Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Абайтану таңдау курс бағдарламасы 11 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Абайтану таңдау курс бағдарламасы 11 сынып

библиотека
материалов
  1. Түсінік хат

      1. «Абайтану» курсының бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді.
      2. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
      3. Бағдарламада: Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;
      ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді; Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды; Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді.
      4. Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:     қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын, ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін, шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын, Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін, Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған  идеялық-көркемдік ықпалын, Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.

  Курсты оқытудың мақсаты:
      1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

      Курсты оқытудың міндеттері:
      1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;
      2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;
      3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету;
      4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;
      5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;
      6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;
      7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

Курсты ұйымдастыру формасы: лекция,семинар,конференция, дебат, ойталқы,кіріктірілген сабақ,саяхат сабақ,қойылым сабақ.

Курсты оқытуды аяқтау формасы: берілген шығармашылық тақырыптар бойынша жоба дайындату, мәнжазба, тезис, шығармаға рецензия жазғызу,баяндама,ой толғау.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 10-11-сыныптардың соңында оқушылар:
      1) ақын өмір сүрген дәуірді және халық ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, үлкендерден естіп, жадына тоқығандығын білуі;
      2) шығыс, батыс және орыс әдебиеттерінің інжу-маржандарын оқып танысқандығын білуі;
      3) ақын мұраларының зерделенуі мен абайтану ғылымының қалыптасу тарихын, кезеңдерін білуі;
      4) ғұлама ойшылдың ғылым, білім, өнер, ел билеу, тарих, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, табиғат көрінісі, махаббат, діни таным тақырыбында және сыншылдық көзқараста жазылған философиялық қарасөздерінің, өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының мән-мағынасын, маңызын түсінуі;
      5) ақынның ән мен күй өнері хақындағы пайымдауларын түсінуі;
      6) қазіргі абайтану ғылымының даму бағыттарын, абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы екендігін білуі;
      7) Абайдың «Толық адам» философиясы мен «Иманигүл», «Хауас», «Жәуанмәртлік» ілімдері туралы білулері:
      8) ұлы ақынның философиялық ақыл-нақыл сөздерінің маңыздылығын, мән-мағынасын түсінуі;
      9) ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығын, аудармашылық шеберлігін танып білуі;
      10) абайтану бойынша курс жұмыстарын, ғылыми жобалар жаза білуі;
      11) абайтануға қатысты ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білуі;
      12) оқушы өзіне қажетті материалдарды интернет арқылы тауып, пайдалана білуі;
      13) Абай атымен байланысты ғылым және өнер ордаларымен шығармашылық қарым-қатынасқа түсе білуді меңгерулері тиіс.
      38. Оқушылардың «Абайтану» курсы таңдау пәні бойынша игерген білімдерінің нәтижелері:
      1) Абай шығармаларының зерттелуін және ақынның өлең, қарасөз, поэма жазудағы суреткерлік өнері мен аударма жасаудағы шеберліктерін білуі; 2) өлеңдері, қарасөздері, поэмалары, аудармаларының тақырыбын, идеялық негізін, маңызын талдай отырып, суреттеу шеберлігін айқындай алуы;
      3) философиялық тұрғыдан жазылған қарасөздерінің тақырыптарын, ондағы авторлық ұстанымдарды және маңызын көрсете білуі;
      4) ақын аудармаларының ұлттық көркем ойды байытып, шағын уақиғалы поэма жазудағы шеберлігін білуі;
      5) Абай өлеңдерін талдай отырып, суреткерлік шеберлігін, ақындық қуатын, көркемдік шешімін, қазақ өлеңіне енгізген жаңалығын айқындай білуі тиіс.


«Абайтану» тандау курс бағдарламасы 11 сынып. Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат

Сабақтың тақырыбы

Сағат

саны

Күні,айы

Сабақтың мақсаты

Сабақтың түрі,

әдісі

Қосымша материалдар

1

Кіріспе Абайтану» курсы туралы түсінік

1


Курсты оқытудың мақсат-міндеттері, өзектілігі туралы мағлұмат беру

Танымдық, әңгімелесу


2

Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы

1


Қазіргі абайтану мәселелерінің даму бағыттары туралы

Ортада қаламсап", "Еркін жазу",1,2,3,4,5,6,7

Абайдың шығармалар жинағы


«Білімдіден шыққан сөз» тарауы - 2 сағат

3

Абайдың оқу, білім, ғылым турасындағы туындыларының тақырыбы мен идеясы

1


Ақын өмір сүрген дәуірді және халық ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, үлкендерден естіп, жадына тоқығандығын білу



Абайдың гуманист болғандығын, ізгілік, әділет сияқты қасиеттерді қастерлегенін білу

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері

«Қазақ әдебиетінің тарихы»

4

«Өзіңнен өзің есеп ал», он бесінші қарасөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі

1


Блум таксономиясы; СТО; диалог, жеке жұмыс,топпен жұмыс;


Абайдың шығармалар жинағы


«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» тарауы- 7 сағат

5

«Осы мен өзім – қазақпын»

1



Жаңа тақырыпты меңгерту


6

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі

1


Өлеңдегі еңбекші халықтың мүддесі, ақынның өзі өмір сүрген қоғамның тарихи шындығын бейнелеуі, заманның кемшілік, қайшылықтарын сынауын ұғыну

Сұрақ-жауап, ДЖИГСО, Венн диаграммасы, мозайка, инсерт


Абай өлеңдері

7

«Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі

1


Ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығын, аудармашылық шеберлігін таныту

Ортада қаламсап", "Еркін жазу",1,2,3,4,5,6,7

«Евгений Онегин», «Татьянаның хаты»

8

«Бөтен елде бар болса» өлеңі

1


Абай шығармаларының зерттелуін және ақынның өлең, қарасөз, поэма жазудағы суреткерлік өнері мен аударма жасаудағы шеберліктерін білу

Диалогтық оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтар.

Шығармашылық жұмыс.



9

«Сегіз аяқ» өлеңі

1



Ыстық орындық", ой тану стратегиясы, "Айналмалы бекет"

Абайдың шығармалар жинағы

10

Ішім өлген, сыртым сау»

1


Аралас сабақ


11

«Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі

1


Ақын мұраларының зерделенуі мен абайтану ғылымының қалыптасу тарихын, кезеңдерін білу

Блум таксономиясы; СТО; диалог, жеке жұмыс,топпен жұмыс;


«Абай жолы»

І кітабы 564 бет

12

Практикалық сабақ

1



Шығармашылық жұмыс



«Абай – сатирик» тарауы - 4 сағат

13

«Болыс болдым, мінеки»

1


Қазіргі абайтану ғылымының даму бағыттарын, абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы екендігін ұғыну

Жаңа тақырыпты меңгерту

Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері»

14

Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңі

1


Ақынның поэзияның қоғамдық мәні мен маңызына қойған биік талабын білу

Поэзия сағаты

Әдебиет

15

«Менсінбеуші ем наданды» өлеңі

1



Блум таксономиясы; СТО; диалог, жеке жұмыс,топпен жұмыс;


Абайдың шығармалар жинағы

16

«Бойы бұлғаң»

1



" Топтастыру", "Бір айналым сөйлесу", 1,2,3,4,5,6,7



17

«Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері

1



Білімді тексеру сабағы

З.Қабдолов

«Сөз өнері»

18

«Сен мені не етесің» өлеңі

1


Ақынның афоризмге айналып кеткен сөздерін ажырату

" Топтастыру", "Бір айналым сөйлесу", 1,2,3,4,5,6,7


19

«Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңі

1


Ақынның сөз қолдану ерекшеліктерін таныту

Салыстыру, талдау

Абай қарасөздері

20

«Қызарып, сұрланып» өлеңі

1


Даналық ойлар туралы қарасөздерінің тәрбиелік мәнін білу

Ой толғау



«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» тарауы - 7 сағат

21

Жүсіп Баласағұн

1



Шығармашылық жұмыс


22

Йасауидің «Хал ілімі»

1





23

Абайдың «Толық адам» философиясы

1


Абай өлеңдері мен қарасөздерінде қозғалып отыратын Алланы сүю, тіршілік, жаратылыс заңдылықтарын ұғындыру

Постермен жұмыс

Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі

24

Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі

1



" Топтастыру", "Бір айналым сөйлесу", 1,2,3,4,5,6,7


25

«Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі

1



Баяндау, ой түйіндеу

Абайдың шығармалар жинағы

26

«Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес»

1


Өлеңдері, қарасөздері, поэмалары, аудармаларының тақырыбын, идеялық негізін, маңызын талдай отырып, суреттеу шеберлігін айқындау

Талдау, сипаттау

М.Әуезов «Абай жолы» романы

І кітабы

27

«Осы үш сүю болады имани гүл»

1



Шығармашылық ізденіс

М.Әуезов. «Уақыт және әдебиет»


«Қазақтың бас ақыны» тарауы - 5 сағат

28

Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы

1


Ақын аудармаларының ұлттық көркем ойды байытып, шағын уақиғалы поэма жазудағы шеберлігін білу

Блум таксономиясы; СТО; диалог, жеке жұмыс,топпен жұмыс;


«Адамзаттың Абайы» шығарма жазу

29

Абай туындыларының көркем тілі,

1


Қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы, ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері

Диалогтық оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтар.

Шығармашылық жұмыс.



30

Абайдың ақындық мектебі

1





31

Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы

1


Абайдың талантты ақын шәкірттері


Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір, т.б.

32

Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар

1


Ақынның әдебиеттегі дәстүрін ілгері дамытқан ақындар туралы

Ассоциация әдісі; топтастыру;

өзара оқыту;

Блум өлшемдеріне сай сұрақтар қою,

А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, т.б.

33

Практикалық сабақ

1





34

Қорытынды

1



Қайталау-жүйелеу сабағы

























Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


Оқушы үшін:

      1) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;
      2) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;
      3) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;
      4) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;

5)Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;
      6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж;
      7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

Мұғалім үшін:

1) Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;
      2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;
      3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;
      4) Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж;
      5) М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
6) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;
      7) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;
      8) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;
9) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;
     10) М.О.Әуезов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» Алматы «Санат» 1997 ж;
      11) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;








Балдық жүйемен білім алушылардың оқу жетістігін бағалағанда

төмендегідей талаптар бойынша бағаланады:



1 балл- тақырыпты біледі.

2 балл- тақырыптың мазмұнын жалпылама біледі.

3балл- тақырыптың мазмұнын, мәнін, сипатын жаза біледі.

4 балл- тақырыптың мазмұнын, мәнін, сипатын толық айта алмайды. Бірақ ақынның кім екені туралы түсінігі бар.

5 балл- тақырыпты толық ашып айта алады. Ұлы ақын Абайдың кім екенін, өмірі туралы ойын айта алады.

6 балл- ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жалпылама айта алады.

7 балл- оқулық көлемінде және хрестоматияны пайдалана отырып ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінігін айтып, ойын жеткізе алады.

8 балл- ақын шығармашылығын басқа ақын- жазушылар шығармашылығымен байланыстыра айта алады.

9 балл- Абай Құнанбайұлы өлеңдерінің бүгінгі замандағы маңызын, мәнін, сипатын жете түсінеді. Өзінің ойын ашық айта алады.

10 балл- ақын шығармашылығына талдау жасап, өзінің пікірін айта алады.

11 балл- ақын шығармашылығы бойынша толық түсіндіре алады.

12 балл- ақын өлеңдерін жатқа біледі, поэмаларына еркін талдау жасайды. БАҚ мақала жазады. Сөйлеу мәдениеті жоғары адам.


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:


1 балл- оқыса шамасы жетеді.

2 балл- көтермелеуді қажет етеді.

3 балл- орташа

4 балл- жақсы

5 балл- өте жақсы

6 балл- тамаша

7 балл- керемет

8 балл- нағыз керемет

9 балл- Дарынға талпынушы

10 балл- Дарын

11 балл- талант иесі

12 балл- қолынан бәрі келеді. Азамат. Тұлға.












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1614
Номер материала ДВ-069663
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх