Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ "Кітап - досың, ақылшың"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ашық сабақ "Кітап - досың, ақылшың"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы:Кітап-досың,ақылшың.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға кітап-білімнің бұлағы,өмірдің шырағы екеін түсіндіру.Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.Оларда кітапқа деген қызығушылық арттыру,оқу,сөйлеу дағдыларын дамыту.Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру,кітапты күтіп ұстауға,ұқыптылыққа және іздене білуге тәрбиелеу.

Сабақтын әдісі:түсінік,сұрақ-жауап,көрсету

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:суреттер,мақал-мәтелдер,

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу сәті.

Психологиялық дайындық сәті:

Оқулығың,құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір адым.

Жаңа сабақ:Кітап-досың,ақылшың.

Балалар,бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер,түсіп, байқап ,қаралық та,

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па ?

Даналық-өшпес жарық,кетпес байлық,

Жүріңдер іздеп тауып алалық та,-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін.-деп Музафар Әлімбаев атамыз жырлағандай,кітап біздер үшін білім көзі,рухани қазына.Осы кітаптың көмегімен біздер бастауыш сыныптың өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.Егер сенің оқығаның,тоқығаның көп болса,жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ.Дана халқымыз «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» деп бекер айтпаса керек.Олай болса,Жеңді түріп білекке,

Білімді жинап ортаға,

Ынтымақпен бәріміз,

Кітап сырын ашамыз.

Мынау тұрған кітап ағашы.Бұл ағашта біздің осы уақытқа дейінгі әдебиеттік оқу кітабынан өткен бөлімдер ілінген.Қазір біз сіздермен бірге осы кітап бөлімдеріне шолу жасаймыз.Мына ағаштан қалаған ілулі алманы алып,ондағы жазуды оқимыз.Бұл алмаларда біз өткен бөлім аттары жазылған.Сол бөлімге шолу жасап,қайталап,еске түсіреміз.Қәне,алмадан алайық. «Білім керек бәріне» бөлімі.

Бұл бөлім мына суретпен басталады екен.Мынау кімнің суреті?Жарайсыңдар,Ыбырай Алтынсариннің.Ыбырай атамыздың суреті неге кітаптың басында тұр?Дұрыс,Ыбырай Алтынсарин-қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам.Қазақ балаларына мектеп ашқан. «Қазақ хрестоматиясы» кітабын жазған.

Сіздер Ыбырай атамыздың қандай өлеңін білесіңдер?

Жарайсыңдар,Кел,балалар,оқылық! өлеңі.Сендер бұл өлеңді білесіңдер ме?Кім айтады?

Ыбырай атамыз ашқан мектеп қазақ даласына не үшін керек еді?

Мектеп деген сөзді сіздер қалай түсінесіңдер?

Ыбырай атамыз 1841-жылы туылып,1889-жылы дүниеден өткен.Сонда Ыбырай атамыз неше жасында дүниеден өткен екен?Кім есептеп береді?

Жарайсыңдар,1889-1841=48 жасында. Ал,енді балалар,осы 4,8 санын қатыстырып,төрт амалды пайдаланып,өрнек кұрап бере аласыңдар ма?4+8= ,8:4= ,8-4= ,8hello_html_m41c5bbfd.gif4= .Алма ағашынан алма алайық.Бұл алмада не жазылған? «Атадан қалған асыл мұра» бөлімі.

Балалар,қараңдар,ағаштың астында біреулер жылап отыр.Бұлар кімдер екен?Мәссаған,мынау кітаптар ғой.Бұлар неге жылап отыр екен,қалай ойлайсыңдар?Кітапты күтіп ұстау керек,дұрыс.Біз жұмысмызды ары жалғастырайық.Біз қанша көп білсек,мына қорланған кітаптар соншама біздерге риза болады деп ойлаймын.

Бұл бөлімде біз ертегілер, жабайы және үй жануарлары туралы,үш арыстың үлгілерін үйрендік.Жабайы жануарларға нелер жатады?Үй жануарларына нелер жатады?Жануарлар туралы өлең білесіңдер ме?Үш арыс дегеніміз кімдер? «Ұр,тоқпақ» ертегіндегі шал Қазбай берген «Піс қазанын», «Құс есегін» балалардан ұр тоқпақтың көмегімен алды.Бұл жерде қандай құқық туралы айтуға болады?Бала құқығы бұзылды ма?Дұрыс,баланың құқығы бұзылды.Конституцияның 17-бабында «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.Ешкімді азаптауға,оған зорлық-зомбылық жасауға,басқадай қатігездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды».

Жарайсыңдар,балалар!Ағаштан және алма алайық. «Неткен сұлу,неткен көркем,Осы менің туған өлкем»бөлімі.

Кітаптың бұл бөлімінде Отан,туған жер,туған өлке,туған тіліміз туралы сөз болады.Бұл бөлімде туған жер,туған өлке,Отан,туған тіліміз туралы сөз болады.Біз қай елде жасап жатырмыз?Біздің ұлттық тіліміз қай тіл?Біздің елдің президенті кім?Ол кісі президент болып соңғы рет қашан сайланды?Ол сайлауда қанша дауыс жинады?Отан,туған жер,туған тіліміз туралы өлеңдер білесіздер ме?

Енді, балалар,сіздермен бірге жеміс тереміз.Мына,төрт кәрзеңкеге сіздердің қолдарыңдағы жемістерді саламыз.Жемістердегі сөзді оқисыңдар,қай сөз табы екенін айтып,сол кәрзеңкеге саласыңдар.

Жарайсыңдар,балалар.Қане,ағаштан алма алайық.Бұл «Қыста талай қызық бар» бөлімі.

Бұл бөлімде Қазақстанның табиғаты,қысқы көрінісі,қыстағы тіршілік жайында, Қыста қандай өзгерістер болады?Сіздер қыста немен шұғылданасыздар?Қысқы көлікке не жатады?Қәне,балалар,Қазақстан,қыс туралы өлеңдер білесіздер ме?

Енді,балалар,сіздермен бірге аққала жасаймыз.Ол үшін сіздерге екеу – ара сурет қиындылары беріледі.Берілген үлгіге қарап отырып аққала жасайсыңдар.Кімдер бірінші құрастырып болса,әкеліп тақтаға іледі.

Жарадыңдар,балалар!Алма ағашынан алма алайық. «Қадірлі әкелерім,мейірлі аналарым» бөлімі.

Бұл бөлім ата,әже,әке,ана,үлкендерді құрметтеу,сыйлау,бесік жыры туралы айтылады.Балалар,үлкенді сыйлау дегенді сіздер қалай түсінесіңдер?Сіздер үйде ата-аналарыңызға көмек бересіздер ме?Олар сіздерге қандай алғыс,бата береді?Мына өлең не жайында айтылған?(Наутбуктан өлең тыңдау).Ата-ананы құрметтеу туралы сіздер өлең білесіңдер ме?

Ағаштан алма аламыз. «Адам болам десеңіз» бөлімі.

Адам болам десеңіз деген бөлімнің аты сіздерге таныс па?Кімнің өлеңі?Осы өлеңді кім айта алады?Бұл бөлімде қашық болатын бес нәрсе,асық болатын бес нәрсе туралы айтылады. Бұл бөлім есіңізде болса айтыңдаршы,қәне,Керім деген бала неге ауырып қалды?Қияр неге жеуге жарамсыз болып қалды?Балық неге өкінді?Бұл бөлімнен кім қандай өлеңді жатқа біледі?

Енді сіздермен бірге жұмбақ шешіп,бой сергітеміз.

Ағаштан алма алайық: «Бабалар өмірі-ұрпаққа өнеге» бөлімі.

Бұл бөлім ерекше бөлім.Себебі бұнда біздер өткен тарихымызды еске аламыз.Сонау қалмақ шапшыншылығынан бастап,Абай мен Мұхтардың балалық шақтары,Ұлы Отандарлық соғысқа қатысқан қазақ батырлары туралы сөз болады.Төле би кімді Сабалақ деп атады?Райымбек батыр қай жерге жерленді?-Тәуекелге бел буған адамды қорқыныш билемейді-деп кім айтты?Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батырлары кімдер?Олар туралы өлең білесіңдер ме?

Міне,балалар,кітап қандай тамаша!Біз кітаптан не деген жақсы және өнегелі нәрселерді үйренген екенбіз.Сіздер кітап туралы не білесіңдер?Мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Балалар әрқашан кітапты күтіп ұстап,оның ішіндегі өнегелі және тәрбиелік мәнідегі ертегілер мен әңгімелерді,өлеңдер мен мысалдарды,мақал—мәтелдер мен жұмбақтарды оқып,есте сақтап,оны өмірде саналы пайдалана білейік деп сабағымызды аяқтаймыз.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров295
Номер материала ДВ-394438
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх