Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Адамгершілік-асыл қасиет" (ашық тәрбие сағаты 5-сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Адамгершілік-асыл қасиет" (ашық тәрбие сағаты 5-сынып)

библиотека
материалов

«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінің» КММ

Тәрбие сағатының тақырыбы: Адамгершілік-асыл қасиет

Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,ақылды,шыншыл,қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Тәрбие сағатының түрі: Мастер класс

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: топтық жұмыс, «Өрмекшінің торы», постер қорғау, «Ауызша волейбол»-тренинг, релаксация , рефлексия

Көрнекілігі: бейне көрініс , музыка, нақыл сөздер, слайд, маркер , стикер, плакаттар, түрлі түсті қағаздар, доп, жіп.

Тәрбие сағатының тақырыбы,мақсаты айтылады.

І. «Өрмекшінің торы» - оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

ІІ. Топқа бөлу. Стикерлерді таңдау арқылы екі топқа бөлініп отырады.

ІІІ.Ойқозғау

Тақырыпқа сәйкес ой қозғауға оқушыларға төмендегідей сұрақтар беріледі.

1.Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?

Оқушылар топта өз ойларын жазып, постер қорғайды.

Оқушылардың ойын әрмен қарай өзім толықтырамын.

Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты ардақтау,әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу.

«Өзің үшін еңбек қылсаң,дейді Абай,-өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. «Досыңа достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ бол».Ақылды,мейірімді адам әр уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.Арлы адам-ардақты адам.Арымыз таза болса,тарихымыз да таза.

Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық,ол өмірде қымбат асыл қасиет,асыл мінез,ашық,шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы. Адамда асыл қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады.Олар-жалқаулық,өзімшілдік,қайсарлық,күншілдік,сараңдық,қорқақтық,менмендік,қатыгездік ашу,ызақорлық

Ержүректік деген қасиетті адамгершілікке жа тқызуға бола ма? қандай ержүрек адамдарды білесіңдер? Ұлы Отан соғысы туралы айтып өту. Қайсарлық, өжеттік, батылдық туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер?

Эльвира мен Ажар «Әлия мен Мәншүктің монологы»

Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз»деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады?

Ол қандай қасиеттер?

1-топқа неден жирену керек?(Өсек,өтірік мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ)

2-топқа Неге үйрену керек?(Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым)

Келесі тапсырма «Өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?»

Жарқын күн көлбейленіп тұр,күнді біз мейірбан,жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек,біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік,ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.

Бірінші бұлт. «Релаксация» Өзіммен-өзім (әуенді қолдану)

- Балалар, ыңғайланып отырып алындар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.

Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза, салқын бір өзен жағасына

келдік деп елестетіңдер. Су біздің жанымызға әсем ән сыйлап, сылдырай

ағады. Тап-таза айнадай мөлдірлігімен көздің жауын алып жатқан судың

бізге айтары бар сияқты. Біз өзенге жақындап, екі қолымызбен бір уыс су

іліп алдық. Су бізге қарап, жылт -жылт етеді. Біз алақанымыздағы су

тамшыларын төгіп алмайық деп уысымызға аялай ұстап тұрмыз. Ал енді

осы сезімімізмен бұрынғы қалпымызға келейік. Көзімізді ашайық. Сендер

алақандарыңа аялай алған осы суды қалай пайдаланар едіңдер?

Балалар жауабы тыңдалады.


Екінші бұлт. рухани адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік.Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?

1.Отанға деген,ата-анаға деген сүйіспеншілік,досқа деген,туған жерге деген сүйіспеншілік.

Үшінші бұлт.Жағдаяттық сұрақтар.

І топқа -Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар»үгіттейді.Ал сен не істер едің?

ІІ топқа- Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік,сен де оны үзбей қарайсың.Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай шешімге келер едің?

Төртінші бұлт.1.Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесің?

Тамақ ішіп болған соң «рахмет»айт.

Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса»дегенді ұмытпа.

Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз»деу керек.

Сергіту сәті «Ауызша волейбол» - балалар шеңбер болып тұрып, допты бір-біріне лақтыру арқылы өз бойындағы жақсы қасиеттерді айтуы керек.

Ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл аударайық.

1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.

2-түсі.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер.

3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды,жұбатқаныңда күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.

4-түсі.Әнді жиірек тыңдаған дұрыс.

5-түсі.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен.Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.

7-түсі.Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі»деген сөз жаныңда жүрсін.

Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық,артынан жадырап кемпірқосақ керілді,міне осындай әсем табиғат аясына асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірдік.Осы әсем ағаш алдағы уақытта сіздерге сая болсын,бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын,үнемі қайырымды,мейірімді,адал,ақкөңіл,еңбекқор,әділ,ақылды парасатты болыңыздар!

Рефлексия «Бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерім...»

Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды,сау болыңыздар!















Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Абайдың өлеңдер жинағы

2.Б.Момышұлының нақыл сөздері

3. Кусаинова, П.Е.Жарылғасова Психологиялық оқу әдістемелер мен тренингтер


























C:\Users\Admin\Documents\Intelli-studio\Samsung Camera\2012-11-22\2015-02-17\SAM_6643.JPG



C:\Users\Admin\Documents\Intelli-studio\Samsung Camera\2012-11-22\2015-02-17\SAM_6641.JPG






C:\Users\Admin\Documents\Intelli-studio\Samsung Camera\2012-11-22\2015-02-17\SAM_6644.JPG



C:\Users\Admin\Documents\Intelli-studio\Samsung Camera\2012-11-22\2015-02-17\SAM_6645.JPG










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

1.Сыныптан тыс жұмыс оқушының сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.


Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты:
- оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту.
- өзіндік қабілеттерін дамыту
- қоғамдық қарым - қатынасты қалыптастыру.

Міндеті:
- алған білімдерін әрі қарай жетілдіру
- өз білімін тереңдету қабілетін шыңдау
- оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру
- оқушылардың өзара қарым - қатынасын қалыптастыру
- еңбектенуге, ізденуге ықпал ету.

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2993
Номер материала 283141
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх