Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту әдістемесі

Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту әдістемесі

Скачать материал

Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту әдістемесі

Қазіргі білім беру үрдісі ең алдымен дара тұлғаға бағытталып, ересек тіл үйренушінің іскерлік сапаларын, коммуникативтік құзыретін, әлеуметтенуге бейімділігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, білім мазмұнын құрайтын оқу материалдары әлеуметтік тұлға дамытушы мүддені көздеуге қызмет ететіндей болып құрылуға тиіс. Осыдан келіп мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды.

Мемлекеттік тілдің тағдыры Қазақстанның дербес егемен мемлекет ретінде қалыптасу процесімен тығыз байланысты және тек мемлекеттің ғана емес, жалпы қоғамның, қоғамды құраушы әрбір жеке адамның күш-жігерімен, қажеттілігімен айқындалады. Адам тұлғасының даму үрдісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Осыған сәйкес оның жан-жақты қарым-қатынасқа түсе алуға бейімділігі, өзін-өзі бағалау дағдылары бүкіл өмір бойы қалыптасады және дамиды. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңғыру үрдісі жағдайында бүгінгі таңдағы түбегейлі мәселе – адамды іс жүзінде қоғамдық дамудың басты тұлғасы ету заңды құбылыс.

Мемлекеттік қазақ тілі балабақша, мектеп, орта, жоғары оқу орындарында жалпыға бірдей міндетті білім беру талаптарына сай оқытылып, үйретіліп келеді. Ал аталмыш білім беру сатыларынан өткен, бүгінде қызмет атқарып жүрген ересек қауымға қазақ тілін жеделдете үйрету – еліміздің тілдік егемендігінің бірден-бір талабы, уақыт уағызы.

 Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретудің психологиялық негіздері

         Тілдерді шет тілі ретінде оқытудың психологиялық мәселелері өткен ғасырдан бастап зерттеле бастады. Шет тілдерді оқытудың психологиялық заңдылықтары мен мазмұнын, тіл үйренуші тұлғаның психикалық дамуын анықтауда психология ғылымына жүгінбеу мүмкін емес.

Психология адам әрекетінің құрылымы мен түрлерін зерттеумен айналысады. Сөйлеу – ана тілінде болсын, екінші бір тілде болсын адам әрекетінің бір түрі. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында өмір талаптарына орай алғаш рет Европа топырағында дүниеге келген психолингвистика ілімі – адамның сөйлеу қабілеті, ана тілі мен өзге тілдерді меңгеруі, тілдің пайда болуы және дүниетанымдық маңызымен айналысатын психология мен лингвистика шекарасындағы ғылым.

Адам ана тілі болсын, басқа тіл болсын, өзі толық меңгерген кез-келген тілде ойлап, сөйлегенде қандай психикалық процестерді басынан кешірсе, тіл үйренуде де оның бойында өзіне сай күрделі психикалық құбылыстар жүзеге асады. Сол себепті, өзге тілді оқытудың басты міндеттерінің бірі – тіл үйренушілердің өзіндік ерекшеліктерімен санасып, оларды үнемі ескеріп отыру. Тіл үйренуші ересектер өздерінің табиғатына, жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес түрліше. Ондай ерекшеліктер ересектердің әрқайсысының бойындағы ес, зейін, түйсік, қабылдау, ойлау, сөйлеу, қиял, сезім, ерік тәрізді психикалық процестердің әртүрлі дәрежеде жүзеге асуынан, ықылас, қабілет, температмент, мінез тәрізді  психикалық қасиеттерінің әр басқа болып келуінен көрінеді.

Психологтардың айтуынша, адамның кез-келген іс-әрекеті белгілі бір уәждемелерден /мотивтерден/ туындайды да белгілі бір жағдайларда өтеді. Мақсатты іс-әрекеттің мотиві болуы маңызды. Сол кезде адам алдына қойған міндеттерді мүмкін болғанынша жақсы орындауға талпынады. Бұл оның мұқтажына айналады. Оқудың танымдық немесе әлеуметтік уәжі болуы мүмкін. Негізінен уәждеменің тууына:

1) Оқудың мазмұнының ақпаратқа толы, қызықты болып келуі;

2) Оқушының жеке өз басына оқу әрекетінің аса маңызды болуы;

3) Оқушылармен біркелкі жақсы, іскер қарым-қатынас жасау арқылы эмоционалдық жайлы орта тудыра алатындай оқытушы тұлғасының болуы;

4) Оқушы оқу әрекетінің мақсатын саналы түрде түсінуі әсер етеді”.

Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретудің лингвистикалық,  дидактикалық негіздері

         Лингвистикалық негіздеме – тіл үйрету мәселелеріне арналған зерттеулердің ең қажетті және міндетті бөлігі. Лингводидактика оқытудың жалпы әдіс-тәсілдерімен бірге оқу материалдары мазмұнының ғылыми негізделуін, оның әдістемелік типологиясын, ұсыну жолдарын т.б. қарастырады.

Тіл үйретудің лингвистикалық негіздері дегеніміз:

1) Тіл үйрету барысында ұсынылатын тілдік деректердің лингвистика ғылымының теориялық заңдылықтарына сүйенуі;

2) Оқу материалдарын ұсынудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін көрсететін басты лингвистикалық ұстанымдар.

Лингвистиканың қай салаларындағы қағидалар мен заңдар  болсын тілдік қатынастың қағидаларымен тығыз бірлікте дамиды және оған әсер етеді. Демек, бүгінгі күнде кеңінен тараған лингвистиканың басты салалары – құрылымдық лингвистика, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, нейролингвистика, мәтін лингвистикасы, паралингвистика, функционалды лингвистика, контрастивті (салғастырмалы) лингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика т.б.  ғылымдардың заңдылықтары мен қағидалары да тілді қатысымдық тұрғыдан жеделдете оқытудың түрлі мәселелерін шешуде өзіндік рөл атқарады.

Тіл үйренушілерге берiлетiн тiлдiк мәлiметтер төмендегi талаптарға сай болуы қажет:

1) Қазақ тiлiнен берiлетiн теориялық тақырыптардың ғылыми сұрыптаудан өтіп, ең қажеттісінің ғана берілуі талап етiледi. Тiлдiк мәліметтерге байланысты тақырыптардың дәл, анық, қысқа да нұсқа болуы оларды жылдам меңгеруге септiгiн тигiзедi. Тақырыптардың жан-жақты ашылуы, өзара байланыстылығы, көлемi мен мазмұнының тіл үйренушінің білім деңгейіне, мүмкіндіктеріне сәйкес келуі  ғылымилық ұстанымы арқылы жүзеге асады.

2) Тiлдiк тақырыптарға байланысты берiлетiн қатысымдық жаттығулардың тақырыпты жан-жақты ашуы, тақырыптан ауытқымауы шарт.

Дидактиканың басты категориялары – білім беру, сабақ беру, оқу, оқыту ұстанымдары, оқыту үрдісі және оның құрамдас бөліктері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту мәселелерін терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп, жинақтауға және оны оқыту үрдісіне енгізуге байланысты. “Дидактиканың негізгі проблемалары оқыту процесінің заңдылығын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді методтары мен ұйымдастыру түрлерін жасап шығару болып табылады”.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі дидактика теориясына негізделу арқылы жүзеге асып, зерттеледі. Сондықтан дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі, оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Дидактикалық пайымдаулар әр пәнді оқыту, білім беру жөніндегі теориялық қағидаларына сүйенеді, яғни қазақ тілі әдістемесі дидактика мәліметтеріне негізделе отырып дамиды. Қазақ тілі әдістемесі білім берудің негізгі құралдарын іздестірсе, ал дидактика білім беру мен оқытудың теориялық мәселелерін, оның түрлері мен әдістерін зерттейді.

Тілді оқытуда қандай әдіс қолданылса да ол әдіс оқу үрдісінің алдында тұрған дидактикалық міндетті шешуі керек. Оқу іс-әрекетінің тиімді болуы үшін оқытушы белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін өзі жақсы меңгерген әдістері болуы қажет. Ол кейе бір әдістің өзін бірнеше мақсатқа пайдалануы мүмкін. Бірақ оқытушы қай әдісті таңдамасын, оның тіл үйренушінің қабылдауына жеңіл, тиімділігі мол, нәтижелі болуын, ең негізгісі, дидактикалық мақсат-міндеттерге сәйкес келуін ескеру қажет.

Жалпы дидактикалық ұстанымдар  – барлық пәндерге қатысты білім беру мен оқыту, тәрбиелеудің негізгі қағидалары. Қазақ тілі мен шет тілдерді оқытуда ғалымдарымыз (Ф.Оразбаева, А.Жапбаров, Б.Құлмағамбетова, Н.Оралбаева, Д.Әлімжанов,А.Әбілқаев, С.Қазыбаев, С.Әбдіғалиев, Ә.Исабаев) ұсынған жалпы дидактикалық ұстанымдар төмендегілер: ғылымилық, жүйелiлік, сәйкестік, көрнекiлiк, саналылық, белсендiлiк, беріктілік, теорияны тәжірибемен байланыстыру, жеке тіл үйренушілердің психикалық ерекшелiктерiн ескеру, сатылық, лайықты болу, түсініктілік, оқытудың сабақтастығы ұстанымдары т.б.

         Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретудің ұтымды жолы – қатысым әдісі арқылы оқыту

 Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адамның іс-әрекетінің маңызды бір формасы – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.  Коммуникативтік үрдісте адамдардың арасында өзара ақпарат алмасу жүзеге асырылады. Бұл жерде қарым-қатынасқа түсушілердің әрқайсысы үшін ақпараттың маңыздылығы үлкен рөл атқарады себебі «…адамдар өзара сөз алмасып қана қоймайды, сондай-ақ, ортақ мәмілеге келуге тырысады».  Ал адамдардың ортақ мәмілеге келуі ақпарат жай қабылданып қана қоймай, терең сезілгенде ғана жүзеге асуы мүмкін. Сол себепті кез-келген коммуникативтік үрдіске іс-әрекет, қарым-қатынас, таным үшеуі бірге кіреді.

Коммуникация (лат. Communicatio – байланыс, қатынас) – араласу, ойлармен, идеялармен, деректермен бөлісу т.б. 1) Қатынас жолы, бір орынның екінші жақпен байланысы; 2) Сөйлесу, ақпарат беру. Коммуникативтік негізінен, танымдық қызмет, тілдің көмегімен жүзеге асырылады. Еңбек ету мен танымдық процесс барысында адамдар арасында болатын қатынастардың ерекше түрі бар. Қатысым үрдісінде ақпарат алмасу іске асырылады, қарым-қатынасқа түсушілердің әрқайсысы үшін ақпараттың маңыздылығы үлкен рөл атқарады. Себебі адамдар өзара сөз алмасып қана қоймайды, сондай-ақ, ортақ мәмілеге келуге тырысады. Ақпарат жай қабылданып қана қоймай, түсініліп, терең сезілгенде ғана ортақ мәмілеге келу, тіл табысу жүзеге асады. Сол себепті кез-келген қатысым үрдісі іс-әрекет, қарым-қатынас, танымнан тұрады.

Коммуникация коммуникативті (байланыс) актілерден құралады, ал коммуникацияны жасаушылар – коммуникаттар деп аталады. Коммуникативтің бастапқы және соңғы кезеңдері ұлт тілінің құралдары арқылы жасалып, ішкі сөйлеу механизміне, оның тереңде жатқан құрылымдарына тәуелді болады.

Ұлттық тіл ерекшеліктері жалпы адамзатқа тән мағына жасау жүйесіне бағынышты болады. Коммуниканттар араласуында сөздік (вербальды) емес бөліктер де, (мысалы: ым, қимыл, мимика т.б.) қолданыс табады. Қалай болғанда да, коммуникация экстралингвистикалық фактолар негізінде жасалады.

Қатысым уәжінің қалыптасу жолдары:

1.     Үйренетін тілде телебеғдарламалар көру, радиобағдарламалар тыңдау, оларды талдау;

2.     Көркем әдебиет, баспасөз материалдарын оқу, оқығаны туралы әңгімелесу;

3.     Сол тілдің атақты өкілдерімен кездесу, әңгімелесу;

4.     Сол тілде ғана сөйлеуге арналған жазғы лагерьлерге қатысу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту әдістемесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бүгінгі жас ұрпаққа жан - жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Ұстаз балаға белгілі білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, талдау жасап үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдниетіне үйретеді.Сондықтанда оқытудың да басты мақсаты – баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Кейбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбіреуі жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат – бағдарламадағы материалдардың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру.Сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, барлық баланың ойлау қабілеті бірдей. Сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты көздейді. Дегенмен, әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ қабілетті адам болмайды деп дәлелдейді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 930 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2021 1676
    • DOCX 23.4 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каиркенова Майгуль Ериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каиркенова Майгуль Ериковна
    Каиркенова Майгуль Ериковна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7140
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек