Инфоурок Другое Другие методич. материалыӨзін-өзі танудан баяндама "ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫНА ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ "

Өзін-өзі танудан баяндама "ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫНА ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ "

Скачать материал

ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ
ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫНА ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ ЫҚПАЛЫ        

 

Утегенова Жайнагуль Ибадулловна

Мәртөк ауданы, Кеңсахара орта мектебінің Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.

 

«Бізге қажетті- жаны да, қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін, тарихы менсалт – дәстүрін бойына сіңірген, туған жерін түлетуді, егемен елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу»  Н.Ә.Назарбаев

    ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін- өзі тану» рухани- адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр.Ол- халқымыздың ұлттық құндылықтарын, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой- толғауларынан бастау алады. «Өзін- өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген  адам ешқашанда сол қалпында қала аламайды»- дейді Томас Манн.Ендеше өзін- өзі, өз мүмкіндіктерін, өзінің өмірдегі орнын түсінген  адам, өзін- өзі қадағалап, сынап, өзін- өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін- өзі тану- адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы  бірегейлікке сәйкес келетін өзінің  жеке құндылықтары жүйесін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға бағытталған.  «Өзін -өзі тану» рухани-адамгершілік білімі-ұлттық құндылықтарды іске асыру мен тартудың маңызды механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен, философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз- өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзіндік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтер шешуші рол атқарады.

Рухани- адамгершілік тәрбие –екі жақты үрдіс. Бір жағынан өл үлкендердің, ата- аналардың, педагогтердің балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым – қатынастарынан көрінеді..Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

   Адамға қойылатын басты талап-асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген,ұлағатты азамат болып шығу.Өйткені адам-өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен,адалдығымен және әділеттілігімен ардақты.Адамгершілік-адамның рухани арқауы.Адам баласының қоғамда бағалануы,дәріптелуі,ардақталуы-тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты.Халқымыз қайырымды жанды адамгершіл деп дәріптеген.Өйткені адамгершіл болу қайырымдылықты керек етеді.Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады.Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы арқылы тәрбиеленеді.Тәрбиелеу,білім беру жұмысының мазмұны мен оқыту формаларына қарай нақтыланады.Сонымен қатар педагогтың балалармен мазмұнды қарым-қатынасында,жан-жақты іс әрекетінде,қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде,балаларға арналған шығармашылықпен танысу негізінде іске асады.Оқушы ойында ұнамды әдеттер,өзара қарым-қатынастар,адамгершілік сезімдер қалыптасады,еңбеккте-еңбексүйгіштік,үлкендер еңбегін  құрметтеу, ұйымшылдық,жауапкершілік сезімі.

Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында,әр түрлі ойындар,хикаялар,ертегілер қойылымдар арқылы беріледі.Адамгершілік адамның рухани байлығы,болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады.Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік.Ол ешқашан ескірмек емес.Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру-ата-анамен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән  асыл қасиеттер.Адамгершіліктің қайнар бұлағы-халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрыпында.Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс –тіршілігінен,өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.Халық педагогикасы-нәрістенің сезімін  ананың әуенімен оятатын бесік жырлары,даналыққа толы мақал-мәтелдер,жұмбақ-жаңылытпаштар, қиял-ғажайып ертегілері,ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік  ниеттергі баулиды. Олай болса,адамгершілік тәрбие беру кілті-халық педагогикасында деуге болады.

Ал,адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу,сенімін арттыру.Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек ,адамгершілік қасиеттердіңберік ірге тасын қалағанымыз.Адам баласының мінез-құлқына тәрбие мен тәләм арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті,қасиеттімол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.Қәзіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақта тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы,үлкенге құрмет көрсетіп,кішіге қамқор бола білетін ,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.Осы мақсатты жүзеге асыруда  «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызыңың «Өзін-өзі тану»рухани,адамгершілік білім жобасы мектепте пән ретінде жүргізіледі. Өзін-өзі тану пәні баланы жастайынан отаншылдыққа,әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа,мейірімділікке табиғатты сүйуге отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.

Адамгершілік – адамның рухани арқауы.Ал моралъдық жағынан кіршіксіз  таза бол дегеніміз-адамгершіліктің асқар шыңы.Адам баласы қоғамда өзінің    жақсы адамгершілік   қасиеттерімен ардақталады.     Адамгершілік негізі-имандалық  пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады.Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілдікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған 

Осындай адамгершілік асыл қасиеттерге үйретуге өзін-өзі тану пәнінің маңызы зор. Күнделікті сабақтарда және кластан тыс шараларда оқушылармен тренинг, ойын-жаттығулар жүргізіледі.соның бірі «Адамгершілік-ең жоғары құндылық»  атты кластан тыс шара ұйымдастырылды.

«Адамгершілік деген не?» тренингі

Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік туралы түсінік беру,адамгершілікке жататын негізгі бөлімдерімен таныстыру.Жасөспірімдерге адамгершілік қасиеттерін анықтауға мүмкіншілк беру, «мен» деген ұғымды қалыптастырып,екеуінің арасындағы  ара қатынасын белгілеу.

Нұсқау:

1.Мен қазір бір сөз айтып,допты кез-келгеніңе лақтырамын.Кім қағып алса,сол естіген сөзбен немесе қандай ойды білдіретіндігі туралы ассоциация арқылы айту керек(зат,құбылыс,мінез-құлық ерекшелік және т.б.)

Допты қайта маған бергенде,мен тағы да допты келесі балаға лақтырамын.Айтылған сөзбен байланысты ассоциаялар,барлық оқушылар айтып болғанша,ұқсас болмау керек.

Адамгершілікпен байланысты барлық ойлар айтылғанша ойын жалғаса береді.

 

«Адамгершілік тізімі» ойыны                               «Айна» жаттығуы

2.Жүргізуші қолында,адамгершілік қасиеттері белгіленген қималар.кез-келген бір оқушы киманы алады,дауыстап оқып,не жазылғанын оқиды да,қолындағы допты шеңбердегі бір балаға лақтырады.Кім қағып алса сол допты қайтарып,затпен байланысты ассоциацияны айтады.5-7рет қайталанған соң жүргізуші ойынның жауабын айтады.Оқушылардың бөлімдері бойынша өз ойларын жеткізуі,қималарды келесіге жинап қоюға ұсынылады.Ойын соңында қорытынды жасау кезінде,жүргізуші қиманы жинақтап жазуы бар жағымен еденге тасталады  барлығына көрнекі болу үшін.

3.Қатысушылар бөлмеде орнықты жерде тұрып,өздеріне таза қағаз алады.

Ойын шарты:Жүргізуші «мен» сөзімен байланысты адамгершілік қасиеттерді белгілейтін категориялар ұсынады.Бір сөзге әр адамда әр түрлі ассоциация қалыптасады.Сол сөзбен байланысты түсініктерді әр адам әртүрлі қабылдайды.Мысалы:біріне-«өмірге деген құштарлық»,келесімділік-«шығармашылыққа ұмтылыс».Қағаздың ортасына үлкен шеңбер салып,оған «мен» деген ұғым таңбаланады.маңдайына бірнеше шеңберлер орналастырады.Оған бірнеше адамгершілік қасиеттер жазылады. «Мен» деген ұғымға жақын шеңбер бөлігіне маңызды адамгершілік қасиетін жазып,ал одан әрі өзіңе маңыздылықтары төмен дәрежелі қасиеттері орналастырады.

Рефлексия:

1.Бүгінгі тапсырма кезінде қандай қиыншылықтар кездесті;

2.Адамгершілік қасиеттерінің қандай түрлері өзіңе жақын болды;

3.Тренингтен қандай әсер алдыңыз;

Оқушылардың осындай тәлім-тәрбие сабақтардан алған әсерлері мол болады.

«Жан –жүрек жылуы» тренингі                                        «Бәріміз біргеміз» жаттығуы

 

Сабақтың негізгі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға,әлеуметтік дағдылырын қалыптастыруға арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығулар қолданылады.Оның маңызы баланың ар-ожданын,оны бағалауын,жалпы адамгершілік қасиеттерге қатынасын дамытудан тұрады. «Отан отбасынан басталады» демекші ата- аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе.

Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Жас шыбық иілгіш болса,жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян.Ата- ананың үйдегі іс- әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай,оның мұң- мұқтажын өтерлік,елін, жерін,халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінді.

Бүгінгі ұрпақ –еліміздің болашағы.Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады.Күн сәулесі өсімдік өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ.

Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, мұғаліміне, ата- анасына, құрбы- құрдастарына, олардың іс- әрекеттеріне және басқа да қасиеттеріне байланысты. Әр бала өзінің руханилығымен,өзінің тазалығымен,және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен талантты Өзін-өзі тану сабақтарында баланың адамгершілік сезімдері,эмоциялары,өзара қарым-қатынастары туралы түсініктері кеңейеді. Балалар үлкендермен және құрбыларымен жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетіне қол жеткізеді,адамгершілік құндылықтармен адами қасиеттердің мәнін түсінеді,оның Отанға,отбасына,жақын адамдарына,қоршаған табиғатқа жалпы өмірге деген сүйіспеншіліктері артады.

Жеке тұлғаны қалыптастыруда олардың жан дүниесіне сезіммен қарап,әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға,жоспарлауға,оны орындауға,өзін-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу-адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақтың халық педагогикасы.Қ.Бөлеев. Жамбыл.1993.

2.Самопазнание.кz  2011№11 /40-41бет/

3. Мектептегі психология №6 2009 /35бет/

4. Самопазнание.кz  2011№8 /39-41бет/

5. Қазақстан мектебі 2002№6 /64бет/

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі танудан баяндама "ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫНА ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 040 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 7344
    • DOCX 2.6 мбайт
    • 24 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утегенова Жайнагуль Ибадулловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22957
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек