Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық сабақ әдебиеттік оқу "Үлек"(4 сынып)

Ашық сабақ әдебиеттік оқу "Үлек"(4 сынып)

Скачать материал

Әдебиеттік оқу 4 сынып

Бастауыш сынып мұғалімі: Б.Б.Куленова



Сабақтың тақырыбы: Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»

Сабақтың мақсаты: Үлек туралы мағлұмат беру

Міндеті:

Білімділік: Мерсердің танымдық тәсілдерін қолдану арқылы оқушының әңгіме мазмұнын өздігінен түсінуге, белсенді зерттеулер жүргізе отырып, түйе туралы білімдерін кеңейту. Түйені жасына, қолтұқымына, жынысына қатысты ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Үлек туралы түсінік бере отырып, ойлау қабілетін сыни тұрғыдан дамыту. Өз ойын толық жеткізе отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Төрт түліктің адам баласына әкелер пайдасын ескере отырып, оларды қорғауға және  қамқор  болуға тәрбиелеу. Қосымша тапсырмалар бере отырып, шығармашылыққа баулу, ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқытудың нәтижелері:

1.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастырады.

2.Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.

3.Сабақта белсенділік танытады.

4.Шығармашылық қабілеттері артады.

 

Қамтылатын модульдер:

1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)

2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3-модуль: Бағалау ( бағалау бетшелері арқылы)

4-модуль: АКТ – ны  пайдалану (интербелсенді тақта, видео)

7-модуль: Көшбасшылық

 

Көрнекіліктер: Оқулық, слайд, стикер,маркер,

Қадамдар:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Топпен жұмыс.

3.Рефлексия

4.Бағалау







Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. Топқа бөлу

  2. Оқушының зейінін сабаққа аудару

  3. 4.Жаңа сабақты түсіндіру

  4. 5.Тапсырмалар беру

Оқушының іс-әрекеті:

  1. топқа бөлінеді.(1-4 санына )

  2. Зейіндерін сабаққа аударады

  3. Мәтіннің мазмұнымен танысады. Үлек туралы мәлімет алады

  4. Топтасып жұмыс жүргізеді,постер қорғайды

  5. Кері байланыс жасайды

 

І кезең: Қызығушылықты ояту:

«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.

- Ендеше балалар сендер көрмей, дауысты қалай аңғарарсыңдар екен. Соны көрелік. Ол үшін мен сендерге дыбыс жасырамын. Сол ненің дыбысы екенін ажыраталық.
Аудиодан түйенің үнін тыңдау.
- Бұл ненің дыбысы?
- Түйе

Ендеше, бүгінгі сабағымыз не жайлы болмақ деп ойлайсыңдар?

І. Топтастыру стратегиясы.

Біздің оқушылар бүгін түйелерді ерекше бақылауға алады екен.

1 топ-« Атан»

2 топ-«Інген»

3 топ-«Нар »

4 топ-«Үлек»

Әр топ өзі зерттеуге алған түйелері туралы не біледі екен (Әр топтан 1 оқушыдан тұрып жауап береді)

Бура, атан - деп қазақ айыр түйенің келеге түсетін еркегін, аталық түйені айтады. «Бура» сөзі ауыз әдебиетінде, ақын-жазушылардың шығармаларында да кең қолданыс тапқан. Мәселен, Көрінер інген сұлу, бурасымен, Көрінер бура сұлу шудасымен делінсе

Інген деп –Қос өркешті түйенің ұрғашын айтады боталаған ботасы бар түйелер жатады. Боталаған інген деп те атайды.

Нар - жалғыз өркешті ұрғашы түйе, оны кейде Аруана депте атайды. Мұның денесі ірі, аяқтары жіңішке, жүні тықыр, бұйра болып келеді. Суыққа төзімсіз болғанымен, шыбынға шыдамды келеді, бақырып, жын төгуді білмейді. Салалы емшегі өте сүтті болады

Үлек- Сыңар өркешті түйенің бурасы, Бұл онша күшті болмайды, сида сирақтары әлсіздеу, жүні бұйралау келеді. Бақырып, құспайды. Бурасы кісі алмайды. Ыстық пен суыққа шыдамсыз.



hello_html_m14750d55.png

Миға шабуыл. Әр топ таңдау арқылы, берілген тапсырмаларды Ассоциация әдісі арқылы қорғайды.

 – Түйе туралы не білесіңдер?

 – Түйенің адамға тигізер пайдасы қандай?

 – Түйеден қандай өнімдер аламыз?

 – Түйенің қандай түрлері бар?

Иір –иір денесі

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер – тамағы,

Шөлге шыдап бағады. Дұрыс балалар, төрт түлікке жататын жануардың бірі – түйе.



Мұғалім түсіндірмесі:

Түйе - киелі жануар. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық – суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды. Ертеде ата – бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды. (суретін көрсету жүк көтеріп келе жатқан)

 Түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін бес мың жыл шамасындай мезгіл болған. Міне, содан бері өткен жеті мың жылдай уақыт ішінде түйе шөлейт жерді мекендеген елдің ең қолайлы көлігіне айналды.Түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік Америка деп саналады.

Қазіргі уақытта түйенің бұл түрлері Африкада, Орта Азия мен Батыс Азия мен Батыс Америкада да бар.Түйенің екі түрі бар. Мұның біреуі қос өркешті, екіншісі нар (жалғыз немесе сыңар өркешті түйе).



Оның терісі, жүні, сүті өте пайдалы. Сүтінен шұбат, қымыран сияқты сусындар дайындайды. Түйе сүтінің емдік қасиеттері бар, бірнеше ауруға ем.

Терісінен аяқ киім тігеді, таспа, қайыс жасаған, ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады. Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында түйе шаруашылығымен айналысады.

Түйенің өзінің бірнеше түрі болады. (суретін көрсетіп)

Міне, мына түйені айыр түйе қос өркеш түйе тұқымының бір түрі.

Ал, мына түйе Аруана – сыңар яғни жалғыз өркешті түйе. (суретін Аруана айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді, сүті де мол (екі- үш есе) бірақ жүні аз болады. Аруана (сыңар өркешті түйе) Қазақстанда Атырау облысында ғана өсіріледі.

Түйе – салтанат деген мағынаны білдіреді. Түйенің жауы – маса, сона. Түйені көс-көс деп шақырады. Арай арай деп тоқтады, шу деп тұрғызады. Шөк деп жатқызады. Жастарына байланысты аталуы- бота, тайлақ, бурылыш, буыршын, науша, бұзбаша, інген атан, бура

Түйе малының жалпы атаулары:

Дәптермен жұмыс.

Бота Інген

Тайлақ Бура

Нар түйе Үлек

Айыр түйе Атан

Аруана

«Мал өсірсең, түйе өсі, пайдасы оның көл – көсір» демекші түйе күніне 40-50 шақырым жүреді. Түйе малының атасы Ойсылқара екі жылда бір боталайды. Түйенің төлін не деп атаймыз? (Суретін көрсету).

Негізі түйе түбіті мен шудасы – тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат. Еті ем, шұбаты – шипа.

Оқулықпен жұмыс.

Нар жолында жүк қалмас.

Бақырауық демесең,

Бағалы көлік түйе ғой.



 - Біз бүгін Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» әңгімесімен танысамыз

- Үлек туралы естулерің бар ма?

Автор туралы мағлұмат беру.

Үлек туралы мағлұмат беру

Үлек — сыңар өркеш түйенің (аруананың) ұрпағы. Шоқтығына дейінгі биіктігі 183 см, тұрқы 155 см, салмағы айыр түйеден жеңілдеу, мойны ұзын әрі жіңішке, қамыттығының жүні бұйра, тамағының асты мен желке жүні қалың әрі шудалы. Үлек өте жүрдек әрі ұшқыр.

Қалдыбаев Мамытбек

 Мамытбек Қалдыбаев 1939 жылы 9 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы «Совет» ұжымшарына қарасты «Қызылжалау» ауылында туған. Шымкент қаласындағы техникалық училищені, педагогика институтының филология факултетін бітірген. Жамбыл облысы, Қордай ауданында мұғалім болған.

М. Қалдыбаевтың «Қанат қақты», «ол неге ұялды», «Айна», «Мерей», «Ақжайық әуендері», «Ай туып келеді», «Жолдар шақырады» т.б кітаптары шыққан.

Оқулықпен жұмыс:  Мәтінді оқушылар тізбектей оқиды.

Мәтінді Джиксо – ұжымдық оқыту әдісімен оқу. Тізбектей оқыту.

Түсініктерін айту

Дәптермен жұмыс.

Тапсырма:

1-топ: Түйе жейтін шөптің атауын тауып жазу.Толықтыру

2-топ: Мәтіннен жер аттарын тауып жазу.

3-топ:Мәтінді пайдалана отырып үлекке сипаттама жазу.

4-топ: Мүлкібай атаның бейнесін көрсететін тіркестерді теріп жазу.

Оқушылардың тапсырмаларын тексеру.

1-топ: Түйе жейтін шөптің атауын тауып жазу

Жусан, изен бұл қандай жерлерде өседі?

- Сөйлемнің қандай мүшесі?

2-топ: Мәтіннен жер аттарын тауып жазу.

Бозоба, Сарапан, Тасқұдық

-Бұл қандай жер деп ойлайсыңдар?

-Себебі неге?

3-топ:Мәтінді пайдалана отырып үлекке сипаттама жазу.

 Қорқуды білмейтін, жалғыз өркешті

Айбатты, батыл Үлек малды бір өзі бағады

 Нардың бурасы

-Қандай мәтін құрауға болады?

4-топ: Мүлкібай атаның бейнесін көрсететін тіркестерді теріп жазу.

Қоржиған кіп-кішкентай , ап-арық Мүлікбай ата.

Ендеше балалар, Мүлікбай атаның несін суреттеген?

Жүрісін, бет-әлпетін, түрін

-Енді осы сөздерді пайдалана отырып портрет дегеніміз не? Деген сұраққа жауап іздеп көрелік.

«Портрет»  туралы мағлұмат беру.

Оқушылар сызба арқылы ереже шығару.

Сергіту сәті:

.- Ендеше балалар қазір біздер сәл тынығып алайық. Ол үшін «Нар идірген» күйін тыңдай отырып әрқайсысың өздеріңнің портреттеріңді салып, көршілеріңе тапсырыңдар.

Жаңа сабақты бекіту.

Шығармашылық тапсырма

 Есіңде болсын!
«Түйесі бардың - киесі бар»
1 - топ Түйе малына қатысты мақалдар жазу
2 - топ 5 жолды өлең құрастыру

3 - топ Адам аттары мен өсімдіктер, жер - су аттары
Ботакөз, Ақбота, Түйебай, Бурабай, алабота

4- топ үлекке  сипаттама береді ,

Мәтінді пайдалана отырып үлекке сипаттама жазу.

Қорқуды білмейтін, жалғыз өркешті

Айбатты, батыл

малды бір өзі бағады

Нардың бурасы

- Қандай мәтін құрауға болады?

«Ой қозғау»

Сұрақтармен жұмыс.

1. Үлек дегеніміз не?

2.Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда ,не үшін барды?

2.Балалар неден ,неге қатты қорықты?

3.Егер Мүлкібай ата бармаған болса ,не болар еді?

4.Әңгіменің ең соңғы сөйлемінен қандай қорытынды айтуға болады?




Рефлексия:

- Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?

- Сабақты  қаншалықты түсіндік? Оны тақтада берілген смайлинктің қасына өздеріміздің дөңгелекшелерімізді жапсырамыз?

Үйге тапсырма:

1.Мәтінді түсініп оқу .

2.Түйе туралы мәлімет материал жинау.

Бағалау









































«№4 орта мектеп» КММ

http://img1.liveinternet.ru/images/attach/c/10/111/768/111768265_4883260_Kazahstan_6.jpg

Тақырыбы:

«Үлек»

/әдебиеттік оқу,

ашық сабақ, 4-сынып/



Бастауыш сынып мұғалімі: Б.Б.Куленова



Талдықорған қаласы

2016 жыл





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ әдебиеттік оқу "Үлек"(4 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 296 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2016 8488
    • DOCX 226.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куленова Бибигуль Болатхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33143
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 597 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе