Инфоурок Другое Другие методич. материалы«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ЫҚПАЛДАСТЫРУ

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ЫҚПАЛДАСТЫРУ

Скачать материал

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ЫҚПАЛДАСТЫРУ

 

Суханова Алтынай Абдраманқызы

 

     Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылы, «Жеңіс» жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

Мақсаты:   Өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен интеграциялау  –  мектептегі  білімді жандандыру және баланың  рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару.

Жоспар:

-  Өзін өзі тану және басқа пәндердің ықпалдасуының мәні мен түрлері.        Интеграция дегеніміз не?

- Неліктен өзін-өзі тану пәнін интеграциялаймыз және қалай  интеграциялаймыз? Интеграциялаудың жолдары.

- Гуманитарлық пәндерді интеграциялау.

- Жаратылыстану пәндерін интеграциялау.

 

      Адам болып өмір сүруге  келгенннен кейін, адамгершілік, имандылық, инабаттылық, адалдық және басқа да көп-көп адами сезімдер мен қасиеттерді 

иеленіп,  оқушы бойына  дарыта  білгеніміз де  абзал.   Оқушыларға сабақ бере  отырып,олардың рухани, интеллектуалды өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесімізді қосқанымыз  абзал.

     Әрбір оқушы, әрбір бала – болашақтағы үлкен Адам, қоғамның, өз заманының иесі. Тек ол соған лайықты дұрыс қалыптасуы қажет. Кең даланы ен жайлап өскен қалың қазақтың тағдыры қандай сан қилы болса, оның тілі де, тарихы да, әдебиеті мен мәдениеті де дәл сондай, сан қырлы. Сол сан қырлы, сан қатпарлы тіл мен оның әдебиетін балаға жете түсіндіру, олардың бойына рухани құндылықтардың дәнін себу – менің тікелей міндетім. Мәселе, тіпті баланың алдында жатқан кітапта не бар екенін толық жаттап, біліп шығуында ғана емес, оның көп нәрсені түсініп, ой елегінен өткізіп, оны өмірде, тәжірибеде дұрыс қолдана білуінде.

     «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілікті дамыта алмайды..» - дейді Ш.Амонашвили демек, шабыттандыра алмайды. Ал, жүрекпен, жанды білім беріп, рухани-адамгершілігін дамыта отырып оқытса, шәкіртіңнің қанаттанып ұшқанын көресің. Онымен бірге өзіңде шабыттанасың.

    Әрбір бала дүниеге бекерге келмейді. Оның бір атқаратын міндеті бар. Сол баланы бағып-қағу үшін жаратушының қызметкерлері: ақ сүтімен тәніне қуат беріп, бесік жырымен тербеткен ана, әр уақытта қасынан табылатын қамқор әке және білім нәрімен сусындататын, саналы етіп ұрпақ тәрбиелейтін - ұстаз.

    Ата-анасы, ата-апасы  баласын тек киіндіріп, ішкізіп, жегізіп қоймай оған дұрыс әрекет арқылы жан дүниесіне рухани азық берсе, мұғалім әр уақытта ізгілікпен, қиянат жасамай, сүйіспеншілікпен қараса  онда рухани деңгейі биік азамат өсетіні анық. 

     Шабыттандыру үшін баланы әр кез қолдап, оның ісін мақтап, жай ғана мақтамай шын ісімен мақтау қажет. Үлкенге – құрмет, кішіге ізеттің қандай болуын түсіндіруміз қажет. Біз балаға үйрете жүріп, өзіміз де үйренетінімізді білеміз. Кел, үйретемін демей үйренейік дейік.

    Мәңгілік елдің адамзатының алдында тұратын ұлы мұраты - міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, иманды, мәдени - ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеуде қоғам алдындағы борышымыз деп санаймын.    

    Жаңашыл – педагог Ш.А.Амонашвили: “Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді  және әр бір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны – ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата – анамен педагогтың міндеті  сол сәулесінің жоғылып кетуіне жол бермеу, өз өмір жолына бағыт көрсету.”  және де  “ Балалар білімді аңсайды, бірақ олар жанды білімді аңсайды” – деген екен.

       Интеграция ұғымының жалпы ғылыми мәнін және оның басқа философиялық ұғымдармен өзара байланысында қарастырылады.

     Интеграция ( лат. integratio – қалпына келтіру, толықтыру,  integer – тұтас, бүтін) жекелеген дифференцияланған бөліктердің тұтаспен байланыс күйін әрі осы байланысқа алып келетін үдерісті білдіретін жүйе теориясының ұғымы.

     Білім тек қана адамның қажетін өтеу үшін емес, өмір сүру үшін қажет. Ол үшін білім берудің екі аспектісін үйлесімді дамыту жолдарын анықтауымызға тура келеді.

Сыртқы білім-ақыл үшін

         Сыртқы, интеллектуалды

         Сыртқы әлемді зерттейді

         Кітаби білім, (жеке тәжірибесін тануға болады) 

         Қалауларын оятады, сырттағыға таратады

         Тіршілік күн көру үшін қажет

         Интелектіні дамытады

         Ақыл мен тәнге бағыттайды

         Сыртқы білімнің мақсаты – ақпарат беру

         Интернет

         Аллергия пайда  болады.

         Ішкі білім- жүрек үшін

         Ішкі  рухани адамгершілікті

         Ішкі әлемді зерттейді(мен кіммін)

         Практикалық білім(тек жеке тәжірбие арқылы тануға болады)

         Әрбір адамның жүрегінде жасырынған жалпы адамзаттық құндылықтарды айқындайды

         Өмірлік мақсаттармен байланысты(не үшін өмір сүру қажет)

         Интуицияны дамытады.

         Жүрекке бағытайды.

         Ішкі білімнің мақсаты өзгереді.

         Иннернет

         Энергия

Жанды білім

         Адамды рухтандырады

         Ғылымның көкжиегіне жетелейді

         Шабыттандырады

         Нұрландырады

Жансыз білім

         Оқушылардың мектеп табалдырығынан аттап шықпай жатып мектепке қалдырып кететін және қызықпайиын білім.

Интеграция жолдары:

         Ұлы ғалым, дана адамдардың өмірінен мысалдар келтіру

         Қазіргі ғылымның жаңалықтарымен таныстыру

         Әр оқу пәнінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау

 

Гуманитарлық пәндерді интеграциялау

    Әдеби тұрғыдан келгенде Абай мен Шәкәрім, Мағжан мен Мұқағали шығармаларының көркемдік ерекшеліктері айшықты оралымдардан көрінеді, ал бізге қажеттісі – олардың жан дүниесінің сұлулығы.

     Олар іздеген үйлесімдік пен ізгілік, махаббат пен достық, пейіл мен ықылас жарасымын адам бойындағы құнды қасиеттер деп бағалай отырып, біз әдеби-көркем туындылардағы мазмұн арқылы болашақ ұрпақты еліміздің нағыз азаматы ретінде тәрбиелеуді нысана тұтамыз.

Жаратылыстану пәндерін интеграциялау

      Физика пәнінен: Магнит өрісі.

   Кез – келген заттарды бір – біріне үйкелеп, соңынан бір -   бірінен алшақтататын болсақ, бәрі бір - біріне тартылады.

  Яғни бұдан шығатын қортынды: Рухани жақын адамдар бір – біріне ренжісіп көңілі қалып жатса да, кейіннен түсінісіп сыйластықта бола алады.

      Химия пәнінен: Атом туралы айтқанда.

Атом дегеніміз химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшек.

Адамгершілік тұрғыда: атомды рухпен салыстыру; Рух “рухани бастаудың” қайнар көзі.

      Математика пәнінен: Арман 12 кг салмақты көтере алады, Ермек те 12 кг көтере алады, ал кішкентай Болат не бары 4кг көтере алады. Егер олар бірлесіп, бір-біріне көмектескен болса, онда олар үлкен жүкті көтере алар еді. Сонда үш дос қандай салмақтағы жүкті көтереді?        

     «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген осы.

         Өзін-өзі тану біртұтастықты қамтамасыз ететін мета пән. Әр пән баланы  рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің құралы рухани болмысын  жарыққа шығарушы болып табылады. Интеграция - адамның  ғылыми ойлауын, әлемдік көзқарасын анықтайды.  Интеграция - білімді жандандырушы, рухани – адамгершіліктің мән-мағынасын айқындаушы болып табылады.  

      “Өзін-өзі тану” пәні мен басқа пәндердің интеграциясын сабақ барысында “Тыныштық сәті” немесе ойын, оқушылардың көңілін көтеретін немесе демалдыратын тәсіл деп түсінеді, мысалы, химия пәнінің мұғалімі өзін-өзі тануды интеграциялау деп химия пәнінен сұрақ бере отырып допты лақтыру және оқушылардың допты кері лақтырғанын айтады. Бұл интеграция емес! Бұл – қарапайым әдістемелік тәсіл, оның өзін-өзі тану мен химия пәндерінің ешқандай қатысы жоқ.

 

 

Ағылшын пәні

“Қыс” – “Winter” тақырыбын өткен кезде:

v  Spring is green

v  Summer is bright

v  Autumn is yellow

v  Winter is white - қыс-ақ, адам осы ақ қардай таза болуы керек деп рухани тәрбиени айтып кету қажет

Математика

«Үшбұрыш» тақырыбын өткен кезде мінсіз ақыл (бас), таза жүрек (жүрек), адал еңбек (қол). Баста ойлар пісіп жетіледі, жүрекпен сезінеміз, содан соң   дұрыс шешімдерді қолдар жүзеге асыруы тиіс. Шындығында, білім берудің мақсаты – баланы жан-жақты тұтас дамыту.

Биология

«Гүлдің құрылысы» тақырыбын өткенде «Бес құндылықты» айтып өтуге болады. Тамыры  - ақиқат, сабағы – сүйіспеншілік, бүршік- ішкі тыныштық, жапырақ- дұрыс әрекет, гүлі- қиянат жасамау.

     Әр тақырыптың мазмұнын ашатын ата-баба өнегесі, әке мен бала қатынасы, ана мен әке қатынасы, қоршаған орта, күнделікті тіршіліктегі сыйластық пен мейірім, ар-ождан, қайрат, ақыл, жүрек, ерік, жігер, намыс, жан мен тән сұлулығы, т. б. құндылықтардың адам өміріндегі қажеттілігін сезініп, пайымдай алғанда ғана толық адам ретінде қалыптасуға мүмкіндік туады. Ол үшін адам өзіне не қажет екендігін дұрыс сезінуі керек.

    Түптеп келгенде, бұл оқыту үрдісіндегі барлық пәнге ортақ міндет. Алайда, әр пәннің өзіндік ерекшелігіне орай бұл мақсат әр қырынан қиюласқанда ғана қисынын табады.Сондықтан пәнаралық ықпалдастыруды әр пәннің мазмұндық ерекшеліктеріне орай ойластыру қажет.

 

Өмір сүру бұл – ақиқат,

Ар-ұждан даусын ести білейік жамағат.

Бойымызда болсын жасампаз қуат

Санамызды билесін тек сезім - қанағат.

 Жасамайық ешкімге оймен, сөзбен,  іс - әрекетпен қиянат.

 

Әдебиеттер:

/«Самопознание. кz» журналының жинағы, 2015 – 2016 жж./
/«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы әдістемелігі.  Ә.Биболова. 2015 ж./

 /«Мұғалімге арналған нұсқаулық» Мұқажанова Р.А. Алматы 2015 ж. /

/www.googIe. Интернет/                   

 

 

Суханова Алтынай Абдраманқызы

     Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылы, «Жеңіс» жалпы орта білім беретін мектебі, өзін-өзі тану пәні мұғалімі.

Тел:8 702 762 56 81

alt_su@mail.ru

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ЫҚПАЛДАСТЫРУ

проектор

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ЫҚПАЛДАСТЫРУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 187 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2019 6735
    • DOCX 65.5 кбайт
    • 106 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Суханова Алтынай Абдраманқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Суханова Алтынай Абдраманқызы
    Суханова Алтынай Абдраманқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28393
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Мини-курс

Инструменты и операции на финансовом рынке

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе