Атырау
облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
КМҚК
«Айгөлек» ясли бақшасы
Тәрбиеші:
Талапкер Асылай Мұхамбетқызы
Білім беру
саласы: «Денсаулық»
Оқу
іс – әрекет түрі: Дене шынықтыру
Тақырыбы:
Қақпаға доп домалату. (арақашықтығы 2 метр) Қос аяқпен
секіру. (бір аяғы алда, екіншісі артта) Екі сызықтың арасымен
жүру. (көлемі 15 см, ұзындығы 3 м)
Мақсаты:
Допты екпінмен итеру және доп қимылының
бағытын сақтауды үйрету. Тіреуіштің кішірейтілген алаңы бойымен жүруде
қалыпты тепе – теңдікті сақтауға жаттықтыру.
Қолданылатын құрал саймандар:
8-10
дана кубик немесе пирамидалар, 2-гимнастикалық орындық, 2- жіп, доптар,
қ/ойынға бетперделер.
Мотивациялық –
қозғаушы
Балалар әдемі әуен ырғағымен шеңберге тұрады.
Бастаушыны
өзгерте отырып саптізбекте бір-бірден жүру және жүгіру. Саптізбекте бір-бірден
«жыланша» кубиктер арасынан жүру, жүгіру. Шашыраңқы жүру, жүгіру. Жүру, дем
алу жаттығулары. 1 – 2 шеңберге тұру.
Ұйымдастырушы-ізденуші:
1.
«Алдыға» Б.қ.: аяқ иық бойымен, қолда екі бүктелген секіртпе. 1- секіртпе
созулы, кеуде алдында. 2- жоғарыда. 3 – кеуде алдында. 4- б.қ.
2.
«Бұрылу» Б.қ.: аяқ солай, қол секіртпемен артта. 1- оңға (солға)
бұрылу. 2- б.қ.
3.
«Отырып тұру» Б.қ.: 1- отыру, қол алдыда. 2- б.қ.
4.
«Еңкею» Б.қ.: қол секіртпемен төменде. 1- оң (сол) аяқты, қолды алдыға шығару.
2- б.қ. келу
5.
«Иілу» Б.қ.: аяқ иық бойымен, секіртпені басып тұру, секіртпенің екі ұшы
қолда. 1- алдыға еңкею, қолды артқа жоғары жіберу. 2- б.қ.
6.
«Секірулер» Б.қ.: секіртпе еденде жатады, аяқ бірге, қол төменде. Бір қырлап
10-рет секіру, жүрумен алмастыру, қайтадан секіру.
Негізгі
қимылдар:
1.«Қоян»
- екі аяқпен секіру.
2. Қақпаға доп домалату.
Қимылды ойын: «Сақина»
Дөңгелек
ортасында тұрған жүргізуші, алақанының арасына сақинаны салып, қалған
ойыншылардың алақандарына салған болып шығады. Ойыншылардың біреуінің алақанына
сақинаны салып: «Менің сақинам қайда?» - деп дауыстап
сұрайды. Сұрақты естіген соң, сақинаны алған бала ортадан жүгіріп шығуы қажет. Ойын
шарты бойынша көршісінің міндеті сақинасы бар баланы ұстап жібермеуі керек.
Рефлексивті – коррекциялаушы:
Саптізбекте
бір-бірден жүру, дем алу жаттығулары, нүктелі массаж
Ойынды қорыта
келе: сендерге не ұнады?
Не қиын болды? –деп балалардан сұрау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: қақпаға доп домалатуды; қос аяқпен секіруді;
Машықтандыру: екі сызықтың арасымен жүруді;
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.