Инфоурок Директору, завучу Статьи"Жаңаша білім беру - оқушының сапалы өсуінің негізгі бағыты" тақырыбындағы мақала

"Жаңаша білім беру - оқушының сапалы өсуінің негізгі бағыты" тақырыбындағы мақала

Скачать материал

Жаңаша білім беру – оқушының сапалы өсуінің негізгі бағыты

М.Б.Темірғалиева, №156 ЖББ мектеп

директорының оқу-тәрбие істері

 жөніндегі орынбасары

Алматы қаласы Білім басқармасы Білім саласындағы жаңа технологиялардың қалалық орталығының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдіскері К.К.Мадалимова Алатау ауданы №156 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерімен «Жаңаша білім беру – оқушының сапалы өсуінің негізгі бағыты» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырды.

Семинардың 1-бөлімінде мектеп директоры Г.М.Ахметова «Жаңаша оқуға жаңаша көзқарас» тақырыбында баяндама жасады және семинарға қатысушыларға мектеп туралы жан-жақты мәліметтер айтып өтті. Мектеп директоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында айтқан мына бір сөзін мысалға ала отырып, сөзін бастады: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды елу елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесі басты орынға қойылып отыр. Осы орайда Кембридж университетінің тәсілінің деңгейлік мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының маңызы өте зор екендігіне тоқталып, ойын былай жалғастырды: «Ұстаздық мамандықты таңдағаннан кейін, шәкірттері үшін маңызды тұлға екенінді сезінесің, оқушыларыңа тағылымды тәлім, сапалы білім беру – ұстаздың басты парызы. Сондықтан жаңа үрдісті үйренуде, біз, ұстаздар, өзгеруіміз қажет деп есептеймін. Жаңа оқу Бағдарламасында: «Белгілі бір қоғамда ойлаудың сыни деңгейіне өту – осы қоғамның өркениетті дамуның басталу алғышарты» - делінген. Ендеше, ел ертеңін тәрбиелеуші ұстаздар қауымы, еліміздің өркендеуі мен даму жолында талмай еңбек етейік!», деген сөздермен өз баяндамасын аяқтап мектеп басшысы сөз кезегін оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасарына берді.

Мектептің 6-9 сыныптардан іріктеліп алынған оқушылар Саттар Ерубаевтың өмірбаяны, еңбек жолдары, шығармашылығы, оның ішінде прозасы, лирикасы, аудармалары, пародиялары, балладалары, ақын туралы сырлы сөздер мен ақындардың өлең жолдары, т.б. туралы мол деректерге жан-жақты тоқталып өтті. Оқушылар қара сөздер мен поэзиялық туындыларды, көріністерді нақышына келтіріп, образына еніп, мәнерлеп оқып шықты. Прозаларына талдау жасап, негізгі кейіпкерлер бейнесін атап өтті. Жүргізушілердің сахнада өздерін ұстауы әбден қалыптасқан, дағдыланған.

Семинардың 3-бөлімінің кіріспесі ретінде қазақ тілі мұғалімдері А.С.Касайынова, Р.Е.Бурлыбекова «Күту» ағашы тренингін өткізіп, семинарға қатысушыларды сергітіп, сәттілік тілеп, таратылған түрлі-түсті бағдарламалар бойынша 5 кабинетке ашық сабақтарға қатысуға бөлді.

Орыс сыныптарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Р.Е.Бурлыбекова тәжірибе тарату мақсатында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, 5-сыныбына «Көктем» тақырыбында, А.С.Касайынова 4-сыныбында «Үй жануарлары» тақырыбында, Хуанған Нұргүл қазақ әдебиетінен 9-сыныбында «Жамбыл – айтыс ақыны» тақырыбында, Сатоболд Кулайхан 5-сыныбына қазақ тілі пәнінен «Тұйық буын» тақырыбында, Сайлау Гүлжамал 9-сыныбына әдебиет пәнінен «С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы, «Алаш ұраны» өлеңі» тақырыбында ашық сабақтар өтті.

Ұйымдастырылған сабақтар барысында мұғалімдер оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін көрсете алды. АКТ-ны тиімді қолдану жолдарын байқатты. Мұғалімдер Кембридж бағдарламасының әдіс-тәсілін ашық сабаққа қолдана отырып, түрлендіріп өткізді. Ұйымдастыру сәтінде психологиялық ахуалды қалыптастыру арқылы «Шаттық шеңберін» құрып, оқушыларға көңіл-күй дидарын сыйлады, оқушылардың көңіл-күйін білді. Сабақтарда ойын түріндегі жаңа технология элементтері тиімді қолданылған. Оқушылар өз беттерімен ізденіс жұмыстарын жасап, топтық, жұптық жұмыстарды талқылап отырды. Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы оқушылар стикерлерге өз ойларын жазып қалдырды.

Семинарға қатысушылар сонымен қатар мектептің өнерлі өрендерінің күшімен, музыка жетекшісі Е.Т.Дайырбеков, «АқНұр» бишілер тобы жетекшісі – А.Е.Дайырбекова, және «Айнұр» бишілер тобының жетекшісі А.А.Жүнісованың ұйымдастыруымен шағын концертті тамашалап, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

Семинардың 4-бөлімінде мәжіліс залында қазақ тілі мұғалімдері А.С.Касайынова, Р.Е.Бурлыбекова семинарға қатысушылармен «Дәстүрлі мұғалім мен құзырлы мұғалім» тақырыбында тренинг өткізді, семинарға қатысушылар «Мұғалім – мектептің жүрегі», «ХХІ ғасыр мұғалімі», «Мұғалім – оқу үдісінің көшбасшысы» тақырыптарында флипчарт таратылып, постерлерін белсенді қорғады. «Күту» ағашы тренингін өткізу арқылы кері байланыс жасалды, семинарға қатысушылар өздерінін семинар туралы оң пікірлерін білдіріп, «Екі жұлдыз, бір тілек» тренингі арқылы семинарға қатысушылар топ бойынша өздерінің алған әсерлерін, ұсыныстарын айтып, сәттілік тілеп, ризашылықтарын білдірді.

Алматы қаласы Білім басқармасы Білім саласындағы жаңа технологиялардың қалалық орталығының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдіскері К.К.Мадалимова семинарды қорытындылады. Өзінің қатысқан сабағы туралы талдау жасап, ұсыныстарын білдірді. Қала мұғалімдеріне жаңаша білім беруге байланысты әдістемелік көмек көрсетті. Семинарға қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауап беріп, семинарды қорытындылады.

Алматы қаласы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жаңаша білім беру - оқушының сапалы өсуінің негізгі бағыты" тақырыбындағы мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 630 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2021 267
    • DOCX 17.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темиргалиева Манар Бидахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 5 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33495
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 49 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Французский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель французского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Особенности технологии изготовления длиннотрубчатых макаронных изделий: основные этапы производственного процесса

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Компрессорные установки: эксплуатация и техническое обслуживание

144 ч.

2160 руб. 1290 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие и воспитание дошкольника: ключевые аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе