Инфоурок Другое Научные работыЗерттеу жұмысы "Қожамжар өнерінің жер-су атаулары"

Зерттеу жұмысы "Қожамжар өнерінің жер-су атаулары"

Скачать материал

Ж.Тіленшін атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

      Қожамжар өңіріндегі жер – су атауларының

                              тарихы

 

                      

 

 

 

 

 

 

                                                                  

                                                         Камзинова Гулсара Токтасовна

                                                                  (қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі)

 

 

 

                                   Ақтоғай,  2015 жыл

Мазмұны

        Кіріспе............................................................................................

        Негізгі бөлім туралы жалпы мәлімет............................................

        Қорытынды....................................................................................

        Пайдаланған әдебиеттер...............................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

«Қожамжар өңіріндегі жер-су атауларының тарихы» тақырыбы - қазіргі таңда өмір тарихын зерттеудегі маңызды тақырыптардың бірі.

Тақырыпты таңдап алудағы мақсатым - туған өлкемнің жер-су атауларының аталу тарихымен терең танысу, достарыма әсем табиғатының сырын ашып көрсету, тарихпен байланысына көз жеткізу.

Негізгі міндет – келешекте туған жер өлкесі мен аудан көлеміндегі атаулардың шығу тарихын жете біліп, сыныптан тыс уақытта, мектепішілік шараларда қолданып, тереңірек менгеру.

Жұмыста Қожамжар өңірінің жер-су атауларының аталу тарихына нақты мысалдар келтіріп, баршаға білдіргім келеді. Өз өлкем туралы деректерді, оның тарихын әр қазақстандық болашақтарға білу, тарихын түсіну-оқушылар үшін бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.

Бабаларымыз өз ғұмырында туған жерлері туралы артына өшпес мұра, өлмес сөздер, құнды қазбалар, теңдесі жоқ белгілер қалдырды. Бүгінгі ұрпақ, біздер, жер –су атауларының тарихын менгеріп, үлгі - өнеге алып, ата-әжелердің әңгімелерін, естеліктерін негізге ала отырып, тарихымыз туралы ғұламалардың еңбектерін, энциклопедия көмегіне сүйене отырып, нәтижелі жетістіктерге жету барысында қолдануға қызығушылық туғызамыз.

Мектепте жүргізілген «Туған өлке тарихын білесің бе ?» атты сайысында, оқушылардың бірі біліп, бірі білмейтін көптеген жер-су атаулары бар екеніне көз  жеткіздім. Достарым қызығушылық туғызып, мұғалімнің шараны өте қызықты да тартымды өткізгені біздерге, яғни, оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Осы жұмысты жазуымның себебіне сол айғақ болғаны анық.

 

 

                                                                                                                               3

Негізгі бөлім туралы жалпы мәлімет

Өткенімізге көз тастап, таразылап ой елегізінен өткізбейінше, туған жер топырағында  жаралған небір рухани құндылықтардан нәр алмайынша болашаққа барар жолдың жоғы белгілі. Әрбір жас ұрпақ елінің, халқының, ұлтының болашағы болғандықтан ұлттық әлемдік әдебиетін,  тарихын, дәстүрін білуі абзал.

       Ақтоғай, Қожамжар  елдері әдебиетке, тарихи деректерге өте бай өлке. Сондай- ақ, осы аймақтардағы түбін қазсаң тарих шығатын қазбалы атаулардың шығу тарихы және де ел есінде қалған ерлер жайында да деректер қамтылған.

        Қазақ  ұлтын  ұлт  ретінде қалыптастырып, тарих сахнасын ысырылмай                 өзіндік болмас-бітімін сақтап қалуға қызмет қылатын арналы салалардың  бірі - әдеби, мәдени, тарихи құндылықтар. Бұрынғы замандардағы тасқа қашалған жазулар, киелі жерлердегі тарихи белгілер бабаларымыздың текті де атақты, абыройлы болғандығын білдіреді. Небір жерлерде атақты, әлі күнге дейін не себептен  жер-су атауларының  қалай аталғаны туралы бірі білсе де, екіншісі біле бермейді. Осыған куә болып отырған  әкемнің айтқан әңгімелері, ескінің көзі  деп тарихты әңгіме етіп біздерді қызықтыруы. Ол мені өте қызықтырып, келешек елімнің патриоты ретінде өз туған өлкемнің тарихын зерттеуге  ықпал етті. Туындылар мен  кемелдеген қазақтың төл әдебиеті мен тарихы осының куәсі.

Ертіс өзенін жиектей орналасқан  Ақтоғай, Қожамжар өңірі де аталмыш мұралардан құр алақан емес.  Мұнда ел билеген көсем де, сөз бастаған шешен де, қол бастап жауға қарсы  шыққан батыр да шаршы топта тауып айтып ел мерейін өсірген ақын да жетерлік.

        Аталы сөзді ардақтап, қисынды сөзді қастерлеу қасиетін қанына сіңірген би-шешендер өз заманының үні бола білді. Билікке таласып елдіктен айырылған қазақ даласының жағдайы, қоғамның кем-кетігі, өркөкірек астамшылдығы тілі                                                                                                                                       

орамды,  саналы көсем-шешендердің көңілінен тысқары қала алмады.                 

 Әлеуметтік теңсіздікті сезіну, асқақ арман шешендік өнердің Ақтоғай, Қожамжар аймағында дамуына негіз бола білді.

        XX ғасырдың орта шенінен бері қарай әдебиетке жанрлық, тақырыптық,  мінез-құлықтық  және киім киюден ерекшеленетін сал-серілер, атақты ақындар, елін жаудан қорғай  білген білекті батырлар  шығармаларға арна болды. Жүрген жерлерінде ат жүгіртіп, құс салып, домбырадан күй төгіліп, әуелетіп ән салған  сал-серілер тобы көпшіліктің ықыласына бөленген. Айтулы өнер иелерінің туындылары Ақтоғай,  Ертіс аймағындағы жастардың өнерге деген талпынысына қанат қақтырды.  Бұл өлкеден де айтулы ақындар  да  білекті батырлар да шықты.

 

 

           Қожамжар аймағындғы жер-су атаулары – тарих көзі.

Ақтоғай ауданына қарасты Қожамжар  ауылы-ежелден қасиет-кие дарыған, көпке мәшһүр ірі тұлғаларды өмірге әкелген құтты мекен. Қарт  Ертістің жағасын жайлаған ауылдықтардың тұрмысы жақсы. Құрамында  Қараой,  Жамбыл ,Қайран, ауылдары бар  Қожамжар  округі -Ақтоғай ауданының маңызы зор елді мекендерінің қатарынан. Мұнда 150 орындық мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, 2бастауыш, 1негізі, 1орта мектеп,,5-6жасқа дейінгі бүлдіршіндерге арналған 2шағын орталық, 4 кітапхана, бірнеше дүкен жұмыс істейді. Ауылда №26 кәсіптік лицей  орналасқан.

Қожамжар ауылы- ағайынды Жармұхамбет  пен  Қонжан  Тіленшіндердің туып-өскен жері.Ж.Тіленшін туған ауылында алғаш мектеп ашып, жастарды жаңаша оқып-жазуға үйреткен. Ана тілі ,жағрафия, математика пәндерінен дәріс берген .Інісі Қонжан да ұзақ жылдар бойы ағартушылық қызметте жүріп, ұлағатты ұстаз атанған ел ішіндегі аса сыйлы адам болыпты. Өмірінің соңғы  жылдарында сол кезеңдегі ең биік мемлекеттік марапат- «Ленин » орденімен марапатталады.

Адамдардың өздері мекендеген жерлерге, сол өңірдегі өзендерге, тоғайларға, су ішетін құдықтарына және жер бедеріне қойған атаулары табиғи келісімдіктен туатындығы байқалады. Қазіргі Қожамжар өңіріндегі  атаулардың шығу тегін талдай келсе, олардың бәрінен ел мен жердің құдіретін сездіретін белгілі бір оқиға өрбитінін айқындауға болады. Кейбір жерлер атаулары, елді мекендері еңбектері ел жадында қалған ерлердің құрметіне қойылған.

Қазір жер атаулары болып қалған  Мендіқұл, Қарақұдық, Бөгенбай, Аққұдық, Қаракөл, Шарбақты, Аралсар, Төртқұдық, Жәдік қорасы, Құдайберді  деген бір кездері біздің ата-бабаларымыз ен жайлаған қазақ ауылдары. Суы мол, шөбі шүйгін жерлерде жаз бойы жайлауда болған қалың ел, қыс түссе Ертіс өзені бойын жағалайды екен.

Сонау Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама деп тарихта аты қалған зұлым атты жылдардан кейін ес жиып, етек жапқан заманында, осы жерде Құдайберді  деген өзі бай, өзі батыр, өзі шешен керей руынан шыққан адам тұрыпты. Балалары ер жетіп бәрі өз алдына бір-бір ауыл болған.                                                                                                                     

Біз сөз еткелі отырған  Қарасу  деп аталатын көл бір жағынан көктемде су тасығанда толып, күзге қарай кей жерлері тартылып қалатын.               

Суы топыраққа араласып ,малдар ішуге ыңғайсыз болады. Екінші жағынан шабындық алқаптар мүйіске орналасқан. Міне, осы ауылда Керейдің Құдайбердіден тараған Жәдік деген баласы мекендеген. Қазір бұл жерді кейде Жәдік  қорасы  деп те атайды.

Қарасу

SAM_0125.JPG

 

Бұдан бір жарым шақырымдай жерде Балбыр ауылы болған. Кейін ол ауылды Жамбыл деп өзгертіп, елді мекен қылған.Осы ауылдың адамдары өз жерлерін құнарлығымен,шабындық жерлерінің шөбі мол  екендігін мақтан етеді. Қазіргі таңда Қожамжар ауылдық округіне қарайтын елді мекен.

1904-1910 жылдар аралығында Ресейден бір топ адамдар Кубань деген жерден қоныс аударылып келгендіктен, өздері келіп орналасқан жерді Кубань деп атап кеткен. Сол жерде ертеректе ағашқа келген адамдар өз аттарын жазып, үйлер салып мекен еткен.Кейіннен ол жерлер өрттеніп, екі ауылдың арасында жыра, ой болғандықтан, еліміз өз алдында егемендік алғаннан кейін ол жер                                                       

атаулары өзгертіліп, төмпешіктерден пайда болған Қараой деп бұрынғы атауы қайтарылды.Қазіргі таңда қаймағы араласқан,ынтымақты ұлт өкілдері тұруда.

Қожамжар ауылы – бұл жерде ел бастаған екі ағайынды Әлдеберлі мен Қожамжар деген батырлар тұрған. Қожамжардың ағасы Әлдеберлі осы жерді басқарып, ел билеген атақтылардың бірі болған. Әлдеберлі дүниеден озған соң, інісі Қожамжар ел басқаруды өз қолына алған. Қазіргі таңда Қожамжар ауылдық елді мекен.

Жеті үй – ертеректе  сол жерге алғашқылар болып жеті үй қоныстанған.Алғаш келіп үй салғандар бау бақша егіп,көп өнім алса керек. Қазір ол жерге кәсіпкерлер, жері құнарлы, өзенге жақын орналасқаннан кейін картоп егіп, өнім алуда.

Жеті үй

SAM_1307.JPG

 

Бұл жерлерге көптеген кәсіпкерлер қызығып, егін шаруашылығымен айналысқысы келген де, бірақ үкімет басшылығы өз мүдесіне жаратып,картоп,сәбәз, қияр тағыда басқа халыққа пайдасы тиер өнімдер егіп, халық қазынасын толтырды. Кейін келе осы жерлерді іскер адамдар өз    

аттарына қағаз жүзінде өткізіп, көкөніс, жеміс-жидектер егіп мол өнім алуда. Әрі ауыл адамдары сол бақта жұмыс істеп, күн көріністеріне жаратуда.

 

Ахмет ауылы – баяғыда Ахмет атты бай адам тұрған. Ол өзінің            ағ- айындыларын жинап жеке үлкен ауыл болған. Қазір ол жерде аталар зиратының орны қалған. Одан төменірек шабынды жер алқабы алып жатыр.Ахмет атты бай адамның ұрпақтары бірнеше жылдарда бір келіп,зират басында ас береді екен.

Ахмет ауылы

SAM_0498.JPG

 

Қытай қыры -  ертеректе  Қытайдан көшіп келген қазақ отбасы мекендеген. Адамдар мал шаруашылығымен айналысып, дүбірлі, үлкен ауыл болған. Қазір ол жерлер ауылдың малдарын  бағатын жайылым жерлер болып қалды.Бертін келе құдық қазып,егін де салған, кейіннен шөбі қалың, суы мол болғасын жеке меншік қылып алды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

SAM_1266.JPG

 

Сүттібай – жерінің шөбі құнарлы, қою, жайылған малдарға жер өнімді әрі ол жерде жиырма шақты үй ел боп тұрған. Оны Күрлеуіт руынан тараған Сүттібай деген аты төңірегіне әйгілі болған ауқатты адам басқарғандықтан солай атап кеткен. Жылқы малы көп болған. Оның ұрпақтары Қожамжар өңірінде өмір сүруде. Қазіргі таңда мал жайылатын орын.

Сүттібай

SAM_0121.JPG

                                                                                                                        

Алабас – ертеректерде  басқа жерлерден бұқалар сатып асыраған.Бір әкелгенде жүздеп әкелген деседі.Әрі малды сойғанда еті мол болған. Сол себептен Алабас аталып, мал жайылатын орынға айналған.

Қанай қыры – баяғыда ауқатты, бай адам тұрған. Ол, сиыр, жылқы, қой асыраған. Өз байлығымен елдің басына ауыртпалық түскен кезде көмегімен ел алдында абыройға бөленген, беделді, дәулетті адам болған.

Төртқұдық – жерінде судың төрт көзі табылған, содан ол жерлерді еңбектенген адамдар төртқұдық деп атап кеткен. Оның суын ішкеннен кейін жан рахаттанып, нәрлі суы адамға емдік қасиетін берген, әрі құдықтың көзі ашық болғандықтан. Қазіргі кезде оның суы құнарсызданып кетті.

Қарақора  жері –көлінде көктем кезінде шетін қара қоға басып, мал өтіп су іше алмағандықтан, ауыл адамдары, суы аз әрі өнімсіз болғандықтан атап осылай атап кеткен.

 

SAM_1326.JPG

 

Дүниеде атаусыз нәрсе жоқ, әр нәрсенің өз атауы бар, тіпті тау мен тастың, кішкентай бұлақтың немесе жотаның, белдің де өзіндік атауы бар. Өйткені әрбір

                                                                                                                     

зат болмаса тіршіліктегі кез келген құбылыстың алдымен аты ауызға оралары хақ, содан соң ғана сол аттың заты жөнінде ойланатынымыз ақиқат. Сондықтан ат пен зат үйлесімділігі қашанда маңыздылығын жоймайды. Кең-байтақ мекеніміздегі сан мыңдаған жер-су атауларының тарихында халқымыздың әдет-ғұрып, салт-санасы айқын бейнеленген. Қасиетті жеріміздегі төбе мен тау, көл мен өзен атауларының өзіндік сыры мен тарихи сипаты олардың әрқайсысына бабалар мұрасы ретінде қарауға негіз болады.

Өйткені тарихи атаулар – ұлттығымыздың айқын көрінісі. Біздің мақсатымыз – отаршылдық кезеңді еске салатындай атауларды тілдің төл заңдылығына сәйкестендіру. Әрбір іс халықтан бастау алатындығын ескерер болсақ, дәстүрге бай, тарихы өнеге болатын өңір – Қазақстан жерінің айшықты атаулары өз жерінің тарихына айналуда, яғни топонимдер – жердің тілі болса, ал жер дегеніміз – географиялық атаулар арқылы адамзаттың тарихы жазылатын кітап.

        Тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр, сондықтан келер ұрпақ тарихтан тағылым алу үшін елдігімізді әйгілейтін, ұлттығымызды ұлықтайтын тарихи атауларымыздың тарихи шежіре екендігін санаға құю – басты міндет. Өлкеміздегі әр жердің, судың, елді мекендер мен мәдени орындардың аттарының қатпарлы сыры – кейінгі ұрпаққа өнеге. Біздің мүдделі мақсатымыз – бабалар мұрасына байыппен қарай білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды шешім

 

 

1.   Негізгі тақырыпқа сүйене отырып, зерттеу, ізденіс жұмыстарын одан әрі дамыта жүргізуді мақсат қойдым.

 

2.      Тарихи  жерлерді суреттерге түсіріп, сабақ барысында қолдану.

 

3.     Атқарылған жұмыстарды  сыныптан тыс «Өлке тарихы», «Сен, туған жер тарихын білесің бе?» атты  шаралар ұйымдастырып, іс жүзінде қолдануға мақсат қыламын.

 

4.     Тарихи деректерді, құндылықтарды, ескерусіз қалған жер-су атаулары туралы мағлұматтар жинап, олардың аталу тарихын одан әрі зерттеу мақсатын алға қойып отырмын.

 

5.     Аталардан қалған ұлы атаулы жерлерді достарыма дәріптеп, игеруді ғылыми тұрғыда сараптап тәжірибелік кезеңдерде  қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                        Қожамжар өңірінің жер-су атауларының  тарихы" атты жұмысқа                                    жетекшінің пікірі

        Ермуратова Аяулым аталған тақырыпты өзі таңдап алды. Тақырып бойынша қосымша әдебиеттер іздеп, атасы мен ауыл ақсақалдарымен кездесіп, Қожамжар ауылдық кітапханасына, мұражайға барып, көптеген деректер іздеп, жұмыс жасады.

        Оқушы еңбегінде"Ақтоғай-Ертіс аймағының тарихы" атты шығармалар жинағын қолданды. Жинақтағы шығармалардан  үзінділер алып, туған өлке тарихын өз ойынша пайымдап, оған пікір білдірді.

        Жүргізілген  жұмыстар мен зерттеу нәтижесінде Қожамжар өңірінің жер-су атауларының тарихын, табиғатын ашып көрсете алды. Әсіресе, оқушының қызығушылығы өз өлкесі туралы осы күнге дейін білмей келген жер-су атауларының тарихын зерттеу барысында арта  түскен.

         Менің пайымдауым бойынша, жұмысты оқушы ауызша естеліктер мен шығармаларардан, ғалымдардың тарихи өлке туралы жазған еңбектерінен қосымша мағлұматтар,  энциклопедиялардан деректер іздеп, ғылыми ізденіс жүргізген. Ары қарай тағы да қыр-сыры  ашылмай жатқан тарихи деректерді толық талдау алға  қойылып  отыр.

         Ермуратова Аяулым бұл жұмысында  тарихи атаулар, деректерді ынта қойып тыңдап,  жете түсініп, талқылап зерттеп, өзінше пікір білдіретіндігін танытты.

 

 

                                                                           

                                                                                                                                            .                                                                                                                                

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Зерттеу жұмысы "Қожамжар өнерінің жер-су атаулары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 181 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2016 1609
    • DOCX 12.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Камзинова Гулсара Токтасовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Камзинова Гулсара Токтасовна
    Камзинова Гулсара Токтасовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11966
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек