соқыр мылқаулықтың екі формасы  бар.а) Ата-анасының екеуі де соқыр мылқаулықтың бірдей формасымен ауырып  және соқырмылқаулықтың басқа формасымен олар гетерозиготалы болса бұл отбасында сау балалардың туылу мүмкіндігі қандай?

 

* * *

Кереңдік-рецессивті белгі.Жас жұбайлардың екуіде керең.Олардың шежірелерін талдау белгінің тұқым қуалау типі аутосомды-рецессивті екенін анықтайды.Болжам бойынша бұл отбасыдағы балалардың бәрі керең бодады.Бұл отбасында бір ұл қыз және әртүрлі жынысты егіздер туылды.Олардың барлығы қалыпты естиді.Осы жағдайды генетикалық тұрғыдан түсіндіріңіз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Задачи по биологий на тему" Белгілердің тұқым қуалауы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 769 материалов в базе

Материал подходит для УМК

  • «Биология. Биологические системы и процессы (профильный уровень)  », Теремов А.В., Петросова Р.А.

    «Биология. Биологические системы и процессы (профильный уровень) », Теремов А.В., Петросова Р.А.

    Тема

    §53. Сцепленное наследование признаков

    Больше материалов по этой теме
Скачать материал

Другие материалы

Кроссворд по теме: Наследственные заболевания человека
  • Учебник: «Биология. Биологические системы и процессы (профильный уровень) », Теремов А.В., Петросова Р.А.
  • Тема: §64. Наследственные заболевания человека
  • 18.04.2018
  • 6084
  • 70
«Биология. Биологические системы и процессы (профильный уровень)  », Теремов А.В., Петросова Р.А.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2018 28693
    • DOCX 34.6 кбайт
    • 85 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жапакова Алмагуль Казбулатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 170434
    • Всего материалов: 32

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 522 человека

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 360 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек