Инфоурок Другое КонспектыӘдептілік адам көркі

Әдептілік адам көркі

Скачать материал

Такырыбы :Әдептілік - адам көркі

Мақсаты: 1. Балалардың бойына әдеттерді сіңіріп,жат қылықтардан аулақ болуға,үлкенді

                       сыйлауға,кішіні ренжітпеуге үйрету.

                    2. оқушыларды әсемдікке,ідемілікке,мейірімділікке тәрбиелеу;

                    3. Мақал-мәтелдер,өлеңдер үйрету,олардың мағынасын ұғындыра сөздік қорын

                        Молайту,жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер,суреттер

Барысы

І. Ұйымдастыру

Мұғалім: Армысыздар ұлағатты ұстаздар! Бармысыздар,жадыраған жас достар. «Әдептілік-адам көркі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Қазақ халқы ерте кезден-ақ әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында баланы кішіпейілділікке,ізеттілікке,имандылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Халқымыз өз ұрпағын

«Әдептілік, ар-ұят,

Адамдылық белгісі.

Тұрпайы мінез тағы жат

Надандықтың белгісі»

«Әдепті бала арлы бала-

Әдепсіз бала сорлы бала» деп әр жастың әдепті, сыпайы, инабатты болуын қалаған.

Тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап,жамандықтан арылуға бағыттайды.

Тәрбие сағатының жоспарымен таныс болыңыздар:

І бөлім. Әдеби- музыкалық мантаж. «Не деу керек?».

ІІ бөлім. Мақал-мәтелдер

ІІІ бөлім. Сұрақ-жауап. Ізгілік,әдептілік,адамгершілік жөнінде.

ІV бөлім.Көрініс

V бөлім. Топтық жарыс(жақсы,жаман әдеттер)

VІ бөлім. Бата беру

І бөлім. Әдеби- музыкалық мантаж. «Не деу керек?».

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

 

Барлығы: «Рахмет апа» деу керек.

Балалар жүр көшеде,

Естіледі – айқай.

Сенде шықтың, көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

Барлығы: «Кешіріңіз» деу керек.

Осы келген бетіңде

Допты қудың, жарыстың.

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың

Ұмыттың сен не деуді?

Барлығы: «Сәлеметсіз бе?» деу керек.

ІІ бөлім. Мақал-мәтелдер

1-оқ: Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені

2-оқ: «Әдептілік, ар-ұят-адамдылық белгісі.

Тұрпайы мінез тағы жат-надандықтың белгісі.

3-оқ: Жақсы бала сүйік,

          Жаман бала күйік.

4-оқ:Жақсыға шаң жуымас,

          Жаманға жан жуымас.

5-оқ:Өнерлі адам өрге озар,

          Өнерсіз адам жерге соғар.

6-оқ: Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

          Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

7-оқ: Атаңның баласы болма,

          Адамның баласы бол.

Оқушылар өздері білетін т.б әдептілік туралы мақал-мәтелдерін айтады.

ІІІ бөлім. Сұрақ-жауап. Ізгілік,әдептілік,адамгершілік жөнінде.

 

ІV бөлім.Көрініс

«Көліктегі тәртіп»

Қатысушылар: қарт әжей,Дәурен, әдепсіз оқушылар.

Қолында ауыр жүгі бар қарт әжей көлік аялдамасына келе жатады. Оны көрген Дәурен алдынан жүгіріп шығады:

-          Сәлеметсіз бе, әжей?

-          Сәлеметсің бе, балам!

-          Кешіріңіз қолыңыздағы сөмкені көтеруге рұқсат етіңіз

Сонда әжей балаға мейірімді көздерімен бір қарап,іштей риза болып, сөмкесін ұсынады. Сөйтіп аялдамаға жетеді. Автобус келіп, Дәурен мен іжей автобусқа мінеді. Автобуста отыратын бос орын болмайды,сонда Дәуреннің көзі өзі қатарлас балалардың орындықта отырып,әжейге орын бермегенін байқайды. Сонда Дәурен жақын отырған бір балаға әжейге тұрып орын беруін өтінеді. Ал ол бала естімеген сыңай танытады. Біраз уақыттан кейін аялдамадан түскен апайдың орны босап, әдепті бала әжейді отырғызады.

Дәурен іштей әдепсіз баланың ісіне ұялып,өз сыныптастарын әдепті болуға шақырады.

V бөлім. Топтық жарыс(жақсы,жаман әдеттер)

Оқушылар 2 топқа бөліп,1- топқа жақсы әдеттерді,2-топқа жаман әдеттерді айтқызып, жарыстыру.

(Бұл жарыста көп жақсы әдеттерді айтқан 1-топ жеңіске жетеді)

 

1-топ

2-топқа

Үлкенді сыйлау

Ізет көрсету

Үлкендердің сөзін бөлмеу

Өтірік айтпау

Адал болу

Қамқоршы болу

Сабақтан қалмау

Үлкенді тыңдау

Қоршаған ортаны ластамау

Өтірік сөйлеу

Салақтық

Еріншектік

Бұзықтық

Үлкенді тыңдамау

Кішіге күш көрсету

Сабақтан қашу

 

 

VІ бөлім. Бата беру

Балалар бата екі жасқа,дастарханға, асқа, шілдеханаға айтылады.

Адамның жаласынан,

Бұлттың аласынан

Көрінер-көрінбес

Мың да бір пәлесінен

Патша құдайым өзі сақтасын!

Әумин!

А, құдайым оңдасын!

Сабырлыда салмақты,

Ақылдыда ардақты

Болсын біздің балалар

Инабатты әрдайым!

Әумин!

Құрметті де қадірлі қонақтар! «Әдептілік-адам көркі» тәрбие сағатына «мен әдепті боламын»атты әнмен аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдептілік адам көркі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Такырыбы :Әдептілік - адам көркіМақсаты: 1. Балалардың бойына әдеттерді сіңіріп,жат қылықтардан аулақ болуға,үлкенді сыйлауға,кішіні ренжітпеуге үйрету. 2. оқушыларды әсемдікке,ідемілікке,мейірімділікке тәрбиелеу; 3. Мақал-мәтелдер,өлеңдер үйрету,олардың мағынасын ұғындыра сөздік қорын Молайту,жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер,суреттерБарысыІ. ҰйымдастыруМұғалім: Армысыздар ұлағатты ұстаздар! Бармысыздар,жадыраған жас достар. «Әдептілік-адам көркі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!Қазақ халқы ерте кезден-ақ әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында баланы кішіпейілділікке,ізеттілікке,имандылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Халқымыз өз ұрпағын«Әдептілік, ар-ұят,Адамдылық белгісі.Тұрпайы мінез тағы жатНадандықтың белгісі»«Әдепті бала арлы бала-Әдепсіз бала сорлы бала» деп әр жастың әдепті, сыпайы, инабатты болуын қалаған.Тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап,жамандықтан арылуға бағыттайды.Тәрбие сағатының жоспарымен таныс болыңыздар:І бөлім. Әдеби- музыкалық мантаж. «Не деу керек?».ІІ бөлім. Мақал-мәтелдерІІІ бөлім. Сұрақ-жауап. Ізгілік,әдептілік,адамгершілік жөнінде.ІV бөлім.КөрінісV бөлім. Топтық жарыс(жақсы,жаман әдеттер)VІ бөлім. Бата беруІ бөлім. Әдеби- музыкалық мантаж. «Не деу керек?».Апаң сенің базарданАлма сатып әкелді.Ең үлкенін, жақсысынСаған таңдап әперді.Не деп барып жеу керек?Барлығы: «Рахмет апа» деу керек.Балалар жүр көшеде,Естіледі – айқай.Сенде шықтың, көршіңдіҚағып кеттің байқамай.Мұндайда не деу керек?Барлығы: «Кешіріңіз» деу керек.Осы келген бетіңде Допты қудың, жарыстың.Көшенің сол шетіндеКезікті бір танысың Ұмыттың сен не деуді?Барлығы: «Сәлеметсіз бе?» деу керек.ІІ бөлім. Мақал-мәтелдер1-оқ: Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені2-оқ: «Әдептілік, ар-ұят-адамдылық белгісі.Тұрпайы мінез тағы жат-надандықтың белгісі.3-оқ: Жақсы бала сүйік, Жаман бала күйік.4-оқ:Жақсыға шаң жуымас, Жаманға жан жуымас.5-оқ:Өнерлі адам өрге озар, Өнерсіз адам жерге соғар.6-оқ: Әдепті бала ата-анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.7-оқ: Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол.Оқушылар өздері білетін т.б әдептілік туралы мақал-мәтелдерін айтады.ІІІ бөлім. Сұрақ-жауап. Ізгілік,әдептілік,адамгершілік жөнінде.ІV бөлім.Көрініс«Көліктегі тәртіп»Қатысушылар: қарт әжей,Дәурен, әдепсіз оқушылар.Қолында ауыр жүгі бар қарт әжей көлік аялдамасына келе жатады. Оны көрген Дәурен алдынан жүгіріп шығады: -Сәлеметсіз бе, әжей? -Сәлеметсің бе, балам! -Кешіріңіз қолыңыздағы сөмкені көтеруге рұқсат етіңізСонда әжей балаға мейірімді көздерімен бір қарап,іштей риза болып, сөмкесін ұсынады. Сөйтіп аялдамаға жетеді. Автобус келіп, Дәурен мен іжей автобусқа мінеді. Автобуста отыратын бос орын болмайды,сонда Дәуреннің көзі өзі қатарлас балалардың орындықта отырып,әжейге орын бермегенін байқайды. Сонда Дәурен жақын отырған бір балаға әжейге тұрып орын беруін өтінеді. Ал ол бала естімеген сыңай танытады. Біраз уақыттан кейін аялдамадан түскен апайдың орны босап, әдепті бала әжейді отырғызады.Дәурен іштей әдепсіз баланың ісіне ұялып,өз сыныптастарын әдепті болуға шақырады.V бөлім. Топтық жарыс(жақсы,жаман әдеттер)Оқушылар 2 топқа бөліп,1- топқа жақсы әдеттерді,2-топқа жаман әдеттерді айтқызып, жарыстыру.(Бұл жарыста көп жақсы әдеттерді айтқан 1-топ жеңіске жетеді) 1-топ 2-топқа Үлкенді сыйлауІзет көрсетуҮлкендердің сөзін бөлмеуӨтірік айтпауАдал болуҚамқоршы болуСабақтан қалмауҮлкенді тыңдауҚоршаған ортаны ластамау Өтірік сөйлеуСалақтықЕріншектікБұзықтықҮлкенді тыңдамауКішіге күш көрсетуСабақтан қашу VІ бөлім. Бата беруБалалар бата екі жасқа,дастарханға, асқа, шілдеханаға айтылады.Адамның жаласынан,Бұлттың аласынанКөрінер-көрінбесМың да бір пәлесіненПатша құдайым өзі сақтасын!Әумин!А, құдайым оңдасын!Сабырлыда салмақты,Ақылдыда ардақтыБолсын біздің балаларИнабатты әрдайым!Әумин!Құрметті де қадірлі қонақтар! «Әдептілік-адам көркі» тәрбие сағатына «мен әдепті боламын»атты әнмен аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 430 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2020 424
    • DOCX 19.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байгуллова Елена Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 79971
    • Всего материалов: 227

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 496 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 331 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек