Инфоурок Химия КонспектыҚаныққан көмірсутектер. Құрылысы, қасиеттері, қолданылуы

Қаныққан көмірсутектер. Құрылысы, қасиеттері, қолданылуы

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Қаныққан көмірсутектер. Кұрылысы, қасиеттері, қолданылуы

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Оқушыларға алкандардың алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру.

 Тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

 Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ- жауап, ой- толғаныс. Репродуктивті кестелермен жұмыс. Іскерлік ойындар.

Сабақтың көрнекіліктері: 1. Интерактивтік тақта 2. Дидактикалық ойын «Химиялық суреттер». 3. Зертханалық құрал- жабдықтар.

 Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп, дұрыс отыруына назар аудару.

 

 II. Үй тапсырмасын сұрау:

1.        «Даналық ағашы» іскерлік ойыны. Бұл ойында оқушылар жеміс ағашындағы жемістерді алу арқылы өздеріне ұпай яғни фишка жинайды. Ең көп ұпай санын жинаған оқушыға жеміс ағашының ең ұшындағы «Білім кілті» табыс етіледі. Яғни «5» деген бағаны иемденеді. Қалған оқушылар жинаған ұпай санына қарай бағаланады.

«Даналық ағашы» іскерлік ойынының сұрақтары:

1.Алкандарды басқаша қалай атауға болады ? Не себепті ?

2. Алкандар неге қаныққан көмірсутектер деп аталады ?

 3. Гамологтар дегеніміз не ?

4. Гомологтық қатар дегеніміз не?

Келесі сұрақ тәжірибе сұрақ:

5.Белгісіз қаныққан көмірсутектің молекулалық моделі берілген. Сұрақ: Малекулалық моделъ арқылы қаныққан көмірсутекті табу және оның изомері құрастыру.

6.Келесі сұрақ «Бейне сұрақ» Бірінші сұрақты қоятын колледждің химия пәнінің оқытушысы: Көшербаева Айша Базарбаевна. Сұрақ: Қаныққан көмірсутектердің барлығында көміртегі атомының тотығу дәрежесі бірдей емес,мысалы: метан молекуласында -4; Ал этан молекуласында көміртегі қандай тотығу дәрежесіне тең? Жауабы: -3;

7 Екінші бейне сұрақты химия пәнінің оқытушысы Тілембаева Гүлмира апай қояды. Сұрақ: 2-метил 4-этил гександа қанша изомер бар ? Жауабы: екі изомер бар.

Химиялық сурет Келесі үй тапсырмасын сұраудың шарты сурет бейнеленген химиялық құбылысты табу. (презентацияда көрсетілген)

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру барысы : Алкандардың алынуы. Алкандардың қасиеттері Алкандардың таралуы Алкандарды алудың төрт түрлі әдісі белгілі: Алкандар негізінен табиғатта кездеседі.Газ тәрізді алкандарды табиғи мұнайға серіктес газдардан шығады.Сұйық алкандарды мұнайдың,қатты алкандар мұнай мен озокериттің құрамыда болады.Сонымен қатар алкандарды синтездеп алудың бірнеше жолдары бар.

1. Алкандарды зертханада қанықпаған көмірсутектерді өршіткілері қатысында гидрлеп алады: Н2С= СН2 + Н2«Н3С-СН3 Этилен Этан

2. Вюрц реакциясы бойынша,алкандардың гологентуындыларына металл натриймен әсер етіп алады: СН3СL+2Na «C2H6+2NaCL

Егер Вюрц реакциясына әр түрлі алкандардың гологентуындыларының қатысында жүргізілсе,алкандардың қоспасы түзіледі.Мысалы,йодметан мен йодэтанның қатысында Вюрц реакциясы нәтижесінде этан,пропан және бутанның түзілуі мүмкін.

3. Алкандарды көмірді гидрлеу арқылы даалуға болады.Бұл реакция жай заттардың (бейорганикалық) органикалық қосылыстарға өту мүмкіндігін сипаттайды.Реакция 5000С температура шамасында,өршіткі (темір оксиді)қатысында жүреді: nCO+(2n+1)H2«CnH2n+2+nH2O

4. Метанды зертханада натрий ацетаты мен натрий гидроксидін балқытып алады: Алкандар табиғатта көп таралған көмірсутектер.Оларды табиғи газдан және мұнайды фракциялап айдап бөліп алады.Олар қаныққан көмірсутектер.Құрамындағы көміртегі атомдары өзара тек дара байланыстар арқылы жалғасқан.

Алкандардың физикалық қасиеттері. Алкандар молекулалық қатарында салыстырмалы атомдық массаларының өсуіне байланысты балқу және қайнау температуралары мен тығыздықтары біртіндеп артады. Гомологтық қатардағы заттардың қасиеттері ұқсас болады және белгілі бір басқа мүщелерінің қасиеттерін болжауға болады.Сонымен қатар гомологтық қатарларда диалектиканың сан өзгерісіне ауысу заңы айқын байқалады. Химиялық қасиеттері: Алкандар орынбасу,айырылу,изомерлену және тотығу реакцияларына түседі.Алкандардың басқа көмірсутектермен салыстырғанда бір ерекшелігі – олардың құрамындағы көміртек атомдарының валентіліктерінетолығымен сутек атомдарымен қаныққан.Сондықтан алкандар қосылу реакциясына түспейді.

Орынбасу реакциялары: 1.Галогендену реакциялары – алкандардың практикалық маңызды реакцияларының бірі,жарықтың немесе жоғарғы температураның әсерінен іскеа сады.Жарықтың әсерінен жүретін реакциялар фотохимиялық реакциялар деп аталады.Алкандардың гологендермен орынбасу реакциялары хлормен жеңіл,броммен қиындау,йодпен қиын жүреді.Ал фтормен қопарлыс түзе жүретін болғандықтан,реакцияны инертті газ қатысында сұйылтып жүргізеді.Сутектің орнын гологендерге алмастырғанда,алкандардың гологентуындылары түзіледі: СН2+CL2«СН3CL+НCL СН3CL+CL2» СН2CL+НCL СН2CL+CL2» СНCL3+СНCL3+ НCL СНCL3+ CL2«С CL4+ НCL

2.        Нитрлеу реакциясы. Бұл реакцияны орыс ғалымы М.И.Конавалов(1888ж) ашқандықтан, Конавалов реакциясыдеп аталады:

С2Н6+ HNO3» С2Н5 NO2+ H2O

3.Айырылу реакциясы. СН4=С+2Н2

4 Риформинг реакциялары нәтижесінде алкандар ароматты көмірсутектерге, мысалы,гексан бензолға айналады: С6Н14= С6Н6+4Н2

5. Изомерлену реакциялары барысында көміртектің арасындағы байланыстары үзіліп,түзу көміртек тізбегі тармақталады.Бұл үрдіс өршіткі қатысында және қыздырғанда жүреді.

6. Тотығу реакциялары : Жану реакциясы СН4+ 2О2«СО2+4Н2 Метанның таралуы: Батпақты суларда Өсімдіктер мен жануарлар организмінде Табиғи газдың құрамында

 IV.Жаңа сабақты бекіту: Баламалы тест метан мен пропанды салыстыру арқылы оқушылардың білімдерін нақтылау.Дұрыс жауапқа «+» дұрыс емес жауапқа «-» белгілері қойылады. Сұрақтары: «Батпақ газы» деген атауға ие болған газ. Отын ретінде қолданылатын газ. Табиғи газдың құрамында болады. «Сығылған газ» немесе «балон газы» деп аталады. Мұнайға серік газдың құрамында бар. Шахтадағы жарылысты туғызатын газ. Қандай газ қызыл жолақты цистерналар арқылы тасымалданады. «Химиялық сурет» арқылы алкандарға тән химиялық реакция типін анықтау керек. V.Оқушыларды бағалау.

VІ.Үйге тапсырма: §3,3-§3,4 15-16 есептер. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қаныққан көмірсутектер. Құрылысы, қасиеттері, қолданылуы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 273 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2016 4793
    • DOCX 23.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тамбаева Камшат Казыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тамбаева Камшат Казыбаевна
    Тамбаева Камшат Казыбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39058
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 352 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Курс повышения квалификации

Методика реализации образовательного процесса и мониторинг эффективности обучения по дисциплине «Химия» в соответствии с требованиями ФГОС СПО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 574 человека

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек