Инфоурок Школьному психологу КонспектыАшық сабақ "Табиғат - тал бесігің, аялай біл!"

Ашық сабақ "Табиғат - тал бесігің, аялай біл!"

Скачать материал

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Бозтал орта мектебі  Мерзімі: 15/09.2016ж.  № 22 сабақ

Тақырыбы:    Табиғат - тал бесігің, аялай біл!

Құндылық:  Қиянат жасамау

Қасиеттер:   қоршаған ортаға қамқорлық, тіршілік иесінің бірде біреуіне оймен, сөзбен қиянат жасамау.

Мұғалім: Аскарова Мейрамгуль Жалеловна 

Сынып:   8            Оқушылар саны: 12

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:

1. Оқушылардың табиғат – тіршілік бастауы, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
2. Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғатпен үндестік таба білуге үйрету, бағыт беру, ойларын дамыту;

3. Қоршаған ортаға өз үлесін қосуға, тіршілік иесінің бірде біреуіне оймен, сөзбен қиянат жасамауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, топты түгендеп шығу.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

 Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.  

Сабақ барысын талқылау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықта 115 бет.

 

2.     Үй тапсырмасын тексеру

*Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді?
*Табиғат та жылай ма?
*Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?

3.     Дәйексөз.
«Адам табиғатқа тәуелді болса,
Табиғат та оған тәуелді» А. Франс
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4.Әңгімелеу.

Қайыңның қасіреті         (Құрманбай Толыбаев)
Қар кетіп жердің бері дегдей бастаған. Көктемнің жайма шуақ күні. Тау етегіндегі қалың ақ қайың орманын аралап серуендеп жүрміз. Зәулім ағаштың сала - сала бұтақтарын жапқан, жылқының жалындай жалбырап, төмен төгіле саудырап тұрған шыбықтары бұйра шашы секілді. Әр жеріндегі бітпегени жараның ауызындай қабыршықтар ағаштың сұлу сипатын бұзып тұр. Денесіне түскен зақымның зардабын жария еткендей, айғыз - айғыз. Бірден назар аударады
- Қарашы, мына жерге біреу пышақпен тіліп, «Н» әріпін жазыпты,
деп серігім қинала тұрып, қайың діңін сипалады. Келе – келе осы жарақат үлкен даққа айналады да өшпейді.
Қайың діндеріне жағалай көз жүгірттім. Шынында, ағаш дініндегі
дақтар аппақ денеге түскен жарақаттың тыртығындай шор - шор болып қарайып тұр. Кей тұстағы «М», «С» деп ойып жазған әріптер қармен, жаңбыр суына еріп, езіліп кеткендей баттия қап - қара дақ болып, жуан діңге жабысып қалған. Өмір бақи өшпейтін, айықпайтын дерт секілді.
- Обал - ай... Жарақаттанып қалған, қалпына келмес тыртық сияқты екен, - дедім, серігімді мұңнан серпілтпек ниетпен. Ол жадырай көсілді:
- Ағаш – Жер – ананың құшығындағы бөбегі. Оны бізде, адамдар да мәпелеуге міндеттіміз.
Өйткені ылғи да пайдасын көріп жүрміз ғой.
- Бір ақымақтың қылығына бола, сонша күйгенің не?..
Сол ақымақтың қылығы қара шешектей жайылып кетсе, ем қонбайды....
- Асқынып, алқымдап тұрған ештеңе жоқ.
Тәрбие керек, ұрпақтарымызды кесірлінің жетігіне жібермеуге тиіспіз.
- Мектепте де, үйде де туған табиғатты қорғау мәселесіне орай
жан - жақты тәлім тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді. Мыналар кейбір ақпақ құлақтардың қылығы шығар, - дедім серігімді жұбатпақ ниетпен. ол сәл тыншыды да, ойын түйді:
- Атамның «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегеніндей, сол
ақпақ құлақтарды ойсыз әрекетері күйедей жұғымтал болса ше?!
- Оның істегенін қасында жүрген серігі қайталады. Рас,
жарақаттанған ағаш өлмейді, сыны ғана бұзылады. Ал мына әріптерді жазғандар бұл дүниеден әлде қашан өткенде шығар. Бірақ діңгегі дақтар өшпепті, тыртық болып қалған. Майдан кешкен жауынгердің тәніне түскен жарақат тыртығы секілді.

   Талдау сұрақтары:

1.     Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді?

2.     Табиғат та жылай ма?

3.     Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?

5. Бейнефильм көру «Табиғатты аялайық»

 

6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылар оқулықтағы суреттерге қарап, табиғат апаттарынан сақтанудың жолдарын көрсететін жоба ұсынады:

* Чили. Сантьягода ауаның ластануынан адамдар зардап шегуде.

* Жапонияда болған сілкінісі, Рихтер шкаласы бойынша 7,2 балл, Nishinomiya көпірінің қирауі.

* Арал теңізі (теңіздің 1989 жылғы түсірілген салыстырмалы көрінісі)

Оқулықта 117 бет.

7.Үй тапсырмасы
Берілген үш тақырып бойынша жоба құрастырып келу
1. Өздерің тұратын жердің экологиясы
2. Арал теңізінің экологиялық проблемасы
3. Солтүстік Қазақстандағы киіктердің жойылу себептері

 

6.Топпен ән айту.

           «Бозторғайым»

Сөзі:Б.Тәжітаевлғы

Әні: Е.Хасанғалиев

Даланы мен де

Сүйемін сендей,

Бауырмал, құсым!

Назыңнан әсем

Сазыңнан әсем

Жаңылма, құсым!

 

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан

Құс едің ғой кең далама бауыр басқан.

Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?

Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?

 

Тауқымет тартып,

Тарықпа, жаным!

Қорықпа, жаным!

Құшағымды ашып,

Кеудеме басып,

Берейін жалын!

 

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан

Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан.

Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?

Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?

 

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан

Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан.

Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?

Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?

 

7.Үй тапсырмасы
Берілген үш тақырып бойынша жоба құрастырып келу
1. Өздерің тұратын жердің экология
лық жағдайы.

 

8.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қосылады. Бойымызды тік ұстап, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабақта өткен тақырбымызды, құндылықтар мен қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Барлығыңызға рахмет!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Табиғат - тал бесігің, аялай біл!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 852 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.03.2017 1128
    • DOCX 24.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аскарова Мейрамгуль Жалеловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аскарова Мейрамгуль Жалеловна
    Аскарова Мейрамгуль Жалеловна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12945
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Психологическая помощь детям с онкологическими заболеваниями

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Курс повышения квалификации

Привязанность к взрослому в жизни ребенка, причины и последствия нарушения привязанности

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Курс профессиональной переподготовки

Психологическое консультирование в спорте

Спортивный психолог

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов
Сейчас в эфире

Исторический роман "Муравьёв-Амурский, преобразователь Востока"

Перейти к трансляции