Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Алтын күз" мерекесі бастауыш буында

"Алтын күз" мерекесі бастауыш буында

Скачать материал

«Алтын күз»  сценарийі

Өтетін орны: акт залы

Кештің мақсаты: оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын, арттыру, ой-өрісін кеңейту. Табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білуге тәрбиелеу.

Кештің өтілу барысы:

1-жүргізуші:

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Алтын күз» атты күзгі балл кешіне қош келдіңіздер. Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-даланың дархан дастарханы. Күз - байлық, молшылық. Күзде егін жиналып, құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!?

Күз — мереке, Күз — ырыстың белгісі,

Қайтып барады мекеніне жыл құсы.

Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,

Шат – шадыман халқымыздың тұрмысы.

2-жүргізуші:

Әділқазы, алқасына бір сәлем.

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, - дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

(әділқазылар алқасымен таныстыру).

1-жүргізуші:

Келесі кезекте сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.

І. «Күзгі сән үлгісі»

ІІ.Мәнерлеп оқу

ІІІ.«Білімді мыңды жығар»

ІV.«Күзгі көрініс»

V.«Жұмбақтар сайысы»

VI. «Өнерлінің өрісі кең»

2-жүргізуші:

Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілейміз.

І. «Күзгі сән үлгісі»

  • (сән үлгісін көрсету)

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығар ған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді.Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

2-жүргізуші:

ІІ.Мәнерлеп оқу

Мәнерлеп оқу сайысы,
Қандырар көрермен айызын,
Мына жұптар ішінен,
Шығасың жарып қайсысың? – дегендей, бұл бөлімімізде жұптарымыз күз өлеңдерін мәнерлеп оқу керек

ІІІ. «Білімді мыңды жығар»

1-жүргізуші:

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз!

Келесі бөліміміз «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Мұнда сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

(Әр жұпқа сұрақтар жазылған жапырақтар таратылады, 3 сұрақтан 2мин)

*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек
?
*Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
*Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан: "Жасың нешеде? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

ІV.«Күзгі көрініс»

V.«Жұмбақтар сайысы»

VI. «Өнерлінің өрісі кең»

 (өнер көрсету сайысы)

1-жүргізуші:

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас,

Әрқашанда нанымзы

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден-дей келе сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.

2-жүргізуші:

Әділқазылар алқасы сайыскерлеріміздің бағасын берсеңіздер.

Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің

Тамаша бірдей сұлу күн мен түні

Сондықтан биылғы күз мерекелі,

Байлығы өте-мөте берекелі

Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені,-деп ақын ағаларымыз тебірене жырлаған.

 

Құрметті көрермендер «Алтын күз» атты  кешін қорытындылау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

 2-жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.

Келешекте әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.

Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,

Өмір күрес әлі талай жарыстырар, - дей отырып 1-4 сыныптар арасында өткен «Алтын күз» кешін аяқтауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Тамашалағандарыңызға рахмет, сау - саламат болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бидайық орта мектебі

 

 

 

 

 

 

        «АЛТЫН КҮЗ»

 

 

 

                                мерекесінің сценарийі.

 

 

 

 

 

Дайындаған:           аға тәлімгер Бельгубаева А.Х.

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Алтын күз" мерекесі бастауыш буында"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 176 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.09.2016 868
    • DOCX 32.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бельгубаева Асель Хамидоллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4370
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой