Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

библиотека
материалов

Сабақ жоспары

Күні: 23.12.2015ж.

Пәні: қазақ әдебиеті

Сынып: 7 – 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы».

Сабақтың білімділігі: Шәкәрім реализмі – Абай реализмінің заңды жалғасы екендігін, яғни Шәкәрім Абай Құнанбаевтың реалистік дәстүрін, стилін әрі қарай жалғастырушы екенін жан-жақты салыстыра отырып, оқушыға байқату, ұқтыру, түсіндіру.

Тәрбиелігі: адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.

Шығармашылығы: Абай, Шәкәрім аталарымыздың шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлының портреттері

  2. Абай, Шәкәрім шығармаларының жинағы

  3. Теледидар. Ақындар туралы презентация, магнитті тақта.

Пәнаралық байланыс: Ән, тарих, бейнелеу өнері.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың түрі: нәтиже сабақ.

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақ:

Психологиялық ахуал туғызу: "Жақсы адам болу - мәртебе"

Оқушылар шеңбер жасап айнала тұрады. Оқушыларға: - Жақсы адам болу үшін не істеуіміз керек?- деген сұрақ ұсынылады. Әр оқушы өз ойын айтып, екі қолдарын алға қарай созады. Соңында барлығы қолдарын жоғары көтерген кезде шаңырақтың бейнесі шығады. Балаларға ой тастай отырып, барлығымыз жақсы адам болу үшін бірлесе жұмыстанайық.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бүгінгі сабақта бірлесе, топтаса жұмыс істейік.

Ал оқушылар алдарыңызда қандай ақын жазушылардың суретін көріп отырсыздар. Дұрыс айтасыздар. Бұл Абай атамыз бен Шәкәрім атамыз. Ендеше оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Абай мен Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына тоқтала

Үй тапсырмасы:

Оқушылардың шығармашылық жұмысы (топ басшысы бағалайды).

1 оқушы - Сәрсенбек

1 топ - Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталу.

2 оқушы – Амина Абай атамыз жылдың төрт мезгіліне арнап шығармалар жазған Соның бірі қыс тақырыбына тоқталдым. Өзіме қыс мезгілі өте қатты ұнайды.

3 оқушы – Роза Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. Абай Құнанбайұлының 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. Қарасөз алғаш Семей қаласында 1948 жылы “Абай” журналында жарық көрген.Мысалы: ақынның 38 - нші қара сөзінде күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Олар :

  • Надандық – білім –ғылымның жоқтығы.

  • Еріншектік – талапсыздық, ұятсыздық, кедейлік осыдан шығады.

  • Залымдық – адам баласының дұшпаны.
    4 оқушы – Назира Абай Құнанбайұлының алдына қойған мақсаты қазақ елінің көзін ашу, көңілін ояту оларды мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Осы мақсатпен ол оқушыларды оқу-білімге шақырған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз.....

Осы бес дұшпаннан алшақ болып.................

Бес асыл істі жадымызда ұстайық.


hello_html_m13e5f087.gifhello_html_1252464.gifhello_html_m8dab612.gifhello_html_32a8a2bc.gifТалап еңбек өсек өтірік


Тhello_html_m624c571c.gifhello_html_74ae1320.gifhello_html_5951fc3b.gifhello_html_mb60b119.gifерең ой мақтаншақ

hello_html_m2bddf96.gifқанағат

hello_html_m440aced8.gifhello_html_28a44d36.gifhello_html_2d2985a9.gif

рақым еріншек бекер мал шашпақ


2 – ші топ. 1 оқушы - Ислам Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолына тоқталу.

2 оқушы – Дәулетжан Табиғат - адам өмір сүрер, тіршілік етер ортасы.Табиғатсыз өмір жоқ.Сондықтан біз сіздермен қоршаған ортаны қорғауға тиіспіз. Шәкәрім атамыздың көптеген өлеңдері қазақ даласындағы өмірді суреттеген. Көшпелі ауылды олардың тұрмыс - халін көрсететін сұлу шығармалары бар. Соның бірі міне табиғат көрінісін суреттедім.

3 оқушы – Римма 1899 жылы Абай Құнанбайұлы Шәкәрім атамызға бір бағытқа жол сілтейді – “Сен жассың ел көр, жер көр, араб жеріне қажыға бар, Мысыр, Стамбұлды арала, дүние жүзіндегі белгілі кітапханаларға барып, ғылыммен таныс дейді.
Абай атамыз қайтқаннан кейін, оған берген уәдесінде тұрып, 1906 жылы Медине, Мысыр, Стамбұл қалаларына қажылыққа барып, 1907 жылы елге оралады.

4 оқушы – Азат Еңбек туралы 5 мақал.

5 оқушы – Нұрболат 7 жасында әкеден жетім қалған Шәкәрім Құдайберді ұлы Абай атамыздың тәрбиесінде болады. Өз бетімен білім алып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгереді. Білім туралы мақал – мәтел.

6 оқушы – Гүлім – Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін айтады.

Сұрақ – жауап (мұғалімнің бағалауы)

Оқушылар білімдеріңізді шыңдау үшін, біздің қасиетті де, киелі қара шаңырағымыз болып табылатын киіз үйдің ішінде сіздерге сұрақтар жасырылынған. Сол сұрақтарға шама – шарқындарыңызша жауап беруілеріңізді сұраймын.

  1. Абай Құнанбайұлының мұражайы қай жерде орналасқан? Абай Құнанбайұлының мұражайы Жидебайда орналасқан.

  2. Абай Құнанбайұлының жеті атасын атаңыз.

Абай Құнанбайұлының жеті атасы Құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын.

  1. Абай Құнанбайұлының үш поэмасын атаңыз. Абай Құнанбайұлының поэмасы

«Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».

  1. Абай атамыздың табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі қандай? Абай атамыздың табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі 1886 жылы шыққан «Жаз» өлеңі.

  2. Абай атамыз ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? Абай атамыз ел билеу ісіне 13 жасынан бастап араласты.

  1. Шәкәрім Құдайберді ұлы қай жылы, қайда жерде дүниеге келді?

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген.

  1. Шәкәрім атамыздың «Жастарға» өлеңінде жастарды адам мінезіндегі қандай кемшіліктерден аулақ болыңдар дейді? Атамыздың бұл өлеңінде әрине еріншектіктен, арамдықтан, зұлымдықтан алшақ болу керек дейді.

  2. Шәкәрім Құдайбердіұлының жастарды білімге, ғылымға шақырған қандай өлеңдерін білесіңдер? Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға», «Талап пен ақыл», «Сен ғылымға», «Насихат». Т.б. өлеңдері.

  3. Шәкәрім атамыз қандай орыс ақындарын оқыды, аударды?Атамыз Александр Сергеевич Пушкин, Лев Толстой, М...................... Лермонтовтың шығармаларын оқып, аударған.

  4. Шәкәрім Құдайбердіұлы неше жас өмір сүрген?Шәкәрім атамыз 73 жас өмір сүрген.

«Синквейн» әдісі (2 топ бірін – бірі бағалайды)

«Абай Құнанбайұлы кім?» деген сұраққа синквейн әдісі ақылы жауап алайық.

Зат есім (Кім?) -

Сын есім (Қандай?) -

Етістік (Не істеді?) –

Синоним –

Сөйлем – Қазақ халқының ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлы.


«Шәкәрім Құдайбердіұлы кім?» деген сұраққа синквейн әдісі ақылы жауап алайық.

Зат есім (Кім?) -

Сын есім (Қандай?) -

Етістік (Не істеді?) –

Синоним –

Сөйлем – Шәкәрім атамыз – Абай Құнанбайұлының сазгерлік ән дәстүрін әрі қарай жалғастырушы.


Сергіту сәті : «Қайық»

Осы сергіту сәті арқылы 3 топқа бөлу.

1 топ – Абай Құнанбайұлы

2 топ – Шәкәрім Құдайбердіұлы

3 топ – екі ақынның ортақ қасиеті туралы білімдерін ортаға салады.

Венн диаграмма (топ басшысы бағалайды)

hello_html_m588cd2af.gif

hello_html_6d7f8f09.gifhello_html_1d4d1241.gif






Өлең құрылысына қарай талдау. Бесік қасиетті, киелі мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептелінеді. Осы бесікте екі ақынның шығармаларынан үзінділер. Осы өлең жолдарын құрылысына қарай талдау керек. (бірін – бірі бағалау).

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы.

1 шумақ, 4 тармақ, 3 бунақ, 11 буын, қара өлең ұйқасы.


Сабақты бекіту кезеңі

Тест (өзін – өзі бағалау)

Шағын тест жұмысы 5 сұрақтан құралады.

7 «А» сынып

  1. Абай Құнанбайұлының туған жері

А. Семей облысы

В. Қарағанды облысы

С. Алматы облысы

D. Талдырған облысы

Е. Қостанай облысы

  1. Абай Құнанбайұлының өлеңін табыңыз.

А. “Кел, балалар, оқылық!”

В. “Ленинградтық өренім”

С. “Ғылым таппай мақтанба”

D. “Туған жер”

Е. “Мен жастарға сенемін”

  1. Абай Құнанбайұлы неше жыл өмір сүрді?

А. 65

В. 72

С. 45

D. 59

Е. 69

  1. Абай Құнанбайұлының шын аты кім?

А. Ыбырай

В. Исмаил

С. Ілияс

D. Ислам

Е. Ибраһим

  1. Абай Құнанбайұлы қай жылдары өмір сүрген?

А. 1841-1889

В. 1845-1904

С. 1841-1929

D. 1818-1881

Е. 1858-1931



8 «А» сынып

  1. Шәкәрім Құдайберді ұлы кім?

А. ақын

В. мұғалім

С. ғалым

D. саяхатшы

Е. тарихшы

  1. Шәкәрім Құдарбердіұлының шығармасын табыңыз.

А. “Құлагер”

В. “Адай”

С. “Қалқаман-Мамыр

D. “Ескендір”

Е. ”“Жолсыз жаза”

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы неше жыл өмір сүрді?

А. 65

В. 59

С. 45

D. 73

Е. 69

  1. Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық” өлеңінің авторын көрсетіңіз?

А. Жамбыл Жабаев

В. Абай Құнанбайұлы

С. Мағжан Жұмабаев

D. Тұрар Рысқұлов

Е. Шәкәрім Құдайбердіұлы

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы қай жылдары өмір сүрген?

А. 1841-1889

В. 1858-1931

С. 1841-1881

D. 1818-1881

Е. 1845-1904



Жауап кілті:

  1. А

  2. С

  3. Д

  4. Е

  5. В



Білімді бағалау кезеңі. Сабақта жинаған ұпай сандарын қосып, қорытынды бағасын қою.

Рефлексия. Ойды толықтыру


Сыныптағы Абай атамыздың оқулықтары талай жанның жүрегіне үміт отын ұялатып, талай жастың сезіміне куә болған, шынайы махаббаттың әнұранына айналған әйгілі «Көзімнің қарасы» әнімен сабағымызды аяқтауға рұхсат етіңіздер!

Абайдың әні

Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы

Қазақтың данасы
Жасы үлкен ағасы
"Бар" демес сендей бір
Адамның баласы

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.


Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров359
Номер материала ДВ-346288
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх