Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыӨзін-өзі тану-әлемді тану! мақала

Өзін-өзі тану-әлемді тану! мақала

Скачать материал

Өзін-өзі тану әлемді тану!

Жакатаева Макпал Чайсунуровна

Семей қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектептің өзін-өзі тану мұғалімі.
         Жас өскелең ұрпақтың рухани дамуын жетілдіріп, олардың ізгілікке жетелеуде «Өзін-өзі тану» пәні маңызды рөл атқарады.
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы берілетін рухани адамгершілік білім негіздері адамдар арасындағы жарасымды қарым-қатынасқа сай бақытты өмір сүруді қалайтын,қоршаған табиғи ортаны сақтауға мүдделі, өмірде кездесетін әр түрлі жағдаяттарда өзіндік көзқарастары мен дүниетанымы қалыптасқан болашақ ұрпақтың жеке тұлғалаық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді.

«Өзін-өзі тану» пәні – өзге пәндерден ерекше. Ол  дәстүрлі пәндер сияқты қоршаған орта туралы емес, адамның өзі және оның ішкі жан-дүниесі туралы пән. Адам болып туу аз, Адам бола болу керек! «Адам болу!» қағидасын мұрат еткен Абай атамыз өзінің он төртінші қара сөзінде: «Адам бойындағы ең қымбаты – оның жүрегі. Мейірімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдай білу, оған өзіңе тілейтін игілік тілеу-мұның барлығы жүректің қалауы».

Әр бала өзінің руханилығымен, өзінің тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен талантты. Өзін-өзі тану сабақтарында баланың жалпыадамзаттық құндылықтар, адамгершілік қасиеттер, жарасымды қарым-қатынас туралы түсініктер кеңейеді. Мақсат-міндеттер әр баланың өз жүрегінде жалпыадамзаттық рухани құндылықтар (Ақиқат, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау) бар екендігіне көздерін жеткізіп, өмірде осы құндылықтарды басшылыққа алуға үйретуді көздейді.

Құндылықтар деп – адам үшін өте маңызды заттар мен құбылыстарды, қасиеттер мен жай-күйлерді атайды.

Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды. Өйткені жадпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады.

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады. Мәңгілік құндылықтар – рухани-адамгершілік білім негізі және оның өзегі болып табылады. Олар атап айтсақ; Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік және Қиянат жасамау адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына және конфессионалдық тиістілігіне байланыссыз және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән.

Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп,адами адам руханилығын және оның мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.

– Ақиқат – ойдағы Сүйіспеншілік.

– Дұрыс әрекет – іс-әрекеттегі Сүйіспеншілік.

– Жан тыныштығы – сезімдегі Сүйіспеншілік.

– Қиянат жасаму – түсінісудегі Сүйіспеншілік.

Жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтар біртұтас,өзара тығыз байланыста болады, бір-бірімен ынтымақтаса отырып, адамның руханилығы мен мәдениетінің негізін құрайды.

Ақиқатты жарыққа шығаруға оқытудың мақсаты баланың шынайы болмысын іздеуіне және бұл ізденіс өмірдің басты мақсаты екенін жете түсінуіне көмектесу, өйткені – Ақиқат адам шынайы болмысы.

Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңестігін толтыратын энергияның қуатты ағынына жол ашады.

Ақиқат – өмір энергиясының өн бойынан өтетін парасатты мәңгілік барлық болмыстың бастапқы табиғаты туралы ғылым. Ол тығыздала отырып,материалдық әлем ретінде көрініс береді.

Ақиқат – көпқырлықтың біртұтастығын түсіну, өзін бәріне қатысы бар және бәріне де жауапкер бөлінбейтін бірліктің бөлшегі ретінде қабылдау.

Ақиқат кеңістік және уақытпен шектелмейді. Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін Ақиқат – біреу. Ол өзгермейді. Оның бірнеше пішіні болғанымен, ол-жалғыз.

Біз Ақиқатты пендешілік өмірге қолданамыз да, сөйтіп сыртқы әлеммен теңдестіреміз. Пендешілік немесе материалдық әлемдегі Ақиқаттың мәні – іс жүзінде болған нәрсені немесе ойды шынайы жеткізу.

Нағыз шындық – ол Ар-ұждан.

Сөз Ар-ұжданды басшылыққа алса,ол Ақиқатқа айналады.

Ақиқат үшін қиындықтарға жолығуың мүмкін. Бірақ қиындықтан қашып, өтіріктің жолына түсуге болмайды.

Өтірік айтып, сіз қиындықтан құтылуыңыз мүмкін, бірақ кезі келгенде сіз ауыр сынаққа кезігесіз.

Ақиқаттың туындағанның барлығы – Дұрыс әрекет, яғни дұрыс өмір сүру деген сөз.

Әр адамның бойында бар Ар-ұждан дауысын ажырату және ести білу қабілеттерін ояту және күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету сапасын дамытатын және жүзеге асыратын ойларын,сөздерін және жүзеге асыратын ойларын,сөздерін және іс-амалдарын бекіту дұрыс әрекет құндылығының басты міндеті болып табылады. Атап айтсақ:

–  Жақсы болу;

–  Жақсы нәрсе туралы ойлау;

–  Жақсы нәрсе айту;

–  Жақсы нәрсе тыңдау;

–  Жақсы нәрсе көру;

–  Жақсы әрекет жасау.

Дұрыс әрекет  –  жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.

Дұрыс әрекетке:

1.  Әдет;

2.  Қанағат;

3.  Ынтымақтастық;

4.  Тәртіп;

5.  Парыз бен ризашылық;

6.  Дұрыс ой;

7.  Дұрыс сөз жатады.

Егер біз ар-ұятымызға сүйінбесек, онда  дұрыс  әрекет болмайды.

Тыныштық – өмірді үйлесімділікпен басқара алу. Ол өмірлік энергияға толы. Ол – жердегі біздің өмірімізбен біртұтас. Егер ішіміздегі қажетті жолдарды ашатын болсақ, онда ондай тыныштықты сезінуге болады.

Егер Тыныштық көзінен көз жазбасаң – өзіңнің өміріңді шын мәнінде жемісті ете аласың.

Ішкі тыныштықты жоғалту – адам үшін ең үлкен азап. Ешқандай сыртқы күштер адамның ішкі тыныштығын бұза алмайды, тыныштықты адам тек өзінің ішкі жан-дүниесінен ғана таба алады. Тыныштықтан айырылу – тек оның өзінің мазасыз ойлары мен іс-әрекетінің ғана нәтижесі.

Адам:

– ақиқатты түсіне алғанда ғана;

– жақсыға ұмтылғанда ғана;

– Дұрыс әрекет жасағанда ғана;

– Жүрегін Сүйіспеншілікке толтырғанда ғана тыныштыққа қол жеткізеді.

Ақылмен ғана іс әрекет ететін болсаң – нәтижесі дұрыс болмайды, ал ақыл мен жүрек біріккенде – парасат пайда болады. Парасаттылық ақ пен қараны,жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді. Демек, кез келген нәрсені,құбылысты сабырмен, түсіністікпен қабылдап, сүйіспеншілікпен пайымдау жасасақ – жаман ойдан арылып, жаныңыз жай табады, күдіктен, мазасыздықтан,  үрейден арылтады.

Рухани-адамгершілік білім беру – адамның ішкі жан дүниесінде болатын өзгеріс. Ал адамның жан дүниесі сүйіспеншілік болғанда ғана өзгеріске түседі. Өзін-өзі тану адамның риясыз сүйе білу қабілетін ашып береді және қоғамға қызмет ету дағдысын дамытады.

– Сүйіспеншілік қорқынышты білмейді, сүйіспеншілік өтірікпен өш.

– Сүйіспеншілік тілдің ұшында, ақылдың шыңында емес – ол жүректің төрінде.

– Сүйіспеншілік кешірімділер мен жаны жомарттармен бірге, өзімшілдік  ала берсем деп ойлап, жақсылықты тез ұмытып кететіндірмен бірге.

– Өзімшілдік жоқ жерде – сүйіспеншілікке орын жоқ.

– Сүйіспеншілік – барлық руханилықтың тамыры, барлық жазбалар мен ізденістердің мәні, барлық жолдардың қиылысқан тұсы, адамдардағы шабыт көзі.

Өзін-өзі тану сабағында қатаң талап етуден гөрі көмектесу қажет,үйретуден бұрын, оларды жақсы көру маңызды.

Сабақ үдерісінде нәтижеге тек қана жақсы көру арқылы жету маңызды.

Сүйіспеншілік барлық діннің тамыры,барлық жазбалар мен ізденістердің мәні, арлық жолдардың қиылысқан тұсы, адамдардағы шабыт көзі.

Қиянат жасамау, яғни басқаларға зиян келтірмей өмір сүру-бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық  рухы, кешіре білу, қайырымдылық, қошаған орта мен өзгелерге қамқорлық, бауырмалдық және теңдік сезімі ұлттық сана, өзгелердің мәдениеті мен түрлі рухани дәстүрлеріне деген құрмет.

Қиянат жасамау құндылығы шын мәнінде,барлық төрт құндылықтың нәтижесі.  Қиянат жасамау Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет ету және Тыныштық құндылықтары бар жерде ғана болады.бойында қиянат жасамау құндылықтары бар жерде ғана болады. Бойында қиянат жасамау құндылығы бар адамдар заңды құрметтейді, табиғат заңдарын бұзбайды. Осылайша олар барлық адамдарды, жан-жануарлар мен қоршаған әлемді сүйеді.

Қиянат жасамау идеясы адамзаттың рухани тәжірбиесінде жамандыққа оған қарама-қарсы әдіспен, яғни жақсылықпен бұғау салу мақсатында туындаған болатын. Қиянат жасамау барлық затқа Сүйіспеншілік ретінде көрініс береді.

Қиянат жасамау зиян келтірмеу дегенді ғана білдірмейді, ол – басқа адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдету үшін әрекет жасау.

– Өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат;

– Жаман сөз есту – құлаққа қиянат;

– Барлығынан жамандық көру – көзге қиянат;

– Жаман иіс иіскеу – мұрынға қиянат;

– Жаман әрекет жасау –тәнге қиянат;

– Жағымсыз ойлар – бүкіл әлемге қиянат.

«Жас бала-жаңа өркен жайған ағаш тәрізді», -дейді халқымыз. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамның өзін-өзі танып, өзін-өзі жетілдіруіне игі ықпалын тигізетін, адамгершілік қасиеттердің дара тұлғаны дамытудың мәні.

Гуманист-педагог Я.Корчактың сөзімен айтқанда «Оқушыны ең алдымен көруге, түсінуге және сүюге үйрету қажет, оқуға үйрету одан кейін келеді». Ақиқатында егер оқу мен тәрбие процесі үйлесімді ұштасқанда ғана шәкірттеріміз жеке тұлға ретінде дамитын болады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану-әлемді тану! мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 183 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.09.2018 3062
    • DOCX 28.2 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакатаева Макпал Чайсунуровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакатаева Макпал Чайсунуровна
    Жакатаева Макпал Чайсунуровна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36789
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Детская и подростковая депрессия: пути и способы преодоления

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 189 человек

Курс повышения квалификации

Основы детской патопсихологии и нейропсихологии

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 185 человек

Курс повышения квалификации

Обучение без стресса. Психосоматика

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 329 человек

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе