Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Доп. образование / Другие методич. материалы / Ашық сабақ. Тақырыбы: Көксерек
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Ашық сабақ. Тақырыбы: Көксерек

библиотека
материалов

1.Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек»

2.Сабақтың мақсаты: Оқушыларды кейіпкер іс - әрекеті арқылы мінездеме жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын таба білуге, автордың көзқарасына, кейіпкерлер іс - әрекетімен туынды көркемдігіне бойлай білуін меңгерту.
- Оқушылардың ізденімпаздығын, шығармашылығы, ой – сезімін дамыту.
- Оқушыларды көркем әдебиетке, өнерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Оқушылардың ұлы жазушы, ғұлама ғалымның әңгімесін оқу талдау нәтижесінде біліктілігін арттыру, оқушылардың іздемпаздығын, шығармашылығын дамыту, оқушыларды Отан сүйгіштікке, ізгілікке, табиғатты қамқорлауға, көркем әдебиетке деген ықыласын тәрбиелеу.


3.Көрнекіліктер: Түрлі-түсті суреттер, кестелер.

4.Сабақтың әдісі: «Сұрақ-жауап», «Кубизм», «Венн диаграммасы», «Т-кестесі», «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» стратегиялары.

Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныптың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру. «Галереяны шарлау» стратегиясы арқылы жүзеге асады.

III.Қызығушылықты ояту: Бірінші кезеңге байланысты мынадай жетелейтін сұрақтар қойылады.

Осылайша сұрақ-жауап арқылы оқушылардың қызығушылығы ояна бастады.

IV.Мағынаны тану: - Балалар, бүгінгі сабағымыз М.Әуезовтың «Көксерек» повесі бойынша қорытындылау сабағы. Сабақ топтық сайыс түрінде өтеді. Оқушылар екі топқа бөлінеді.

«Кубизм» стратегиясы бойынша кубтың алты қыры алынады.

1. Суреттеу. 4. Қолданыңыз.

2. Салыстыру. 5. Қолданыңыз немесе қарсы шығыңыз.

3. Зерттеу. 6. Байланыстырыңыз.

Мағынаны тану кезінде осы рет бұзылмай, ажырамай, сұрақтар қойылып, суреттеу, баяндау арқылы жүргізіліп отырады.

1. Суреттеу.

Оқушылар берілген суреттер арқылы кітаптан оқып, Көксеректі жан-жақты суреттеп береді. Мысылы: «Көксерек арлан еді. Сондықтан оның бойы биіктене береді. Әлі тұрқы шығып ұзарған жоқ. Барлық жүні қаракөк, жотасы күлдірейіп, ауыз-омыртқа мен құйрығына шейін тұп-тұтас болып күлдіреуіштей...»

Толықтыратын сұрақтар арқылы сабақ жалғасын тапты.

Мысалы: Балалар, сендер «Көксерек» фильмін көргенде, ол (қасқыр) қандай болды? Уақыт өте қандай болды? Сын есім арқылы суреттей қойыңдар. (Жауаптары ауызша айтылыды).


2. Салыстырыңыз. Венн диаграммасы. Көксерек пен Аққасқаның ұқсастық жақтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.


Көксерек


Ұқсастықтары


Аққасқа







3. Зерттеңіз. «Кубизм» стратегиясының үшінші қыры. «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» стратегиясы арқылы жүзеге асады.


- Қасқыр ит тұқымдастарына немесе қасқыр тұқымдастарына жата ма?

- Қасқырдың аталығын, аналығын, күшігін, көсемдерін қалай атайды?

Бұрын естіп пе едіңдер?

- Қасқырдың негізгі ерекшелігі неде ? Неге?

- Қасқырлар туралы басқа кітаптардан оқыдыңдар ма?

- Қасқырдың мінез-құлқы қандай болады?

Оқушылар осы сұрақтар бойынша ойларын қағаз бетіне жаза бастайды. Әр топтан бір оқушы оны оқып береді.


4. Қолданыңыздар. Оқушылар қасқырға байланысты мақал-мәтелдерді жазып, ауызша жеткізеді. Адамдардың мінез-құлықтарына байланысты «Қасқыр» сөзінің сөз тіркесі болып келетіндігін дәлелдейді. 


5.Қолдаңыз немесе қарсы шығыңыз. «Еркін жазу» стратегиясы бойынша оқушылар (2оқушы) өз ойларын , сезімдерін жазбаша жазады.Жазу барысыда көзқарастарынның әр түрлі екендігі байқалады.

- Құрмаштың өліміне кім кінәлі?

Құрмаш, Көксерек, ағасы, ауыл тұрғындары.


6. Байланыстырыңыз. Т-кестесі.


Қасқыр


Қасқыр адам (Құрмаштың ағасы.)


Хайуан, түз тағысы Адам

Жыртқыш Саналы, сезім иесі.

Қаттыгездікті табиғи рефлекстің нәтижесінде Қатыгездікті саналы түрде жасайды.

жасайды. Ақыл-парасатына бағынады.

Табиғат заңына бағынады. Ерік бар.

Ерік жоқ.

V.Ой толғау: «Венн диаграммасы» стратегияы.


Адам баласы


Ортақ қасиеттері


Табиғат ана





Оқушылардың жазған пікірлері , суреттері, айтқан ойларын жинақтай келе, табиғаттың өз заңы, өзіндік ерекшелігі бар, оны адамдардың түсіне білуі қажет деген қорытындыға келеді.

Бағалау: «Бағалау» парағын оқушыларға ұсынамын.

Үй тапсырмасы: «Табиғатты аялайық» атты шығарма жазу.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.05.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров156
Номер материала ДБ-087746
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх