Инфоурок / Биология / Статьи / Ашық сабақ: Денсаулық - зор байлық
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

Ашық сабақ: Денсаулық - зор байлық

библиотека
материалов

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ, ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ» МКҚК









АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ







Тақырыбы: Салауатты өмір - денсаулық кепілі











Орындаған: Таскетбаева Ш.

Үйірмесі: «Эрудит»













Шымкент – 2016 ж.

Салауатты өмір - денсаулық кепілі ашық тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір - денсаулық кепілі ашық тәрбие сағаты

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында – Салауатты өмір - денсаулық кепілі ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

Мақсаты:
Білімділік - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.

Дамытушылық - сыни тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Тәрбиелік - денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, слайдтар.


Шаттық шеңбері: Балалар сабақты бастамас бұрын көңіл күйімізді көтеріп бір біріңе жылы алақанымыз арқылы жақсы тілек айтамыз.

Барысы: ой ашар сұрақтары:
А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
Ә) Тіс тазартатын құралдар? (тіс щеткасы мен паста)
Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбиесі)

В) Жеміс жидектерді жемес бұрын не істеуіміз керек? (жеміс жидектерді тазалап жуып алу керек)

С) Тамақтану алдында не істеуіміз керек? (Тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)

 Тапсырмалар:
1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?
2. Пайдалы тамақтар?
3. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Пайдасыз тамақтар?
Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.
Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.

- Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ. Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды. (Есікті қағып Жалқаубек келеді)

- Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге тамақтану құпиясын білейін деп келдім. Міне сендерге тәтті сусын, сағыз, чипси әкелдім.

Мұғалім: - Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы білетін боламыз.

- Газды сусынның құрамында консерванттар, бояғыш пен және иіс беретін заттар болғандықтан олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс зақымдануына себепкер болады. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.

Ал, көп балалар жақсы көретін сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы өте қауіпті.  Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.

Мұғалім: - Жалқаубектің әкелген тамағын аласыңдар ма?
- Ал қандай тамақ пайдалы? 

Жалқаубек-балалар осы полуфабрикатты өнімдердің денсаулыққа зиян екенін білдім. Енді үнемі пайдалана бермейік.

-  Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, күнделікті іске асырайық.

Денсаулық туралы тақпақтар айтайық!
1-оқушы:
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

2-оқушы:

Денсаулық ол- шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

3-оқушы:

Басты байлық-денсаулық

Бабаң айтқан даналық

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық

4-оқушы:

Сымбат- мүсін дегенің

Бітім- көркі денеңнің.

Сымбат жүру әдемі,

Дене қалпын тік ұстап

5-оқушы:

Шығу үшін шымыр боп

Шынығамыз шаршамай

Бұлшық еттер шымыр боп

Аламыз сосын тыныс жай

6-оқушы:

Спортпен айналыс

Сұлулық сыйлаған

Сол саған пайдалы іс

Сауықпен кинодан

7-оқушы:

Денің сауда жетерсің арманыңа,

Денің сауда көрерсің бұл дүниенің

Бар қызық, рахатын жарығында

- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?

- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек, деніміз сау болады.

Әрдайым күліп жүруіміз керек. Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.

 Слайд

1. Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек .
2. Тамақтан кейін ауызды шаю керек.

3. Тісті сапалы тіс пастасымен тазалау.
4. Жаңғақты тіспен шақпау керек.
5. Дер кезіндетіс дәрігеріне көріну қажет.
6. Тәттіні көп жеуге болмайды.
7. Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуы керек.

8. Көкөністі жеміс-жидекті көбірек жеу керек.

- Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?
1. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

2. Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ
3. Күлкі ашылған гүл

Көңіл шашылған нұр
4. Жарлының байлығы - денінің саулығы.
5. Бас ауырса жан қорқады.
6. Қотыр қолдан жұғады,
    Таз тақиядан жұғады.
7. Денсаулық -зор байлық.
8. Жұғын бар жерде - шыбын бар,
    Шыбын бар жерде - шығын бар.
9. Жан ауырса - тән азады,
    Қайғы басса - жан азады.
10. Қасқырдың ойлағаны арамдық,
    Қойдың ойлағаны – амандық.

Сергіту сәті

Ойын: «Иісіне қарай ажырат». Бұл ойында 4 оқушы иіскеу арқылы, иісінен тарелкадағы заттарды атау қажет. Олардың көздерін байлап алма, пияз, тарелкада кесілген лимон бар.   

-Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларың дамуы мен дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі.

Слайд:  «Әлемдегі ең пайдалы азықтар»   




Балық - қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт - витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. 
Жаңғақтар - жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамм жаңғақтың қандай түрі болсада жеткілікті.

Жұмыртқа - ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.

Алма - дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.

Шие - күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.

Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.

Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры.
Қызылша - бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.

Банан - жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.

Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы. 

«Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.
Есік қағылады. Ішке бала кіреді.
Дәрігер: - қандай себеппен келдің?
Бала: - басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер: - сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?
Бала: - түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер: - асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?
Бала: - қолыма не түседі, соны жей саламын.
Дәрігер: - нені ұнатасың?
Бала: - теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер: - оған қанша уақыт бөлесің?
Бала: - ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер: - балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.



Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.
Дымқылдап күнде сен,
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың.
(Сабын)

Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да.
(Сүлгі)

Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, өзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басың мен ісі бар.
(Тарақ)
Біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
Қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек тізілдік.
(Тіс)
Шықпай жатып көшеге

Үсті басы кірлейді

Бұл баланы кім дейді? (Жалқау)



Қорытынды сөз: - Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?

(Денсаулық)

- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз? (Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)

- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет? (Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)

- Ал, балалар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т.б. жолын меңгердік деп ойлаймын. Тәрбие сағатынан өздерің үлкен тәрбие алдыңдар.

- Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-096934

Похожие материалы