Инфоурок Биология ТестыЖИТС туралы PIZA тапсырмалары

ЖИТС туралы PIZA тапсырмалары

Скачать материал

ЖИТС ауру туралы 8-9 сыныпқа арналған PISA тапсырмалары

              1978 жылы АҚШ-тың Танзания штатында ЖИТС  аурудың белгілері бар бірнеше науқас тіркеліп, бұл ауруға 1982 жылы «СПИД» деген атаумен анықтама беріледі. Сол күннен бастап бұл жұқпалы дерт әлем жұртшылығын алаңдатқан індетке айналып отыр. Осыған байланысты әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтеріне жүгінсек, дүниежүзінде АИВ  инфекциясын жұқ- тырғандар саны бүгінде 40 миллион адамға жетіп отыр. ЖИТС-тен және АИВ  инфекциясынан 20 миллион адам қайтыс болған. Жалпы алғанда,АИВ - инфекциясын жұқтырғандар: Теміртау қаласы бойынша — 2050 адам, Қарағанды қаласы бойынша — 498 адам, аудандық, ауылдық жерлерде 226 адам бары анықталып отырса, олардың ішінде 14-інің бала екені анықталған. Бұл тек тіркелгендер саны ғана. Шын мәнінде, ауруын жасырып жүргендер қаншама.  Тек Теміртау қаласының өзінде 2014 жылы АИВ  инфекциясын жұқтырған 145 адам тіркелген. Олардың 58%-ы ерлер болса, 42%-ы әйелдер екен. Сол себептен мен осы тақырыпқа байланысты тапсырмалар құрастырдым.

 Тақырыбы:    Ауру тудыратын вирус - АИВ

1  тапсырма .    Мәтінді оқыңыздар.

Белгісіз хандықта болған оқиға

                Біз сіздерге айтатын жағдай кәдімгі балалар мен қарапайым қалада болған. Жазғы күн. Дина мен Тимур есік алдында «ролик» теуіп жүрді. Кенеттен Тимур аяғын қайырып алып, құлап қалды.Аяғы қатты ауырып, тізесінде қан тамшылары көбейіп кетті.Тимур басының айналғанын сезді. Біраз уақыттан кейін оны қоршаған әлем жоқ болып кетті, ол өзі бір хандыққа келді. Хандық «адам ағзасы» деп аталады. Бұл хандықта ми, жүрек, бауыр, өкпе, асқазан және т.б. ағзалар өмір сүрді. Әр ағза өзінше жұмыс атқарды бірақ ,біреуі екіншісінің көмегінсіз жұмыс істей алмайтын еді. Тимур адам ағзалары бір-бірімен көптеген қан тамырлары арқылы байланысатынын  білген.

         -Ал олар бір бірін қалай естиді және сезеді? – деп Тимур жүріп келе жатыр, ойланып қан тамырлар зақымданған жерге қалай жетіп қалғанын байқамай қалды. Ол оны тез таныды. Ол оның жараққаттанған тізесі еді. Бұл жерде не болып жатқан! Онда қызыл және ақ киім киген әскер солдаттары қызмет етіп жатқан. Кейбір солдаттардын атағы жоғары, басқалары төмен болды. Қызыл солдаттар оттегін тасымалдады, ақ солдаттар шайқасып ағзаны зақымданған тері арқылы еніп жатқан жау микробтардан қорғады. Шайқас аяқталған кезде Тимур әскер басшысына келіп, таңғалып айтты:

       -Қандай үлкен әскер!Өз солдаттарыныз туралы айтып беріңізші деді.

        -Жарайды, жақсы, - деп жауап берді қатаң генерал.-Мына қызыл солдаттар ол эритроциттер.Олар өз аспаларында  оттегін ағзаларға тасиды. Ал мынау, ақ солдаттар олардың ішіндегі адам ағзасының ең қайраткерлері Т-лимфоциттер. Осылар нағыз аурудан қорғану қалқанын құрайды. Оның  аты қорғаныш (иммунитет).  Жаулар пайда болғанда біздің қорғанышымыз жедел түрде шауып келеді. Бірақ бірнеше жыл бұрын ең қауіпті жау пайда болды. Оның аты  АҚТҚ- адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы. Ол жау адам ағзасына түскен кезде өсіп Т-лимфоциттерді зақымдайды. Т-лимфоциттердің көбі өледі. Адам ағзасы қорғанышсыз қалатындықтан оған енетін вирус  өлімге әкелуі мүмкін.

-АҚТҚ-на  қарсы дәрі жоқ па?- деп Тимур қорқып кетті.

-Қанша  өкінішті болғанымен, бүгінгі күні  АҚТҚ-ын жоятын дәрілер жоқ. Қу АҚТҚ  адамның ағзасында тыныш өмір сүріп, өзінің бар екендігін бірнеше  жылдар  бойы білдірмей, өз жұмысын бітіре береді. Қорғаныш әбден әлсіз болған кезде , адам ағзасы ешбір жаумен күресе алмай қалады. Сөйтіп, ЖҚТБ  басталады. ЖҚТБ  - жұқтырылған қорғаныш тапшылық белгісі    .

      -Егер мен тіземді қанталағанша зақымдасам мен АҚТҚ-ын жұқтырып алу мүмкін ғой? -деп Тимур сұрады.

 

Сұрақ :    Тимур АҚТҚ-жұқтырып алды ма?

 1. Иә

2. Жоқ

                                                                                                                                1 ұпай

Жауабы:         Жоқ

 

2  тапсырма       АҚТҚ/ЖҚТБ  немесе    АИВ / ЖИТС –сөзі дегеніміз не?

         2 ұпай

Жауабы:    АҚТҚ- адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы ,     ЖҚТБ -жұқтырылған қорғаныш тапшылық белгісі    немесе  АИВ- адамның иммундық тапшылық вирусы ,   ЖИТС-жүре пайда болған  иммундық тапшылық синдромы

 

3 тапсырма

Тимур  «хаңдықтағы » қандай  ағзаның  ішкі  ортасына түсті

A.     Ұлпа сұйықтығы

B.      Жүрек

C.      Қан

D.     Лимфа

                                                                                                                1 ұпай

Жауабы:           С

 

 

 

        4  тапсырма  Сызбанұсқаны  аяқтаңыз.

 

 

 

                                                               АҚТҚ/ЖҚТБ-ны жұқтыру   жолдары                  

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                                                              4 ұпай

Жауабы:           

 

                                                               АҚТҚ/ЖҚТБ-ның  жұқтыру жолдары                         

 

 

 

 


             Қолданылған шприц                                                                                         Қан

                                                            Анадан балаға                       

                                                                                            Жыныстық қатынастан

 

 

 

 

 

 

 

 

5 тапсырма .      Сұрақтарға (+) белгісі бойынша жауап жазыңыздар.

 

Қауіп-қатер дәрежесі

АҚТҚ жұқтыру қауіпінің дәрежесі

Иә

Жоқ

1

Бетінен сүю

 

 

2

Ауру адамның тіс щеткасын пайдалану

 

 

3

Жөтелу, түшкіру

 

 

4

Шприцтерді бірлесіп пайдалану

 

 

5

Тексерілмеген қанды құю

 

 

6

Жәндіктердің шағуы

 

 

7

АҚТҚ-жұқтырған адам дайындаған тағамды жеу

 

 

 

                                                                                                                                7 ұпай

Жауабы:           

Қауіп-қатер дәрежесі

АҚТҚ жұқтыру қауіпінің дәрежесі

Иә

Жоқ

1

Бетінен сүю

 

+

2

Ауру адамның тіс щеткасын пайдалану

+

 

3

Жөтелу, түшкіру

 

+

4

Шприцтерді бірлесіп пайдалану

+

 

5

Тексерілмеген қанды құю

+

 

6

Жәндіктердің шағуы

 

+

7

АҚТҚ-жұқтырған адам дайындаған тағамды жеу

 

+

 

 

 

6 тапсырма

 

Жас қыз қауіпті жыныстық қатынаста болды. 7 күннен кейін ол АҚТҚ-ға тексерілуге бел буды.   Сендер бұл туралы не ойлайсыңдар? Жас қызға қандай кеңес бересіңдер? Бұнда «қарсымын» және «келісемін»  аргументтерінің болуы мүмкін.     

2  ұпай

 Жауабы:     «Қарсымын»    Себебі, отбасы, жора-жолдастыры  ЖИТС ауруымен ауратыныңды  біліп қойса, сенен теріс айналып кетуі мүмкін.   

                      «Келісемін»     Себебі,   бұл қауіпті ауру. Өзінің қасындағы отбасынды, жора-жолдастарынды сақтандырып жүресін.

                                                                                                                             

 

Құрастырушы :                  №4 ЖББОМ  биология пәнінің  мұғалімі           А.С.Рахимова

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ЖИТС туралы PIZA тапсырмалары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 143 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.11.2015 1608
    • DOCX 20.4 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахимова Анар Сайлауовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахимова Анар Сайлауовна
    Рахимова Анар Сайлауовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 77862
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 462 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 169 человек

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 361 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 517 человек

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе