Инфоурок Биология Другие методич. материалыЖалпақ жапырақты қылқан жапырақты орманды қорғау

Жалпақ жапырақты қылқан жапырақты орманды қорғау

Скачать материал

Бекітемін:                    Қ.Наубетов    Оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Пән: Биология   40 сабақ

 Сынып: 6  Күні:9.02

Сабақтың тақырыбы: Жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ормандарды қорғау.

Күтілетін  нәтиже : Орман әлемінің табиғаты әсемдігін сүйсіне білу ,жалпақжапырақты ормандарды қорғау ,аялап қорғау жауапкершілігін игілікті іс екенін біледі.

 Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау,  ДО(диалогтық оқыту)Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)                                                                                 

Әдіс тәсілдер: СТО, Миға шабуыл, Ойлан тап  Сұрақ-жауап

Рет

саны

Уақыт

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ресурстар

 

 

 

 

 

 

1

2мин

 

I.Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.                     Топқа бөлу. Ітоп«Қарағайлар»                                   ІІтоп«Шыршалар»                               ІІІ топ «Балқарағай»

 

 

 

 

Топқа бөлініп отырады.бір-біріне жақсы тілектер айтады

 

Оқулық, жұмыс дәптері

 

2

8мин

Үй тапсырмасы.Кім жылдам?

1Сүрек деген не?                                     

2.Жатаған шырша қай жерлерде кездеседі?                                              3.Қарағай неше жылға дейін өмір сүреді?                                                      4.Қарағай не арқылы көбейеді?                                             5.Самырсын Қазақстанның қай жерінде өседі?

6. Самырсын қандай өсімдік

«Серпілген сауал»

Қылқан жапырақты ағаштардың жапырағы қалай аталады ?

Балқарағайдан, шыршадан нелер алынады?

Жұмбақтар:

Дауылға да, аязға да,                                 Шыдап бағармізбақпай.                                                    Тау етегі тұрағы,

Жап-жасыл боп тұрады.

                   (Қарағай)                              Қысы-жазы шешпейтін  Көйлегі бар жасылдан

   Өзгертпейді еш кейпін, Жаралғандай асылдан.   (Шырша)

 

Мұғалім берген тапсырмасын 

орындау  арқылы оқушылар

өздерінің  тақырыпты қалай

түснгенін көрсетеді.Қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы адам өміріндегі маңызы туралы мәліметтерді оқып

түсіндіру,пайдалы жақтарын әңгімелеу

 

 

 

Жұмбақ тың жауабын шешеді.Үйден дайындаған жұмбақтарды сыныпта шешуін табады.

Интерактивті тақта. Суреттер Кеппешөптер

 

3

5мин

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы жауап алу1.Қазақстанда орман туралы не білесің?2.Қандай ағаштардан бағалы заттар алады?3.Орманды қорғау дегенді қалай түсінесің?

 

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау: Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды

Слайдтар

Бейне фильм

 

 

4

10мин

"Дөңгелек үстел"әдісі.Орман ағаштары,  мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаштар өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды ауру қоздырғыш бактерияларды өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады.

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады." жұптық тапсырманы" орындайды.Оқушы жаңа тақырып бойынша жеке жауап жазады.

 

 

 

 

5

10мин

 

.

 

Ой қорыту.Биологиялық диктант

1.Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ұшқыш зат .......... бөлінеді.

2.Ағаш сабағы ...... деп аталады.

3....... жіңішке қылқаны ұзынша .... қырлы жапырақшалары қысқарған өркенге ... - ..... орналасады.

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы орындау

 

 

 

5мин

Конверттегі сұрақтар11.Орман қорғау дегеніміз не? 2.Қазақстанда орманды сақтау, оларды қорғау және де көбейту мәселесімен кімдер шұғылданады?).                             3.Жұмбақ.Дауылға да, аязға да,                                                                                                                                                       Шыдап бағар міз бақпай.                       тау етегі тұрағы,                                            Жап-жасыл боп тұрады.                                           4.Қарағайдың тұқымы қандай түсті болады?(Қоңыр)

Бекіту."Екі жақты түсініктеме күнделігі"

Оқушылардың конверттегі сұрақты өздері дайындап бір- біріне қояды, сол арқылы  тақырыпты түснгендерін көрсетеді."Екі жақты түсініктеме күнделігі"

А-3,фламастер

 

Мәтіндегі ең негізгі ұғым

Осы ұғым жайлы пікір жазу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

2 мин

Мұғалім меңгерген білімдеріне қарай оқушыларды бағалайды.Кретериалды бағалау.

Оқушы өзін-өзі бағалайды.

Бағалау құралдары

 

 

3 мин

Кері байланыс

 

 

                    

* Бүгінгі сабақта не үйрендіңіздер?                                 * Ең маңыздысы не болды? 

 *Тағы да қандай сұрақтар бар

Оқушылар

 өз ойларын айтады. Үйге мәтін соңындағы сұрақтармен жұмыс істеу."Өрттің орман үшін келтіретін зияны"деген тақырыпта хабарлама жазып келу  

 

Өзін-өзі бағалау парақшалары

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қылқанжапырақтардың табиғаттағы маңызы

 

 

 

 

 

 

2.Орманның маңызы және оны қорғау

 

 

 

 

 

 

 

3.Қылқанжапырақты ормандардың адам өмірінде шаруашылықта қандай маңызы бар?

 

 

 

 

 

 

                     Жұптық жұмыс

1.Кәдімгі қарағай қандай өсімдік

2Қарағай бұтағындағы бүрлердің орналасуы

 

 

 

 

                          Жұптық жұмыс

1.Жатаған шырша қандай өсімдік

2.Сүрек дегеніміз не?

 

 

 

 

 

                          Жұптық жұмыс

1.Шырша қандай өсімдік

2.Балқарағай туралы не білесің?

 

 

 

Қарағайлар тұқымдасы қылқандылар класының ішіндегі түрлер санына байланысты ең ірісі, ол 10 туысқа жататын 250-ге жуық түрлерді біріктіреді. Бұлар табиғатта таралуы мен адамзат тіршілігіндегі алатын орнына қарай ең маңызды тұқымдас болып табылады. Қарағайлар тұқымдасы негізінен Солтүстік жарты шарға тән, тек кейбір түрлері ғана экватордан төмен өтеді (Оңтүстік-Шығыс Азия). Қарағайлар Еуропа, Азия мен Американың суық және қоңыржай аймақтарында ең басты орман түзетін ағаштар болып есептеледі. Оңтүстік жарты шарда Суматра, Борнео, Ява аралдарында тек бір түр – меркуза қарағайы кездеседі. Көбінесе үлкен алқаптарда, мысалы, сібір тайгасында тек бір ғана түрден (қарағайдан, шыршадан, самырсыннан және т.б.) тұратын ормандар түзеді. Сонымен қатар үйеңкі, емен, жөке сияқты басқа да сүректі түрлермен аралас ормандарды да құрайды. Қазақстанда қарағайлар тұқымдасына жататын 4 туыс және 7 түр кездеседі.

Қарағайлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы өте зор. Оларды егістікті қорғау үшін пайдаланады. Қылқанжапырақтылар оттегін бөліп, көмірқышқыл газын бойына сіңіреді. Сондықтан адам қылқанжапырақты өсімдіктер өскен аумақта жақсы тыныс алып, тынығады. Бұл өсімдіктерден тұрмысқа қажет ағаш материалдары, отын, қағаз өндіріледі, үй жиһаздары мен музыкалық аспаптар жасалады, шайыр, терпентин, канифоль, скипидар, глюкозидтер, ал қабығынан илегіш заттар алынады. Кейбір қарағайлардың тұқымдары жеуге жарамды, құрамында құнды тағамдық және техникалық майлар болады. Қылқанжапырақтылардан шайыр, эфир майы, дәрі-дәрмектер дайындалып, медицинада қолданылады. Қарағайлар тұқымдасы қысқарған өркендерінің болуы немесе болмауына байланысты 3 тұқымдас тармақтарына (самырсындар, балқарағайлар және қарағайлар) бөлінеді.

Қарағай, шырша, самырсын және өзге ашықтұқымды өсімдіктердің халық шаруашылығында да маңызы зор. Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Балқарағай, қарағай сүректері - қағаз жасауға қажетті негізгі шикізаттар. Олардың сүрегінен жоғары сапалы қағаз өндіріледі. Балқарағай – Қазақстанның биік тауларында кездесетін (Алтай, Сауыр, Тарбағатай) қылқанды ағаш. Оның сібірлік балқарағай деп аталатын түрі қыста жұмсақ қылқанын түсіріп тастайды. Ол ыстыққа, суыққа, түтінге, шаңға, дауылға және ауа ылғалдығына өте төзімді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орманның маңызы және орманды қорғау. Жер аумағы үлкен болса да, Қазақстанда орманды жерлер көп емес. Республикамыздағы орман мен бұталардың алып жатқан жер көлемі 21,6 млн га. Бұл Қазақстан жер көлемінің 4,2 % - ы ғана. Егер әр адамға шағатын болсақ, онда 0,7 га орман көлемі тиесілі болады.

Таулы өңірлерде (Алтай-Сауыр, Солтүстік және Батыс Тәңіртау) қарағай, майқарағай, шырша, балқарағай, самырсын сияқты бағалы ағаштар өседі. Солтүстік Тәңіртау өңірінде әсіресе алма, өрік, жаңғақ және қарақат тәрізді жеміс-жидекті ағаштар мен бұталар басым. Шығыс Қазақстан облысының ормандарында самырсын өседі. «Марал тамыры», тіпті алтын тамыр сияқты өте сирек кездесетін дәрі-дәрмектік өсімдіктер самырсынды ормандарда ғана болады. Самырсын сүрегінен музыкалық аспаптар, жиһаздар мен қарындаштар алынады.

Қазіргі уақытта ағаш сүрегімен қатар ағаш бұтақтары, жапырағы, қабығы және түбірі де пайдаланылады. Бұдан 20 – 30 жыл бұрын ағаштан 5000 түрлі заттар шығарылса, енді 20 мыңға жуық түрлі заттар жасауға мүмкіндік туды.

Орманды қорғау – адамдар үшін гигиеналық, эстетикалық және мәдени маңызы бар мәселе, Қазақстан орманы тапшы аймақтарға жатады. Сондықтан республикамыздағы ең басты міндет – ағашты үнемді пайдалану. Ол үшін оның көлемін ұлғайтып, әсіресе өрттен сақтай білу қажет. Сондай – ақ орманды зиянкестерден, әртүрлі аурулардан қорғаудың маңызы зор. Ағашты орынсыз кесіп, ысырапқа жол бермеу керек.

Қазақстанның орман белдеулерін сақтау, оларды қорғап, көбейту мәселесімен Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорация ғылыми-зерттеу институты шұғылданады. Орман көлемін қалпына келтіріп, көбейтудің 3 түрі тәсілі бар: егу, себу және табиғи жолмен қалпына келтіру.

Қылқан жапырақты ормандарды сақтау туралы

Ел аумағында өсетін шыршалар саудасы шектелуіне қарамастан, қазақстандық азаматтар шет елдерден әкелінген ағаштарды сатып ала алады. Сонымен қатар сауда орындарында қылқан жапырақты ағаштардың бұтақтарынан жасалған, сондай-ақ, контейнерлерде өсіп тұрған шыршаларды сату мүмкіндігі бар.

     Елімізде соңғы онжылдықта Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бастамасын қолдау нәтижесінде жаңа жылға орай кесілетін шыршалар саны 40 мың данадан 10 мың данаға дейін азайды.

     Ал Астанада 5 жыл бойы жаңа жылдық мерекелік шараларды өткізу кезінде жасанды шыршалар қолданып келеді.

     Биыл Республика бойынша мемлекеттік инспекторлар мен орман күзеті, сондай-ақ, табиғат қорғау полициясының қызметкерлерінен жасақталған 500-ден астам рейдтік топтар құрылып, орманды аумақтарда 320 бекет ұйымдастырылды.

     Қазақстанда 2007 жылдан бастап орман заңнамасын бұзу нәтижесінде келтірілген зиянды есептеудің негізгі мөлшерлемелері қолданысқа енгізілді.

     Жаңа жыл қарсаңы кезінде (қараша-желтоқсан айларында) қылқан жапырақты ағаштардың 1 дана жас шыршасын шабу немесе бүлдіру салдарынан келтірілген зиянды өтеу мөлшері 15 айлық есептік көрсеткіш, яғни 25965 теңге сомасын құрайды. Қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас шыршалары заңсыз кесілген жағдайда құқық бұзушыларға әкімшілік айыппұл салынып, орман шаруашылығына келтірілген зиянды өтеуге талап-арыз беріледі. Ал 7 дана шырша кесіліп, одан келтірілген зиян 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асқан жағдайда, құқық бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Орман қорғау – орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдерге бөлінеді де, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Орманшының жұмысына техникалық орман қорғау инженері басшылық етеді, бақылайды. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу, ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың, малшылардың, т.б. орман қорын сақтау ережелерін орындауы қадағаланады. Зиянды жәндіктер мен жануарлардың, өсімдік ауруларының пайда болуы бақыланып, қажет жағдайда тиісті мекемелерге тез хабарланады, күрес шаралары ұйымдастырылады. Орманда аң аулау, оның маусымдық ережелерін сақтау бақыланады. Орман қорғау ісінде, орман шаруашалығында радиостанция, телефон болуы керек, өрт-химия станциялары құрылып, өрт сөндіру топтары ұйымдастырылады. Орман ұшақ, тікұшақтармен бақыланады. Қазақстанда орман қорғау жұмысымен Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорация ғылыми-зерттеу институты, орман шаруашылығы мекемелері, т.б. айналысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағай – еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақты мәңгі жасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар.

 

 

Самырсын - қарағай тұқымдасына жататын көп жылдық мәңгі жасыл ағаш. Қазіргі кезде 40-тан астам түрі белгілі, негізінен Солтүстік жарты шарда өседі, ішінара тропиктік белдемдерде (Мексика, Гватемала) кездесетін түрлері де бар. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу мен Талас Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда теңіз деңгейінен 2000 м-ге дейінгі биіктік белдеулерде өсетін 2 түрі: Сібір Самырсыны және Ақ қарағай бар. Олардың биікт. 35 м-ге, діңінің жуанд. 55 см-ге дейін жетеді. Қылқан жапырақтары таспа пішіндес, ұзындығы 4 см-дей. Аналық тұқым бүрі жасыл не қызыл түсті, аталық гүлі масақты, алдыңғы жылғы бұтақтарының ұшында орналасады. Самырсын 200 жылдай өмір сүреді. Самырсынның діңі жұмсақ, жеңіл, ол целлюлоза өндірісінде, құрылыста қолданылады. Тұқымының құрамында лак, бояу өндіру үшін қолданылатын май болады. Қабығынан шайыр алынады, сағызы (живица) желім ретінде, қылқаны медицинада майқарағай майын алу үшін пайдаланылады. Самырсындар — аязға төзімді ағаштар, бірақ мәдени түрде өсіру үшін ылғалды және салқын климат керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конверттегі сұрақтар.

1.Орман қорғау дегеніміз не? (орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары).

2.Қазақстанда орманды сақтау, оларды қорғау және де көбейту мәселесімен кімдер шұғылданады? (Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорация ғылыми-зерттеу институты шұғылданады).

Жұмбақ.

3.Дауылға да, аязға да,                                                                                                                                                       Шыдап бағар мізбақпай.

Тау етегі тұрағы,

Жап-жасыл боп тұрады. (Қарағай).

 

4.Қарағайдың тұқымы қандай түсті болады?(Қоңыр)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Бағалау парақшасы.              Оқушының аты-жөні___________________________

Р/с

Критерий

Дескриптор

Ұпайы

Қорытынды

1.

 

Тақырыпты нақтылы жеткізу

шеберлігі

 

 

 

Толық жауап берілді

Жауап толық емес

Жартылай айттым

5

4

3

 

2

Мәтінді негізгіұғымды толық мазмұнына сай айта білуі

Толық түсіндім

Жартылай түсіндім

Қателіктер кездесті

 

5

4

3

 

3

Берілген тапсырмаларды талқылауға қатысуы

 

 

 

Тапсырманы орындадым

Мен тапсырманы жартылай орындадым

Сұрақтардың кейбіреуіне жауапты бере алмадым

 

5

4

3

 

 

 Баға "5 "-10-15ұпай;  "4" 5-10ұпай;  "3"- 1-4ұпай

 

 

 

Бағалау парақшасы.              Оқушының аты-жөні___________________________

Р/с

Критерий

Дескриптор

Ұпайы

Қорытынды

1.

 

Тақырыпты нақтылы жеткізу

шеберлігі

 

 

 

Толық жауап берілді

Жауап толық емес

Жартылай айттым

5

4

3

 

2

Мәтінді негізгіұғымды толық мазмұнына сай айта білуі

Толық түсіндім

Жартылай түсіндім

Қателіктер кездесті

 

5

4

3

 

3

Берілген тапсырмаларды талқылауға қатысуы

 

 

 

Тапсырманы орындадым

Мен тапсырманы жартылай орындадым

Сұрақтардың кейбіреуіне жауапты бере алмадым

 

5

4

3

 

 

 Баға "5 "-10-15ұпай;  "4" 5-10ұпай;  "3"- 1-4ұпай

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жалпақ жапырақты қылқан жапырақты орманды қорғау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 134 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.05.2017 1505
    • DOCX 32.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елубаева Алмажай Султангаликызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12903
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 274 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 810 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 398 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 26 регионов