Инфоурок Другое Другие методич. материалыӨзін-өзі тану пәнінен эссе Тақырыбы: "«Мен шабыттандырамын...»"

Өзін-өзі тану пәнінен эссе Тақырыбы: "«Мен шабыттандырамын...»"

Скачать материал

Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ

Кариполлина Г.Б.

«Мен шабыттандырамын»

эссе

       Менің сүйіп таңдаған, қызықты да, қиын  да сәттері мол мамандығым- ұстаз болғандықтан, алдымда отырған әрбір оқушының өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін білім беру мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып, сабақ оқуға, өмірге басқаша көзқараспен қарауға, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеп, шабыттандыра алу – осы саладағы ең басты мақсатым деп білемін. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, білімді, алған білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдана алатын оқушыларды жетілдіру біздің қолымызда. Осы мақсаттарға жете білу – өзін әр қырынан көрсете білетін, жігерлі, шабытты,  шебер мұғалімнің қолынан келетін іс деп білемін. Себебі өзі шабыттана алатын ұстаз ғана, алдындағы шәкіртін шабыттандыра алады.

      Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың: « Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады», - деген керемет қанатты сөздерін ескере, басшылыққа ала отырып еңбек етсек, шынымен де әрбір ұстазды бейжай қалдырмайтындығы сөзсіз деп ойлаймын.

      Мен, жалпы,  алдымда отырған оқушыны шабыттандыру үшін, оны түсінуге, кемшіліктері мен артықшылықтарына назар аудара отырып, жақсы қасиеттерін табуға тырысамын. Себебі, бір оқушыға «Жарайсың!», «Сен дарындысың!» «Сен, бүгін, мені қуанттың!» деген сөздер шабыт берер болса, енді бірі «Менен асқан оқушы жоқ!» деп, әбден тоқтап қалуы мүмкін. Ондай жағдайда, керісінше, «Сенің, бұдан артыққа, шамаң келеді!» деген сөздермен мақсатын айқындай, талпындыра түсемін. Әрбір баланың бойынан кішкентай болсын жақсылықтың нәрін тауып, соны ту етіп ұстап, биік адамгершілік құндылықтарға жетелеуге тырысамын. Әр оқушының сабақтан шабыттанып шығуына, өз жүрек жылуымды, ақыл-кеңесімді беруден еш аянбаймын, әрі  бойындағы күшіне, өз-өзіне деген сенімдерін одан ары  асыра түсірулеріне барлық күш- жігерімді жұмсаймын деп айта аламын.

        Бала тәрбиесі жөнінде Абай атамыз: «…Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады» деп осы үшеуінен баланың болашағы шешілетінін ескерткен. Баланың бойына жастайынан құнды адамгершілік қасиеттерді сіңіртіп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен мұғалім шешуші рөл атқарады. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбие­­леу – ел­дік мәселе деп санаймын. Осыны естен шығармаған абзал. Сондықтан тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсем, нақты шеберлікті, шабытты, қиялды оқушыны шабыттандыра отырып, үлкен тәлім –тәрбие беріп, еліміздің гүлденуіне, болашағына үлкен үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу – тек өзі шабыттана отырып, алдындағы баланың шабыттануына себепкер бола алатын жігерлі, терең ойлы, шеберлі, өз-ісіне берік, еңбекқор ұстаздың қолынан келетін іс деп санаймын. Мәңгілік ел атануымыз үшін ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, парасатты ұрпақ тәрбиелеуге барлық күш жігерімді, еңбегімді, алған тәжірибемді барынша жұмсаймын.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану пәнінен эссе Тақырыбы: "«Мен шабыттандырамын...»""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 202 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2017 1538
    • DOCX 15.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кариполлина Гулбакыт Бакытовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 111175
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой